Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
211.88 Кб
Скачать

4.Қоңыр эканомикадан Жасыл экономикаға қадам басу

Өз кезегінде «Жасыл» экономикаға өтудің жолдары мен құралдары келесілер болып табылады:

Нәтижесіз әрі тиімсіз субсидиялардан бас тарту, қоршаған ортаға зиян келтіретіннің барлығына шектеу қоярлықтай салық ставкасын белгілеу.

Экологиялық таза өнімдерді өндіруге ынталандыру үшін мемлекеттік сатып алу саясатын жүргізу.

Инфрақұрылымдарға мемлекеттік инвестицияларды құю.

Энергияны үнемдеу мен мұнай саласына деген тәуелділікті төмендету негізінде экспорттық түсімді едәуір көбейту.

Инновациялық экономиканы дамыту, «Жасыл экономикалы» ел құру-бүгінгі таңда Қазақстан үшін дамудың басты ұранына айналып отыр. «Жасыл экономиканы» құру түрлі инновациялық жобаларды қажет етеді, ал бұл сәйкесінше инновациялық экономикамызды одан әрі дамытуға серпін береді.Мұның барлығы EXPO-2017 жобасының негізінде жүзеге асырылмақ. Бұл жобадан еліміздің алар пайдасы зор болмақ. Мәселен, бір жарым ғасырлық әлемнің дәстүрі атанған көрме біздің мемлекеттің негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға қуатты импульс береді:

Экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым; (транспорт, құрылыс, жұмыс орындары)

Шағын – орта бизнесті дамыту;

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы нәтижесін EXPO-2017-де көрсетуге мүмкіндік аламыз;

Қазақстан жастарының инновациялық дүниетанымын қалыптастыру;

Қазақстан әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, өз мақсатындағы жобаға бар құштарымен қатысуы оның зор пайданы иемденетініне ешбір күмән туғызбайды. Мәселен, EXPO көрмелерін өз елдерінде өткізіп, мақсаттарын зор түрде қанағаттандыра алған елдерді атап көрсетсек: Бразилия 80% көлікті қант қамысынан дайындалған биоотынды қолданып қозғалуға бағыттамақ; Тайвань күн батареяларын қауқарлы ендіруде; АҚШ бірнеше жылдар бойы энергоүнемдегіш стратегияларды жүзеге асырып келе жатыр; Швеция 2020 жылға қарай мұнай, көмір, газдан толықтай бас тартып, қайта жаңғыртпалы көздерден энергия алуды жоспарлауда. Қазақстан үшін мұндай инновациялардың қажеттілігі әркімге-ақ белгілі. Экологиялық проблемалар, табиғи ресурстарының тапшылығы,сарқылуға дайын тұрғандығы-бәрі де осы мәселенің өзектілігін айқындап береді.

«Жасыл экономиканың» дамуына өз үлесін қосуға тек қана мемлекет, бизнес қана емес, сонымен қатар әрбір қазақстандық міндетті. Электроэнергия, жылу энергетикасына, суға бар үнемшілдікпен қарау-әрбір адам үшін өмірінің нормасына айналуы керек. Дамудың жасыл жолы табиғи капиталды болашақ ұрпақ үшін сақтап, қалпына келтіріп, ұлғайтып қана қоймай,бүгінгі таңда әр қазақстандықтың өмір сапасын арттыра түспек.

Жоспары:

Кіріспе Негізгі бөлім:

1.Экспо- 2017Қазақстанда!

2.Жалпы, ЭКСПО-2017 Қазақстан Республикасына қандай пайда әкеле алады?

3.Қоңыр эканомика

4.Қоңыр эканомикадан Жасыл экономикаға қадам басу

Қорытынды:

Пайдйланған әдебиет:

Пайдйланған әдебиет:

http://www.expomuseum.com

http://baq.kz/kk/news

expo2017astana.com

www.group-global.org/kz

http://baq.kz/kk/news

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Халықаралық Туризмнің Менеджмент Колледжі

“ЭКСПО-2017 болашақ мамандардың көздерімен” атты ғылыми теориялық

конференцияға арналған

ДОКЛАД

Тақырыбы:ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстан Республикасының

әлеуметтік –экономиканың дамуына ықпалы

Жетекші:Серикканова С.М.

Зерттеу жұмысын дайындаған студент ХТМК-нің 101 топ оқушысы Газиева Н.М.

Алматы қаласы 2013-2014 оқу жылы