Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикум. толы.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
135.69 Кб
Скачать

8. Подводка дегеніміз не?

  1. БАҚ өкілін аккредитациялау?

  1. Репортаждың түрлері. Өз қалауың бойынша оның қай түрін алдымен жазар едің?

Газеттегі репортаж. Барлық жағдай репортаж арқылы көрсетіле бермейді. Сюжетті таңдаудың критерийлері – оның өзектілігі, қоғамдағы маңыздылығы. Репортердің әңгімесі оқырман алдында шындықтың жаңашыл жақтарын, оның өзгеру процестерін айқындауы керек. Бұл жанрдың ең маңызды, басты ерекшелігі – оның динамикалығын алдын – ала анықтауы.

Репортердің міндеті мен репортаждың өзегі сюжеттің басқа да маңызды жақтарын ашады. Соған сәйкес оқырман болған оқиғаны оқи отыра өз көзімен көргендей, басы қасындай болғандай сезінуі керек. Осы мақсаттарын орындаған кезде ғана репортер өз жұмысының эффектісіне, нәтижелілігіне жетеді.

Репортерлер бір ғана тақырыпқа жазбай, мақалаларында әр түрлі мәселелерді де көтеруі мүмкін. Мысалға алатын болсақ, өз өңіріміздің тумасы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Өмір Есқали - тек саясат мәселесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар мәдениет, өнер, экономика т.б. сол сияқты тақырыптарда да қалам жүгіртіп жүрген журналистеріміздің бірі. Ал Амандық Мырза-Ахмет өзінің «Қызылжар нұры» газетінде «Ақылдасқан шаруа нәтижелі болмақ» мақаласында тек қана саясат мәселесін көтеріп қоймай, сонымен қатар, экономика, халықты автобуспен, сумен, газбен қамсыздандыру мәселесін де көтерген екен.

Репортаж жанрының ерекшелігі. Репортаж – репортаж деген атау латынның «репортере» жаңалық, хабарлаушы, жеткізуші, келуші деген сөзінен алынған. Репортер жазатын ақпараттық матераилдың бір тобын репартаж деп атаймыз. Репортажда жұртты күнделікті болып жатқан оқиға айғақтардан хабардар етеді. Екіншіден, репортаж басқа ақпараттық жанрлар тәрізді жаңалықты, құбылысты жай хабарлап қоймайды суретін көз алдыңа елестеді. Үшіншіден репортаждағы әрекет өз кезегімен орын алу даму шешілу кезеңімен баяндалады. Яғни репортаж мітінінің құрылысына хронологиялық сипат тән. Репортаж жанрының ерекшелігі. Репортаж. Бұл жанр төңірегінде зерттеушілер арасында түрлі көзқарастар бар. Ал, осы пікірлерден шығатын қорытынды, біріншіден, репортаж - негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілі бір объектіге арналатын жанр. Бұл қасиеттердің барлығы оның хабарлама жанрына жататынын дәлелдейді.

Екіншіден, репортаж - эмоциямен жазылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді.

Үшіншіден, репортаж - халықтың көзі мен құлағы тәрізді. Оны жазу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Репортажды жазу үшін оның жанрлық ерекшелігін жете меңгерген жөн. Оны жазған журналист өзі қатысқан немесе өзі бақылап тұрған оқиғаны әлі жеткенше көркем тілмен жазуы керек.

Төртіншіден, репортаж - нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты, оқиғаны қамтиды. Репортаж басқа хабар жанрлары сияқты жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдымызға елестетеді, суреттеп көрсетеді. Оқиғаның болған жері, ондағы кейіпкердің көңіл-күйі репортаж арқылы көрсетілуге тиіс.

Бесіншіден, репортажда автор көрген-білгенін тізе беру емес, оқиғаның ең маңызды, керек тұстарын ғана баяндайды. Репортажда проблема көтеріліп, ұсы-ныс-пікір айтылуы тиіс. Репортажда ойдан қосуға болмайды, ол оқиға сәттерін дәл беруге, ондағы әрбір сәтті шын, болған қалпында суреттеп, иә болмаса хабарлауы керек. Ең негізгісі - факті дәл әрі нақты берілуі тиіс.

Репортаждағы басты мақсат — оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан еткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. Өйткені, эфирден дауыс, көңіл-күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді.

Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білініп тұрғаны шарт. Өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі. Автор мұнда мәселенің тек сыртына ғана үңіліп қоймай, «өзінің» «мені» арқылы оқиғаның ішкі тылсымын да түсіндіруге тырысады. Яғни, бұл жерде репортаждың басты кейіпкері-автордың өзі. Басқа хабарлама жанр-лар негізінен болған оқиғаны хабарлаумен шектелсе, ал репортаж болса қысқа жазылатынына қарамастан, құбылысты жан-жақты, барлық көрінісімен суреттеуге тырысып, әрекет жасайды.

Енді репортаждың тілдік қүрылымына келетін болсақ, онда репортаж жазу барысында көптеген нәрселер қамтылады. Мысалы, хабарлау, суреттеу, көрсету, бағалау т.б. Бұл қасиеттерді қамту автор тілінің тартымдылығын талап етеді. Сондықтан да біз репортаждан басқа да газет жанрларына тән элементтерді кездестіріп отырамыз. Бұл жөнінде орыс зерттеушісі Е.Рябчиков: «Репортаж басқа жанрлардың арасында көрнекті орын алады. Ол бойына очерк, интервью, есеп, корреспонденция сияқты түрлі жанрлардың ең жақсы белгілерін жинай білген. Оның басқалардан айырмашылығы - белсенділігі мен күрескерлігінде, өмірдің алуан түрлі тақырыптарын қозғай білуінде. Кез келген оқиғаны жаза отырып, репортер оқиға көріністерін әдемі суреттейді, қатысушы адамдарға мінездеме беріп, олардың бет-бейнесін шебер жасайды. Сондай-ақ, оқырманға олардың тілдік белгілерін көрсетуге, езі жазып отырған (завод, цех, т.б.) органдарының ауасымен тыныстатуға тырысады», - деп жазған.

Репортаж, әдетте, бір оқиға төңірегінде жазылған-дықтан нақты фактіге құрылуы керек. Басты міндет - шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу және кітаби стилмен жазылады. Ал, ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл әрі баршаға түсінікті болып келеді. Бұған себеп, репортаж қысқа болған соң, оған түсінікті, қарапайым тілмен жазылу тән. Тегі, репортажды жақсы жазамын деп әрсіз метафора, эпитет, қиын да күрделі метонимия, әлсіз әсерлі ету құралдарын қолдану дұрыс емес. Себебі, дұрыс қолданыс таппаған тіркестер, материалдың шынайы реңін, әрін жояды. Бұл жерде тағы бір ескеретін жай репортажды әсерлі етіп жазудың екінші бір жолы - диалогты қолдану. Егер автор өзінің айтар ойын оқырманға диалог арқылы ұқтыра алса, репортаж көркемдігі одан әрі арта түсері сөзсіз

  1. Шолу (Обозрение) туралы айтып бер. Шолу-түсініктеме не үшін беріледі?

Газеттегі шолу. Ақпараттық жанрдың бір болып отырып, шолу оқырмандарын белгілі кезең ішіндегі (апта, ай) елдің, облыстың, қаланың, зауыттың өміріндегі аса маңызды оқиғалармен таныстырады. Газеттегі шолу- оқырмандарға оқиғаның болып жатқанын ғана хабардар ететін ақпарат жеткіліксіз, сонымен қатар, болған оқиғаның о баста неден шыққанын, негізгі себеп- салдарын, жай- жапсарын тәптіштеп түсіндіретін, оның ақыры не болатынына болжам жасайтын нақты әрі жан – жақты мәлімдемелер керек. Шолу жанрына деген қажеттілік осы тұрғыдан байқалады. Шолу- аса маңызды әрі жауапкершілік жүгі аса ауыр жанр. Шолу жасайтын адам оқығаның құнды әрі мәнді тұстарын дереу аңғарып, келешегіне көз жүгіртіп, аталмыш оқиғаға қатысты барлық мәселені тадап- сараптап, өз тарапынан пікір білдіріп қандай да бір қорытынды жасап ой айтуға міндетті. Бұл ретте журналист өз пікірін объективті арнағ бұруы тиіс.Өйткені шолу арқылы оқырманның қандай да бір оқиғаға немесе құбылыс турасында нақты бір пікірі қалыптасады.

  1. БАҚ туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершілік.

  1. Шолу (Обозрение) туралы айтып бер

Газеттегі шолу. Ақпараттық жанрдың бір болып отырып, шолу оқырмандарын белгілі кезең ішіндегі (апта, ай) елдің, облыстың, қаланың, зауыттың өміріндегі аса маңызды оқиғалармен таныстырады. Газеттегі шолу- оқырмандарға оқиғаның болып жатқанын ғана хабардар ететін ақпарат жеткіліксіз, сонымен қатар, болған оқиғаның о баста неден шыққанын, негізгі себеп- салдарын, жай- жапсарын тәптіштеп түсіндіретін, оның ақыры не болатынына болжам жасайтын нақты әрі жан – жақты мәлімдемелер керек. Шолу жанрына деген қажеттілік осы тұрғыдан байқалады. Шолу- аса маңызды әрі жауапкершілік жүгі аса ауыр жанр. Шолу жасайтын адам оқығаның құнды әрі мәнді тұстарын дереу аңғарып, келешегіне көз жүгіртіп, аталмыш оқиғаға қатысты барлық мәселені тадап- сараптап, өз тарапынан пікір білдіріп қандай да бір қорытынды жасап ой айтуға міндетті. Бұл ретте журналист өз пікірін объективті арнағ бұруы тиіс.Өйткені шолу арқылы оқырманның қандай да бір оқиғаға немесе құбылыс турасында нақты бір пікірі қалыптасады.