Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_kurs_marketing / Программа Произ.Практики ко.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
139.78 Кб
Скачать

2.1. Студенттің құқығы мен міндеттері.

Тәжірибенің алдында оқушы қажетті әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етіледі, яғни бағдарлама, күнделік, ғылыми жетекшімен кеңесе отыра, оқушы тәжірибеге өту жоспарын әзірлейді, яғни есептің жоспарын; тәжірибені өту графигі, жетекшімен кездесу мерзімі, бақылау әдісі. Оқушы тәжірибе өтетін компанияға келісімен басшыға құжаттарын табыс етеді, яғни нұсқау қағазын, күнделігін, бағдарламасын, компания оқушының келген мерзімін, жинақтаған мәліметімен, мінездемеге қол қойю тиіс. Компания қызметкерімен оқушы тәжірибе өтетін графигін тағайындайды.

Тәжірибе өту процессінде оқушының міндеттері:

  • бағдарламаның барлық тапсырмасын орындау;

  • компанияның күн тәртібін орындау;

  • компания басшыларының тапсырмаларын сапалы түрде және мерзімінде орындау;

  • компанияның жұмыс жағдайын сақтау, техниканың қауіпсіздігін, ішкі компанияның талаптарын орындау;

  • күнделікті сапалы түрде толтыру, апта сайын жетекшіге тапсыру, қол қойғызу;

  • тәжірибенің ақырында оқушы жазбаша есеп дайындайды, оның құрлымы, тәртібі күнделік жетекші қол қойған және мөрі мен күнделіктің соңында оқушыға компания басшылығы мінездеме жазады, оның тәртібін оқу сапасын, қасиетін көрсетіп.

Тәжірибенің қортындысына кафедрадағы ғылыми жетекші пікір жазады, оның ішінде ерекше көңіл аударатын жағдайлар, бағдарламаның мазмұнын орындау жөнінде, жинақтаған мәліметтерінің сапасын, дипломдық жұмысына жеткіліктігін. Содан кейін, оқушы тәжірибе есебін кафедраға тапсырып, график бойынша қорғайды. Жетекшінің пікірі бойынша оқушы бағдарламаны орындамаса, есеп қабылданбайды.

Оқушы тәжірибенің бағдарламасын толық орындамаса, жетекшінің мақұлдаған пікірі болмаса есепті қорғауға және дипломдық жұмысын жазуға жіберілмейді.

Оқушы тәжірибе есебін кафедрада құрылған комиссиясында қорғайды және оның нәтижесі бойынша комиссия есепке баға береді.

2.2. Кафедрадағы тәжрибе жетекшісінің міндеттері.

Оқушының оқулық және өндірістік тәжірибенің әдістемелік басшылығын кафедрадағы тағайындаған ғылыми жетекші атқарады. Сонымен қатар, жетекші оқушының іс-әрекеттерін үздіксіз қолдамайды. Тәжірибе алдында оқушы жетекшінің көмегі мен тәжірибені өткізу жөнінде кең мағыналы бағдарлама жасайды, яғни оқушының жинақтайтын көрсеткіштерімен мәліметтерді, кесте, үлгі, графиктердің нысанын, мазмұнын, санын нақты компанияның ерекшеліктерін ескере отыра оқушы календарлық жоспармен жеке тапсырмаларын сапалы және уақытында орындау үшін жетекші оқушыға әдістемелік көмек етеді, әр түрлі түсініктер береді:

  • жинайтын мәліметтер мен көрсеткіштерін, оларды талдау жөнінде кестелер құрастыруға түсінік береді;

  • қандай құжаттарды жинау, талдау, өңдеу туралы түсінік береді;

  • тәжірибенің бағдарламасыемен графиктің орындау барысын, күнделікті толтыру, есепке қажетті мәліметтерді жинау жөнінде күнделікті бақылау жасайды;

  • тәжірибе өткізу мерзімінде компанияның оқушыға дұрыс жағдай жасауын қадағалайды;

  • оқушыға тәжірибелік есеп дайындауға көмек жасап, сапалы түсінік береді;

  • оқушының тәжірибені өткізу жөнінде, кафедраға мәлімет беріп отырады және есеп қорғауға қатынасады.

Соседние файлы в папке 3_kurs_marketing