Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Lektsia_7

.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
91.65 Кб
Скачать

Психомоторлы функцияларды зерттеу әдістемесі .

(2сағ.)

Жоспар:

1. Психомоторлы функцияларды зерттеу әдістемесі .

а) Қозғалыстың статикалық координациясын зерттеу.

б) Зейінді зерттеу.

в) Праксисті зерттеу.

2. Логопедиялық ритмика сабақтары.

3. Логопедиялық жұмыс дислалия, дизартрия, дауыстың бұзылуынан қорғайтын коррекциялық жұмыс жүйесі.

1. Қозғаушы жаттығуларды орындауда өзіндік бақылау қозғалыстарының іске қосылуы, қозғалушы есті зерттеу. Педагог алты қозғалысты көрсетеді және оларды қайталауды ұсынады.

Қозғалыстың ырықсыз тежелуін зерттеу. Маршруттап жүру және белгіге тоқтау.

Қозғалыстың статикалық координациясын зерттеу. Көзді жұмып тұрып, екі аяқты бір сызықтың бойына бірінің өкшесіне екіншісінің бармақтары тиетіндей тұру керек .

а) Қозғалыстың динамикалық координациясын зерттеу. Маршруттап жүру, аяқ адымы мен қол шапалағы кезектесіп, қол соғуды адымдардың арасынан жіберу керек.

Зейінді зерттеу. Екі қолмен бір мезетте екі қимыл жасау.

Қозғалыс координациясын зерттеу. Екі аяқты иық бойымен қойып, қолды көтеріп, сол аяқты алға ұшымен тұрғызып, қолды белге қою.

Қозғалыстың алмасуын зерттеу. Қолды иық бойына жоғары көтеру, шынтақты бүгіп, иықты ұстап, қолды белге қойып, жүремен отыру, түзелу, шеңберді адымдап айналу.

Қозғалыстың бар екенін немесе жоқтығын зерттеу. Қолды жоғары көтеріп, жанына жіберу, қолды белге қою.

Қозғалыстың кеңістік ұйымдастырылуын зерттеу. Педагогпен бірге шеңбер бойына жүру, кері бағытта жүруді қайталау.

Қолдың қимылын зерттеу. Саусақтарды жұму, жазу, өзара біріктіру.

Праксисті зерттеу.

Еріннің қозғалысының көлемі мен сапасын зерттеу. Бет бұлшықеттерінің қозғалысының көлемі мен сапасын зерттеу.

Тіл қимылының көлемі мен сапасын зерттеу.

Ырықсыз ым ишаралық қимылды зертеу, қасты түю, маңдайды жиыру.

Көз бұлшықеті қимылының қимылының көлемі мен сапасын зерттеу. Қабақты жеңіл және нық жұму.

Сенсорлы функцияларды зерттеу әдістемесі. Есту зейінінің зерттелуі. Қандай заттың естілгенін көрсету (барабан, флейта, гормоника).

Музыкалық естуді зерттеу. Барлық ересек топтарға арналған, зерттелушіге өзіне таныс бір әннің шумағын айту және оны қайталап музыканың сүйемелдеуімен айтуы ұсынылады.

Музыканы қабылдауды зерттеу. Музыканы тыңдау және анықтау.

Жоғары дыбысты естуді зерттеу. Қоныраудың ойнағанын есту.

Тембрлік естуді зерттеу. Әртүрлі топ инструменттерінің үндерін салыстыру.

Динамикалық естуді зерттеу. Әртүрлі аспаптардың дыбыстарын есту.

Ритмикалық сезімді зерттеу.

Тұтығуды жеңу бойынша жұмыс жүйесіндегі логопедиялық ритмика.Тұтығудың сөйлеу жүйесіне ритмиканың әсер етуі зерттелушілер назарын аударды.Сөйлеудің эмоционалды жағы психомоторикамен тығыз байланысты, төрт сөзден тұратын фраза төрт түрлі мәнге ие болуы мүмкін. Сыртқы сөйлеу әрекет ретімен жүреді. Ол грамматика мен фонетика заңдарына бағынады. Логикалық екпіндер фонетикалық түрде көрінеді. Сөйлеу ұзақтығымен ерекшеленеді. Тұтығушылардың сөйлеуі сыртқы ритмге тәуелді.

Емдік және логопедиялық ритмика мынадай негізге келді: дене жүктемелері, яғни логопедиялық ритмика сабақтарында алынған жүйке жүйелерін қоздырады.

Тұтығушыларға арнап музыкалық ырғақ таңдалады. Ұжымдық сабақтар оларды өзінің кемістігіне деген қатынасын тәрбиелейді. Логоритмикалық сабақтар оларды әртүрлі ситуацияларға қойып, одан шығуға әсер етеді.

Логоритмикалық сабақтарда мына жаттығуларды орындау керек :

Естіп қабылдау, зейін, ес, көріп қабылдауды дамыту, ритмдік сезімді дамыту, бет ым ишарасын дамыту. Логопедиялық ритмика құралдары жалпы және сөйлеу қимылдарының темпімен ритмін қалыпқа келтіру. Қозғалушы ритмикалық қимылдар қозғалыс динамикасын тәрбиелейді .

2. Логопедиялық ритмика сабағы жұмыс бағдарламасы бойынша жүру керек. Жүруге, координация тепе – теңдік, есті дамытуға жаттығулар беріледі.

Тұтығушы оқушылармен жұмыс мына кезеңдерден тұрады :

1. Баяу темп пен толқынды қимылды тәрбиелеу.

2. Бұлшықет тонусының босаңсуы мен жиырылуына жаттығулар.

3. Сөйлеу мен қозғалыс байланыс. Допты сөз айта отырып айту.

4. Қозғалыстың ритммен байланысы. Нақты сөзге екпін қою және қол қимылы.

5. Екі түрлі тапсырма беріледі. Музыкамен байланысты және музыкамен байланысты емес.

Ритмика бойынша жұмысты бірнеше тәсілдерді қолдануға болады. Мұндай сабақтар тұтығушылардың зейінін сөйлеу процесінен қозғалысқа ауыстыруға бағытталуы керек, қимылдарды нақтылау керек. Жаттығуды қарапайым ритмдер мен қозғалыстардан бастау керек.

Ересектермен ритмикалық сабақты стационар жағдайында былайша өткізуге болады.

1. Кіріспе бөлімі (15 мин .), зейінді ұйымдастыру.

2. Негізгі бөлімі (30 – 35 мин .), бұлшықет тонусы, зейінді, есті, тепе – теңдікті, сөзбен қимылды дамыту жағдайлары.

3. Қорытынды бөлімі (10 – 15 мин .), ым ишаралық гимнастика, жүруге жаттығулар.

Тұтығушылармен сабақты аптасына үш реттен кем болмауы керек (45 – тен 50 –ге дейін).

Сабақ саны емдеу курсына байланысты. Тұтығушыларды іске қосылуға үйрету. Ритмикалық сабақтар 3 бөлімнен құралады.

Кіріспе. Жүрудің, жеңіл жүгірудің әр түрлері.

Негізгі. Ойын, жаттығу, ән.

Қорытынды. Сөйлеуді бағалау, сабақ қорытындысын шығару, жеке сабақтар.

Мектепке дейінгі жастағы тұтығушылармен жүргізілетін сабақ мынадай кестеде болу керек :

1. Кіріспе жаттығулар, жүру түрлері.

2. Ән салу, сөйлеу тынысын тәрбиелеу.

3. Ән айту, дыбыстарды автоматтандыру.

4. Ырықсыз зейінді тәрбиелеуге жаттығу.

5. Сөйлеудің тепе – теңдігін тәрбиелеуге жаттығу.

6. Музыканы жаттығу арқылы таңдау.

Логопедиялық ритмика сабақтарын жүргізе отырып әртүрлі психикалық процесстер мен жүйенің қалыптасуын ескеру керек. Бұл жастағы балалардың анотофизиологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Сөйлеу материалын таңдауда кішкентай балалардың диалогының спецификалық ерекшеліктерін есепке алу керек. 2 – 3 жастағы балалар сөйлеуді қарым – қатынас құралы ретінде пайдаланады . Әрекет балада диалог тудырады. Бір нәрсені жеткізуде лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін тудырады. Ерте жастағы балада моторлы функцияның дисгормониялық дамуы болады. Г.А.Влокова зерттеулері көрсеткендей, 2 – 3 жастағы балаларда моторлы дағдылардың автоматтандырылуының дамуының кешеуілдегені байқалады.

Логопедиялық ритмика сабағын мына жағдайларды ескере отырып жүргізу керек .

1. Музыкалық іс - әрекет түрлерінің өзара байланысы, музыканы тыңдау қосарлана айтумен қозғалыспен жүреді.

2. Логоритмикалық сабақ мазмұны музыкаға деген эмоционалдықты дамыту керек, әртүрлі жоғарыдағы дыбыс, тембр, динамиканы қабылдауды дамыту керек. Музыкалық - ритмикалық дағдылар деңгейі алғашқы ән айту көріністерін тудырады. Осымен баланың оқыту процесінің аяқталмағаны байқалады.

3. Сабақтың қайталануы, қимылды ауыстыру, т.б.

4. Логоритмикалық тәрбие логопедиялық жұмыс кезеңінің мазмұнымен сәйкесуі керек.

5. Логопедиялық ритмиканың мынадай бөлімдері бар:

1. Сенсорлы қажеттілікті қалыптастыру, зейінді, ритмгедеген реакция, есту тітіркендіргіштеріне реакцияны дамыту. Музыканы тәрбиелеу қалыптасады. Әуелі балалар музыкалық шығарманы қабылдап, кейін мәнерлі ақпаратты тыңдайды.

2. Әртүрлі музыкалық шығармаларды тыңдау, музыкалық дыбыстың 4 қасиетін жоғарылығы, ұзақтығы, тембр, динамиканы анықтау. Логопедиялық курстың соңында музыкалық шығарманың үшбөлікті формасын ажырату.

3. Музыкалық – ритмикалық дағдыларды қалыптастыру. Жүру, жүгіру, секіру, заттармен жаттығу, музыкамен қимылдау. Жүгіріс темпі мен ритмі, қолдың ырықты қойылуы.

4. Тепе – теңдік сақтау іскерлігін тәрбиелеу. Белгілі аумақта жүру, заттардың үстінен секіру.

5. Секіру кезінде қимыл комплексін тәрбиелеу.

6. Мәнерлі қимыл дағдыларын тәрбиелеу.

Музыкаға байланысты ритмикалық жүру. Әртүрлі тақырыптық және кешенді логоритмикалық сабақтар. Тақырыптың сабақта музыкалық қозғалыс және сөйлеу іс - әрекеттері. Кешенді сабақта музыкалық іс - әрекет көркем – сөйлеу және бейнелеумен үйлеседі. Логоритмикалық сабақтар күннің бірінші жартысында жүргізіледі.

Тұтығушылармен жұмыста әнді қолдану ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы тұтығушыларға әртүрлі сипаттағы ән алынады.

Түрліше өлендердің мазмұндары балаға одан да көп пайданы әкеледі. Егер тіл бұзылған балада түрлі дыбыс айту бұзылуы анықталса, онда логопедиялық сабақтарда және автоматизациялық дыбыстарда, балаға белгісіз ән – күйді тыңдатқызуға болмайды. Курстың басында және оның аяғында баладан ән – күйлер жайында не естігенін туралы сұрайды. Тіл бұзылғандар назарды таңдауға үйренеді. (М: Әй ! Жолдан бері тұр!) және онымен қатар сұрақтарды мен бейне белгілерін.

Жоғары дыбыстарды дамыту үшін, баланы жоғары және төменгі пернелерді ажыратуға үйретеді. Ал есту координациясын жақсарту үшін, баланы үлкейтілген және төмендеген дыбыстарға түзетеді. Тіл бұзылуы бар балаларға әнсіз өлеңдерді айту өте пайдалы.Тіл бұзылуы бар балалардың жасына қарамастан әндекламация тиімді болады. Олардың жастарына байланысты тақпақтар және прозалық мәтіндер алынады. Логоритмикалық тәуелділік сөйлеу бұзылуы адамдарына кооренциондық жұмыс деңгейі анықталады.

Тіл бұзылған адамдарда сөйлеу бұзылуын анықтау тәсілі бірте – бірте анықталу керек: жеңіл формадан өзділікке дейін, эмоционалдық сөздер өмірде жиі қолданатына дейін. Сөйлеу шектелудің кезең тапсырмалары: жалпы еркін моторика және бет бұлшықеті, есту, еске алу, қарау қабілеті және еркін тәртібінің өзіндік қасиеттері.

Логоритмикалық сабақтарда сөйлеусіз жаттығулар және ойындар жүргізіледі.

Мимикаға және есту, көру қабілеттеріне арнайы мәтіндер беріледі. Біріккен және суреттелген сөйлеудің тапсырмалары түрлеше: просодияның тәрбиесі, шығу бірлігі, моторлық коорекцияның артта қалуы, дыбыс айтылудың бұзылуы, назар аударудың бұзылуы. Логоритмикалық сабақтарда белгіленген тапсырмалар спецификалық заттармен іске асырылады. Ойындар мен ән айту сабақтар еңгізіледі. Сұрақ – жауап тапсырмадан кейін балада өзіндік қасиеттер пайда болады. Диологтар сұрақ жауап түрінде кездеседі. Айтылған әңгіменің мәнерлеуін байқайды және сөздердің қысқартқаның қарастырылады.

Сөздік материал сұрақ – жауап ретінде жасалады.

Балалардың бір тобы және сұраулы сөйлемдерді көтеріңкі айтады, ал екінші төмендеп айтады. Осындай түрде де өлеңдер айтылады. Мазмұндама дайындаған кезде, балалар дерматизациялайды, өткен жағдайды айтады. Сабақтарға үлкен сөз тапсырмалар, ойындар, тапсырмалар, музыкалық – ритмикалық мәтін бойынша тәрбие.

Бекіту ретінде, логопедтер және тәрбиешілер балаларда басқару қасиеттерін анықтайды.

Логоритмика ұғымымен бой жеткен адамдармен жұмысы логопедия жұмысында байқалған.

3. Логопедиялық жұмыс дислалия, дизартрия, дауыстың бұзылуынан қорғайтын коррекциялық жұмыс жүйесіне енеді.

Тілдік емес психикалық функциялардың моторлық функциялардың дислалиясында қауіпті бұзылулар көрінбейді: жалпы моторика сақталған. Тек кей балаларда қолдың саусақтың моторикасының бұзылуы байқалған.

Тілдік емес психикалық функциялардың сенсорлы – функционалды дислалиясында есту, көру, есте сақтау қабілеттерінің бұзылуы, зейінді өз бетімен тұрақтандыру белсенділіктері төмендегені байқалған.

Тілдік функционалдық жүйеде сөздік, фразалық екпіндері игеруде, интонацияда қиындықтар кездеседі.

БЦП кезінде тілдік емес функциялардың мидың бұзылуының кесірінен қозғалыс жүйесінің бұзылуы байқалған. Бұның спастикалық түрінде бала өз бетімен түрлі қозғалыстарды жасай алмайды. Осы кезде оның бойынан гимеплегия, диплегия, яғни төменгі қозғалыс аппараттарының бұзылғаның байқауға болады.

БЦП кезінде тілдік жүйеде дизартриялық құбылысты көруге болады.

Кинестикалық дизартриясы бар балаларда кинестикалық түрдегі апраксия кездескен. Кинестикалық моторлық дизартриясы бар балаларда да осы түрдегі апраксия ұшырасқан . Қыртыстық дизартриясы бар балалардың бұлшықет тонусының гипертония бұзылуын көруге болады.

Псевдобульбарлық дизартриялық аурумен ауырған балалар, бұлшықет тартылуымен ерекшеленеді. Оны жөндеу үшін, балалармен ойындар және түрлі жаттығуларды жасау керек.

Әртүрлі дыбыстар кезеңдермен пайдаланады. Тыңдау қабілеті жақсы дамысын деп, балаларға дыбыстық сабақтар береді. Мысалыға : «Жаңбыр» деген атпен ойынды алайық, балалар осы кезде тындау арқылы істеулік қимылдарды көрсетеді. Дыбыс баяу болса, онда балалар билеп, өзінің физиологиялық емдеп жатуды ретке келтіреді. Диартриямен ауырған балаларға логоритмикалық ән – күйлер сабақтары пайдалы ем береді. Педогогикалық, логопедиялық, дизартрияның белгілерінен және басқа денелік бұзылудың комплекстеріне қосатын логоритмикалық қабылдаулар және емдеу гимнастикасы.

1. Баланың қозғалу ісін реттеу.

2. Баланың қимылын дұрыс ретке келтіру.

3. Баланың жылжу қабілетін жақсарту.

4. Баланың психикалық дамуына әсер ету.

5. Дұрыс сөйлеуіне әсер ету.

6. Тәртібін түзету және тәрбиелеу жағынан балаға ықпал ету.

7. Дизартриямен ауырған балаға емдеу дене шынықтыруы тиімді болып келеді.

Қайтару қимылдардың жуандығы және тездігі баланың ауырған уақытына , локализация мінезінің локализациясына және қан айналымының хал – жағдайына тікелей байланысты. Емдеу гимнастикасында, емдеу дене шынықтыру әдістері пайда болады. Емдеу гимнастика паретикалық соңылардың жалпы қатыру тапсырмаларын қосады.

Ол не үшін керек ? Ол нақты қозғалу үшін және бұлшықеттің тонусын түзейді. Белсенді тапсырмалар емдеулік гимнастика өзінді пассивік қозғалыстарымен толықтырады. Емдеу дене шынықтыруда атақты белгілерді жалпы емдеулік және жалпы бекітулік емдеу гимнастикасы ықпал етеді. Ол жүйке бұлшықеттің аппаратын тәртібін жеңілдетеді, сайлаулы қабылдап, бөлек топтарға, бұлшықеттің саласын түрленеді және олардың нақтылығын даярлап, керексіз қозғалыстарды жояды. Емдеулік гимнастика өзінде паретикалық бұлшықеттің жалпы бекіту жаттығуларды үйлестіреді. Емделу гимнастиканың жаттығуларын бұлшықет өңдеу тапсырмаларынан бастау керек. Арнайы емдеулік гимнастикалық процедуралар бұлшықет соңылар үшін бірнеше рет жасалынады . Емдеулік гимнастикадағы тапсырмалар дене қозғалыстарымен толықтырады. Жылдамды және әлсіз жаттығуларды асықпай орындау қажет.

Емдеулік гимнастиканың осындай компоненттерді орындауды ұсынады:

А. Бұлшықетті жұмсартуға бағытталған жаттығулар.

В. Бұлшықетті дамытуға арналған бағыттар.

С . Бұлшықеттің кернеуін түсіру.

Г. Бұлшықеттің координаторлық қарым – қатынасын дамыту.

Емдеулік дене шынықтыру баланың бойы өсу мезгілінен бастап, баланың жалпы функциялардың соңылардың дамуынша өтеді. Балаларға арналған емдеу гимнастиканы қызықты ойын ретінде өткізу қажет. Емделу дене шынықтыру ойын астынан арнаулы ұтымдық комплекстік іс жүргізуінде қолданбайтын жаттығулар , белгілі жалпы организмге тиімділігі және әр кезде себепті. Емдеулік дене шынықтыруда ағзаға жалпы ойын комплекстің астынан арнаулы тапсырмалар, және әр кезде себепті ережелермен. Бұндай ойындарға доппен , эстафеталық ойындар , ермексазбен жапсыру .

Мимикалық қозғалысының дамуын және қалпына келтіру үшін емдік гимнастикаға арналған жаттығулар, беткі мускулатуралары әртүрлі қимылдар: Мимикалық гимнастиканың құрылымы.

1. Мимикалық мускулаты тренеровкада қажетті тиімді жалпы физикалық жаттығулар.

2. Беттің бұлшықеттерінің бір мезгілде, бір уақытта орындалуы.

3. Мимикалық қозғалысынан бұлшықеттерінің өзара жігерін ауыстыру.

4. Артикуляторлық гимнастиканың ерекше ауыспалығы.

5. Беттің бұлшықеттерінің даму емдік гимнастикасының ерекшелігі.

6. Қысқартылған бұлшық еттерді ұзартуға өзіндік гимнастика афференттік импульсінің күштілігін арттыру.

7. Белсенді жаттығу жүйкенің жүру қызметін жақсартушы жасушалардың трофикін жақсартушы және вазоматорлардың бұзылулардың төмендеуіне әкеліп соғады. Алақанның жақсы күшті гимнастиканы қолдану барысында бұлшық еттердің жұмыс істеу жаттығулар. Кемістік балаларға алалия логопедтік ритмика жұмыс жүйесі. Алалия (тіл жоқ)үш түрі бар: моторлы (қозғалтқыш) және сенсорлы(сезгіш) сөздеріне ерекше бар, үшінші оптикалық алалия көру анализаторы. Тіл аймақтарының сөйлеу қызметінің дамымауы немесе мүлде болмауы.Тіл жүйесінің ерекше логопедиялық сөйлеу және психикалық көз қарасын және түзеу. Сенсорлы алалиясы бар балалар сөйлем мағынасын түсіне алмайды . Моторлы алалиясы бар балалар сөзді түсінгенімен өз бетімен дыбыс түзеп сөйлей алмайды. Моторлы афференттік алалия орталық түрін тегжеленеді. Балаларда кемшіліктері үлкен сезімнен болады. Балалардың қажеттілігі ортаға байланысты. Моторлы алалиясы бар балалар:

1. Әртүрлі нерв жүйесінің симптоматика сөйлеу қозғалыс ішкі қысым көтерілуі ішкі көзқарас өзгеруі.

2. Дамымаған маторген және симптомы пирамидалық жетіспеуі.

3. Бұлшық ет жүйесіндегі дислалиясында сол жақты пирамидалы синдромы бар органикалық симптоматика.

4. Оптикалық – көз көру ара қашықтығы праксисаның бұзылуы.

5. Кемақыл балалардың ойнау кезінде ақыл – ой қабілеті нашарлайды, төмендейді, шаршайды, бозарады.

6. Ақыл – ой аз болғандықтан, қозғалыста болғанда, жауапсыз, тепе – тендіксіз ойынды аяғына дейін аяқтамайды.

7. Алалиямен ауыратын балалар ойнау барысында ойын ережесін түсінбейді, сол салдардан ойынға қызықпайды. Логопедтік сабақ барысында үйренген артық сөзді, ойында өздері қолданбайды.

8. Мінез құлықтың ерекшеліктері, қоршаған ортамен байланысатын қиыншылықтар жаңа жағдайдағы жеңіл тежеуіш, қарама – қайшылыққа жауап қайтару.

9. Сенсорлы алалиясы бар балаларда көңіл аудару, есте сақтау, эмоция, еріншектің жалпы қозғалысты мазасыздың, қозғалыс қабілеттері байқалады.

Н.И. Трауготт бұндайда сенсорлы алалиясы бар балалар өздерің қоршағандардың әрекеттерің бақылайды, ыммен және қол сілтеуді пайдалана отырып қажетті нәрсені шешеуге тырысады деп анықтап отыр. Балалардың көбісі ақылды, мейірімді, моторлы алалия кезінде жиі байқалатын өзіндік негативті ерекшеліктер олар үшін типсіз пайда болу.

Оптика – кеңістік жүйенің ортаның соңының патологиясы кезіңде оптикалық алалия пайда болады.

Оптика – кеңістікті гнозистік қалыптаспағандың оптика кеңістік белгілері бойынша және синтездік бұзылулар байқалады.

Балаға қоршаған әлемнің заттарың жаман қабылдайды. Оларды ойлаумен келістіре алмайды, суреттері айыра алмайды. Номинативті сөздікке кедей. Прединативті сөздік бөгелумен дамиды. Оптиканың алалия анда – санда кездеседі. Оны кенінен көбірек В.Н. Офинская жазған. Алалиясы бар балаларды оқыту кезінде есте сақтау, есту, көру, моторлы көңіл бөлу психомоторларды қалыптастыруға бағытталған жүйелі реттелген жұмыс жүргізілуі керек. Алалиямен ауыратын балалармен логопедтің жұмыс үрдісінде логоритмдік ортаны этап бойынша пайдалану. Жұмыста төрт этап бар. Оларға сәйкес логоритмді және музыкалы ырғақты тәрбиелеу іске асырылады.

1 этапта балалармен қарым –қатынас орнату үшін жағдайлар жасалады. Балалардың жүріс тұрысындағы жалпы белгілер пайда болады, ойыншықтарға қызықпаушылық көпшіліктен бас тарту бағытталу қызметінің әлсізденуі, жаңа жағдайға үрейлену.

Бірінші сабақта ымдасу, ырғақты, қарым – қатынасты әрекет ету. Мейірімді жымию, бас шұлғу, қалыптары тартылады. Одан соң балалардың негізгі қозғалыстары қалыптасады.

Екінші этапта негізгі қозғалысты жүгіру, жүруді дайындайтын сабақтар қосылады. Олар қозғалыстың динамикалық координациясын тепе – теңдік сезімді кеңістікте бағытталуды тәрбиелейді.

Үшінші этаптағы сабақ есте сақтауды дайындайды. Көру, есту, есте сақтаудың дамыту үшін жаттығулар мен ойындар жүргізіледі. Сөйлемде сөз тәртіптерін сақтауда қозғалыстың қиын кешендері мен және қиын құрылымды, қозғалысты және сөзді ойындар жүргізіледі.

Төртінші этапта көркем тіл қызметі жетілдіреді, оның мақсаты балалардың жаңа сөйлемді тапсырылады. Тез бағыттауға, жауап табуына, көркемдік қызметтің бір түрінен басқа түріне ауысу қабілетін дамыту.

Әдебиеттер:

1. Волкова Г.А. Логопедическая ритмика.- М.: Просвещение, 1985.

2. Логопедия./Под ред. Л.С. Волковой, С.Н. Шаховской.- М.: Владос, 1998.

3. Селиверстов В.И. Заикание у детей. М.: Владос, 1994.

4. Поварова М.И. Практикум для заикающихся. СПб.: Союз, 2000

5. Пеллингер Е..Л., Успенская Л.П. Как помочь заикающимся школьникам. М.: Просвещение, 1995.

6. Белякова Л.И., Дьякова Е.А. Заикание.- М., 1998

7. Власова Н.А. Логопедическая работа с заикающимися дошкольниками.- М., 1959.

8. Выгодская И.Б., Пеллингер Е.А., Успенская Л.П. Устранение заикания у дошкольников в игре. Пособие для логопедов.-М., 1984.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]