Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / силлабус ОМ.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
709.63 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.1.13

Шығарылған күні:

Қалыпты физиология кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс #:

1бет 14

Силлабус

Пәні: Физиология-1

Пәннің коды: Fis-1 2207

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Оқу сағаттарының көлемі:

Дәрістер 36 сағат

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар 72 сағат

СӨЖ 54 сағат

Барлығы 162 сағат

Курс: 2

Семестр: 3 Емтихан: 3 семестр

Астана 2012ж.

Силлабус ҚР жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған (Астана, 2006). «Жалпы медицина» 051301 мамандығына арналған, «Физиология-1» пәні бойынша типтік бағдарлама негізінде өңделген.

Құрастырушылар: Ибраева С.С., Хамчиев К.М.

Силлабус «Жалпы медицина» 051301 мамандығы бойынша оқитын «Астана медицина университеті » АҚ студенттеріне арналған.

Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

« » 2012 ж. № __ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі _______________ Хамчиев К.М.

(қолы)

  1. Оқытушылар туралы мәлімет:

1.Хамчиев Курейш Мавлұтұлы., физиология кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми мектебі: Нью-Йорк ғылыми академиясының медицина

ғылымының докторы, профессор Л.З.Тельдің жетекшілігімен ҚазММА

ішіндегі күндізгі аспирантура.

2.Ыбраева Салима Сайфұллақызы., м.ғ.к., физиология

кафедрасының доценті.

Ғылыми мектебі: 2000 жылы Алматы қ., медицина ғылымының докторы,

профессор А.Ә.Әбілқасымовтың жетекшілігімен АжЖФИ кандидаттық диссертациясын қорғады. 2006 жылы ҚазММА–да медицина ғылымының докторына ізденуге докторлық диссертация тақырыбы бекітілді.

  1. Коппель Татьяна Александровна - физиология кафедрасының аға оқытушысы.

  2. Тулеубаева Алия Абикеновна - физиология кафедрасының аға оқытушысы.

4. Баянбаева Айнур Алтынбекқызы – физиология кафедрасының аға оқытушысы, тәжірибелік сабақтарды қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

5. Әмреева Гүлжан Мелісқызы – физиология кафедрасының оқытушысы, тәжірибелік сабақтарды қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

1.8 Байланыс ақпараты

Астана қ., Сары-арқа к.,33

РМКҚ «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы»

Қалыпты физиология кафедрасы, тел№ 83172-23-96-52 (224 ішкі)

Оқу пәнінің жүргузу уақыты және орны.

Семинар сабақтары қалыпты физиология кафедрасының оқу бөлмелерінде және әртүрлі құралдармен жарақтандырылған кафедраның арнайы зертханаларында өткізіледі, зертханалық жұмыстар ҚазММА, Сары-арқа к., 33 үйдің 5-6-шы қабатында өткізіледі.

1.9 Пәннің саясаты:

Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)

Емтиханға және қорытынды тестілеуге, күнделікті тәжірибелік сабақтардан, оның ішінде қорытынды сабақтар мен СӨЖ бойынша қарызы жоқ. студент жіберіледі.

Кафедра талаптарын орындамаған жағдайда (күнделікті тәжірибелік сабақтар, оның ішінде қорытынды сабақтар мен СӨЖ барлығы тапсырылмаған жағдайда), студент емтиханға жіберілмейді және қайталанба оқу курсын ақылы негізде өтейді.

Қалыпты физиология кафедрасында оқитын студенттер:

  1. Тәжірибелік сабақтар пен СӨЖ сабақтарына міндетті түрде қатысуы қажет;

2. Дәріс, тәжірибелік сабақтар және СӨЖ сабақтарына ақ халатпен қатысуы керек;

  1. Бірінші сабаққа келгенде студенттің беттері 45-тен кем емес 2 қалың дәптері (1-уі дәріске арналған, 2-шісі тәжірибелік сабақтарға арналған), альбомы, түрлі-түсті қарындаштары, халаты, ауыстыратын аяқ киімі болуы тиіс.

  2. Дәріс және сабақтарда өзін үлгілі ұстап, өзіндік жұмыс және оқытушы түсіндіру барысында сөйлеспеуі керек;

  3. Ұялы телефондармен қолданбауы қажет және оларды дыбыссыз тәртіпке қоюы қажет;

  4. Сабаққа тақырыбы бойынша сабақққа міндетті түрде дайындалып келуі тиіс,

  5. Сабақққа кешікпей келуі қажет;

Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, кафедра, студенттерге айып санкцияларын келесі пункттер бойынша қолдануға құқылы:

1 – жіберілген сабақтың орны ақылы түрде толтырылады;

2,3,7- 15 мин. кешіккен студент сабаққа жіберілмейді;

4,5 – сабақтың қорытынды бағасынан 1 ұпай алынады;

- Әрбір қорытынды сабақты дер кезінде (көрсетілген мерзімге дейін) тапсырмаған студентке, қорытынды сабақты қайта тапсыруға мүмкіндік берілмейді және сабақтан алынған алғашқы бағасы педагогикалық журналға қойылады;

- Қалыпты физиология кафедрасының бағалы заттарын бұзғанда нақты мөлшерде, айып-пұл салынады.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе.

Физиология-1 пәні қарапайым физиологиялық процестерге, физиологиялық қызметтердің нейро- гуморальдық реттелуіне, тіршілік ету негізіне, мінез- құлықтың жүйелік механизмдеріне негізделген.

Физиологияның зерттеу объектісі болып тірі ағза және оның қызметтік бөлімдері саналады. Дені сау адам ағзасын оқып үйрену болашақ дәрігерлерге қызметтік диагностика әдістерін тез меңгеруге, организм жағдайын және бейімделуін бағалауға, физиологиялық қызметтердің қалыптан ауытқу дәрежесіне сәйкес оның қызмет теу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде дені сау адам ағзасы қызмет етуінің негізгі заңдылықтары жайында, физиологиялық жүйелердің реттелу механизмдері жайында білім қалыптастыру

Соседние файлы в папке физиология