Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский (1) / Сұқбаттар не все.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
113.66 Кб
Скачать

7.Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы.

  • Студент деген кім?

  • Студент жоғарғы оқу орнының оқушысы, болашақ мамандық иегері.

  • Мамандықты қалай таңдайды?

  • Мамандықты әр адам өз қалауы бойынша таңдайды.

  • Студенттерден мемлекетіміз неге көп үміт күтеді?

  • Себебі жастар біздің болашағымыз, біздің ісбасарымыз. Олардың болашақ басшы шығуы да мүмкін.

  • Қазір теледидардан “Азамат” деген пікірөталас туралы не айтасыз?

  • Оның негізгі көрермендері мен қатысушылары, ұйымдастырушылары да – студенттер.

  • Дебаттың негізгі мақсаты не?

  • Онда белгілі бір тақырып төңірегінде пікір-талас болады. Мақсаты: сол тақырыпты ашып, ақ қарасып анықтау.

  • Сол дебатқа қатысатын студенттер жөнінде не айтасыз?

  • Осындай студенттерден нағыз болашақ істі ұйымдастыратын мемлекет қайраткерлері шығуы әбден мүмкін.

8.Қазақ халқының ұлттық аспаптары.

  • Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесін?

  • Адырна, аса таяқ, домбыра, дауылпаз, жетіген, қобыз, шаңқобыз.

  • Адырна – қандай аспап?

  • Ол – ертеден келе жатқан көп ішекті аспап. Оны екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

  • Аса таяқ жөнінде не айтасыз?

  • Аса таяқ – сілку арқылы үн шығаратын көне аспап.

  • Ол қалай жасалады?

  • Басы күрек сияқты, оған темір сақиналардан сылдырмақтар тағып, өрнекпен әшекелейді.

  • Аспапты қалай ойнайды?

  • Аспапты ырғап, шайқап ойнайды.

  • Домбыра қандай аспап?

  • Ол – қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап.

  • Домбыра қандай аспаптар тобына жатады?

  • Ол – ішекті, шертпелі аспаптары тобына жатады.

  • Ол қалай жасалады?

  • Домбыра әр түрлі үлгіде түстас ағаштан ойылып жасалады. Мойнына 19-дан 22 санына дейін пернелер байланады.

9.Қазақ халқының ұлттық тағамдары.

  • Дастарханның басты асы не деп ойлайсыз?

  • Әрине, бауырсақ.

  • Ал, ол қалай жасалады?

  • Бауырсақ жоғары сапалы ақ ұннан, май құйып, иленіп, қуырылады.

  • Көлемі қандай болу керек?

  • Көлемі өріктің үлкендігіндей.

  • Бауырсақты кімге арнап пісіреді?

  • Көбінесе сыйлы қонаөтарға арнап пісіреді. Мұндай бауырсақтың сүт пен майлы сорпаға иленгеп, кейде жұмыртқа қосып илеген түрі де бар.

  • Қандай ұллтық тағамдарды білесін?

  • Мысалы, қуырдақ. Ол майға қуырған ұсақ ет.

  • Оны қандай еттен жасайды?

  • Қуырдақты көбінесе ірі қараның сан етінен, қойдың мойын етінен қуырады.

  • Қуырдақтың басқа қандай түрін білесін?

  • Ішек қарын, өкпе-бауырдан жасалатын түрін білемін.

  • Ал сүт тағамдарынан білесің?

  • Әрине, қымыз. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмінің бірі. Ол, тек бие сүтімен ашытылады.

  • Ал, ірімшікті қалай жасайды?

  • Жаңа сауылған жылы сүтті ұйытып, одан кейін суылғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ірімшілік сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді де, күнге қойып кептіреді.

10.Қарағандыдан шыққан белгілі тұлғалар.

  • Қарағандыдан шыққан қандай белгілі тұлғаларды білесін?

  • Қаныш Сәтбаевты, Қаз дауысты Қазыбек биді, Нүркен Әбдіровті, Мартбек Мамраевты, Сәкен Сейфуллинді, Бұхар Жырауды білемін,.

  • Қаз дауысты Қазыбек би турал не айтасың?

  • Ол - қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

  • Қаныш Сәтбаев туралы не білесін?

  • Ол - аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

  • Мартбек Мамраев қай жылы туған?

  • Мартбек Мамраев 1908 жылы 1 мамыр ауылында Қарқаралы ауданында туған.

  • Нүркен Әбдіров пен Мартбек Мамраевқа соғыстан кейін қандай атақ берді?

  • Кеңес одағының батырлары деп аталған.

  • Сәкен Сейфуллин кім?

  • Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.

  • Сәкен Сейфуллин қай жерде туып өсті?

  • Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы.

  • Бұхар Жырау кім?

  • Ол - қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Соседние файлы в папке Казахский (1)