Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / РП ОМ каз 2к.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
674.82 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.1.13

Шығарылған күні:31.08.2007

Қалыпты физиология кафедрасы

Тексеріс күні:31.08.2012

Тексеріс #:

1бет 12

«БЕКІТЕМІН»

Білім беру қызметі жөніндегі

проректор

__________ Г.Ә.Жақсылықова

«____»___________20__ж.

Жұмыс бағдарламасы

Физиология -1 Fis-1 2207 бойынша

(пәннің атауы және коды)

5B110400 – «ЖМ» мамандығына арналған

(мамандық номері және атауы)

Дәріс 36 (сағат)

Практикалық

(семинарлық) сабақ 72 (сағат)

СӨЖ 54 (сағат)

Емтихан(сынақ) 3

(семестр)

Барлық сағат саны 162 (сағат)

Курс 2

Семестр 3

Астана, 20__ ж.

2.1 Кіріспе

Физиология-1 пәні, қарапайым физиологиялық процестерге, физиологиялық қызметтердің нейро- гуморальдық реттелуіне, тіршілік ету негізіне, мінез- құлықтың жүйелік механизмдеріне негізделген.

Физиологияның зерттеу объектісі болып тірі ағза және оның қызметтік бөлімдері саналады. Дені сау адам ағзасын оқып үйрену болашақ дәрігерлерге қызметтік диагностика әдістерін тез меңгеруге, организм жағдайын және бейімделуін бағалауға, физиологиялық қызметтердің қалыптан ауытқу дәрежесіне сәйкес оның қызмет теу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде дені сау адам ағзасы қызмет етуінің негізгі заңдылықтары жайында, физиологиялық жүйелердің реттелу механизмдері жайында білім қалыптастыру.

2.3 Міндеттері:

  • Адам ағзасының тіршілік етуі жайында жүйелі білім қалыптастыру, тұтас ағзаны қоршаған ортамен және ағзаның физиологиялық жүйелерінің реттелу механизмдерін байланыстыра отырып.

  • Студенттерде физиологиялық және клиникалық ойлау қалыптастыру.

  • Ғылыми экспериментті қою тәжірибесімен таныстыру.

  • Тәжірибеде алынған мәліметтерді талдау және оны ойлануға үйрету, бақыланатын фактілер мен құбылыстарды және олардың себеп-салдарлық өзара қарым қатынасын ойланып түсіне білуге үйрету.

  • Ағзаның және оның жүйелерінің қызметтік жағдайын бағалау әдістеріне үйрету. Клинико-диагностикалық аппараттармен жұмыс істеу принциптеріне үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент білу керек:

  • пәнді, мақсаты мен міндеттерін білу, және оның болашақ мамандық үшін маңызын білу;

  • дені сау организмнің қызмет ету заңдылықтарын және физиологиялық процестердің реттелу механизмдерін білу, жалпы физиология және адамның интегративті мінез-құлық іс-әрекеті тұрғысынан қарастырғанда;

  • медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылатын дені сау организмнің әртүрлі қызметтерін зерттейтін әдістердің маңыздылығын білу.

Істей білу:

  • бейімделу нәтижесіне жеткен кезде организмнің физиологиялық қызметтерінің реттелу және қалыптасуының негізгі заңдылықтарын бағалау және түсіндіру;

  • тіршілік ету жағдайына байланысты организмнің мінез-құлығының негізгі түрлерінң реттелуінің және қалыптасуының заңдылықтарын түсіндіру және бағалай білу;

  • организмнің негізгі қызметтік жүйелерінің маңызын және іс-әрекеті құрылуының жалпы принциптерін бағалау және түсіндіре білу;

  • дені сау организмнің қызметтерін зерттеудің ең маңызды әдістерінің принциптерін түсіндіру.

Дағдыны меңгеру:

  • Динамометрияны

  • Көру өткірлігін анықтау

  • Көру алаңын анықтау

  • Түсті ажыратуды анықтау

  • Қарашық рефлексін зерттеу

  • Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өткізілуін зерттеу

  • Эстезиометрия жүргізу

  • Ольфактометрия-иіс сезуді анықтау

  • Дәм сезуді анықтау

  • Тиісті негізгі зат алмасуды анықтау

  • Термометрия жүргізу

  • Адамның психологиялық қасиеттерін анықтау үшін тестілеудің негізгі әдістерін білу

2.5 Реквизитке дейінгі:химия, медициналық биофизика, молекулярлық биология и медициналық генетика, анатомия-1, гистология-1.

2.6 Реквизиттен кейінгі: физиология-2, патологиялық физиология-1, патологиялық анатомия-1, фармакология-1, микробиология.

Соседние файлы в папке физиология