Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем СРСП 1-7 апта.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
100.35 Кб
Скачать

Қазақстандағы білім беру жүйесі. Етістіктің шақтары.

І. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

ІІ. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз. Оларды пайдаланып, салт етістікке 3-4, сабақты етістікке 3-4 сөйлем құрастырыңыз.

Дүниежүзілік экономикалық қауымдастық, Білім мен ғылым саласы, білім беруді дамыту тұжырымдамасы, кәсіби біліктілігі жоғары, үздіксіз білім беру жүйесі, халықаралық ғылыми қатынастар, жоғары білім беру саласы.

ІІІ. «Қазақстан Республикасының жаңа білім беру жүйесі» мәтінін мәнерлеп оқыңыз.

ІҮ. Мәтіннен құрамында сала, талап, жүйе, білім сөздері бар сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

Ү. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліңіз. Әрбір бөліктегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табыңыз.

ҮІ. Мәтінге сұрақты жоспар құрыңыз.

ҮІІ. Мәтінді аудрып, қысқаша мазмұндаңыз.

Қазақстан Республикасының жаңа білім беру жүйесі

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамда түбегейлі өзгерістер болды. Әлеуметтік-экономикалық сала нарықтық жағдайда дамып жатыр. Қазақстан мемлекеті дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше болмақ, сондықтан экономиканың барлық саласында жұмыстың ұйымдастырылуы әлемдік талаптарға сай болуы қажет. Білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» осындай мақсаттарды көздейді. «Тұжырымдаманың» негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеу. Ол үшін сапалы, бәсекеге қабілетті білім орындарын қалыптастыру қажет.

Тұжырымдаманың мазмұнына тоқталатын болсақ, онда білім берудің барлық деңгейінде әлемдік талаптарға сай өзгерістер енгізу көзделген. Мәселен, жастарды білікті маман, озық ойлы азамат етіп қалыптастыру үшін, оларға бала күнінен жүйелі тәрбие беру қажет. Сондықтан Тұжырымдамада мектепалды тәрбие мен оқтуды жетілдірудің жаңа тұстары айқындалған.

Тұжырымдамада білім мәселелеріне зор назар аударылған, себебі бұл сала үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны.

Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік негізгі талаптардың бірі – мерзімі жағынан 12 жылдан кем емес оқыту жүйесін орнықтыру және жоғары сатыларда жастардың жеке қабілетін дамытуға жағдай жасау үшін дербес пәндерді тереңдете оқыта отырып, оқушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіретін оқыту жүйесін қалыптастыру. Бұл ұсыныстың негізінде біздің еліміз 1997 жылы қабылдаған Лиссабон конвенциясының талаптары жатыр.

Білім берудің 12 жылдық моделіне өту, әрине, көптеген дайындық жұмыстарын қажет етеді.

Жоғары білім беру саласында да бірқатар жаңалықтар ұсынылған. Оның барлығы – тұлғаның сапалы жоғары білім алуына барлық жағдай жасау. Біріншіден, білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу көзделіп тұр. Екіншіден, оқу үрдісін (процесс) ұйымдастырудың жаңа технологиясын енгізу; күнделікті бақылауды қарастыратын оқытудың несиелік жүйесін жүзеге асыру. Үшіншіден, екінші, үшінші курстан кейін аралық мемлекеттік бақылауды енгізу. Бұлардың бәрі білім сапасын жетілдіруге жол ашады және оқытушылардың да жауапкершілігін күшейтеді.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін оқу орындарының материалдық-техникалық базаларын нығайтып, жаңа ақпараттық жабдықтармен жұмыс істеу қажет. Жаңа оқулықтар дайындап, педагогтардың біліктілігін жетілдіру де қажет.

4-апта

1.Мәтінмен жұмыс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]