Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_leumettanu_Aygul.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
37.09 Кб
Скачать

3. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірлер тарихынан.

  • Ш. Уәлиханов тарихты аға алып барушы кім деп санады- Халық

  • Халықтың қалыпты түрде өсуі үшін ол халық дамудың қандай дәрежесінде тұрса да, өздігімен дамуы, өзін өзі қорғауы, өзін өзі билеуі қажет деген кім? Ш. Уәлиханов

  • Ш.Уәлихановша халыққа етене жақын, ең маңызды қандай реформалар? Экономикалық-әлеуметтік

  • Халыққа әлеуметтік , экономикалық және саяси реформа керек деген кім? Ш.Уәлиханов

  • Уәлиханов экономикалық істерді жүзеге асырудың құралы қандай реформа деп санады? Саяси реформа

  • Ш.Уәлизанов экономикалық,әлеуметтік,саяси реформаларды іске асыру барысында нелерді ескеру керек деді? Халықтың ерекшелігін, тұрмыс-салтын,әдет-ғұрпын

  • Қазақтар арасында өз тілінде өтетін,ертеден етене таныс билер сотының сақталуын талап еткен кім? Ш.Уәлиханов

  • Билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе-олардың қолындағы шексіз билік деген кім? Шоқан

  • Еркіндікті дұрыс пайдалана білу үшін халықтың сауаты жоғары болу тиіс деп тжырымдаған кім? Шоқан

  • «Білімді адам қоғамда еркін болады» деген? Шоқан

  • Билікті халықтың еркімен шектеуі дұрыс деп санаған? Шоқан

  • Кім өз қасиеттерін дамыту үшін адам қандай болуы шарт деді? Еркін болу керек.

  • «Осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру, қалай дегенмен, аса қажет болып отыр» деген кім? Ш.Уәлиханов

  • Ы.Алтынсарин дамудың негізгі құралы не деп түсінді? Білім беру, барлық қазақ ауылдарында орыс-қырғыз мектептерін ашу.

  • Оқытушыны халық мектептері үшін ең керекті деген ағартушыны ата? Ы. Алтынсарин

  • Мектептерді «қазақтардың оқытудың негізгі буыны» деп санаған? Ы.Алтынсарин

  • «Сауатсыз, білімсіз адамдар-қараңғылықта адасушы, көзі жоқ соқыр, ақылы жоқ надан» деген? Алтынсарин

  • «Нағыз адамдар-ғылымды игеріп, біліммен қаруланған, дүниенің игілігін пайдалана білетін кісілер» деген Алтынсарин

  • «Мектептерді халық арасында білім таратушы» деген Алтынсарин

  • Ы.Алтынсаринша мектептің сипаты қандай болу керек? Халықтық мектеп

  • Ы.Алтынсарин дүниедегі ең қымбатты адам деп кімді бағалады? Мұғалім, Ұстаз

  • Ыбырай қазақ балаларын қандай тілде оқытуды ұсынды? Қазақ тілі

  • «Мұғалім-мектептің жүрегі» деген: Алтынсарин

  • «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып көңілін ашпақ»деген кім? Абай

  • Абайдың «Дүние үлкен көл, замана соққан жел, алдыңғы толқын ағалар,артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» дегені қоғамның қандай құбылыс екенін білдіреді? Тарихи құбылыс

  • Абай «Дүние үлкен көл, замана соққан жел, алдыңғы толқын ағалар,артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» дегенді қай сөзінде айтты? 37 қара сөз

  • Абай «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды» дегенді қай сөзінен айтты? 19 қара сөз

  • Абай « Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген- 18 қара сөз

  • Абай « Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар» деп нелерді атады? Надандық, еріншектік, залымдық

  • Халықты ұлттық бірлікке, ішкі татуластыққа, ынтымақтастыққа үндеген ақын? Абай

  • « Біріңді, қазақ, біріңді дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген- Абай

  • « Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ» сияқты бес нәрседен қашық бол деген кім? Абай

  • Абай қандай бес нәрседен қашық бол деп ескертті? Өсек, өтірік, мақтаншақ

  • « Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым, ойлап қой» сияқты бес нәрсеге асық бол деген-Абай

  • Абай қандай бес нәрсеге асық бол деді? Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым.

  • Абай қоғамда болатын өзгерістерді немен байланыстырды? Адам еңбегімен

  • «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ-өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жерде береді, құр тастамайды» деген ойды Абай қай сөзінде айтқан- 4 қара сөз.

  • Абай қоғамды қандай құбылыс деп таныды? Тарихи құбылыс

  • Абай адамның жан азығы деп нені санады? Білуге құмарлық

  • Адам баласы адам баласынан қандай қасиеттермен озбақ деген ойшыл? Абай

  • « Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ деген кім? Абай

  • «Адам баласына адам баласының бәрі дос» деген? Абай

  • Абай тілімен айтқанда, адам баласын қор қылатын үш нәрсені аташы? Еріншектік, надандық, залымдық.

  • «Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады» дегенді Абай қай сөзінде жазады-38 қара сөз

  • Абайдың « Тамағы жоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегенін қалай түсінесің. ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады.

  • Абайша адам баласының ең жаманы. еңбексіздік

Алаш көсемдерінің әлеуметтік көзқарастар

  • ХХ ғ басында халқымыздың ұлттық санасының оянуына айрықша әсер еткен аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері кім? Ә.Бөкейханов

  • Ә.Бөкейханның « Рухани мәдениеттің бір белгісі-жұрт баласына жалпы оқу, газета, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп, адам баласына жақсылық жол ашу» дегенін қалай түсінесің. шын білімнің тәжірибеден туатынын, білім жолының негізі тәжірибе болатындығын жақсы білген.

  • Ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру идеясын көшпелі қазақ қоғамының ата –дәстүр салтымен, әдеттік құқық рәсімдерімен байланыста қараған кім? Ә.Бөкейханов

  • Газеттің жаны-мақала деген кім? Ә.Бөкейханов

  • Қоғамдық мешеуліктің себеп-салдарын халықты билеушілердің надандығы және ел бірлігінің жоқтығымен түсіндірген: Ә.Бөкейханов

  • «Бостандыққа апаратын жалғыз жол-ұлттық ынтымақ» Ә.Бөкейханов

  • Халықтың оятудың жолын оқу-білімнен іздеген: Ахмет Байтұрсынұлы

  • А.Байтұрсынов Еуропада ғылым, өнер толық, қазақта олардың жұрнағы да жоқ деп, Еуропаны елге үлгі тұтты

  • А.Байтұрсынұлыша қазақты артқа тартып аса қиын мәселелер:Ел ішіндегі надандық пен жалқаулық

  • Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, « оқыған азаматтардың тұңғыш көсемі» ретінде танылған: А. Байтұрсынов

  • Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзілмейді деп санаған кім? А.Байтұрсынов

  • Өнер-білім теңдікке жеткізеді, әлсіздерге күш береді, тұрмысты түзетеді, басқалармен терезесін тең етеді деген ойшыл? А.Байтұрсынов

  • Халлықтың оятудың жолын оқу-білімнен іздеген кім? Ә. Бөкейханов

  • Мектепте қазақтың діні, тілі, жазуы таза болуын талап еткен кім? Ә.Бөкейханов

  • Бала оқыту ғылымынан хабардар мұғалім-мектептің жаны, мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады деген кім? А. Байтұрсынов.

  • «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деген кім еді? А. Байтұрсынов

  • А.Байтұрсынұлының « Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы» дегенін қалай түсінесің? Ахмет Байтұрсынов

Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде

  • Қоғамның ең ірі әлеуметтік ұйымы не? Мемлекет

  • Қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе дегенм кім? О.Конт

  • «Қоғам-адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» деген кім? Вебер

  • «Қоғам- адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі» деген кім? Парсонс

  • Қарым-қатынастардың негізі-әлеуметтік ережелер мен құндылықтар болып табылады деп кім айтты? Парсонс

  • Кім қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді? К.Маркс

  • Әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара қарым-қатынас пен байланыста, өзара ықпалдастықта болып, тұтастықты қамтамасыз ететін элементтердің тұтас жиынтығы: әлеуметтік жүйесі

  • Қоғамның әлеуметтік жүйесі деген:

  • Өзара бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста, ықпалдастықта болатын, тәртіптелген және тұрақтылықты құрайтын, бірінің өзгерісі екіншісінің немесе басқаларының өзгерісіне әкелетін элементтердің тұтас жиынтығын не дейміз? Жүйе

  • Қоғамның ішкі құрылымы, оның әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде қалыптасқан сан алуан байланыстарда, қарым-қатынастар мен ықпалдастықта болатын элементтер:

  • Қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде қалыптасқан сан алуан байланыстар, қарым-қатынастар мен ықпалдастықта болып, тұтастықты қамтамасыз ететін элемен-ң жиынтығы:Әлеуметтік жүйе

  • Белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта белгілі мақсатқа жету үшін бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болған қарым-қатынасты қандай байланыстар дейміз? Әлеуметтік қарым-қатынас

  • Белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болған қарым-қатынасты қандай байланыстар дейміз? Әлеуметтік байланыс.

  • Жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын үдерістерді қандай ықпалдастық? Әлеуметтік өзара әрекеттестік

  • Адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар қандай қарым-қатынас дейміз? Әлеуметтік қарым-қатынас.

  • Салт-дәтүр, әдет-ғұрып, тыйым салынған дүниелер, конститутция, заңдар, заңдық күші бар қаулылыр жиынтығын не деп айтамыз? Әлеуметтік нормалар мен ережелер.

  • Бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын қалай айтамыз? әлеуметтік топ.

Қоғамның әлеуметтік жіктелуі және әлеуметтік мобильдік теориясы.

  • Әлеуметтік жіктелу нені зерттейді? Қоғамның әлеуметтік құрылымын

  • Әлеуметтік жіктелу теориясының көрнекті өкілі? Сорокин

  • «Әлеуметтік мобильділік» терминін 1927 ж әлеуметтануға енгізген? Сорокин

  • П.Сорокиннің көзқарасына сәйкес әлеуметтік мобильділік әлеуметтік қандай қозғалуды білдіреді?

  • Әлеуметтік мобтльділік деген? Қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан орын ауыстыруын айтамыз

  • Таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық топтарды қалай атайды? Әлеуметтік жіктер

  • Қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан орын ауыстыруын не деп атаймыз? Әлеуметтік мобильділік

  • Индивидтің бір қабаттан екінші бір қабатқа тік сызық бойынша ауысуын қандай мобильділік дейді? Вертикальді мобильділік

  • Индивидтің бір әлеуметтік позициядан екіншісіне көлденең сызық бойынша ауысуын қандай мобильділік дейді? Горизонталь моб.

  • Жеке адамның не топтың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруін не дейміз?

Тұлға әлеуметтануы

  • Адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипттайтын жалпылама қандай ұғым? Сана

  • Адам тегінің нақты өкілін қалай атаймыз? Индивид

  • Қоғамдық өмірдін тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет иесі , қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды кім дейміз? Тұлға

  • Тұлға әлеуметтанудың объектісі

  • Тұлға әлеуметтанудың субъектісі

  • Тұлғаның әлеуметтенуі –адам біртіндеп білімін кеңейтеді, толықтырады. Өмірден әлеуметтік тәдірибе жинайды. Бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде келе жатқан мәдениеттің үлгілерінң ұлттық құндылықтарды, алдыңғы ұрпақтың өнегесін үйренуі

  • Адамның қоғамдық сананың игеруін, мінез-құлық нормалар мен ережелерді, ілімдерді, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің ішкі-сезім күйіне айналдырып, соның негізінде белсенді іс-әрекет иесі болуын: Әлеуметтену

  • Тұлғаның әлеуметтенуі негізгі институты

  • Тұлғаның әлеуметтік мұраттары

Отбасы әлеуметтануы

  • Сезімге негізделген одақ, индивидті өмір қиыншылықтарына көнуге, басқалармен үйлесімді өмір сүруге үйрететін, тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың әлеуметтік өмір мектебі? Отбасы

  • Тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғам негіздейтін және реттейтін, ерлі зайыптылардың отбасындағы құқықтары мен міндеттерін белгілейтін ресім не? Неке

  • Отбасы әлеуметтік институт ретінде қай кезде пайда болды?

  • Отбасындағы негізгі функция не болып табылады? Ұрпақ жалғастыру

  • Көптеген қала отбасыларына тән қандай сипат? Ажырасу

  • Ажырасу себептерінің ішінде бірінші орында тұрған себеп қандай? Мінез-құлқының сай келмеуі.

  • Қоғамның негізгі институты? Отбасы

  • Адам қоғамының қалыптасуы мен бірге пайда болған әлеуметтік институт? Отбасы

  • «Ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің мінез-құлқын, әдеттерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес» деген кім? О. Бальзак

Мәдениет әлеуметтануы

  • Жеке адам бойындағы қасиеттердің сапалық дамуы және оның қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік үдерістермен біте қайнауын не деп атаймыз? Мәдениет

  • Адамның табиғатты өзгерту, қайта құру үдерісімен байланысты мәдениет түрін қалай дейміз?

  • Адамның рухани дүниесін-ғылым, өнер, әдебиет, т.б. және олардың әлеуметтік өмірді өзгертуімен байланысты мәдениетті не дейміз?

  • Мәдениетті зерттейтін әлеуметтанудың арнаулы теориясы қандай? Мәдениеттің қоғамдағы әртүрлі топтардың әртүрлі мәдени қызметтерінің деңгейін, олардың мәдениет саласындағы талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени деңгейін, мәдениетті тұтыну салаларында әлеуметтік институттардың және т.б. зерттейді

  • Нарықтық жағдайдағы еңбекшілердің экономикалық білімін көтеріп, олардың нарықтық қатынастардың принциптерін толық игеріп, меңгеретін қандай мәдениет? Еңбекшілердің экономикалық білімін көтеру, олардың нарықтық қатынастардың принциптерін толық игеріп, меңгеруі.

  • Белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолыныда әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың,топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары нені құрайды?

  • Мәдени қарым-қатынасқа негізделген үдеріс не деп атаймыз?

Дін әлеуметтануы

  • «Дін адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру қажеттіктерінен пайда болған» деген? Э.Дюркгейм

  • «Діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне ой элементтерін, парасат енгізу, осылайша ойлардың өмірлеріне биік мақсаттар әкелу екенін» айтқан? М.Вебер

  • Дін адамдардың ауыр әлеуметтік жағдайларына байланысты пайда болған деген? Парсонс

  • Кім дінді адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады дейді? Парсонс

  • Діннің негізгі элементтеріне жататындар? Діни сана

  • Адамдардаң мінез-құлқы мен қатынастарының бірден-бір формасы, нақты діни жүйенің құрылымдық элементі не?

  • Дінге сенетін адамдардың бірлестігі, шіркеу мен діни ұйымдар нені құрайды? Діни құрылым

  • Дін әлеуметтануы объект ретінде нені зерттейді?

  • Діни салт-сана діннің қандай элементтеріне жатады?

  • Белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы не деп атаймыз? Діни идеология

  • Белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы қандай психология дейміз? Діни психология

  • Діннің өзегін не құрайды?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]