Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский.doc
Скачиваний:
55
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать

173. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Дастарқан басында батаны кім берді?

A) Ермектің қайын атасы.

B) әріптестері.

C) Балнұрдың шешесі.

D) достары.

Е) Ермектің досы

Досым Балнұрдың отбасы шағын. Оның отбасында төрт адам бар. Олар: жолдасы, ұлы, қызы және өзі. Жолдасы Ермек- сәулетші. Өзі қаржылық бақылау басқармасының бас маманы болып жұмыс істейді. Ұлы Әлішер - бастауыш сынып оқушысы. Ол сабағын жақсы оқиды. Әлішер мектепке өзі барады. Қызы Нағима балабақшаға барады. Олар Алматы қаласында тұрады. Балнұр мен Ермек мемлекеттік қызметші болғандықтан, жақында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алды.

Балнұрдың отбасы өте тату тұрады. Өйткені жақын туыс адамдар сыйлас болады. Жолдасы мен өзінің жалақылары жақсы, жалақыларын уақытылы алады. Олар отбасында күнделікті шығын мен жылдық шығынды үнемі есептеп отырады. Алматы қаласында пәтерақы төлемі қымбат. Балнұр мен Ермек ақшаны есеппен жаратып, тиімді жұмсайды.

Ермектің ата – анасы Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында тұрады. Атасы мен әжесі үнемі қаладағы немерелерін сағынып жүреді. Немерелері де ата - әжелерін қатты сағынады. Атасы мен әжесі Алматыға келген сайын немерелеріне бағалы сыйлықтар ала келеді.

Ермек пен Балнұр балаларың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Ұлы Әлішер қарындасы Нағимаға үнемі қамқорлық жасап жүреді.

Балнұрдың отбасы өте қонақжай. Олар өткен сенбі күні қоныстой жасады. Тойға бүкіл туған - туыстары мен дос -жарандары, әріптестері келді. Үй иелері келген қонақтарды төрге шығарып, сый құрмет көрсетті. Балнұр ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. Ол дастарқанға шаймен бірге жылы - жұмсақ, тәтті дүниелер - қызыл күрең бауырсақ, анасы ауылдан алып келген ақ ірімшік, құрт, тіл үйірер балқаймақ, қазы - қарта, жал - жая, тәтті жент, жеміс - жидектер, тіпті буы бұрқыраған қуырдақ та қоса әкелді. Халқымыздың айран, шалап, қымыз, шұбат секілді дәстүрлі сусындары да қойылды. Дастарқан басында Балнұрдың әкесі бата берді. Өйткені қазақта асқа үлкен кісі бата қайырады. Дастарқанға ас қайыру – үлкен ізеттіліктің белгісі.

Балнұрдың отбасы – үлгілі, қонақжай отбасыларының бірі.

174. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.

Шәкірт... ұстаз-тұл.

А) –тей

В) -ті

С) -шіл

Д) -сіз

Е) -пен

175. «Аяғынан тік тұрды» мағынасын білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) ниеті дұрыс

В) аяғы ауруға көшті

С) шаршады

Д) құрмет көрсету

Е) аяғы талды

176. «Тыңдау » мағынасында қолданылатын тіркесті белгілеңіз.

А) құлақ салу

В) құлағын жабу

С) құлағын тесу

Д)құлағын жуу

Е) құлағын тексерту

178. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықтарды қойыңыз.

... сіз сөйлейтін болсаңыз, ... мен слайдтарды көрсетіп тұрамын.

A) Егерде, онда

B) Әйтпесе, сонда

C) Әйтсе де, демек

Д) Сол себепті, яғни

Е) бірақ, сонда да

179. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Мен шетелдік ... хат жолдадым.

А) достарыма

В) достарын

С) достарының

Д)достарымды

Е) достарыммен

180.Асты сызылған сөзбен мәндес нұсқаны табыңыз.

Елімізде отандық өнімдерге деген сұраныс артып келеді.

А) құлдырап

В) азайып

С) шектеліп

Д) көбейіп

Е) кеңейіп

181. Мақалды жалғастыр

Өнер алды - ...

А) қызыл тіл

В) еңбек

С) білімді

Д) көңілдің кілті

Е) буынсыз

182. Көп нүктенің орнына салыстырмалы мәндегі сөзді қойыңыз

Оның денесі.... болғанымен, қимылы ширақ екен.

А) жүдеу

В) қуқыл

С) толықтау

Д) шырайлы

Е) пысық

183. «Өте қысқа» сөзімен алмастыруға болатын сөзді табыңыз.

А) Қып-қысқа көйлек кию сәнге айналды.

Ә) Ең аласа модель Францияда тұрады.

С) Тым жұқа мата - жібек.

Д) Биыл қып-қызыл матадан тігілген киімдер сәнді.

Е) Мына көйлектің етегі қысқалау ма?

184. Көп нүктенің орнына күшейткіш мәнді сөзді қойыңыз.

Анам ... алақанымен маңдайымнан сипады.

А) жып-жылы

В) жылы

С) ыстықтау

Д)суық

Е) салқын

185. «Шет жағасын айтты» деген тіркестің мағынасын көрсетіңіз.

А) ептеп сездірді, жеткізді

В) ретін, жөнін келтірді

С) ағытыла сөйлеп кетті

Д) жат санады, ұнатпады

Е) турасынан айтып салды

186. Көп нүктенің орнына күшейткіш мәнді сөзді қойыңыз.

Сырым ашылып қалды ма деп, Айдананың өңі ... боп кетті.

А) аққұба

В) құп-қу

С) сұрғылт

Д)шырайлы

Е) ажарлы

187. .«Мүлтіксіз» сөзіне мәндес қатарды көрсетіңіз.

А) мінсіз

В) келісімсіз

С) кемшіліксіз

Д) белгісіз

Е) түсініксіз

189. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.

Үйге бүгін сағат беске ... келдім.

А) жуық

В) астам

С) шақты

Д)шамалы

Е) таман

190. Мақалдың бірінші сыңарын табыңыз.

Досы көпті....

А) Достарың болса,

В) Берекесі кеткен ауылдың

С) Ағайын, барыңда аузыңды жайлайды

Д) Ағайыңды іске шақырма

Е) жау алмайды