Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану силабус.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.57 Mб
Скачать

3 Саяси лидерді электораттың түрлі топтарының қабылдауы

Саяси менеджмент саласының маманы Г.В. Пушкарева саяси жарнаманың төрт ерекшелігін көрсетеді. Біріншіден, ақпараттық өнімді дайындаушы коммуникатордың қимылы мен қабылдаушы реципиенттің аралығы мезгілмен бөлінеді. Екіншіден, саяси кампанияны жүргізушілер өнім жасау процесінде толық бақылау жүргізе алады. Үшіншіден, жарнамалық өнім реципиентке өзгеріссіз ұсынылады. Төртіншіден, саяси жарнама тегін түрде еш жағдайда жүргізілмейді . Саяси жарнама саласындағы белгілі американдық маман Роджер Эйлис пікірінше: “Науқан тұсындағы баспасөзді болып жатқан оқиғалар суреттемесі, қатысушылар қателіктері, кадрға түскен тараптар қақтығыстары, сайлау жарысы жолындағы қоғамдық пікір қорытындылары қызықтырады” .

Саяси менеджерлер мен имиджмейкерлер саяси жарнамамен жұмыс жасауда оның таралуының төмендегі түрлеріне көңіл бөледі: 1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама: а) процестегі жарнама: жарнамалық үндеу, мақалалар, шолулар, сұхбат, басқа да саяси жарнамалық сарындағы репортаждар; б) радио және тележарнама: радиожарнама: радиолық үндеу, радиороликтер, радиожурналдар, репортаждар, сұхбат, эфирдегі әңгімелесулер; тележарнама: телероликтер, телеүндеу, телехабарлар, телерепортаждар, телеқойылымдар, телебаяндама, теледебаттар, “дөңгелек үстелдер”; в) аудиовизуалдық (экрандық) жарнама: жарнамалық кино және бейнефильмдер, роликтер, бейнеэкспресс-ақпарат, слайд-фильмдер. 2.

Сыртқы жарнама: жарнамалық қалқан, панно, стендтер, афишалар, транспоранттар, плакаттар, үлкен формадағы парақшалар; - жарықтық экрандар, табло, жүгіртпе жолдар; - көліктегі жарнама: салонішілік, сыртқы жапсырмалық; - басқа да сыртқы жарнамалар: әуе шарлары, аэростаттар, сенсациялық қойылымдар. 3. Паблик рилейшнз шаралары: - тұсаукесерлер, баспасөз конференциялары, симпозиумдар, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар; - қайырымдылық шаралары, қоғамдық шаралардағы демеушілік; - қоғамдық маңызды тақырыптағы көрермендік сөйлеулер. 4. Баспалық жарнама: парақшалар, плакаттар, конверттер, открыткалар, хаттар, брошюралар, үндеу, шақырулар, бағдарламалар, күнтізбелер, визиттік карточкалар. 5. Тікелей почталық жарнама: баспалық жарнама материалдарын тарату. 6. Жарнамалық ескерткіштер: күнтізбелер, вымпелдер, значоктар, іскерлік сыйлықтар. 7. Компьютерленген жарнама: жарнамалық ақпараттарды арнайы компьютерлік жүйелерге орналастыру . Жоғарыда аталған жағдайларға қарап, бүгінгі таңда саяси жарнаманың ұғымы мен мазмұны айқындала түскенін байқау қиын емес. Сонымен бірге, аталған тәсілдер күнделікті түрде тиімді қолданылып жатыр.

11 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

    1. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.

  1. Саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғары саяси арман-мұраты

  • Идеал

  • волюнтаризм

  • Декларация

  • диктаор

  • деморкация

  1. Жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екенін сезінуі, түсінуі

  • Идентификация

  • волюнтаризм

  • Декларация

  • диктаор

  • деморкация

  1. Белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялардың мақсат-мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамадардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі

  • Идеология

  • коалиция

  • кворум

  • квота

  • конгресс

  1. Ақпарат билігі, немесе көпшіліктің ақпаратты шоғырландыру арқылы қол жеткізген саяси билігі

  • Инфократия

  • волюнтаризм

  • Декларация

  • диктаор

  • деморкация

  1. Басқаларға өзі туралы белгілі бір пікір тудыру үшін жасаған субъекттің сыртқы бейнесі

  • имидж

  • волюнтаризм

  • Декларация

  • диктаор

  • деморкация

  1. Үгіт-насихат, жарнама және т.б. арқылы субъект туралы кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін жасау

  • Имидж

  • волюнтаризм

  • Декларация

  • диктаор

  • деморкация

  1. Жоғары лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіп

  • Импичмент

  • коалиция

  • кворум

  • квота

  • конгресс

  1. Элитаның билікке қатысына қарай жіктелуі

  • билеуші элита және контрэлита

  • заңды және заңсыз элита

  • суперэлита және эксэлита

  • ашық және жабық элиталар

  • «арыстандар» мен «түлкілер»

  1. В. Парето элитаның қандай басты екі типін көрсетеді

  • «қасқырлар» мен «қояндар»

  • «арыстандар» мен «түлкілер»

  • жоғарғы және төменгі

  • «бүркіттер» мен «сауысқандар»

  • аристократтар мен олигархтар

  1. Элитаның қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы ролін зерттеумен айналысатын арнайы білім саласы

  • партология

  • элитизм

  • элитология

  • кратология

  • имиджелогия

Дәріс 12. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

Жоспар:

1. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері

2. Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері

3. Қазақстандағы көппартиялық жұйенің қалыптасуы.

4. Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалыстары.

Әдебиеттер тізімі:

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.10: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011.

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.7: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.8: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.9: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Нарикбаев М.С. Біздің әділет жолымыз. Астана, 2010.

Зиманов, С.З. Парламент Республики Казахстан в трудные годы провозглашения независимости [Текст] / С.З Зиманов.- Алматы: Алаш, 2011.

Ұлтаралық және дінаралық келісімнің тәжірибесі: ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар (25 ақпан 2009ж.): конференция материалдары/ Б.К. Султанов

ШЫҰ және Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері: конференция материалдары

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері: конференция материалдары/ Б.К. Султанов, Алматы, 2009.