Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
190.46 Кб
Скачать

Қорытынды

Сонымен, бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекеше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді.

Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б) экономикалық бағалаудың теориялық негізднері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалдық бағалау әс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді.

Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін етеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары; пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат), су, ауа, орман, жер тек қана өндіріс шикізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.

Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-тендігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-тендігі сақталуға тиіс.

Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.

Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау.

Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырады.

Пайдаланған әдебиет тiзiмi

1. Бабақұлы н Тәуелсiздiк, нарық, экономика.- Алматы,1999

2. Жатєанбаев К. Аралас экономика негiздерi.-Алматы,2002

3. Мұқаұлы с. Табиғат пайдалану экономикасы.-Алматы,1999

4.Мейiрбеков А.К. Табиғи ресурстар // Саясат,2005.-5

5. Сатыбалдин С. Табиғат байлығына егеменділік және оның құны.- Алматы, 1995

6. Экономикалық теория негiздерi .- Алматы,1999

7.Суханбердин Х. Жер қойнауы-табиғи ресурстардың сарқылмас көзі // Дүние.-2005.-№5.-12 б.

8. Шүкіров К. Жалпы экономикалық теория негіздері.-Алматы,2000

9. Мауленова С. Экономикалық теория.-Алматы, 2004

48