Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
190.46 Кб
Скачать

2.2 Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады.

Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б экономиалық тетіктер арқылы жүргізіледі.

Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен өзгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын өзгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады. Жоспралау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарла еңбекті белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Табиғат пайдалану саласында жоспралаудың басты мақсаты – табиғи ортаны қорғаушы, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспралаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.

Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнайы пайдалану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ресурстарын ақылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зинға ұшырағандардың шынынын қайтаруға міндетті және табиғи ортаны қорғауға, табиғат қорғау заңдарын сақтауға міндетті.

Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына, тәртіптеріне сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілгенде табиғат пайдаланушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.

Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалыптасады. Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.

3- ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРЫ

3.1 Мемлекеттік қорықтар

Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған.

  1. Ақсу Жабағлы  Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера  қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық теңіз деңгейінен 1,000-нана  4,280м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің  таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы  ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан  жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң  қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән  өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды  және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді,  аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да  көруге болады.

  2. Наурызым қорығы –Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық, Ол Қостайдан 190 км. оңтүстікке қарай Торғай жырасындағы ғажайып жер, оған Терсек, Сыпсың және Наурызым орман алқаптары кіреді. Соңғы шатқалдың айтарлықтай бөлігін ғажайып Наурызым орманы алып жатыр.  Қарағай ормандарын ежелгі деуге болады, себебі оның қалпы әлі күнге дейін өзгермеген. Наурызым қайыңдары Ресей қайыңдары сияқты жіңішке болмаса да әсем, тұзды көлдің маңындағы қайыңдар да сондай. Бұл қайыңның өзгеше түрі қырғыстан қайыңы - Солтүстік Қазақстан эндемикі. Ол салыстырмалы түрде алғанда аса үлкен емес аумақта өседі және де әлемнің басқа еш бір бұрышында кездеспейді. Наурызым қорығының эмблемасы - сықырмалы аққу. Сонымен қатар қорық рәмізі бүркітте бола алады, себебі бұл жерде оның 30 жұбы мекендейді. Қорықтағы ең әсем аңдар, Наурызым қорығының сәні еліктер. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

  3. Шығыс Қазақстанда Қазақстанның тамаша жерлерінің қатарына жататын Марқакөл Ұлттық Қорығы бар. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады.Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен , оның басты байлығы арқан балық тобына жататын балықтары бар. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Қорықтың  суреттеме әлемі әртүрлі және бай. Ормандарда  қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады.

  4. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылдың 21-ші сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы аумағында ұйымдастырылды. Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған. Қорық екі бөліктен тұрады, біріншісі Сасықкөл көлінің оңтүстік жағалауындағы Тентек өзенінің атырауында орналасқан, ал, екінші бөлігі Алакөл көлінің аралдарында орналасқан. Қорықтың орталық мекені Алматы облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласында орналасқан, ол Талдықорған облыстық орталықтан 282 кл. Алакөл, Алакөл өзенінің ағындысындағы ең үлкен көл, сонымен қатар, Қазақстанның ең ғажайып көлдерінің бірі. Ол, Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай шекарасында теңіз деңгейінен 340 шаршы метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы 104 кл. ал, ені 52 кл. Көлдің жағалауы емдік лайға, минералды тұздарға бай. Алакөл көлінің суы теңіз суының құрамымен бірдей: сульфат-хлорлы натрий және бұрыннан емдік қасиетімен танымал. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында 269 түрден астам құс бар. Олар табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөнінідегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енгізілген. Олар, шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар, дуадақтар. Алакөл суында балықтың 8 түрі мекендейді. Көлге құятын өзендердің сағасында ондатра мекендейді. Жағалауда баклан, гагара, акку, бірқазан, ақққұтан, үйрек мекендейді. Құрақтардың арасында ала мысық және су егеу құйрығы кездеседі.Аңдардың ішінде – арқарларды, ақбөкендерді, тау ешкі, бұғы, аюларды және т.б көруге болады.

  5. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 1931 жылы 15 мамырда құрылды. Алматы облысында, Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан. Қорықтың ауданы 73325 мың га. жерді құрайды. Бұл жерде 92 мұздық бар, соның ең қуаттысы Дмитриева мұздығы оның ұзындығы 5,14 км. және ені 18,8 шаршы км. Талғар массиві Алматы қорығына қарайды. Ол аймақта қорықтың ең биік нүктесі — Талғар шыңы — орын тепкен. Талғар шыңының биіктігі 5017 метр.  Ең үлкен шатқалдар олар, Талғар және Ыстық, Үлкен өзендер: Шілікті, Ыстық, Талғар. Алматы қорығындағы таулы аймақтарда ағатын негізгі өзендер оң Талғар, сол Талғар, орта Талғар болып бөлінеді. Олардың барлығы Іле Алатауынан бастау алады. Қорықтың көлдері - Ақкөл, Бозкөл. Қорықта, 1967 жылы құрылған табиғат мұражайы бар, оның ішінде 300 астам көрме қойылымдары жинақталған. Қорықта 194 түрлі аң, оның ішінде 38 сүтқоректілер, 148-ге жуық құстардың түрлері, 7 бауырмен жорғалаушылардың түрлері және бірнеше мың түрлі жәндіктер мен буынсыз жәндіктер кездеседі.

  6. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы  Қазақстанның Қызылорда облысы Арал ауданында 50 884 гектар жерде құрылған. Бүгінде қорықтың құрылымдық бөлімшелері «Барсакелмес» және «Қасқақұлан» атауы бар кластерлік учаскілер, сонымен қатар «Дельта» (Сырдарияның кіші атырауы) болып табылады. Аталмыш жерді сонау 1929 жылдан бастап қорғай бастаған, ол, Барса – келмес аралында аңшылық шаруашылық ұйымдастырылғаннан соң, сайғақ, ор қояндарын, сұр құрларды, сырдария қырғауылдарын әкелуден басталған. 1953 жылы қорықтың аумағында Бахыздан әкелінген түркмендік құландар, кейінірек, қабандар, құмды сарышұнақтар, құмқояндары, үй қояндары пайда бола бастады. Барсакелмес - экологиялық апат аймағында орналасқан әлемдік қорық территориясына жатады (Арал теңізінің деңгейі бірте-бірте төмендеуде).  Ғалымдар нақ осы жерде Арал теңізі-көлінің үдерістерін түсінуге тырысуда. Бүгінде Барсакелмес Республикалық ҒЗИ, Жапония, Германия, Ресейдің зоологтары, орнитологтары және биологтары жыл сайын зерттеулер жүргізетін, өзгеше зертханалардың біріне айналды. Барлық зерттеулер қорықтағы барлық тірі жандарға аралдық экологиялық апатының салдары және зардаптары деген тақырыпқа байланысты.    

  7. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан. Қорықтың алаңы (қорғалатын жерден басқа)  қазіргі таңда 258963 ге. құрайды оның 197919 ге. су астында. Қорғалатын аумақтың  алаңы солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 кл. ал, батыстан шығысқа қарай 75 кл.Қорық Ақмола және Қарағанды облыстарының түйіскен жерінде орналасқан. Оның қорғалатын аумағы Қорғалжын және Егіндікөл аудандарынан, Ақмола облысы, Нұра ауданы және Қарағанды облысының Мемлекеттік жер қорының жерлері бойынша өтеді. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан,тырна, савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды.Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар. Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән., құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі,қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорғалжын көлдері – балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді.  Қорғалжын көлінде ұшып-қонушы құстардың санына байланысты әлемдік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне ландшафт батпақты-көл дүниелерін айрықша қорғайтын аумақ ретінде енген. 

  8. Үстірт мемлекеттік қорық Маңғыстау облысының Үстірттің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан (Оңтүстік-Батыс Қазақстан). Үстірт қорығының тарихы 1984 жылы 12 шілдеде  шөлейт өңірдің табиғат дүниесін табиғи күйінде сақтап қалу мақсатында құрылған. Үстірт қорығы 223,3 мың ге. алаңға ие. Қорық көптеген сирек кездесетін жануарлардың мекені болып табылады: үстірт муфлоны, гепард, сайғақ, жайран, қорқау, түлкі, ұзын инелі кірпі, күзен және т.б.Үстірттің көрнекі орны археологиялық ескерткіштер болып табылады. Үстірт қорығы аумағында жануарлардан: сүт қоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, омыртқасыздардың 300-ге жуық түрі және құстардың 110-ға жуық түрі кездеседі. Қорық аумағында өте сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, мәлін, шағыл мысығы, итаю, шұбар күзен, ақбауыр жарқанат, ал құстардың 10 түрі – бүркіт, үкі, ителгі, жұртшы, дала қыраны, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарабай, жыланжегіш қыран, лашын, ал бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі: төрт жолақты қара шұбар жылан бар. Үстірт қорығының ұйымдастырылуына негізгі себепші болған, Оңтүстік-Батыс Үстірттің эндемигі – Үстірт арқарының Маңғыстауда жойылып кету қаупі бар еді. Бүгінгі күні Үстірт қорығының аумағында 2 мыңға жуық Үстірт арқары кездеседі. Бұл өңірлерде қабыланның кездескендігі туралы ешбір ғылыми мәлімет жоқ. Қабылан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген, қазір ол туралы дерек жоқ, сондықтан жойылып кеткен түр санатына жатқызылады. Негізінде Қабыландар мысықтар тұқымдасы, жыртқыштар отрядына жататын қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы қорықтың Қарынжарық құмында кездеседі. Қабыланның дене бітімі ұзынша, қалың, қысқа , сарғылт түгінің үстінде қара дақтар болады. Шөлді жерлерді мекендейтін қабыландар жыныстық жағынан 3-4 жылда жетіледі. Желтоқсан – қаңтар айларында ұйығып, 90-95 күннен кейін 2-4 күшік табады. Қорегі қарақұйрық, арқар, киік және т.б. өзінен кіші аңдар. Жемтігін негізінен түнде аулайды. Жылдамдығы өте жоғары, сағатына 80 – 90 шақырымға дейін көтеріледі.

  9. Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығыс шекарасында орналасқан. Қорықтың алаңы 56078 га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлігіндегі тау жоталарының аумағында орналасқан.  Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ландшафтық кешеніне Иванов, Холзун, Көксін, Тигирецк, Линейск, Уба, Үлбі жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады. Аумақтың ауа-райы  континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын- шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік- батыс беткейлерде көп болуына байланысты, бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай- ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Бұл Қазақстанда ғана емес орталық азия ішіндегі ең ылғалды жер болып саналады. Қорықтағы қар қабаты 170 күн қазан айынан сәуір айына дейін тұрақты сақталады. Қорықтың аумағы жабайы табиғат болып саналады, онда, бірнеше өсімдік белдеулері бар; Жапырақты орман: таулы- тайгалы; күңгіртқылқанды тайга;субальпілік, альпілік, егістік белдемдер қара топырақты.Қорықтағы кейбір өсімдіктер Қазақстанның Қызал Кітабына енгізілген: Сібір қандығы, сафлор тәрізді рапонтикум, ұсақ торлы жуа, ірі гүлді шолпанкебіс, нағыз шолпанкебіс, телпек сүйсін, алтай рауғашы, алтай гимноспермиумы, қызғылт семізот, алтай суықшөбі, алтай қасқыржидегі, қылтанды дәлен, еуропа орманоты, су қазанақ, ұсақ жемісті мүкжидек, таңдамалы плаун (сушырмауық). Қорықтың аймағында 2 түрлі балық кездеседі, 2 түрлі жорғалаушылардың түрі, 130 жақын құстың түрі (Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.), қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды, Әлемнің әсемдігін көрсететін күндізгі көбелектерді махаон, аполлон Феб, аполлон Клариус,кәдуілгі апполлон, түнгі көбелектердің ішінен Геба аюшығын, түнгі туыстың көзі көбелектерін көруге болады.

3.2 Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер