Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза гуманитарлы за жне техникалы колледж.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
77.48 Кб
Скачать

2.1.Негізгі өндірістік қор мәні мен мағынасы

  Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды, өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және басқада мақсатпен жасалатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайынан көруге болады. (Еңбек құралы – техникалар өндіретін; Еңбек заты – шығарылатын өнім.) Кәсіпорынның құрылымы: өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекеті. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі – жұмыс орны, учаскерлер, цехтар саналады. Кәсіпорынның құрылымын қалыптастыру сыртқы (салалы, аймақтық) және ішкі (өнімнің мөлшері мен сипаты, кәсіпорынның негізгі қорларының ерекшеліктері т.б.)факторларына байланысты болады. Өндірістік құрылымға әсер ететін негізгі факторлар: Шығарылатын өнімнің түрі мен сипаты, мөлшері; Өндірістің ауқымы (көлемі); Кооперациялау деңгейі. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы –бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері(жұмыс орны,бөлім,қызмет),олардың ара қатынасы және өндірістік құрылым жұмысын ұйымдастыратын бөлімшелер. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының негізгі бөлігі болып цех саналады. ЦЕХ - әкімшілік жағынан оқшауланған жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын. Цехтың үш түрі болады: 1. Негізгі 2. Көмекші 3. Қосалқы Негізгі цехта сатуға әзірленетін дайын өнімдер шығарылады.  Көмекші цехтарға құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар және басқада жұмыстар жатады, яғни орау, тасымалдау, түсіру жұмыстары. 2. Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Соның ішіндегі негізгілері:

  • оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;

  • бөлімшелердегі қызметкерлердің саны;

  • жабдықтардың қуаттылығы;

  • өндірістік қорлардың құны;

  • өнім шығару көлемі;

  • мамандандыру және механикаландыру деңгейі;

  • күрделі қаржының құрылымы.

Өндіріс құрылымын ары қарай дамытудың жолдары: Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру; Негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау; Кәсіпорындарды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жасау; Өндірісті ірілендіру арқылы қуатты ғылыми өндірістік ұйымдар ұйымдастыру. Техника мен жоғары сапалы технологияны дамыту; Өндірістің тиімділігін арттыру. 3. Өндірістік процесс шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналуына бағытталған еңбек процестерінің жиынтығы. Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің матиралдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: Технология сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырысын қорғау. Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

  1. Өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;

  2. Өндіріс учаскілерінің қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі.

  3. Өңделетін матиралдармен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол.

  4. Өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.Сонымен өндірістк процесті тиімді ұйымдастыру принциптері-мамандандыру, үйлесімділік, тік дәлдігі, үздіксіздігі, ырғақтылығы, және техникалық қамтамасыздандыру болып табылады. Шығарылатын өнімнің түріне, өндіріс көлеміне, жабдықтардың түріне, операцияларға жұмсалған еңбек, өндіріс кезеңінің ұзақтылығына және т.б.факторларға байланысты өндіріс жеке дара, сериялы және жалпы болып бөлінеді. 1. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Негізгі қор деп - кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланып өзінің құнын келесі өндірілетін өнімге бірте-бірте аударып отыратын еңбек құралдарын айтамыз. Негізгі қордың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.  Өндірістікке жататындар: өндірістің, құрлыстың, ауылшаруашылығының, көліктің, сауданың және басқада материалдардық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары жатады. Өндірістік емес негізгі қорларға: түрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған негізгі қорлар жатады. Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті бөлігі - тікелей өндіріске өнімнің мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Мысалы: машиналар, құрал жабдықтар. Пассивті бөлігі - өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды. Мысалы: ғимарат, құрылыс.  Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналым жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, аммартизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы және оларды күрделі жұмсау арқылы ауыстыру.  8.Негізгі өндірістік қор мәні мен мағынасы Негізгі қорлардың кез келген объектісі табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі сөйтіп өз функциясын орындауға мүмкіндіктері болмайды. Негізгі қорлардың табиғи тозуы деп - жөндеу, қайта өңдеу, жаңарту арқылы қалпына келуін айтады. Сапалық тозуы деп - ескірген негізгі қордың өзінің үнемділік, өнімділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюын айтады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып – ол негізгі қорлардың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу табылады, себебі: олардың табиғи және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. 2. Негізігі қорды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндіру жағдайына байланысты бірнеше түрі болады: 1. Негізгі қордың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы; 2. Қайта өндіру құны – негізгі қордың қайта өндіруге кеткен шығынның жиынтығы: 3. Қалдық құн – негізгі қордың құнынан тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны. Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: Шығарылатын өнімнің түрі, оның жалпы көлемі; Автоматтандыру және механикаландыру; Мамандандыру деңгейі; Кәсіпорынорнының климаттық және географиялық жағдайлары; Негізгі қорлардың қолдану көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:

  1. Негізгі қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;

  2. Негізгі қорлардың жедел түрде қолдану көрсеткіштері;

  3. Негізгі қорлардың интегралды қолдану көрсеткіштері;Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффиценті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффиценті және құралдарды толық пайдалану коэфиценті жатады яғни, бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінді қолданылу деңгейін көрсетеді.  Екінші топ көрсеткіштері - негізгі қор нақты өнімділігін оның нормативті өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.  Үшінші көрсеткіші – құралдарды ингралдық қолдану коэфиценті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэфицентіне көбейту арқылы анықталады және ол құралдардың уақыт және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды. Негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып қор қайтарымы есептеледі. Қор қайтарымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылатын негізгі қорлардың теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Сондай-ақ, ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады. Ққ = ЖӨҚ/НӨҚ ЖӨҚ - жыл ішінде өндірілген жалпы өнім құны  НӨҚ - негізгі қордың орташа жылдық құны.  Қор қайтарымына қарама қарсы көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады.  Қор сыйымдылығы – бұл негізгі қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.  Қс = НӨҚ/ЖӨҚ Өндірістің негізгі қор көлемі және олардың қолдану дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат - саланың, цехтың жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін өндіруге барынша жоғарғы қабілеттілігі.  8.Негізгі құралдардың физикалық және моральдық тозуы.  Негізгі қордың табиғи және сапалық тозу олардың құнының экономикалық орнын толтыру аммартизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады.  Аммартизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қорлар құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақша қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қордың толық және жартылай қалпына келтіру үшін іске асырылады. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударым деп аталады. Аммартизациялық аударылым негізгі қордың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.  Нарықтық қатынастар жағдайында аммартизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі әсерін тигізеді.  Бірінші жағынан аммартизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді. Осыған орай өнімнің бәсекеге деген жарамдылығы төмендейді, алатын пайданың мөлшері де азайяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.  Екінші жағынан аммартизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады. Ал, бұл олардың ескіріп қалуына әкеліп соғады. Осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендейді.  Аммартизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын есептеп отырады. өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы. Аммартизациялық айналымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқа негізгі қорлар құнының аммартизациясы мөлшерімен анықталады. Осыған байланысты аммартизацияның мөлшері мына формуламен есептелінеді. Ма = (НҚбқ- Қж / Қбқ*НҚқм)*100% Ма – аммартизациялық аударымның мөлшері; НҚбк – негізгі қор бастапқы құны; Қж – жойылу құны; НҚқм – негізгі қор қызмет мерзімі; Негізгі қор қызмет мерзімін төмендегі факторларға сай анықтау қажет:

  1. Негізгі қор төзімділігі;

  2. Сапалық тозу;

  3. Техникамен жабдықтаудың болашаққа арналған жоспары;

  4. Жабдықтау балансы;

  5. Жаңарту және күрделі жөндеу мүмкіндігі;

.