Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_yaz_baza_1.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
189.95 Кб
Скачать

174. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.

Шәкірт... ұстаз-тұл.

А) –пен

В) -ті

С) -шіл

Д) -тей

Е) -сіз

175. «Аяғынан тік тұрды» мағынасын білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) аяғы талды

В) аяғы ауруға көшті

С) шаршады

Д) ниеті дұрыс

Е) құрмет көрсету

176. «Тыңдау » мағынасында қолданылатын тіркесті белгілеңіз.

А) құлақ салу

В) құлағын жабу

С) құлағын тесу

Д)құлағын жуу

Е) құлағын тексерту

178. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықтарды қойыңыз.

... сіз сөйлейтін болсаңыз, ... мен слайдтарды көрсетіп тұрамын.

A) Егерде, онда

B) Әйтпесе, сонда

C) Әйтсе де, демек

Д) Сол себепті, яғни

Е) Бірақ, сонда да

179. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Мен шетелдік ... хат жолдадым.

А) достарыма

В) достарын

С) достарының

Д)достарымды

Е) достарыммен

180.Асты сызылған сөзбен мәндес нұсқаны табыңыз.

Елімізде отандық өнімдерге деген сұраныс артып келеді.

А) шектеліп

В) азайып

С) көбейіп

Д) құлдырап

Е) кеңейіп

181. Мақалды жалғастыр

Өнер алды - ...

А) қызыл тіл

В) еңбек

С) білімді

Д) көңілдің кілті

Е) буынсыз

182. Көп нүктенің орнына салыстырмалы мәндегі сөзді қойыңыз

Оның денесі.... болғанымен, қимылы ширақ екен.

А) қуқыл

В) толықтау

С) жүдеу

Д) шырайлы

Е) пысық

183. «Өте қысқа» сөзімен алмастыруға болатын сөзді табыңыз.

А) Қып-қысқа көйлек кию сәнге айналды.

В) Ең аласа модель Францияда тұрады.

С) Тым жұқа мата - жібек.

Д) Биыл қып-қызыл матадан тігілген киімдер сәнді.

Е) Мына көйлектің етегі қысқалау ма?

184. Көп нүктенің орнына күшейткіш мәнді сөзді қойыңыз.

Анам ... алақанымен маңдайымнан сипады.

А) жып-жылы

В) жылы

С) ыстықтау

Д)суық

Е) салқын

185. «Шет жағасын айтты» деген тіркестің мағынасын көрсетіңіз.

А) жат санады, ұнатпады

В) ретін, жөнін келтірді

С) ағытыла сөйлеп кетті

Д) ептеп сездірді, жеткізді

Е) турасынан айтып салды

186. Көп нүктенің орнына күшейткіш мәнді сөзді қойыңыз.

Сырым ашылып қалды ма деп, Айдананың өңі ... боп кетті.

А) құп-қу

В) аққұба

С) сұрғылт

Д)шырайлы

Е) ажарлы

187. Мүлтіксіз» сөзіне мәндес қатарды көрсетіңіз.

А) кемшіліксіз

В) келісімсіз

С) мінсіз

Д) белгісіз

Е) түсініксіз

189. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.

Үйге бүгін сағат беске ... келдім.

А) таман

В) астам

С) шақты

Д)шамалы

Е) жуық

190. Мақалдың бірінші сыңарын табыңыз.

... , әр ауылда бір туысың болсың.

А) Бір ауылда мың туысың болғанша

В) Берекесі кеткен ауылдың

С) Ағайын, барыңда аузыңды жайлайды

Д) Ағайыңды іске шақырма

Е) Достарың болса,

191.Сөйлемдегі асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.

Көз қысты, бармақ басты әрекеттерді тоқтататын кез келді.

А) бақытқа кенелу

В) бәрін таптап өтіп кету

С) бірін-бірі қолдап отыру

Д) жасырын алыс-беріс жасау, келісу.

Е) өзара келісімге келу

192. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Таяқ жеу

В) Таң самалы

С) Айдаладағы тастау

Д) Тары көже

Е) Мектеп

193. «Шарасыздан» сөзін ауыстыруға болатын сөзді табыңыз.

Денсаулығым нашарлап, шарасыздан жазғы демалысымызды саяжайда өткізетін болдық.

A) жоққа

B) амалсыздан

C) тікелей

Д) лезде

Е) бірден

194. Іс-әрекеттің шартын білдіретін нұсқаны көрсетіңіз.

А) Терең білім алғың келсе, көп ізденіп оқу керек.

В) Терең білім алу үшін көп ізденіп оқу қажет.

С) Көп ізденіп оқыған шәкірттің білімі терең болады.

Д)Шәкірт терең білім алғысы келіп, ізденіп оқып жүр

Е) Терең білім аламын деп, көп ізденіп оқып

195. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Фараб қаласында Александрия кітапханасы ашылды.

В) Отырар кітапханасы әл-Фарабидің қатысуымен ашылды.

С) ІІ Птолемей – ең ірі кітапхананың бірінің негізін салушы.

Д) 2001 жылы 27 тамызда Қазақстан ұлттық кітапханасы ашылды.

Е) Дұрыс жауап жоқ

Әлемнің ең ірі кітапханалары.

Адамзат тарихындағы ең ірі кітапханалар саналатын әйгілі Александрия кітапханасы мен қазақ жерінде болған Отырар кітапханасы – заманында әлемдік өркениеттің дамуына теңдессіз ұлес қосқан кешенді білім ордалары. Алайда бұл екеуінің де өмрі бүгінгі таңға жетпей, тарихтың бір қойнауымен шектеледі.

Александрия кітапханасы негізін Александрия қаласында ІІ Птолемей қалаған, қорында бес мың том кітап болған. Оны Эратосфен, Зенодот, Аристарх, Калиммах есімді ірі ғалымдар басқарған. Сол заманғы оқымыстылар жүз мыңнан жеті жүз мың томға дейін кітап қоры болғанын жазады. Кітапхана қорының негізін ежелгі грек әдебиеті мен ғылымынан тұратын шығармалар құрағанмен, мұнда шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптар да көп болған. Александрия кітапханасы жанында көшірмешілер штаты жұмыс істеп, олар кітаптарды көшіріп жазып, данасын көбейтіп отырған. Калиммахтың жетекшілігімен кітапхана каталогі жасалынып, сол жүйе негізінде кітап қоры толықтырылып тұрған.

Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы. Бұл кітапхананың қоры өте бай болған. Отырар – біздің ұлы бабамыз Әбу насыр әл-Фарабидің отаны. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрімен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирусорама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған.

2001 жылы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасында көне Отырар қалашығын сақтау жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Келешекте Ұлы Жібек жолының батыс пен шығыс әлемдері тоғысар тұсында ғылым мен мәдениет орталығына айналған көне шаһардың бүгінгі орнын шетелдік қонақтар үшін туризм орнына айналдыру көзделіп отыр. Әйгілі Отыраркітапханасы ата-бабамыз мекен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер екені баршаға аян.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]