Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский.doc
Скачиваний:
55
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать

101. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

2012 жылы Білім мен ғылым саласында жаңа өзгерістер ... .

А) қалуы мүмкін

В) жүруі мүмкін

С) жетуі мүмкін

D) толықтырылуы мүмкін

Е) болуы мүмкін

102. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.

Адамды бойындағы немқұрайлықтан құтқару үшін қоғам әділетті ... .

А) болуы тиіс

В) сенуі тиіс

С) келуі мүмкін

D) қалуы тиіс

Е) жүруі тиіс

103. Сөйлемді аяқтаңыз.

Кез келген қызметкер жұмысқа уақытында ... .

А) келуге міндетті

В) кетуге міндетті

С) тұруға тиіс

D) қарауға міндетті

Е) санауға тиіс

104. Сөйлемді аяқтаңыз.

Қазақстан Республикасының азаматтары өз елінің тарихына ... .

А) күтіммен қарауға болар

В) ұқыпты қараудың міндетті

С) арыдан қарайтын тәріздісің

D) құрметпен қарауға міндетті

Е) сенім білдірді

105. Тиісті сөзді қойыңыз.

Жастар терең ақылмен, өмірлік күш-қуатымен ... .

А) ерекшеленуі қажет

В) даралануды қажет

С) бағалануға керек

D) көзге түсуге міндет

Е) орнауы қажет

106. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

II Азаматтық форумда елбасы мемлекеттік тілді дамыту маңызды басымдық болып қала беретінін ... .

А) деген болар

В) айтқан еді

С) жазған шығар

D) сөйлеген сияқты

Е) оқуы тиіс

107. Қалау, тілек мағынасындағы сөйлемді анықтаңыз.

А) Қыс түскенше, үйдің барлық күрделі жөндеу жұмыстары бітсе екен.

В) Бәйтерек тамыры тереңде, бұтағы сынғаннан құламайды.

С) Ақ шашым алдамаса, олардың істері оңға басуы тиіс.

D) Н.Назарбаев университетінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар білім алуда.

Е) Асхат директор қызметіне көтеріліпті.

108. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.

Әл-Фарабидің «Бақытқа жол сілтеу» атты трактатын ... келеді, бірақ уақыт тапшы.

А) оқығым

В) тоқталғым

С)анықтағым

D) айқындағым

Е) жазғым

109. Қажетті сөзді қойыңыз.

Жаңа жылдан бастап інім жаңа үйге қолы ... .

А) жетсе игі еді

В) жүрсе игі еді

С) сақтаса игі еді

D) көшсе игі еді

Е) қонса игі еді

110. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.

Конференция түске дейін ... игі еді.

А) талданса

В) кетсе

С)аяқталса

D) бағытталса

Е) толықса

111. Сөйлемді айқындап тұрған сөзді көрсетіңіз.

Әйел-ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш.

А)әйел

В) күш

С) ана

D) сарқылмайтын

Е) жеңетін

112. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

А) Бәйтерек – тамыры тереңде бұтағы сынғаннан құламайды.

В) Текті ұрпақ, тәрбиеден басталады.

С) Көмек беру: кез келген адамның қолынан келеді.

D) Адам, өзінің, адами қасиеттерін жоғалтпауы қажет.

Е) Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі.

113. Көп нүктенің орнына қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйенер ең басты құжатымыз ... еліміздің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы.

А) сызықша

В) қос үкте

С) тырнақша

D) нүктелі үтір

Е) үтір

114. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

... оқу ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталып қалғандығын айтып келді.

А) Барғалы

В) Баратын

С) Барғандар

D) Баруда

Е) Барғандағы

115. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Малды ... құртады, етті ... құртады (мақал).

А) шұбырғанша, қуырғанша

В) шұбырған, қуырған

С) шұбырғанда, қуырғанда

D) шұбыруға, қуыруға

Е) шұбыртқалы, қуырғалы

116. Төл сөзді көрсетіңіз.

А) Шәкәрімнің сөзі мынау: ақыл мен жан біржола жоғалса, онда адам жанып-өшкен отқа тең.

В) Шәкәрім ақылым мен жаным біржола жоғалғанда жанып-өшкен отқа теңелетіндігін айтады.

С) Отырғандардың талқылағаны Шәкәрімнің ақыл мен жан жоғалғанда жанып-өшкен отқа теңелу жайындағы сөзі болды.

D) «Егер ақылым да, жаным да біржола жоғалатын болса, мен жанып-өшкен отпын», - дейді Шәкәрім.

Е) Шәкәрімнің сөзі: ақыл мен жан жоғалғанда жанып-өшкен отқа теңелу.

117.«Мүлтіксіз» сөзіне мәндес қатарды көрсетіңіз. А) қарусыз

В) белгісіз С) келісімсіз Д) ақысыз Е) кемшіліксіз