Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
211.88 Кб
Скачать

3.Қоңыр эканомика

Қазақстанның қазіргі экономикасын «Қоңыр экономика» деп атау қабылданған. Оның басты сипаттамасы:

Экономика мұнай секторына, тау-кен және ауыр өнеркәсібіне толық түрде тәуелді: мұнай секторы ЖІӨ-нің 30%-ын және экспорттың 60%-ын иемденуде.

Экономикалық өсудің басты қозғалтқыштары энергия мен табиғи ресурстарды интенсивті түрде қолдануға сүйенеді.

Экономиканың кен өндіруші салаларға деген толық тәуелділігі өзге де өңдеуші секторлардың инновациялық дамуына мүмкіндік бермейді.

Қарастырылған сипаттамалар Қазақстанның экономикасының отын-мұнайлы ресурстарға, яғни кен өндіруші салаға едәуір тәуелділігін көрсетіп отыр. Ал бұл сала бір жағынан, сарқылуға жақын ресурстарды қамтып жұмыс атқарса, екінші жағынан, халықтың әлеуметтік жағдайына жағымсыз эффект көрсетеді. Аталған екі «ушығып» тұрған мәселені ел экономикасынан мүлдем ысырып тастау үшін «Қоңыр экономикалы» елді «Жасыл экономикаға» айналдыру-бүгінгі таңда дамудың басты жолына айналып отыр. «Жасыл экономика» стратегиялық бағдарламасының негізгі қағидаларын қарастыра отырып бұл стратегиялық бағдарламаның біз үшін қаншалықты маңызды екендігін көре аламыз.

Жер бетіндегінің барлығының өзара үйлесімділігі қағидасы. Табиғи ресурстарды рационалды пайдалана отырып кедейлікті жою немесе экономиканы «көгалдандыра» отырып толық жұмысбастылыққа қол жеткізу- бұлар өзара байланысты, әрі шынымен-ақ мүмкін боларлық категориялар. Бүгінгі таңдағы жұмыссыздық проблемасы-ең актуалды мәселелердің бірі болып табылмақ. Қазақстанның өзінде жыл басынан бері жұмыссыздар армиясын 40 мың адам толықтырған.Жұмыссыз жүргендердің есебі, шамамен, 600 мыңдай, немесе экономикалық белсенді халықтың 7,4%-ын құрайды. Кәсіподақ федерациясы таяу арада тағы да 600 мың адам жұмыссыз қалады деген қаупін жасырмайды.600 мың жұмыссыздың үстіне өз бетімен күн көріп жүрген жұртты қосыңыз. Олардың саны 2,5 млн. адам, мұның ішінде 1 миллионы әзірге жан сақтап отыр, қалған 1,5 млн. халық табыс көзінен айрылудың аз-ақ алдында. Қазіргі уақытта 627 кәсіпорын толықтай және біртіндеп өз жұмысын тоқтата бастаған. Бұл айтылғанның барлығы-«Қоңыр экономикалы» елдің бүгінгі таңдағы сипаттамасы. Еліміздің «Жасыл экономикаға» өтуі бұл проблеманың шешімін лезде таппақ. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі 2 млн-нан астам адам жел және күн-энергетикалық салаларда жұмыс атқаруда, бұл көрсеткіштің жартысы дерлік Қытайдың өзіне тиесілі. Бразилияның өзінде биоотынды стратегияның негізінде жылына 1 млн жұмыс орнынан ашылуда. Ендеше бұл бағдарламаның бас мақсаты-жаңа стратегияға байланысты ашылатын түрлі жұмыс орындарының халқымыздың кедей, жұмыссыз бөлігін едәуір көтермелеу болып табылмақ.

Шексіз экономикалық қажеттіліктерді шектеулі табиғи ресурстардың қанағаттандыруын талап етудің мүмкін еместігі қағидасы. Бұл–Қазақстан үшін «Жасыл экономика» стратегиясының қаншалықты маңызды екендігін тағы да айқындап беріп отыр. Мәселен, ҚР геологиялық комитетінің мәлімдеуінше, Қазақстанның жер қойнауындағы мұнай қоры көп дегенде 60 жылға жетпек. Бүгінгі күннің өзінде мұнайды жылдық өндіру көлемі 61 миллион тоннаны құрап отыр, 2015 жылға қарай бұл көрсеткішті 90 миллион тоннаға, ал 2020 жылы 120 миллион тоннаға дейін көтеру жоспарлануда. Мұндай жоспарлар елдер арасындағы келісімдер негізінде алға қойылып отыр, ал бұл-еліміздің табиғи ресурстарын экспансиялаудың бірден-бір жолы болып табылмақ. «Жасыл экономика» стратегиясы таза экологиялық технологияға және жаңғыртылған энергетикаға негізделеді. Индустриялық-инновациялық дамуды жеделдету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, еліміз 2015-2020 жылдар аралығында ЖІӨ энергия шығынын тиісінше 25 пайыздан 10 пайызға азайтуды көздеп отыр. Осыған орай, «жасыл технологияға» негізделген, жарықты барынша үнемдейтін диодты энергиялық қуат көздері мен құрылыс материалдарын шығаратын өндірістерді дамытуға күш сала бастады. Мысалы, жақында ашылған күн батареяларын өндіретін зауыт та – осы жобаның жүзеге асырыла бастауының нақты айғағы. Қазіргі таңда әлем елдерінде энергия көзінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан дүниежүзі энергияны күн, жел сияқты табиғи көздерден алуға көше бастады. Елбасы атап өткендей, болашақта бүкіл әлем «жасыл» технологиямен алға жылжитын болады. «Жасыл» технологиялар өз кезегінде жаңа инновациялық тәсілдерді қолданып, өнімдерді, тұтыну іс-әрекеттерін және технологияларды бастан-аяқ өзгертуге бағытталады. Демек, еліміз «дәстүрлі» табиғи ресурстардың сарқылуы жағдайында жаңа технологияларға жүгінеді, басқа жағынан бұл-сарқылуға жақын тұрған ресурстарды мейлінше рационалды пайдалануға алып келеді.