Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_yaz_baza_1.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
189.95 Кб
Скачать

167. «Сүттен ақ, судан таза» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

А) кінәлі

В) кінәсіз

С) тәртіпті

Д) ұқыпты

Е) пысық

168. «-ме» қосымшасы жалғана алатын сөзді көрсетіңіз.

А) көр

В) айт

С) оқы

Д) қараша

Е) жаз

169. «-ыс» қосымшасы жалғанатын сөзді көрсетіңіз.

А) күл

В) жең

С) айт

Д) біл

Е) кел

170. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Қаланың .... бірнеше елшілік орналасқан.

А) ішінде

В) сыртына

С) жанынан

Д) қасының

Е) үстінде

171. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.

Біз шетелдік қонақтармен мәжіліс залының .... сөйлестік.

А) ішімен

В) алдында

С) сыртына

Д) қасының

Е) астында

172. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

A) Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу жолдары.

B) Қазақ халқының қонақжайлылығы сипатталады.

C) Үлгілі қазақ отбасы туралы ақпарат беріледі. D) Қазақ халқының ұлттық тағамдары мен дәстүрлі сусындары туралы.

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

Досым Балнұрдың отбасы шағын. Оның отбасында төрт адам бар. Олар: жолдасы, ұлы, қызы және өзі. Жолдасы Ермек- сәулетші. Өзі қаржылық бақылау басқармасының бас маманы болып жұмыс істейді. Ұлы Әлішер - бастауыш сынып оқушысы. Ол сабағын жақсы оқиды. Әлішер мектепке өзі барады. Қызы Нағима балабақшаға барады. Олар Алматы қаласында тұрады. Балнұр мен Ермек мемлекеттік қызметші болғандықтан, жақында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алды.

Балнұрдың отбасы өте тату тұрады. Өйткені жақын туыс адамдар сыйлас болады. Жолдасы мен өзінің жалақылары жақсы, жалақыларын уақытылы алады. Олар отбасында күнделікті шығын мен жылдық шығынды үнемі есептеп отырады. Алматы қаласында пәтерақы төлемі қымбат. Балнұр мен Ермек ақшаны есеппен жаратып, тиімді жұмсайды.

Ермектің ата – анасы Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында тұрады. Атасы мен әжесі үнемі қаладағы немерелерін сағынып жүреді. Немерелері де ата - әжелерін қатты сағынады. Атасы мен әжесі Алматыға келген сайын немерелеріне бағалы сыйлықтар ала келеді.

Ермек пен Балнұр балаларың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Ұлы Әлішер қарындасы Нағимаға үнемі қамқорлық жасап жүреді.

Балнұрдың отбасы өте қонақжай. Олар өткен сенбі күні қоныстой жасады. Тойға бүкіл туған - туыстары мен дос -жарандары, әріптестері келді. Үй иелері келген қонақтарды төрге шығарып, сый құрмет көрсетті. Балнұр ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. Ол дастарқанға шаймен бірге жылы - жұмсақ, тәтті дүниелер - қызыл күрең бауырсақ, анасы ауылдан алып келген ақ ірімшік, құрт, тіл үйірер балқаймақ, қазы - қарта, жал - жая, тәтті жент, жеміс - жидектер, тіпті буы бұрқыраған қуырдақ та қоса әкелді. Халқымыздың айран, шалап, қымыз, шұбат секілді дәстүрлі сусындары да қойылды. Дастарқан басында Балнұрдың әкесі бата берді. Өйткені қазақта асқа үлкен кісі бата қайырады. Дастарқанға ас қайыру – үлкен ізеттіліктің белгісі.

Балнұрдың отбасы – үлгілі, қонақжай отбасыларының бірі.

173. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Дастарқан басында батаны кім берді?

A) Ермектің қайын атасы.

B) әріптестері.

C) Балнұрдың шешесі.

D) достары.

Е) Ермектің досы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]