Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_yaz_baza_1.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
189.95 Кб
Скачать

120. Сөйлемдердегі «бөле» сөзінің мағыналарын анықтаңыз.

Отбасымызбен үлкен қуанышқа бөлендік. Мынау менің бөлем болады. Баланы бөлеу керек.

А) табу, туысқан, орау

В) орау, аға, құндақтау

С) жатқызу, бесік, құндақтау

Д) кенелу, туыстық атау, бесікке жатқызу Е) бесікке бөлеу

121. «От» сөзінің ауыс мағынада келген қатарын көрсетіңіз.

А) Бесіктің жаны ыстық екен.

В) Атымды отқа қойдым.

С) Ошаққа от жағу керек.

Д) Жердің оты қалың екен.

Е) Көзі от шашып тұр

122. «Көзі ашылды» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

А) тазарды, сауаттанды

В) білімді, сәл ұйықтап алды.

С) сордан арылды, ұйқысы қанды.

Д) жазылды, қуанышқа бөленді.

Е) қуанды, ұйқысы қанды.

123. Сөйлемдегі асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.

Көз қысты, бармақ басты әрекеттерді тоқтататын кез келді.

А) бірін-бірі қолдап отыру

В) бәрін таптап өтіп кету

С) өзара келісімге келу

Д) жасырын алыс-беріс жасау, келісу.

Е) бақытқа кенелу

124. Асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.

Кешегі болған оқиға көңілге кірбің салды.

А) өзіне мақсат, ниет ету

В) ренжіткісі келмеу

С) ренжу, жабырқау

Д) ұстанған бағытын, ойын сездіру

Е) ренжімеу, ойын айту

125. «Шет жағасын айтты» деген тіркестің мағынасын көрсетіңіз.

А) ептеп сездірді, жеткізді

В) ағытыла сөйлеп кетті

С) жат санады, ұнатпады

Д) ретін, жөнін келтірді

Е) түсіндірді

126. «Қылығының қылшығын таныды» деген тіркестің мағынасын көрсетіңіз.

А) Біреудің мінез-құлқындағы кем-кетігін анық білді.

В) жаманшылық іс етпеді.

С) ештеңесі шығын болмады, дәнеңесі кетпеді.

Д) сезімтал, аңдағыш

Е) төбе шашы тік тұрды.

127. Сөйлемдегі ұлттық танымға қатысты сөзді көрсетіңіз.

Ер – тұрман - атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық атауы.

А) салт

В) жабдық

С) атқа міну

Д) ер-тұрман

Е) жүруге қажетті

128. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.

Шақырту қолымда ...., жол шығындарын көтеретін демеуші таба алмадым.

А) болатын

В) болғанмен

С) болса

Д) болғандықтан

Е) сондықтан

129. Сөйлемді толықтырыңыз.

Оны алғаш ... танымай қалған болуы керек.

А) көргенде

В) көрген

С) көруде

Д) көрсе

Е) көрсе екен

130. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Шығарманы ...., сол кездегі қиындықтарды көз алдыңа елестете аласың.

А) оқыса

В) оқитын

С) оқи отырып

Д) оқып отырғалы

Е) оқыса екен

131. Дұрыс құрылған сөйлемді қойыңыз.

А) Күн бірден жылынып, еріген қар өзен арнасын көтеріп жіберді.

В) Қар бірден ерісе, өзенде су көтеріліп кетті.

С) Күннің жылынуы өзен арнасын толтырып тастайды.

Д) Қар ерімесе, өзен суы тасып жатыр.

Е) Дұрыс жауап жоқ.

132. Сөйлем мағынасын көрсетіңіз.

Көрмес – түйені де көрмес.

А) болжалды

В) мезгілдік

С) себеп

Д) салыстыру

Е) қимыл-сын

133. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол енді тіл туралы берік байлам .... шығар.

А) жасайтын

В) көретін

С) білетін

Д) үйренетін

Е) айтатын

134. Тиісті сөзді тауып, сөйлемді толықтырыңыз

Арман іссапардан ......, жаңа жұмыс іздеуге бел буды

А) көрісімен

Б) берісімен

С) әкетісімен

Д) оралысымен

Е) келгенімен

135. Сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз

Қазақ құда мен құдағиды қатты қадірлегендіктен , ......

А) төрге шығарып, бар жылы- жұмсағын алдына тосады

Б) келін қайын атасын қатты сыйлайды

С) маған мінезі ашық адамдар қатты ұнайды

Д) ененің көнілі әдетте келінде болады

Е) сабаққа қатыса алмайды.

136. Сөйлемді аяқтаныз.

Дінге берік болмай, ....

А) қолайлы көрген кезде қиналмастан өзге тілге ауыса салады

В) тілге беріктік болмайды

С) қазақтардың өз ана тілдерін өзге тілдермен салыстырулары орынсыз

Д) ұлттық санамыз әлі де болса бодандықтың шылауынан толық арыла алар емес

Е) сенім жоқ.

137. Тиісті нұсқаны қойып, сөйлемді аяқтаңыз

Басшысы іске қандай шебер болса, .......

А) сонша еңбегі босқа далаға кетті

В) қызметкерлері де сондай пысық болады

С) соғұрлым іс жүрмей қалды

Д) жұмысшылары да тату – тәтті өмір сүреді

Е) шаруа біте қоймады.

138. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мүмкін, қазақ жігіттері спортта ерлік ... деген ойлар жиі оралады.

А) жасайтын шығар

В) әкелетін шығар

С) ашатын шығар

Д) атқаратын шығар

Е) көрсететін болар

139. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ата тұрып ұл сөйлесе,ер жеткені...,

Ана тұрып қыз сөйлесе,бойжеткені...,

А) тұрар

В) жарар

С) қалар

Д) болар

Е) айтар

140.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Әрине,телеарналардан жергілікті жанкүйлеріміздің барлығы..., қолымызда тұрған жеңісті екінші күні берік қойдық.

А) көрген болар

В) алған шығар

С) тыңдаған шығар

Д) болған шығар

Е) айтқан болар

141. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып,сөйлемді аяқтаңыз.

2011 жылы қазақстандық хирургтер жүрекке ашық ота... .

А) ескеруі мүмкін

В) ескеруі мүмкін

С) келісуі мүмкін

Д) беруі мүмкін

Е) жасауы мүмкін

142. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Кедендік одақ баға саясатына әсер... .

А) орындалуы мүмкін

В) беруі мүмкін

С) жүруі мүмкін

Д) жасауы мүмкін

Е) етуі мүмкін

143. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып,сөйлемді аяқтаңыз.

Нарықтық қатынастар жағдайының принципі бойынша әркім өз күнін өзі... .

А) орындалуы мүмкін

В) жасауы тиіс

С) қалауы тиіс

Д) қалауы мүмкін

Е) көруі тиіс

144. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып,сөйлемді аяқтаңыз.

Шет елдерден қайтып оралған стипендиаттардың елге қосатын үлесі шыққан шығындардың орнын толтырып,үміттерімізді... .

А) ақтауы тиіс

В) үзбеуі тиіс

С) созбауы тиіс

Д) пайдалануы тиіс

Е) орындалуы тиіс

145. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Біз ғылым дамуын жоғары деңгейге көтеруге... .

А) міндеттіміз

В) мүмкін

С) қажеттіміз

Д) сияқтымыз

Е) тырысамыз

146. Дұрыс нұсқасын белгілеп,сөйлемді аяқтаңыз.

Біз мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтап,тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай... .

А) білдіруге міндеттімін

В) құруға тиіспіз

С) сақтауға міндеттіміз

Д) қорғауға міндетті

Е) қоршауы мүмкін

147. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін қойыңыз.

Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы тұрақты және бәсекеге қабілетті қаржы жүйесін құру бойынша жұмысты... .

А) жандандыру тиіс

В) жалғастыру қажет

С) құрастыру керек

Д) ұсыну қажет

Е) орындау керек

148. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін қойыңыз.

Әлеуметтік ,құқықтық,насыхаттық,экономикалық және тағы басқа міндеттер кешенін іске... .

А) жандандыру қажет

В) жасау қажет

С) қарау қажет

Д) асыру қажет

Е) орындау қажет

149. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін қойыңыз.

Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол ... .

А) білген еді

В) келіскен еді

С) білдірген еді

Д) аударған еді

Е) қойылған еді

150. Дұрыс жауапты қойып,сөйлемді аяқтаңыз.

Абайдың тұңғыш жинағы осылай... .

А) көрген еді

В) қайтқан еді

С) жүрген еді

Д) барған еді

Е) жүрген еді

151. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін қойыңыз.

Менің ипотека жүйесі бойынша жаңа үйлерден пәтер... .

А) алғым келеді

В) тұрғым келеді

С) көшкім келеді

Д) барғым келеді

Е) жоспарлағым келеді

152.Сөйлемді сәйкес сөз тіркесімен аяқтаңыз.

Қазақстанда соңғы жылдары «ел-үкімет»бағытында жасаған жұмысыңызға алғысымды... .

А) жолдағың келеді

В) бергім келеді

С) айтқым келеді

Д) жеткізгіңіз келеді

Е) апарғыңыз келеді

153. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Өнердің кино, театр саласы жап-жақсы насихатталып жүргені сияқты,мүсін өнері де көлеңкеде қалып... .

А) көрмесе игі еді

В) істемесе игі еді

С) қоймаса игі еді

Д) тұрмаса игі еді

Е) барса игі еді

154.Көп нүктінің орнына тиісті жауапты қойыңыз.

Оның әр сөзінде бәрі жақсы болса екен,жақсы болса... деген ниет жататын.

А) жүрсе екен

В) түссе екен

С) алса екен

Д) күлсе екен

Е) барса екен

155. Көп нүктенің орнына тиісті жауапты қойыңыз.

Сіздер,...,осындай тәуелсіз елдің ,қазақ жерінің ұрпақтары екендеріңізді шын жүректен мақтанышпен айтуға мүмкіндіктеріңіз бар.

А) жастар

В) қарттар

С) жұмысшылар

Д) зейнеткерлер

Е) балалар

156. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Шетелдік демалушылар үшін таптырмайтын мекен қайсы?

В) Баянауыл туралы аңыздарды жинастырып жүрген кім?

С) Баянауыл тастары ертегілер еліне жетелей ме?

Д) Баянауыл туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз?

Е) дұрыс жауабы жоқ

Баянауыл - көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен отандық, шетелдік демалып келушілер үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, кұмға қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны – ақиқат. Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп.

Солардың бірі –Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас – Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше жылқы тұқымын өсіреді. Бұл жылқылардың бағасы қымбат болыпты. Оларды батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер астынан түрлі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді. Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты.

Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі – осы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]