Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем СРСП 1-7 апта.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
100.35 Кб
Скачать

Біздің университет.

Біздің университет республикадағы көне жоғары оқу орындарының бірі. 1952 жылы педагогикалық институт болып құрылған. Институттың ең алғашқы ректоры Юмаш Каримович Увалиев. Ол университеттің құрметті ректоры. Сол кісінің басшылығымен алпысыншы жылдары қазіргі бас ғимарат пен жатақханалар салынған.

Қазіргі уақытта университет құрамында 8 факультет жұмыс істейді. Олар: математика, физика және технологияларі, экология және жаратылыстануғылымдары, педагогика психология, тарих және халықаралық қатынастар , мемлекеттік басқару және құқық, филология,экономика және бизнес, спорт және мәдениет факультеттері. Сонымен қатар университетте Біліктілікті жетілдіру институты, ШҚМУ колледжі, магистратура бөлімі және қашықтықтан оқыту факультеті жұмыс істейді. Университеттің өз баспаханасы, сауықтыру кешені, «Сібе» және «Панкратьев бағы» ғылыми-тәжірибелік базалары бар. ШҚМУ Қазақстан Республикасы бойынша шет елде (Монғолия, Баян-Өлгей) өз филиалын ашқан тұңғыш жоғары оқу орны. Бас ғимаратта ақпараттық коммуникациялық технологиялары орталығы орналасқан.

1991 жылы Өскемен педагогикалық институты университет мәртебесін алды. Ал 2003 жылы жерлесіміз түркітанушы, ғалым Сәрсен Аманжоловтың есімі берілді.

Университетіміз шығыстағы ең таңдаулы оқу орны, университеттердің Еуразиялық Қауымдастығының мүшесі. 2009 жылы біздің оқу орнымыз Болон үрдісін қолдайтын университеттердің бірі ретінде ұлы Хартияға қол қойды. Халықаралық ғылыми жоғары мектептер академиясының мүшесі. Шығыстағы бірінші, республикадағы үшінші классикалық үлгідегі университет. Сондықтан, мен өз оқу орнымды мақтан тұтамын.

Грамматикалық тапсырма:

1-ә 273 бет 3-жат, 1-ә, 290 бет 15- жат;

Ш.Бектуров, А.Бектурова « Қазақ тілі для начинающих» Алматы «Рауан» 1994

2-ә, 418 бет 9- жат; А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров « Казахский язык для всех» Алматы «Атамұра» , 2004

2.Мәтінмен жұмыс. С.Аманжолов – ғалым, түркітанушы.

СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ

2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне тілтанушы-түрколог, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың есімі берілді. С.А.Аманжолов Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы Егінсу аулында 1903 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келді. 1916 жылы Катон-Қарағайдағы Шыңғыстай орыс-қазақ орта мектебін бітірген. Семей қаласындағы педагогикалық курстарды тәмамдаған соң, 1922 - 1924 жж. ауыл мектебінде мұғалім болады. 1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің педагогика факультетіне түсіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» біліктілігін алып шықты. Ол 1931 жылдан бастап 30 жыл бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды.   С. Аманжоловтың қатысыуымен орта және жоғары оқу орындары үшін бірнеше оқулықтар мен оқу бағдарламалары шығарылды. Ғалым қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы, терминология, грамматика, орфография, терминология сияқты салаларда жұмыс істеген. С.А. Аманжолов Ұлттық мәдениеттің қазақ ғылыми-зерттеу институтының негізін қалаушылары мен жетекшілерінің бірі болды. (1934 - 1936) 1942 жылдың ақпан айынан 1946 жылдың маусым айына дейін Кеңес Армиясы қатарында болды. 1948 жылы ақпан айында Мәскеуде «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» атты докторлық диссертациясын . 1954 жылы қарашада Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының мүше корреспонденті болып сайланды. Қазіргі кезде оның ондаған оқушылары тіл білімі саласында зерттеулер жүргізеді. С. Аманжолов елінің ұлы тұлғасы, үлкен ғалымы. 2007 жылы қаңтарда университеттің 55 жылдық мерейтойына орай С. Аманжоловқа арналған ескерткіш қойылды. Мүсіннің жобасын атақты архитекторлар А.Е. Сергебаев пен Б.А. Әбішев жасады. Ескерткіштің төменгі жағына соғылған ашылған кітап түріндегі мүсін гүл шоқтарын қоюға арналған. Ескерткішті 2008 жылы әзірлеген Қазақстандағы тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне қосты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]