Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_kurs_marketing / Программа Произ.Практики ко.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
139.78 Кб
Скачать

2.3. Фирмадағы тәжрибе жетекшінің міндеттері.

Оқушының тәжірибені ұйымдастыруына, компания басшысы жалпы жауапты, ол нақты басшылықты оқушының жұмыс жасайтын бөлімінің қызметкері атқарады.

Оның міндеттері келесі жағдайларды қамтиды:

  • бағдарламаға сайкес тәжірибені ұйымдастыру;

  • компанияның барлық бөлімшелерін ескере отыра, тәжірибенің жоспары мен графигін жасауға көмек жасайды;

  • еңбекті қорғаумен техниканың қауіпсіздік жөнінде инструкт жасайды;

  • оқушыға компанияның өндірісін, коммерциялық, қаржы бөлімінің іс-әрекеттері жөнінде нақты, сандық көрсеткіштер мен мәліметтер жинауға көмек жасайды, компанияның жалпы сипаты, ұйымдық құрлымы туралы, компанияның ерекшеліктеріне байланысты директивті, нормативті актілер мен инструкциялар, заңдар, қаржы бөлімінің іс-әрекеттері туралы тағы басқа ақпараттарды жинайды.

  • тәжірибенің барысын, күнделікті толтыру жөнінде бақылап отырады;

  • оқушыға компанияны іс-әрекеттерін дамыту жөнінде ұсыныстарды қалыптастыруға көмек көрсетеді;

  • тәжірибенің соңында жетекші есепке пікір береді және оқушыға теориялық, практикалық дайындығына мінездеме береді.

Күнделік, тәжірибенің қортындысы туралы пікір мен мінездемеге компания басшысы қол қойып мөр басады.

3. Өндірістік тәжірибесінің бағдарламасы.

Тәжірибелік есептің мазмұны келесі тарауларды қамтиды; бірінші-титулдық парақ (1қосымша), кіріспеде тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері; негізгі тарау компанияның жалпы сипаттамасы;өндірістік және қаржы іс-әрекеттерін талдау және баға беру; өндірістік және қаржы іс-әрекеттерін дамыту жолдарын қамтиды. (2қосымша). Есептің құрлымы, мазмұны барлық талаптарға сай болуы тиіс және компанияның негізгі іс-әрекеттері кең мағынада соңғы жылдардағы көрсеткіштермен сипатталуы тиіс.

3.1. Компанияның жалпы сипаттамасы.

Бұл тарауда оқушының міндетті түрде компания туралы зерттейтін сұрақтарының тізбесі көрсетіледі. Компанияның жалпы сипаттамасы келесі сұрақтарды қамтиды, яғни атауы, мекен-жайы, құрылу жолы, негізгі, қосымша өндіріс түрлері, ұйымдық-құқықтық нысаны, компанияның мақсаттары мен міндеттері. Компанияның ұйымдық құрлымы үлгі ретінде көрсетіледі және барлық бөлімшелермен қызметтерге анықтама беріледі. Қаржы бөліміне немесе қаржы маманына ерекше көңіл аударылып толық сипаттама беріледі.

3.2. Компанияның экономикалық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттерін талдау, бағалау

Компанияның іс-әрекетіне талдау 5-6 жыл немесе кем дегенде 2 жыл мерзіміне жасалынады. Талдау компанияның ұйымдық құрылымынан басталады, яғни бөліммен бөлімшелер, қосымша қызметтер бөлімі (3 қосымша), өндіру, сату, тауар ассортименті (4 қосымша), сауда саттық делдал компанияларының тауар айналымы, оның динамикасымен құрлымы т.б.

Компанияның қаржы жоспары мен балансы келесі көрсеткіштермен сипатталады; шығындардың динамикасы, құрлымы, компанияның түсімі, баланстық таза пайда мөлшері;таза пайданы пайдалану тәртібі; қаржы қорлары т.б. (5-9 қосымшалар). Компанияның тұтынушылармен төлем айырысуы т.б.

3.3. Қаржы іс-әрекетін талдау және бағалау.

Компанияның қаржы іс-әрекеті келесі көрсеткіштермен талданады:

  • Компанияда қаржы бөлімі немесе қызметі бар жоғы анықталады, бар жағдайда оның құрлымы жасалады (10 қосымша).

  • Компанияның сыртқы орта факторларын талдау, яғни микроорта – тұтынушылар, жабдықтаушылар, бәсекелестерді толық сипаттау, компания жұмысына қандай ықпал жасайтын келісім шарттарды орындау тәртібі, олармен қарым-қатынастарының басымды және олқы жерлерін анықтау.

  • -Компанияның іс-әрекетіне макроорта факторларының (экономикалық, демографиялық, саяси-құқықтық т.б.) ықпалын анықтау, яғни заңдар, салық, кеден жүйелері, инфлияция, халықаралық байланыстар т.б. қортындысына орта жөнінде үлгі жасау (12 қосымша).

  • Компанияның тауар тарату каналының үлгісін жасау, нақты делдалдарды сипаттау, баға беру және келешектегі тауар өткізу нарықтарымен сегменттерін бағалау.

  • Компанияда қолданатын тауар жылжыту әдістерін сипаттау, жарнама, насихат жеке сату, ынталандыру.

  • Компанияда қолданатын маркетинтік ақпаратты бағалау (директивтік,ағымды экономикалық, техника-технологиялық, коммерциялық, техникалық т.б.) бастапқы, екінші қайтара ақпарат (сұрау, интервал жүргізу, анкета тарату).

Сонымен қатар, тауар қозғалысында талдау және баға беру, яғни тауарды қоймалау, тасымалдау, сақтау, тиеу, түсүру т.б.

Қоймалардың техникалық қамтамасыз етілген талдау, тасымалдау және тарату жөніндегі саймандар мен қамтамасыз етілгенін талдау, механикаландыру және автоматизациялау. Тауарды сақтандыру.

Соседние файлы в папке 3_kurs_marketing