Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
190.46 Кб
Скачать

Қатон-Қарағайлы табиғи паркі

Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркі – Шығыс Қазақстанның інжу маржаны. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы  шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орман  мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Белуха тауы бар(4506 м). Мистик және суретші Николай Рерих бұл жерді күш-қуат беретін жер десе, жергілікті шамандар бұл жерді космоспен байланысқан «жердің кіндігі» дейді. Аңыздарға сенер болсақ Ғажайып шамбала осы жерде жасырынған. 

 Парк аумағында табиғаты әсем және тарихи көзтартарлық орындар мол. Олардың кейбіреулері халықаралық  мәртебеге ие: Белуха тауы, Көккөл сарқырамасы, Берел қорғандары, Рахман қайнарларының термальды бастаулары,Ұлы Жібек Жолының Солтүстік Тармағы (Алтын Тармақ) және тағы басқалар. Ашық түсті өсімдектер әлемі таңғаларлықтай әртүрлі, тау жоталары мен таудың таза ауасы тайганың иісімен мүңгіген. Мұнда сүтқоректілердің 66 түрін (Қазақстанда мекендейтіндердің үштен бірі), құстардың 250-ден астам түрін, қосмекенділердің үш түрін, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрін және жәндіктердің бірнеше мыңдаған түрін кездестіруге болады.

Медеу табиғи паркі

Мемлекеттік табиғи саябағы Медеу шатқалында орналасқан. Мемлекеттік табиғи саябақтың шекарасы Бутаков өзенінің тармағының солтүстік – батысынан Кіші Алматы тармағына қосылғанға дейін созылып жатыр.

 

  •    одан әрі Алматы-Бутаков автожолына дейін қала шеңберінде;

  •    одан әрі Алматы-Бутаков автожолының бойымен  Горная көшесіне дейін;

  •    одан әрі Горная көшесінің оңтүстік-шығысынан Бутаков өзені тармағына қосылғанға дейін.

Табиғи саябақтың аумағы өсімдіктер белдеуімен және флора әлемімен ерекшеленеді. Медеу саябағының флорасында Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген 17 түрлі өсімдік түрі бар. Олардың ішінде, қызғалдақ, жауқазын, талғарлық кекіре, тянь-шаньдік көкнәр, кәдуілгі өрік, Сиверса алмасы, Шренка шыршасы, кавказдық қарқас, сары бәйшешек және т.б.

 Тау маңында құстардан қырғауыл, сақалды құр, батпақдалалы үкі, балықшы құс мекендейді. Жапырақты орманда мысықторғайлар жұмыртқа салады, үлкен көкқұс, оңтүстік бұлбұл, сары сұлұ, тоқылдақ және т.б түрлері бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына бүркіт, сақалтай, көкқұс, лашын, ителгі, үкі, сары шымшық енгізілген.

 

Медеу спорт кешені

 Медеу – әлемге танымал биік тауда орналасқан бірегей спорт кешені. Осы бір тамаша әсем сарай, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктіктегі шатқалдың сұлу көрінісіне әдемі үйлесіп тұр. Медеу – әлемдегі ірі таудағы мұз алаңы. Ол солай аталатын шатқалда теңіз деңгейінен 1700 метрде Кіші Алматы өзенінің аңғараында 1972 жылы құрылған. Оның жан-жағын тау сілемдері қоршаған. Туристердің назарын сонымен қатар селдерден қорғау мақсатында Кіші Алматы өзенінде тұрғызылған плотина қызықтырады. Шымбұлақ тау курорты Іле алатауының керемет бөктерінде теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте орналасқан. Тау шаңғы трассаларында үш аспалы жолдарбар, солардың көмегімен 20 минут ішінде Талғар асуында (3200 м) боласыз. Шымбұлақта қараша-мамыр айларында шаңғы тебуге болады, ал жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалауға болады. Осы жерде 120 – дан астам әлемдік рекордтар жасалды.Шатқалдағы жұмсақ климат, күн сәулеленуінің қалыпты деңгейі, төменгі атмосфералық қысым, сырғанаққа мұз жасайтын тап-таза тау суы оған өте жақсы қасиеттер беріп, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге тамаша жағдай жасайды.