Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану силабус.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.57 Mб
Скачать

4. Әлемнің жаңа конфигурациясындағы Қазақстанның сыртқы саясатын іске асыруындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік қызығушылары.

Біздің мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі - елдің дамуына қолайлы жағдай туғызу.Оны тек қана екі жақты ынтымақ тастық жағдайында шешу мүмкін емес.Қазақстанға қатысы бар көп мәселелердің аймақтық (мысалы, халықаралық өзен суларын пайдалану) немесе тіпті дүние жүзілік (бейбітшілікті сақтау, қоршаған ортаны корғау, террор, заңсыз есірткі саудасы) сипаты бар.Оларға елдер тобының немесе бүкілдүниежүзілік қоғамдастықтың келісілген іс-шаралары қажет.Осы жағдай халықаралық ұйымдар дың құрылуына әкелді.

Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға таяу. Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдар бар.Ең маңызды әмбебапты әрі саны ірісі - Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе БҰҰ (штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан).Ол бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау әрі нығайту мақсатында құрылған. Оған әлемнің 193 егеменді мемлекеттерінің 192-ы кіреді.

Қазақстан елдің ұлттық мүдделеріне қатысы бар көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.

Әлемдік деңгейде алсақ, республика 1992 жылы, 2 наурызында (бірауыздан қабылдаған БҰҰ, оның арнаулы маманданған мекемелері - ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы), МАГАТЕ (атом куаты жөніндегі халықаралық игенттік ) , ДДҰ (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы)және баскалар. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ ) мен халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚҚДБ)мүше болуының ел үшін маңызы зор болды.Ол әлемдік қауымдастықтың ірі қаржы мекемелерінің несиелеріне Қазақстанның жолын ашты.

Біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше болды.Одан кейінгі маңызды халықаралық ұйым - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ).Оны бұрынғы кеңес - қытай шекарасындағы даулы мәселелерді шешу мақсатында Ресей, Қазақстан , Қырғызстан,Тәжікстан және Қытай мемлекеттері («Шанхай бестігі»)құрды. Шекара туралы келісімшарт бекітілгеннен кейін «бестікті» ШЫҰ күрамындағы елдердің ынтымақтастығын кеңейтіп, қауіпсіздігін нығайту ұйымына айналдыруға шешім қабылданды. «Бестікке» Өзбекстан, Монғолия, Индия, Пәкістан, Иран және Ауғанстан бақылаушы статусын алды.

Біздің еліміз Кеңес Одағының мұрагерлерінің бірі ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ)жұмысында қатысады.Ол «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша Солтүстік Атлантика келісімі Ұйымымен (НАТО) қарым-қатынас жасайды.Бұл бағдарлама қарулы күштердің өзара байланысы, оқу үйрену жаттығуларын бірлесіп өткізу,офицерлерді даярлау мәселелерін карастырады. Республиканың әлемдегі аса ірі ұйым - Еуропалық Одақпен (ЕО) өзара ынтымақтастық жайлы келісімі бар.ЕО құрамына 500 млн халқы бар 27 мемлекет енеді.Еуропалық Одақ - Қазақстанның маңызды сауда серіктесі.

4 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

  1. Тесттік сұрақтар.

1. «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба қашан қабылданды?

- 1994 жылы

- 2001

- 2005

- 1905 жылы

2. Геосаясат терминін алғашқы рет енгізген:

- Р.Челлен

- Ш.Монтескье

- К.Маркс

- И.Кант

3. ШЫҰ-на қай мемлекет кірмейді?:

- Қазақстан

- Пакистан

- Ресей

- Қытай

4. Табиғи шекара деген:

- табиғаттың күші арқылы пайда болған шекара – теңіз, таулар

- табиғи жолда адам қолымен жасалынған шекара

- темір жол шекарасы

- ауа райының ерекшелігі

5. Геосаясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырған, неміс ойшыл:

- Фридрих Ратцель

- Давид Юм

- Ш.Монтескье

- К.Маркс

- И.Кант

6. НАТО деген ол:

- Солтұстік Атлантикалық блок

- Евразияның өңірі

- Европа елдері

- Африка елдері

- Американың Атлантикалық жағалауы

7. Адамзаттың құтқарылу жолдары:

- техногенді өркениеттен қашу

- глобалды мәселелерді шешу

- діни нормаларды жаңғырты

- космосты мекендеу

8. Биполярды саяси модельден «көпполярлыға» көшу:

- кіші және осал мемелекеттердің қауіпсіздігін сақтау

- Ядерліқ қаруды жасауға тиім салу

- Көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтау

- ядерлы державалардың күшін шектеу

9. Макиавелли бойынша, мемлекеттің сыртқы істері дұрыс болса:

- ішкі істері де дұрыс болады

- сыртқы саудасы өрлейді

- экономикасы құлдырайды

- экономикасы өркендейді

- қауіпсіздігі арттайды.

Дәріс 5. Билік саяси феномен ретінде.

Жоспар:

1.Билік мәні, тұжырымдамалары

2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері

3. Биліктің легитимділігі, легальділігі.

4. Халықаралық қатынастардағы мораль және биліктің сәйкестілігі.

1. Билік мәні, тұжырымдамалары

Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

Телеологиялық анықтама билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.

Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

П. Моррис, А, Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

Америка саясаттанушылары Г. Лассуэл мен А. Каплан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

Биліктің объектісі және субъектісі болады. Ол саяси өзгерістерге байланысты ауысып отырады.