Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикум. толы.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
135.69 Кб
Скачать

35. Мақаланың түрлерін ата , түсіндір.

Мақала түрлері.

Мақала терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар.Біріншісі, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдың аты ретінде қолданылып жүр.»Газетке мақала шығыпты » дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельотан да болуы мүмкін.Екіншісі, нақтылы баспасөз жанрының атауы.Газеттің хабар, аннотация, репортаж, очерк, рецензия сияқты жанрлары бар десек, мақала да сол секілді осы қатардан беді орын алады.Мақала баспасөз жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын және кеңінен қамтып, тереңірек талдайтын мүмкіндігі молырақ.Біз мақаланы осы жанрлық тұрғыдан қарастырамыз.

Мақаланың мақсаты-Мақаланың мақсаты – әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру.Сондықтан да мақалада әдеби сынның ғылыми публицистикада сипаты айқын көрінеді.Мақаланың қай сипатының (ғылыми, публицистикалық) басым екендігін көп жағдайда ажыратудың өзі қиын.Әдетте, ғылыми публицистикалық біртұтастыққа айналып, сыншылық талдау мен пайымның биік өресі көрініс тауып жатады.Мақаланың осы басты екі сипатының бірі кемшін жатса, онда жанрдың екі аяғын тең баса алмай, бірдеңенің жетіспей жатқандығы,Құрғақ ғылыми талдаулардың оқырман қауымға түсінікті бола бермейтіндігі сияқты, нақтылы фактілерге , талдауларға негізделмеген жалпылама сөздердіңде жалықтырып жіберетіндігі анық.Сондықтанда баспасөз бетіндегі мақала жанры көбіне әдебиеттану ғылымымен көршілес қонып, аралас-құралас жатады.

Мақала әдетте белгілі бір идеяның «әлеуметтік ой-пікірдің негізінде жазылып», сол мәселені-талдауға, түсіндіруге, осыған қатысты өз пікірлерін білдіруге құрылады.

Сонымен, біз мақаланың теориялық, проблемалық, айтыс, ғұмырнамалық, ескертпе түрлерін қарастырмақпыз.Бұлай бөлудің өзі де шартты екендігі көрініп тұр.Солай болса да мақаланың мазмұнына, атқаратын қызметіне, жалпы сипаттарына, жазылу мәнеріне, түріне қарай бажалай қарасақ, осындай түрлері айқын көрінеді.

1.Теориялық немесе ғылыми мақала.

Ғылымилық – мақала жанрының өзіндік ерекшелігін айқындайтын басты қасиетінің бірі ғылыми негізсіз мақала жазылмайды.Мақалада көтеріліп отырған зәру мәселе қандай тұрғыдан болмасын, ғылымның жетістіктеріне сүйенбейінше өз шешімін таппақ емес.Сол себепті де әдеби сынның ғылымилық сипаты әсіресе мақала жанрында айқын көрінеді.Кей жағдайларда сынның мақала жанрының әдебиеттану ғылымымен шекаралас жататындығы да заңды.Сондықтан да әдебиеттің мәселелеріне арналған мақаланы сыни, не ғылыми деп айырып жатудың өзі қиын.Мақаланы әдебиеттің сыны мен ғылымының иық тірестіріп, қатар тұрып, қызмет қылатын жері десе де болғандай.

Мақала жанрының болмыс- пішінін айқындайтын негізгі екі қасиеті – оның ғылымилығы мен проблемалығы бір-бірімен ажырамас бірлікте болады.Көтеріліп отырған проблеманың өзі ғылыми тұрғыдан қарастырылуы тиіс, оның үстіне проблеманың өзі көркемдік даму шешімін күтіп отырған әдебиеттану ғылымының проблемасы да болу керек.Қалай десек те мақаладағы ғылымның өзі проблема, проблеманың өзі ғылыми болып шығады.Ал, теориялық деп, әсіресе ғылыми жағы басымдау, ғалымдарға бағышталып, ғылыми стильмен жазылған, нақтылы бір ғылыми мәселені бажайлауға арналған мақаланы айтып отырғанымыз түсінікті болса керек.Қазақ әдеби сынының тарихында алғаш көрінген ғылыми мақала деп Ш.Уәлихановтың «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» жазған.Мұнда қазақ поэзиясы жайлы тұңғыш рет ғылыми пікірлер айтылды.Дала поэзиясына ғылыми тұрғыдан жүйелеу ұсынылды. «Ер Көкше мен Ер Қосай », «Орақ батыр», «Едіге», «Қозы –Көрпеш Баян Сұлу » жырлары , Арыстанбай, Нұрымбай, Жанақ, Орынбай, Шөже сияқты ақын-жыраулар хақында пікірлер білдіреді. «Қазақтардың ең тамаша жыр-дастаны-«Едіге» деген сияқты өзіндік бағасы да көрініп отырады.Мақаланың теориялық жағынан құндылығы қазақ өлеңін жыр, жылау-жоқтау өлең, қайым өлең, өлең деп жүйелеуінде шатыр.Әр түріне мысалдар келтіреді.Өлеңге ғылыми тұрғыдан сипаттама береді. «Өлең төрт шумақтан тұрады, алғашқы екі шумақ және төртінші шумақ силлабикалық жүйеде бір ұйқастыққа бітеді, үшінші шумақ ұйқаспайды», «...өлең-ән, жаңадан шығарылған, немесе атақты бір әнші-ақынның бұрында шығарған өлеңдері домбыраның, қобыздың, ым мен дене қимылдарының сүйемелдеуімен айтылып, ел арасына тарайды, кейбір өлеңші-ақын өз тарапынан сол өлеңге кіріспе және қорытынды сөз қосып отырады.»Мақала орыс тілінде жазылғанымен де ғылыми тұрғыдан кей жақтарына жетіспеушіліктеріне қарамастан қазақ поэзиясы жайлы алғаш рет ғылыми топшылаулар жасаған, ұлттық әдебиеттану ғылымымыздың іргетасын қаласқан тарихи еңбектернің бірі деп қараймыз.

2.Проблемалық мақала.

Әрбір мақалада белгілі бір дәрежеде көтерілген проблема болады десек те, солардың ішіндегі кейбіреулері әдеббиеттің алдында тұрған теориялық және практикалық мәні зор, күрделі мәселелерді қозғауымен де ерекшеленеді.Әдеби дамудың барысында, кркемдік ізденістердің нәтижесінде ескінің ескіріп, жаңаның өмірге келуімен байланысты қаншама жаңалықтар өмірдің есігін қағып жатады.Осылардың ішінде қайсысы өмірдің талабына сай, орны қандай, нақтылы шешімі қайсы деген сан алуан сауалдарға проблемалық мақала жауап береді.Демек, әдеби өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, оны шешудің өзіндік жолдарын ұсынып жазған мақаланы проблемалық мақала деп атаймыз.

Проблемалық мақалада әдебиеттің идеялық, көркемдік - эстетикалық, адамгершілік, тілдік, т.б.керек мәселелері көтерілуі мүмкін.Мұндай мақалада әдетте әдебиеттің көп мәселелері қамтылмай, нақтылы бір проблема төңірегінде ғана тереңінен қамтыған салмақты әңгіме қозғалады.Проблемалық мақаланың қалыптасқан композициялық құрылымы бар:әдетте кіріспе басында көтергелі отырған проблеманы нақтылы анықтап, алға қояды да, содан кейін барып оны жан-жақты талқылайды, соңында өз шешімін ұсынады.Яғни, жалпыдан жекеге, проблемадан соның фактілеріне, дәлелдеріне қарай әңгіме болады.Кей жағдайларда жекелеген фактілерден жалпы ой қортындылары да жасалуы мүмкін.

Қказақ әдеби сынының тарихында проблемалық мақалаоар жазба әдебиеттің, баспасөздің дамуымен байланысты XX ғасырдың басындағы газет-журналдарда ептеп көріне бастаса,жиырмасыншы жылдарда жиі көрінеді.Әдеби дамудың алдында тұрған аса маңызды зәру мәселелерді батыл көтеріп, парасатты ойлар айтылған мақалалар баршылық.Солардың кейбіреулеріне көз салалық.

С.Торайғыровтың «Өлең һәм айтушылар» атты мақаласы көтерген проблемасының ауқымдылығымен ерекшеленеді.Айқын өлең-жыр, әдебиеттің, халық өмірінде алатын айрықша орнына назар аударады: «бір халықтың сүтпен бірге байланысқан ірік-шірік қара кеуілдерін аршып, жаңа рухпен қандандыратын, таза бейілімен жандандыратын машина, шын жүректен шып-шып шырқырап шыққан өлең-жыр, әдебиет деген нәрсе болады.Көңілді түзейтін машина өлең жыр». «Біздің қазақ – әнқұмар халық» деп, ел өмірінде ән мен өлең жырдың, әдебиеттің біте қайнасып кеткеніне көңіл бөледі.Қазақ халқының ұлттық болмысы әнмен әлдиленіп, өлеңмен көмкерілгендіктен де оның дамуы барлық уақытта да қамқорлықта болуы керек. «Қысқасы, бір халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, жаны кетеді.Қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққылары келмесе, енді сақтаудың қамын қылыңдар» - деп, ұлтжанды азаматтарға үндеу тастайды.

3.Айтыс мақала

Проблемалық мақала айтысқа (полемикаға) ұласуы мүмкін.Өйткені, мұндай мақаланың өзегінде дискуссиялық, мәселе көтеріп пікір айтушылық, не оны жоққа шығарушылық сарындары жатады.Сол себепті де проблемалық мақала әдеби айтыстың басы болып, түрлі көзқарастардың айтылуына негіз болады.Мұндай мақаланың бәрі бірдей айтыс туғыза бермейді.Сол сияқты кез келген проблемалық мақаладан, тіпті жай мақаланың, рецензиясының өзінен де әрт.рлі көзқарастарды білдіретін айтыстар, дискуссиялар туындап жатады.Кей кездерде проблемалық мақала мен айтыс мақаланың ара жігін ажырату қиын.Әдеби айтысты туғызу мақсатымен арнайы мақала жазылуы да мүмкін.

Айтыс мақаланың басқалардан айырмашылығы – мұнда мәселе өткір қойылады;нақтылы бір мәселе төңірегінде пікір барынша дәлелденеді,немесе теріске шығарылады.Осы мақсатына жету үшін ғылыми дәлелділік, публицистикалық ұшқырлық, стиль саралығы барынша қолданылады.Өз ойын мірдің оғындай, нысанға дәл жеткізу үшін сөз мағынасының барынша анықтығын, бояуының қанықтығын, бейнелілігін қажет етеді.Пікірін неғұрлым ұтымды жеткізу мақсатымен формалық жағынан жетілген түрде көрінеді.Айтыс мақалаларының қалыпты стандарды жоқ, әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын пішін танытады.формалық жағынан келгенде, мұндай мақалалар асқан шеберлікті керек қылады.Сондықтан да айтыс мақаланы кез келген әдебиетші емес, әдетте әдебиеттану ғылымымен толық қаруланған, әдеби өмір тәжірибелерін жақсы білетін, ол туралы қалыптасқан өзіндік көзқарасы бар, өз ойларын жеріне жеткізіп айта білетін сараман сыншылар, ғалымдар, қаламгерлер жаза алады.

  1. «Жас алаш» газетінің құрылымы жайында әңгімелеп беру.

«Жас Алаш» — 90 жылдық тарихы бар жалпыұлттық жетекші басылым. О баста негізінен жастарға бағдарланғанымен, «Жас Алаш» — үлкен-кіші үзбей оқитын дәстүрлі әрі жаңаша басылым. Сонымен бірге ол — еліміздегі белгілі де беделді журналистика кадрларын тәрбиелеп шығарған ұстахана іспетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, журналистикасы мен публицистикасының небір майталмандары жұмыстарын алғаш рет осы қарашаңырақтан бастаған.

«Жас Алаш» — жастарға арналған ең байырғы және беделді республикалық басылым. Алғашқы саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында жарық көрді. Ұйымдастырушысы әрі тұңғышредакторы Ұ.Мұратбаев, жауапты хатшысы І.Жансүгіров болды. Сол кездегі қаржы тапшылығына, т.б. себептерге байланысты басылым “Жас қайрат” (1925), “Өртең”, “Жас қазақ” (1923) газеттері және осы аттас журнал түрінде шығып тұрды. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған С.СадуақасовА.БайтұрсыновБ.МайлинС.СейфуллинМ.ӘуезовЖ.Аймауытовтар “Еңбекші қазақтың” бір бетін “Лениншіл жас” деген атпен де шығарған. Газет 1927 жылы 22 қыркүйектен “Лениншіл жас” деген атпен шыға бастады. Бұл басылым қай кезде де қазақ жастарының азамат болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке “Жас алаш” атауы қайтарылды. 2000 жылы ұлттық баспасөз клубы, Қазақстан баспасөз клубы, “Алтын жұлдыз” орталығымен бірігіп өткізген дәстүрлі “Алтын жұлдыз” бәйгесінде “Жас Алаш” жылдың ең үздік газеті атанып, “Алтын жұлдыз” белгісімен, газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрді дамытуға сіңірген еңбегі үшін жылдың таңдаулы “Алтын адам” сыйлығымен марапатталды. Көлемі 3 баспа табақ. Таралымы 53800 дана. “Студент”, “Руханият”, “Алдаспан”, “Мыңнан бір мезет”, “Ақ отау”, т.б. қосымшалары бар. Жалпыұлттық қазақ басылымы. О баста негізінен жастарға бағдарланғанымен, «Жас Алаш» — үлкен-кіші үзбей оқитын дәстүрлі әрі жаңаша басылым. Сонымен бірге ол — Қазақстандағы белгілі де беделді журналистика кадрларын тәрбиелеп шығарған ұстахана іспетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, журналистикасы мен публицистикасының небір майталмандары жұмыстарын алғаш рет осы қарашаңырақтан бастаған.

Бүгін де бұл басылымнан тұрмыс-тіршілігіміздің сан-саласын қамтыған өткір де өзекті дүниелерді оқи аласыздар. «Жас Алашта» күнделікті жаңалықтармен қатар, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс және заң, қаржы және басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер мен өзге де тақырыптарды қамтыған мақалалар тұрақты жарияланады. «Студент», «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Отбасы», «Сүзеген сөз» атты қосымшалары бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін оқырман хаттары «Мақатаев-22» бетінде жарияланатын болса, әр саланың қайраткер тұлғалары мен сарапшы мамандардың сұхбаты тұрақты беріліп тұрады.

«Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше объективті беруі және мәселелерге жаңаша көзқараспен келіп, терең сараптауы «Жас Алашты» ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырып, кәсіби газет деңгейіне көтерді. Ақпарат айдынындағы ілкімділігі өз алдына. 

«Әлеуметтік технологиялар орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, «Жас Алаш» — 15 жастағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдарға дейінгі аралықтағылардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Басылымның негізгі оқырмандары — жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл тұрғындары.  

«Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау-марапаттан да кенде емес. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауын» жеңіп алды. Үш жыл қатарынан «Жас Алаштың» тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Қызметкерлеріміз әртүрлі халықаралық байқауларда да топ жарып жүр. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика және саяси публицистика саласы бойынша берілетін алғашқы сыйлық та 2 мәрте «Жас Алашқа» бұйырды. Беделді рейтинг агенттіктері жүргізетін зерттеулер нәтижесінде «Жас Алаш» қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдарды қоса есептегенде, объективті ақпарат тарататын беделді басылымдардың алғашқы үштігіне кірді.

«Жас Алашты» www.zhasalash.kz сайтынан да оқуға болады. 2009 жылдың қыркүйегінде біз сайтымызды жаңарттық. Безендірудің соңғы үлгілері мен навигациялық қолайлы жүйе, жеңіл де тартымды интерфейс сайтты бұрынғысынан едәуір жақсартып, оқырманға жақындата түседі деген сенімдеміз. Жарнама берушілерге қолайлы болу үшін баннерлердің көлемі де ұлғайтылды.

Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр.

Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда «Жас Алашты» қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған. Газеттің бір нөмірін кемінде 150 мың адам оқиды. Ал жарты жылдағы оқырман саны 8 миллионнан асты.

 

Таратылуы:

Жазылым бойынша — 87%

Бөлшек саудада— 13%

Ұжымдық жазылуда — 9%

Жеке жазылуда — 78%

VІP-таратылуы — 3,4% (Президент әкімшілігі, Үкімет және Парламент, амақтардағы ірі өнеркәсіп орындары, отандық және шетелдік ірі компаниялар, елшіліктер, телерадио және баспа ұйымдары).

Газет жазылу және бөлшек сауда жолымен тарайды.

Газетті тарататындар:

«Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Kazpress», «Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс», «Төле би-пресс» және тағы басқалар.

«Жас Алашты» Қазақстандағы барлық газет-журнал дүңгіршектерінен сатып ала аласыз.

Басылымның құрылтайшысы — «Жас Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Есепке қойылғандығы жөніндегі куәлікті Қазақстанның ақпарат министрлігі берген, №4361-г. 31.10.2003 жыл.

Газет Алматы қаласында басылады, республиканың түкпір-түкпіріне тарайды. Аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері шығады. Форматы — А2, көлемі — 6 бет. Апталық таралымы — 140 000.

«Жас Алаштың» күні бүгінге дейін 15 мыңнан астам нөмірі жарыққа шықты, яғни басылым осыншама рет оқырманымен жүздесті. 

 

------------------------------

 

Жас Алаш” – оқиға:

* Әлдекімдерге қолайсыздық тудырады екен деп, болып жатқан оқиғаны елден жасырып қалуға болмайды;

* Оқиғаны аяншықтамай, ізін суытпай уақтылы жариялау қадағаланады;

* Оқиғаның жай-жапсарын, себеп-салдарын еш бүркелемей талдап көрсету тұрақты жүргізіледі.

 

Жас Алаш” – жаңалық:

* Қоғамдық маңызы бар жаңалықтар объективті көзқарас тұрғысынан ұсынылады;

* Жаңалық жалаң болмас үшін әлеумет, саясат, экономика мамандарының пікірлерімен қоса беріледі;

* Түсініктемелерде эмоциялық көңіл-күй сақталады, заңға қайшы болмаса түзелмейді.

 

Жас Алаш” – сараптама:

* Қалыптасқан жағдайға қысқа әрі нақтылы баға беріледі;

* Өркениетті, озық ойлы, өзгеше пікірдегі мамандар көптеп тартылады;

* Сараптама жасаушының әділдігі, адалдығы, біреудің отын көсеп жүрмегендігі ескеріледі.

 

 “Жас Алаш” – пікірталас:

* Сұхбаттар, екеуара әңгіме, тікелей телефон әдістері кең қолданылады;

* “Жас Алашта” дөңгелек үстелдер үзбей ұйымдастырылады;

* Күрделі тақырыптарды көпшілік болып талдау жолдары қарастырылады.

 

Жас Алаштың” тақырыбы:

* Ел ішіндегі әділетсіздік, жемқорлық, әлімжеттік, зорлық-зомбылық күн тәртібінен түспейді;

* Көзқарас аясын кеңейтетін танымдық мақалаларға кең орын беріледі;

* Қоғамдық, ұлттық, мемлекеттік мәні бар тақырыптардың ешқайсысына шектеу жоқ.

 

Жас Алаштың” ұстанымы:

* “Жас Алаш” ешкімге жау емес, ешқашан біржақтылыққа жол бермейді, журналистік принциптен еш ауытқымайды;

* Көзайым жақсы жаңалықтарға, елге істелген пайдалы істерге қай тараптан жасалса да газет беті айқара ашық;

* Айтылған сөзге, ойға, көзқарасқа ешқашан қиянат жасалмайды, аманатқа қиянат жүрмейді.

 

Жас Алаш” - оқырман:

* Редакцияға келген хаттардың ешқайсысы да қараусыз қалмайды, бір жолын болса да жариялауға құштармыз;

* Оқырман ұсынған тақырыптарға журналистік зерттеулер жүргізіледі, арнайы жолсапарлар ұйымдастырылады;

* “Жас Алаш” - “Мақатаев-22” айдарымен оқырман хаттары ең көп жарияланатын, халықпен байланысын үзбеген, түкпірдегі ауылдың зәру мәселесін жаһанға жар салып жеткізетін жанашыр газет.

 Газеттің Бас редакторы - Рысбек Сәрсенбай

Мекен жайы

© 2009 «Жас Алаш» ЖШС. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. www.zhasalash.kz сайты материалдарын жартылай немесе толық қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

050002, Алматы қаласы, Жiбек жолы көшесі, 50-үй, (Зенков к-нің қиылысы), 7-қабат. 700, 702, 708, 710 бөлмелер Тел: + 7 (727) 273-75-59, 273-89-68, Факс: +7 (727) 273-87-55, E-mail: aika902007@rambler.ru, zhasalash2010@mail.ru

  1. Оқырманды газет бетіне қызықтыратын жанрдың бірі - рецензия.

«Рецензия» сөзі латын тілінен шыққан, қазақша «хабарлама», «баға», «пікір» деген мағынаны білдіреді. Рецензияға қатаң бекітілген зерттеу тақырыбы (ғылым, публицистика, көркемөнер шығармалары) және оны талдаудың (туындының идеясы, езектілігі жэне жеткізу тэсілдері) бағыты тән.

Рецензияның мазмұны тұтастай авторға байланысты. Осыдан келіп рецензияның жанрлық пішіндерінің әртүрлілігі шығады. Рецензияның мынадай түрлерін атауға болады:

  • рецензия - мақала (дәстүрлік пішін)

  • рецензия - сұхбат (диалог, дөңгелек үстел)

  • рецензия - фельетон (өткір сыни)

-  рецензия - очерк (очерк элементтерін бойына топтастырған көлемді рецензия)

-         рецензия - хабар-ошар (аннотацияға жақын шағын рецензия) Рецензияны жазу автордың міндетіне оқырман қауымды жаңа туындымен таныстырып, оған баға беру жатады. Оқулықтар мен оқу құралдарында рецензияны субьективті жанр емес, қайнар көздің жүйеленген талдауына негізделген деп көрсетеді. Шын мәнінде жағдай бұдан да күрделірек. Тіпті белгілі, беделді әдебиет сыншыларының бір туындыға берген бағасы диаметральды түрде бір-біріне қарама-қарсы болып жатады. Сондықтан рецензия авторы екі мақсатты көздейді: ақпараттық-танымдық және шығарманың талдауын тұспалдайтын зерттеушілік.

Рецензия - көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын, баға берілетін жанр. Рецензия сондай-ақ «бейнеленген шындықтың» сынын анықтайды.

Рецензент әдетте қайталама деректерді қолданады. Сондай-ақ рецензияда деректі материал мен тезистер бар болады. Рецензент жүгінетін адресат реципиент, яғни оқырман, тыңдаушы және көрермен, сондай-ақ бағаланатын немесе сыналатын шығарманың авторы болып табылады. Бұл жерден рецензияның тікелей мақсаты шығады - бұл тәрбиелік және эстетикалық тапсырмалар. Рецензияның негізгі қасиеті - рецензентгің көзқарасындағы жаңашылдық. Сондықтан да рецензия кезінде ретрошективті тапсырмалар шешілуі мүмкін.

Рецензияның негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  1. Әдеби рецензия.

  2. Ғылыми рецензия.

  3. Театр рецензиясы.

  4. Кино рецензиясы және т.б.

Рецензияның негізін дерек құрайды, бұл дереқтер өзге жанрлардағыдай өмірден емес, эдеби туындыларынан алынады, яғни, рецензияда дерек екінші рет өңдеуге ұшырайды.

Сынның әр түрінің (әдеби, театр, кино, сурет өнері) туындының спецификасына шартты негізделген ерекшеліктері болады. Рецензияда берілген тақырыпқа қатысты автордың қаншалықты хабардар екені өте маңызды. Сыншының білімі терең болған сайын рецензия да соғұрлым мазмұнды, дәлелдеме де сенімді берілген бағаның беделі де жоғарылай түседі.

Сыни талдаудың мағыналық тереңдігі баспасөздегі оған берілген орынға байланысты. Арнайы мамандандырылган баспасөзде рецензия толық, мағыналық жағынан қарапайым адамға түсініксіздеу тілде жазылады. Ал, көпшілікке арналған бұқаралық ақпарат құралдарында рецензияның мазмұны мен жазылу мәнері қарапайым оқырманға түсінікті тілде лайықталып жазылуы керек.

Сыни туындының көлемі баспасөздегі оған берілген орынға тікелей тәуелді. Шағын газеттік реценцияда толық, жан-жақты, дәлелдермен дәйектелген талдау беру мүмкін емес. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншісі, қарастырылып отырған аспектілердің қысқартылуы (мысалы, кинорецензияда біз сюжет, әртістердің ойыны жайлы сөз қозғалса, оператордың жұмысы, монтаж, мәдени-идеялық бірлестіктердің құрылуы ұмыт қалады). Екіншісі, мазмұн жинақтылығы, туындыға берілген бағалардың көрсетілуі.

 Баспасөз рецензиясы

Баспасөз беттерінде көбінесе әдеби сынның рецензия жанры жиі кездеседі. Рецензия дегеніміз не, оның талаптары мен міндеттері қандай? Бұл тұста қандай пікірлер бар дейтін сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Рецензия жанры туралы түрлі оқулықтарда әртүрлі пікірлер жазылған. Рецензия әдебиет сынының жанры болғандықтан, әдебиеттанудың терминологиялық сөздігінде: «Рецензия - (лат. тілінен аударылған, «гесепвіо» - қарастыру, тексеру деген мағынаны береді) керкем өнер немесе әдебиет сынының жанры, коркем шығармаиы талдап, баға беру, пікір қорыту»,- деген анықтама берілген.

Рецензия мақалаға өте ұқсас келеді, бірақ өзіндік айырмашылықтары бар. Рецензияда қоғам өмірінен алынған құбылыстар мен әдеби шығармалардың мәні, мазмұны, бейнелеу өзгешелігі жайлы сөз қозғалады. Талданып отырған шығармаға айқын баға беріліп, сол шығармада баяндалған өмір құбылысына сыншыл көзқарас білдіріледі. Рецензия авторға немесе редакторға олардың өзінің жетістіктері мен қателіктерін айтып, оқырманға керек кітаптарды табуға жол ашуға үлес қосады. Сонымен қатар, рецензия кітаптың, киноның, театр қойылымының насихатталуы мен таралуы үшін маңызды құрал.

Ең алғаш баспасөз беттерінде шыққан рецензиялар публицистикалық сипатта болды. Оның негізгі мақсаты жақсы кітаптың жақсылығын жариялап, кемшілігі бар болса халыққа ескертуді мақсат етеді. Л.Соболевтің «Литература и наша современность» атты баяндамасында: «Рецензия ұсақ емес, ол - ұлы іс. Рецензияның көптеп басылуы, біріншіден, біздің кітаптардың оқылып жатқандығын, екіншіден, сол кітаптың түсінілуін, яғни оқырман санасына эсер қалдыруын білдіреді»,-деген ой айтады.

Мақала-рецензияда көркем шығарма жан-жақты терең талданады және шығарманың әдебиеттен алатын орнына баға беріледі. Шығармадағы басты кейіпкерлерге талдау жасалады. Шығарманың жалпы идеясы, тақырыбы, тілі жөніңде толық пікірлер білдіріледі. Жалпы әдеби сынға қатысты сипаттардың, принциптердің бәрі де рецензияның бойынан табылады. Осы тұрғыдан келгенде, рецензия сын жанрларьшың ішінде ең жедел және «сегіз қырлы, бір сырлы» жанр болып есептеледі. Ол көркемдік дамумен бірге пішіндік, құрылымдық, мазмұндық жағынан жетік болуы керек. Бұл жанр әрбір шығарманың идеясын айқын ашып, оның тәлім-тәрбиелік мәні мен көркемдік жақтарын халыққа жеткізуі, құнды шығармаларды дер кезінде көпшілік окырманға таныта білуі қажет болып табылады. Яғни, рецензия мерзімді баспасөз үшін аса ыңғайлы жанр. Рецензент көркем туындылардағы образдарды, деректерді, оқиғалар мен құбылыстарды өмірдегі тәжірибелермен салыстырып отырады. Ғалым Д.Ысқақүлы сын туралы: «Сынның міндеті осы нақтылы деректі идеямен емес, басқа бір дерекпен салыстырып, теңдестіруі тиіс, сында екі деректің екеуі де мүмкіндігінше дэл зерттелуі қажет және бұл нақтылы деректер, бір-біріне карағанда, дамудың түрлі кезеңдерін көрсететін болуы қажет, оның бер жағында, әсіресе, түрмыстағы, бізге белгілі қалыптар түгелімен, олардың сабақтастығы және дамудың түрлі сатыларының арасындағы байланыс нақ осылай дәлдікпен зерттелуі қажет», - деген тұжырым айтады.

 

  1. Теориялық мақаланы қалай түсінесің?

Теориялық мақала Мақала терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар.Біріншісі, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдың аты ретінде қолданылып жүр.»Газетке мақала шығыпты » дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельотан да болуы мүмкін.Екіншісі, нақтылы баспасөз жанрының атауы.Газеттің хабар, аннотация, репортаж, очерк, рецензия сияқты жанрлары бар десек, мақала да сол секілді осы қатардан беді орын алады.Мақала баспасөз жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын және кеңінен қамтып, тереңірек талдайтын мүмкіндігі молырақ.Біз мақаланы осы жанрлық тұрғыдан қарастырамыз.

Мақаланың мақсаты-Мақаланың мақсаты – әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру.Сондықтан да мақалада әдеби сынның ғылыми публицистикада сипаты айқын көрінеді.Мақаланың қай сипатының (ғылыми, публицистикалық) басым екендігін көп жағдайда ажыратудың өзі қиын.Әдетте, ғылыми публицистикалық біртұтастыққа айналып, сыншылық талдау мен пайымның биік өресі көрініс тауып жатады.Мақаланың осы басты екі сипатының бірі кемшін жатса, онда жанрдың екі аяғын тең баса алмай, бірдеңенің жетіспей жатқандығы,Құрғақ ғылыми талдаулардың оқырман қауымға түсінікті бола бермейтіндігі сияқты, нақтылы фактілерге , талдауларға негізделмеген жалпылама сөздердіңде жалықтырып жіберетіндігі анық.Сондықтанда баспасөз бетіндегі мақала жанры көбіне әдебиеттану ғылымымен көршілес қонып, аралас-құралас жатады.

Мақала әдетте белгілі бір идеяның «әлеуметтік ой-пікірдің негізінде жазылып», сол мәселені-талдауға, түсіндіруге, осыған қатысты өз пікірлерін білдіруге құрылады.

Теориялық мақала деп ғылыми жағы басымдау, ғалымдарға бағышталып, ғылыми стильмен жазылған, нақтылы бір ғылыми мәселені бажайлауға арналған мақаланы айтамыз. Қазақ әдеби сынының тарихында алғаш көрінген ғылыми мақала деп Ш.Уәлихановтың «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» жазған.Мұнда қазақ поэзиясы жайлы тұңғыш рет ғылыми пікірлер айтылды.Дала поэзиясына ғылыми тұрғыдан жүйелеу ұсынылды. «Ер Көкше мен Ер Қосай », «Орақ батыр», «Едіге», «Қозы –Көрпеш Баян Сұлу » жырлары , Арыстанбай, Нұрымбай, Жанақ, Орынбай, Шөже сияқты ақын-жыраулар хақында пікірлер білдіреді. «Қазақтардың ең тамаша жыр-дастаны-«Едіге» деген сияқты өзіндік бағасы да көрініп отырады.Мақаланың теориялық жағынан құндылығы қазақ өлеңін жыр, жылау-жоқтау өлең, қайым өлең, өлең деп жүйелеуінде шатыр.Әр түріне мысалдар келтіреді.Өлеңге ғылыми тұрғыдан сипаттама береді. «Өлең төрт шумақтан тұрады, алғашқы екі шумақ және төртінші шумақ силлабикалық жүйеде бір ұйқастыққа бітеді, үшінші шумақ ұйқаспайды», «...өлең-ән, жаңадан шығарылған, немесе атақты бір әнші-ақынның бұрында шығарған өлеңдері домбыраның, қобыздың, ым мен дене қимылдарының сүйемелдеуімен айтылып, ел арасына тарайды, кейбір өлеңші-ақын өз тарапынан сол өлеңге кіріспе және қорытынды сөз қосып отырады.»Мақала орыс тілінде жазылғанымен де ғылыми тұрғыдан кей жақтарына жетіспеушіліктеріне қарамастан қазақ поэзиясы жайлы алғаш рет ғылыми топшылаулар жасаған, ұлттық әдебиеттану ғылымымыздың іргетасын қаласқан тарихи еңбектернің бірі деп қараймыз.

Теориялық сыни мақалалар көбіне әдеби дамуда ғылыми жағынан қажет болған құбылыстар жаңалықтар болған кезде, соларды түсіндіру мақсатында жазылады.Әріге бармай-ақ, қазақ әдебиетінің мысалдарына жүгінейік.1910 жылы қазақтың тұңғыш романы М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы » басылып шықты.Бұрын қазақ оқырманына беймәлім роман жанрында жазылған прозалық шығарманың өмірге келуі қазақ әдебиетінің дамуындағы тосын тарихи оқиға еді.Міне, осы әдеби құбылысқа, оны ғылыми жағынан түсіндіруге арналып, «Қазақ» газетіне (1914, 13қаңтар) «Роман не нәрсе» деген мақала жазылады.Мақаланың авторы белгісіз, соңында «Арыс ұлы» деп қол қойылған.Сол кездегі түрлі жағдайларды ескере келіп, мақаланың авторы А.Байтұрсынов деп жобалауға болады.Сонымен, мақаланың басты мақсаты қазақ әдебиетінде роман жанрының тууына байланысты осы туралы кеңірек түсініктер берілген.Қарапайым оқырмандарға арналғандықтан да мақала жеңіл ұғыныңқы тілмен жазылған.Мақала жанрының сыр-сипатын аша түсу үшін қазақ әдеби сынында көрінген алғашқы теориялық мақалалардың бірінен саналатын «Роман не нәрсе ?» тоқталыңқырап өтейік.

Мақаланың барысында «роман терминінің 150 жылбұрын Францияда роман тілінде жазылған прозалық шығарма деген ұғымда өмірге келгенін айта келіп, оның өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады.

«Романның ішкі мағынасы: тіршіліктің жарық һәм күңгірт жағын бейне өзіндей айтып суреттеп, адамның өзіне көрсету

РОман- адамзаттың өмірін, дәуірін бұлжытпай көрсетуші баға жетпес айна.Роман суреттеп көрсетеді:бір адамның, иә бір әулеттің, иә бір нәсілдес, бір тілдес халықтың өмірін, иә кей бір қалыптағы заманның қатардағы, иә қилы-қилы замандарда болып өткен халықтардың өмір жолын». Мақаланың авторы әдебиеттің, оның ішіндегі романның ең қажетті жағы деп, тәрбиелік маңызына айрықша мән береді: «Романның асыл мақсаты:адамның мінез құлқын түзетбек,кемшілікті, қараңғылықты адамзаттан қумақ.Мұнан мұрат алу адам баласына үйретінді әуелгі тәрбие бермек», »...романнан әркім өз керегін алады, өз міні, не артықшылығы табады».

Атақты романшылар қатарында Вальтер Скоттың, Дикенстің, Теккерейдің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Гогольдің,Толстойдың есімдері аталынған.Әсіресе, Толстойдың «алуан-алуан адамның мінез құлқын бірін қалдырмай тізіп, адам өмірінің жіңішке қылдай жерін суреттеп көрсетке» «Соғыс және бейбітшілік » (мақалада «Соғыс және татулық »)деп аталған романын жоғары бағалайды.Осы пікірлерден мақала авторының европалық орыс әдебиеттерімен жақсы таныс болғандығы көрінеді.

  1. «Ана тілі» басылымын сипатта. «Ана тілі»- баспа. 1990 ж. 5 маусымда ұйымдастырылды. Баспа еліміздің байырғы баспаларының бірі, мектеп оқулықтарын шығаратын «Мектеп» ( қазіргі «Рауан») баспасының құрамындағы үш редакция негізінде отау тікті. 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап өнім шығаруға кірісті. Жаңа баспаның беташар кітабы Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегі болды. Кезінде әдебиетке берілген теріс бағалардың «салқыны» тиіп, қаламгердің көп томдығынада біраз жері күзеліп енгізілген бұл еңбек қоғамымыздағы оң өзгерістерге орай алғашқы толық нұсқасы бойынша шықты. Баспа Абай мен Әуезов тақырыбына арналған өдебиеттерді үзбей шығарып келеді. Мысалы, 3. Ахметовтің «Абайдың ақындық әлемі», М. Мырзахметовтің «Абайтану тарихы», М. Әуезовтің «Путь Абая» ( орыс тілінде) эпопеясы, ғалым Т. Әкімовтің «Даналық мәйегі», ғалым-журналист Б. Жақыптың «Мүхтар Әуезов - публицист» кітаптары жарық көрді

Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ газеттері» ЖШС

Басылым туралы: Алғаш жарық көруі: Республикалық «Ана тілі» газеті тәуелсіздіктің жылымығы есе бастаған 1990 жылы, Ұлыстың ұлы күні наурыздың 22-сінде жарық көрді.

Бағыты: «Ана тілі» – Мемлекеттік тілдің бірден-бір жоқшысы, үні айбары. Республикадағы тіл тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым.«Ана тілі» тек Мемлекеттік тіл ғана емес, ұлтқа қатысты кез келген күрмеулі мәселелерді көтеріп келеді. Қазақтың тілі, қазақтың ауылы, қазақ мектебі, балабақшасы, қазақ жастары, қазақ ғылымы, т.б. көптеген тақырыптар басылым беттерінен түсіп көрген емес.

Таралымы: Ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын газеттің 90-жылдардағы таралымы 100 мыңнан асып жығылады. Бүгінгі таңда газеттің 26 000-дай оқырманы бар, төрт түрлі түспен, 12 бет А2 форматпен басылуда.Алған марапаттары: 2005 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен, бірнеше мәрте Ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, арнаулы дипломдарымен, әртүрлі бәйгелердің бас жүлделерімен марапатталуы – осының айғағы. 2006 жылдың 11 мамырдағы нөміріне басылымның Бас редакторына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп арнайы сұхбат беруі республика жұртшылығы тарапынан тағдыры күрмеулі мемлекеттік тілдің, сондай-ақ, «Ана тілінің» жеңісі ретінде бағаланды.

«Ана тілі» ұлт газеті

Республикалық «Ана тілі» газеті тәуелсіздіктің жылымығы есе бастаған 1990 жылы, Ұлыстың ұлы күні наурыздың 22-сінде жарық көрді.

Бағыты: «Ана тілі» – Мемлекеттік тілдің бірден-бір жоқшысы, үні айбары. Республикадағы тіл тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым.

«Ана тілі» тек Мемлекеттік тіл ғана емес, ұлтқа қатысты кез келген күрмеулі мәселелерді көтеріп келеді. Қазақтың тілі, қазақтың ауылы, қазақ мектебі, балабақшасы, қазақ жастары, қазақ ғылымы, т.б. көптеген тақырыптар басылым беттерінен түсіп көрген емес.

Таралымы: Ұлт мүддесін бірінші орынға қоятын газеттің 90-жылдардағы таралымы 100 мыңнан асып жығылады. Бүгінгі таңда газеттің 26 000-дай оқырманы бар, төрт түрлі түспен, 12 бет А2 форматпен басылуда.

Алған марапаттары: 2005 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен, бірнеше мәрте Ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, арнаулы дипломдарымен, әртүрлі бәйгелердің бас жүлделерімен марапатталуы – осының айғағы. 2006 жылдың 11 мамырдағы нөміріне басылымның Бас редакторына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп арнайы сұхбат беруі республика жұртшылығы тарапынан тағдыры күрмеулі мемлекеттік тілдің, сондай-ақ, «Ана тілінің» жеңісі ретінде бағаланды. Газеттің Бас редакторы

Самат Бектенұлы Ибрайым. Ол 1955 жылы 18 маусым, Атырау облысы, Исатай ауданы, Айбас ауылында туған. Журналист, заңгер. ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1982 ж), Д.А.Қонаев атындағы Гуманитарлық университетінің заң факультетін (1999) бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы «Жайықмұнайгаз» басқармасында оператор болудан бастаған. 1974-1976 жылдары әскерде қызмет еткен. Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде тілші (1982-86), республикалық «Лениншіл жас» газетінің Каспий аймағындағы меншікті тілшісі (1986-90), Қазақстан Республикасы Парламентінің органы болған «Халық кеңесі» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып істеді (1990-1996). Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлім бастығы, «Заң және заман» – «Закон и время» журналының бас редакторы болды (1996-2003). «Заңнама» ЖШС-нің директоры, республикалық «Ақиқат» журналының бас редакторы (2003-2009) болды. 2009 жылдың наурыз айынан «Ана тілі» газетінің бас редакторы.

«Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы» сериясы бойынша «Ғұмырлық сағыныш» әңгімелер жинағы (2003), «Мұнайшы» қоғамдық қоры шығаратын «Қазақ мұнайының ардақтылары» сериясымен «Саламат Мұқашев» (2006), «Асқар Құлыбаев» (2007), «Жетпісбай Есенжанов» (2008) атты деректі ғұмырнамалық эссе кітаптары баспадан жарық көрді. Қазақстан прокуратурасы тарихы туралы «Дәуір дауысы» кітабының (1997) құрастырушысы әрі редакторы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша «Н.Назарбаев – этносаралық және дінаралық қазақстандық келісімнің негізін қалаушы» атты кітапты (2005 ж.), «Каспий қайраңы» танымдық басылымын (2000 ж.), «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары бойынша «Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеттану парадигмалары» деп аталатын 10-шы томды (2006), «Әлемдік философиялық мұра. ХХ ғасырдағы мәдениет философиясы» 17-ші томды (2008) және т.б еңбектерді, тарих, заң, экономика саласындағы әдебиеттер мен оқу құралдарын мемлекеттік тілге аударды.

Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистикасы Академиясының академигі.Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Қазақстанның Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Аталған басылым «Тіл», «Руханият», «Мәдениет», «Әдебиет», «Білім және ғылым», «Тәрбие», «Саясат», «Тәрбие» сынды айдарлары бойынша мақала жариялап тұрады. Сонымен қатар, оқырмандарға түрлі ақпарат жариялап отырады.

  1. Ақпарат агенттіктері.

ҚазАқпарат (Қазақ Ақпарат ұлттық агенттігі; ҚазТАГ (ҚазААГ)) — 1920 жылы құрылған бұқаралық ақпарат құралдарына қызмет көрсетуге маманданған ақпараттық орган. 1920 жылы 13 тамызда РОСТА-ның (Ресей телеграф агенттігі) Орынбор - Торғай бөлімшесі деп аталатын қазақ жаңалықтарының алғашқы агенттігі құрылды.1925 жылы — ҚазРЕСТ деп қайта аталды.1937 жылы — ҚазТАГ деген атаумен Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесіне берілді.1991 жылы ҚазТАГ қазақ мемлекеттік мәртебесін иеленді.1997 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің № 3625 Жарлығымен ҚазААГ республикалық ақпарат агенттігі деп қайта аталған.2002 жылы 8 қарашада ҚР Үкіметінің № 1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ базасында «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы — «ҚАЗАҚПАРАТ» ҰҚ құрылған.2002 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің республикалық қазыналық кәсіпорны “Қазақ ақпарат агенттігі” (ҚазААГ) негізінде құрылды. Ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестікке қабілетін артырып, дамыту, қазіргі менеджмент пен маркетинг негізінде инвестиция тарту мақсатымен құрылған Қазақпаратқа елдің саяси, экономикалық және мәдени өмірі көріністерінен сапалы талдау жасалған жедел ақпарат әзірлеп таратып отыру міндеті жүктелген. Қазақпарат жоғарғы билік буындарындағы тағайындаулар мен өзгерістер, президент жарлықтары мен үкімет қаулылары жөнінде мейлінше дәл ресми ақпарат береді, республиканың барлық облыстарының экономикалық, мәдени ең соңғы жаңалықтарын ұсынады. Қазақстан, Орталық Азия, Еуразия экономикалық қауымдастық, ТМД және Балтық жағалауы елдері жаңалықтары қазақ, орыс тілдерінде, Қазақстан мен Орталық Азия жаңалықтары ағылшын тілінде жедел таратылып тұрады. Агенттіктің электронды таспаларын жаздырып алушылар саны 150-ден асады. Ол ақпарат агенттіктерінің 5 халықаралық ассоциациясына мүше (Азия және Тынық мұхит елдерінің, ТМД елдерінің, түркі тілдес елдердің, экономикалық ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің, Каспий маңы мемлекеттерінің), 12 шетелдік ақпарат агенттігімен тікелей байланыс орнатқан. Шет елде (Пекинде) өз тілшілерінің қосыны бар.80 жылдық тарихы бар ҚазААГ (бұрын ҚазТАГ) алғашқы жұмысын 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор бөлімшесі ретінде бастады. Ол осы уақытта Қазақстан өмірінде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен еңбекшілердің игілікті істері, одақ, республика көлеміндегі барлық елеулі оқиғалар жөнінде ақпараттар беріп отырды. Елдің санасын оятуға, оны сауаттандыру ісіне өзіндік зор үлес қосып, насихатшы және үгітші бола білді. Кейін ТАСС-тың өзгертілуіне орай бірнеше мәрте атауын өзгертті. 1) 1920 – 37 жылдары бұл кезде РОСТА-ның Орынбор – Торғай бөлімшесі, КирРОСТА [РОСТА-ның қырғыз (қазақ) бөлімшесі], ҚазТАСС (ТАСС-тың қазақ бөлімшесі) болып құрылған; хабар телеграф, пошта арқылы таратылды; 2) 1937 – 90 жылдары: бұл кезеңде ҚазТАГ (ҚазКСР Министрлігі Кеңесі жанындағы телеграф агенттігі) болып қайта құрылып, оған ҚазКСР Министрлігі кеңесі мемлекеттік к-тінің құқығы берілді.

Компания туралы

Компанияның міндеті еліміздің ішкі және сыртқы саясатын ақпараттық қамтамасыз етуді, сондай-ақ әлемдік ақпараттық кеңістікте Қазақстанның оң беделін қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады.Компанияның қызметі өз қызметін ақпараттық қызмет көрсету нарығында 85 жылдан астам жүзеге асырған және республикадағы жалғыз мемлекеттік ақпараттық агенттік болып табылған бұрынғы ҚазААГ (бұрынғы ҚазТАГ) жұмысын жалғастыруға және дамытуға бағытталған.ҚазТАГ-ҚазААГ-тың заңды мұрагері болып табылатын Компания өз қызметінің негізгі профилін сақтап қалды. Еліміздің аумағында жұмыс істейтін ақпараттық агенттіктер арасында Компанияның республиканың барлық аймағында Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде болып жатқан оқиғалар туралы жедел және объективті ақпаратты жоғары кәсіби деңгейде ұсынуға мүмкіндік беретін корреспонденттік пунктерінің тармақталған жүйесі бар. Нью-Йоркте, Брюссельде, Мәскеуде, Пекинде, Ташкентте, Бішкекте шетелдік меншікті тілшілер бөлімі бар.

Халықаралық ынтымақтасты

ҚазАқпарат- АТААҰ ақпарат агенттіктері халықаралық қауымдастығының мүшесі (Азия мен Тынық мұхит елдерінің АқпараттықҰйымдары); Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары — Мемлекеттердің ұлттық ақпарат агенттіктерінің қауымдастығының мүшесі (МҰАҚ), түркі тілдес елдердің ақпарат агенттіктері ұйымының (ТААҰ), ТҮРКСОЙ мәдениет және өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі.ҚазАқпарат — ИТАР-ТАСС, РИА-Новости, КАБАР, БелТА, УкрИнформ және т.б ірі ақпарат агенттіктерінің серіктесі.

Хабар агенттігі

Құрылған жылы 1995 жыл

Иесі «Хабар» агенттігі

Мемлекеті Қазақстан

Тілі Қазақ тілі, орыс тілі

Таратылу аймағы Қазақстан, Қырғызстан

Торабы http://khabar.kz

Алматыдағы Хабар агенттігі бас пәтері

“Хабар” — агенттік, телеарна. 1994 жылдың тамызында Қазақстан респ. телерадио корпорациясы (ҚРТРК) жанынан құрылған Ұлттық телевиз. ақпараттық агенттіктен бастау алады. 1995 ж. 23 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен “Хабар” агенттігі Республикасы мемлекетт3к. мекемесі болып құрылды. 1997 жылдың 27 қаңтарынан бастап өз жиілігінде хабар тарата бастаған агенттік 1998 жылдың 14 мамырында “Хабар” агенттігі жабық акцион. қоғамы болып құрылды. 2003 жылдың қазан айында ашық акцион. қоғамға айналған агенттік құрамында қазір “Хабар” арнасымен қатар “Ел арна” арнасы, ”Caspіonet” спутниктік арнасы, “Classic” радио арнасы және www.khabar.kz интернет-порталы бар. ”Хабар” телевиз. арнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 20 сағат хабар таратады, жаңалықтарға басымдылық беріледі. Қазақстанның барлық облыстарында және ТМД-ның 5 елінде тілшілер бөлімі жұмыс істейді. Төл репортаждары Еуропа, Азия және Солт. Американың 12 елінен әзірленеді.. Ақпараттық-публицистик., қоғамдық-саяси және экон., ғыл.-ағартушылық, мәдени, ойын-сауықтық, спорттық бағдарламалары жақсы танымал арна ұсынатын телевиз. сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында. “Хабар” — әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын тікелей көрсетеді. Агенттіктің тех. базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. “Ел арнадан” тәулігіне 16 сағат бойы телевиз. ойын-сауықтық хабарлар беріледі. Шамамен 9,5 млн. адам көретін арнада әлеум., танымдық және мәдени бағдарламалар, көркем және деректі фильмдер, телесериалдар басым көрсетіледі. Хабарлар қазақ және орыс тілдерінде. “Caspіonet” спутниктік арнасы арқылы Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африканың солт. бөлігін қамтитын тәулік бойы ұлттық ақпарат таратылады. Шамамен 99 млн. көрермен “Caspіonet” арқылы Қазақстан мен Орт. Азия елдері өмірінің барлық саласымен барынша толық та объективті түрде танысуға мүмкіндік алады. Жаңалықтарға басымдық берілетін арна хабарлары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады. “Хабар” радиосы — қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады. Ақпараттық және муз.бағдарламаларға басымдық беріледі. www.khabar.kz интернет-порталы — елдегі және әлемдегі маңызды оқиғаларға байланысты ақпараттар ұсынады. Агенттіктің жыл сайын өткізетін ірі акциялары; еуразиялық Медиа Форум — жыл сайын өткізіледі. “Хабар” агенттігі Азия-Тынық мұхит хабар тарату кеңесі (АВU), Азия-Тынық мұхит жаңалықтар агенттіктері ұйымдары (OANA), Азия-Тынық мұхитының хабар таратуын дамыту ин-ты (AҚBD) құрамына енеді.

  1. Телехабар жасаудың жолдары.

Телехабар – теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату; коммуникациялық құралдардың бірі. Алғашқы жүйелі телекөрсетілімдер 1936 жылы Ұлыбритания мен Германияда басталды. Телехабар теледидарлық орталық, радиохабар таратушы стансалар және оларды жалғастыратын байланыс жолдары, радиорелелік байланыс жолдары кіретін желі бойынша іске асырылады.

Телехабар жасау жаңа технология негізінде жүзеге асырылады. Сценарии бойынша телефильм, жаңалықтар, телесұхбат, теле репортаж тағы басқа жасау. Практикалық тұрғыда цифрлы бейнекамерамен, бейнемагнитафонмен компьютермен және телеманитормен өңдеу жұмыстарын үйрене отырып эфирлік өнімге дейінгі талапқа жету. Талаптанушы барлық хабарды талдай отырып өзіндік пікірін білдіреді. Тақырып таңдап, өз бетінше телеөнім әзірлейді. Техникалық құралдарды пайдалана отырып өздері түсіреді

  1. «Егемен Қазақстан» - ел басылымы. Егемен Қазақстан (газет)

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу Егемен Қазақстан

Егемен Қазақстан газетінің логотипі

Түрі қоғамдық-саяси

Құрылған жылы

1919 жыл

Тілі

қазақша

Бас кеңсесі

Алматы қ., Қармысов к., 34

Тиражы

135 мың

Сайты: http://www.egemen.kz/

«Егемен Қазақстан» — Қазақстан Республикасында жарыққа шығатын мемлекеттік ресми баспасөз құралы. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді және басқа да ресми ақпаратты жариялайды. Газет 1919 жылдың 17 желтоқсанынан бастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы "Ұшқын" болатын.«Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Содан бері ұжымдастыру кезеңі де, сталиндік қуғын-сүргін кезеңі де, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қиын кезең де газеттің тұрақты түрде жариялануына кедергі бола алмады. Тек атауы ғана «Ұшқын», одан кейін «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» және соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден бастап-ақ жұмыс істеді: алғашқы кезде газетте қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады.«Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. Әрине, уақыт өткен сайын республикада заман талабына сай және күшті болуы мүмкін қазақ тілді жаңа газеттер пайда болды, бірақ «Егемен Қазақстан» әрдайым тұрақты жариялануы мен объективтілігімен ерекшеленеді.86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда орналасты, ең алдымен Орынборда, Қызылордада, содан кейін Алматыда, ал қазір тарихы газеттің сарғайған беттерінде сақтаулы тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы – Астанада.

Газеттің Бас редакторлары

1919 жылғы “Ұшқын” аталған кезінен бері басқарған газет басшылары:

Халел Есенбаев

Тәмимдар Сафиев

Бернияз Күлеев

Смағұл Сәдуақасов

Жүсіпбек Аймауытов

Мұхтар Әуезов

Әбдірахман Байділдин

Бейімбет Майлин

Сәкен Сейфуллин

Молдағали Жолдыбаев

Тұрар Рысқұлов

Ораз Жандосов

Ораз Исаев

Ғаббас Тоғжанов

Айтмұхамед Мусин

Ғабит Мүсірепов

Жанайдар Сәдуақасов

Жүсіпбек Арыстанов

Сақтаған Бәйішев

Әмір Қанапин

Балтабек Асанов

Қасым Шәріпов

Қабыл Бекмұратов

Ғұмар Аққұлов

Кеңесбай Үсебаев

Ұзақ Бағаев

Сапар Байжанов

Балғабек Қыдырбекұлы

Көрік Дүйсеев

Шерхан Мұртаза

Әбіш Кекілбайұлы

Нұрлан Оразалин

Уәлихан Қалижан

Ержұман Смайыл

Сауытбек Абдрахманов

«Егемен қазақстан» — елдік басылым

Газеттің «Ұшқын», «Еңбекші қазақ»,«Социалистік жол» сияқты түрлі атаулармен шыққанынан өздеріңіз хабардар боларсыздар, ел тәуелсіздік алған соң ғана 1993 жылы қазіргі атауға ие болды. Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Жүсіпбек Аймауытов, Смағұл Сәдуақасов, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, беріден тартқанда Шерхан Мұртаза сынды қазақтың мықтылары басшы болған газет тізгінін ұстап отырғаныма тәубе деймін. Бас газет болғандықтан, бір кезде астана болған Орынборда, Қызылордада, Алматыда шығып тұрды. 1998 жылы Астанаға келді. 2000 жылы газет акионерлік қоғамға айналды, сол кезде осында басшылыққа келдім. Газеттің таралымы сол уақта 38 000 дана болатын, бүгінгі күні төрт есеге өсті, қазіргі — таралымы 150 000 дана. Өзге елдермен салыстырып қарағанда аз сияқты. Мысалы, бірнеше жыл бұрын «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінде Египет Президенті Мұхаммед Хұсни Мүбаракпен сұхбатым жарияланды. Маған Каирден телефон шалып, менің сол интервьюімді аударып басқандары жөнінде хабарлады. «Газеттеріңіздің таралымы қанша?» деген сұрағыма: «980 мың дана» деп жауап қайтарды. Египетте 65 миллион халық тұрады. Ал біздің Қазақстанда барлығы 17 миллион халық, оның 9 миллионы ғана қазақ, ал 3,5 миллион қазаққа қазақшаңның керегі шамалы. Сондықтан біздің газеттің қазіргі таралымы әлемдегі стандарт бойынша жоғары көрсеткіш болып саналады. «Егемен Қазақстанға» жазылатындардың көбейгенінен бізге пайда жоқ, керісінше, шығын артады. Газет қызметкерлеріне «Егер кімде-кім бұған келіспесе, жұмыс істемейді» деп ескерткенбіз. Өйткені таралым көбейген сайын Елбасы саясатын, ел Үкіметі мен Парламентінің жасап отырған жұмыстарын түсінетін мемлекет жанашылары көбейе береді деп ойлаймын. Осында отырған жастарға үгіт жүргізгенім емес, газеттерді оқу керек. Анда-санда болса да газет тігінділерін ақтарып, ел туралы ойлауға, елмен бірге тыныстауға дағдылану керек. Оқылуы ауыр, тартымсыз, қиын материалдарды оқып-үйрену азамат ретінде қалыптасуға, шыңдалуға септігін тигізеді. Ендігі жиырма жылда біздің халқымыздың жағдайы жақсара түседі, мемлекеттік тілдің де бағы жанады, барлық іс-қағаздар ана тілінде жүргізілетін болады. Жастар «Егемен Қазақстанды» оқу арқылы сөз саптауға үйренеді. Газет тілі қиын болмауы керек, әдеби тіл емес, халыққа ұғынықты, қарапайым, бұқаралық тіл болуы тиіс. Газетке бір бөлмеде тұратын 4-5 студент бір жылға жазылса, өздеріне жақсы.

  1. Телевизиялық жаңалықтарды редакциялаудағы режиссер рөлі.

  1. Сұхбаттың түрлерін ата. Оған қойылатын талаптар мен алғышарттар. Сұхбат – газеттегі сұхбат құрамында көп кездесетін субъектілік болғанына қарамастан, ақпарат алушыларға қажет материалды бірінші болып алуға жағдай жасайды. Аталған субъектизм журналистің алған ақпаратын сұхбатқа айналдырып, қағаз бетіне көшірген кезінде өз елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен, газет бетіндегі интервьюер мен сұхбат берушінің сұрақ-жауап түріндегі әңгімесі оның түпнұсқасы емес. Бұл журналист пен сұхпат берушінің сол әңгімесі, бірақ сұхбат алушы біраз өзгеріс енгіседі.

Алайда, атап кеткендей бұл ерекшелік көбіне журналистің тыңдаған дүниесін оқырман оқитын газетсұхбатына тән, ал аудитория ақпаратты тікелей тыңдап және көре алатын радио мен теледидар сұхбатына көбіне жат болып келеді. Соңғы жағдайда,тыңдарман ақпаратты сұхбат алумен қатар тікелей сұхбат берушіден тыңдап көреді. Мұндай жағдайда, сұхбат беруші адам тікелей қатысып, оны өз санасынан өткізетіндіктен белгілі деңгейде оқиғаға қатысушы есебінде болады. Бұл жерде ақпаратты оқырман, көрермен, тыңдарман тыңдап, көргенін өз дүниетанымына, өмірлік көзқарасына сәйкес қабылдайды. Сұхбат – көп қырлы жанр. Бұл сұхбаттың ақпараттық жанрға да, талдамалы жанрға да қатыстылығын дәлелдейді. Сұхбат өзіндік жеңілдігіне қарамастан, белгілі бір стратегия мен тактикаға бағынуды талап ететін күрделі жанр. Сұхбат біздің көзқарасымыз бойынша ғана жеңіл, себебі, ақпарат алудың көзі ғана болып көрінеді. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызыд тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат – диалог (әңгіменің толық мәнін береді), сұхбат суреттеме (әңгіме мазмұнына өзге оның қандай жағдайларда алынғанын, сипаты беріледі), сұхбат – пікір (оқиғаға, құбылысқа, деректерге түсіндірме беріледі), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынын, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді. Публицистика жанрлары мен пішіндеріне арналған орыс тіліндегі «Справочник журналита» кітабында сұхбаттың монолог, диалог. Суреттеме, анкета, және ұжымдық түрлерін атайды. Мұнда «дөңгелек үстел басындағы әңгімені» сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызады.

Сұхбат – публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі. Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, «inter» - өзара қатынасты бағыттас деген мағынаны берсе, «view» сөзінің мағынасы – «көзқарас», «пікір» дегенді білдіреді. Демек, сұхбат – көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Жанрлардың құрылуы кезінде, яғни белгілі бір жанрға жатқызу үшін публикациялардың болашақ сипат алуымен жанр аттарын айыра білу кезек. Публикациялардың әлі де жанрлық анықтама алмаған жаңа тобының қатаң принциптік негізі жоқ және белгілі заңдылыққа сүйенбейді. Сұхбат журналистиканың бір жанры деп қарамас бұрын, алдымен оның даму тарихына толықталған жөн. Журналистикадағы кез келген жанрдың даму үрдісі негізінен техниканың дамуымен, радио мен телевидениенің пайда болуы және таралуымен тығыз байланысты. Сондықтан да біз сұхбаттың даму тарихын техникалық даму үрдісімен тығыз байланыста қарастырамыз. Сол арқылы газет, радио және телевидениедегі сұхбатты осыған сай БАҚ әдістемелері бойынша талдаймыз.

СҰХБАТ. Бұл ағылшын сөзі, аударғанда – баспасөзде жариялау немесе радиода беру үшін жазылған әңгіме деген сөз. Сұхбатта кіммен әңгімелескеніңді, әңгіменің мақсаты қандай екендігі көрсетілуі қажет.

Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі сол, мұнда фактілерді немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндаужурналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Демек журналистке қарағанда редакция қойып отырған мәселеге көбірек қатысы бар адамның пікірлерімен, пайымдауларымен сұхбат құндыболып келеді.сұхбат дегеніміз – журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылықжұмысы.оның табысты болуы көп жағынан жүргізушіге, яғни журналистке байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс.

Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді:

1. сұхбат-монолог;

2. сұхбат-диалог;

3. суреттеме-сұхбат;

4. анкета;

Сұхбат

1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат. Сұрақ — 1) оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтау үшін қойылатын сұрау; 2) адамдар бір-бірімен қарым-қатынас барысында ойларын айқындау үшін қойылатын сұрау. Сұхбат оқушылардың, студенттердің білімін әр қырынан тексеру үшін қойылады

  1. «Қызылжар нұры» газетіндегі ақпараттық жанрлар.

  2. Газетегі сұхбат жанры.

  1. Журналистиканың қоғамдағы орны.

  2. «Егемен Қазақстан» газеті айдарлары.

  3. Мақаланың құрылымы мен түрлері.

  4. Корреспонденция- ақпараттық жанр.

  5. Газеттегі репортаж жанры.

  6. Есеп жанрының ақпараттылығы.

  7. Басылымды тартымды беру элементтері.

  1. «Солтүстік Қазақстан» басылымы редакциясының құрылымы.

  2. Газет репортажының телерепортаждан айырмашылығы.

  3. Проблемалық мақаланың көтеретін тақырыптары.

  4. Баспасөздің алғашқы қарлығашы «Дала уалаяты» басылымы қандай органн1ың газеті болды?

  5. Газетегі сұхбат жанры.

  6. Мақаланың құрылымы мен түрлері.

  7. «Егемен Қазақстан» газеті айдарлары.

  1. Мақаланың түрлерін ата , түсіндір.

  2. БАҚ-тың үш функциясы.

  3. «Қазақстан-Заман» газетін сипатта

Халықаралық «Қазақстан-Zaman» газетінің 20 жылдық тарихынан

1992 жылы жарық көрген басылымның ең алғашқы санында «Қаламгер ой толғайды» айдарымен Әбіш Кекілбайдың «Ту тұғыры берік болсын десек...» атты материалы басылып, онда жазушы ұзақ ғасырлар бойы қазақ халқы аңсап келіп, енді ғана қол жеткізген тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеп, ұлт шаңырағын биіктетудің мүдде-мұддағасы жайында басқаларға ой салар толғамдарын ортаға салған.

 

 1992 жылы шыққан газеттерде осы айдармен Кәкімбек Салықовтың «Экология, экономика, саясат» атты мақаласы сияқты тағы да бірнеше өзекті мәселелер қозғалған. Басылымның алғашқы жылғы сандарында негізінен Түркия мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік саладағы екіжақты қарым-қатынасты дамытып, нығайтуға айрықша көңіл бөлініп отырғаны көзге бірден шалынады. Мысалы, газеттің алғашқы санында «Дұғай сәлем!» айдарымен Ислам Жеменейдің «Аңсап жүрген ағайын бар», Халифа Алтайдың «Алладан халқыма нұр жаусын» деген мақаласынан бастап әрі қарай да «Америкадағы ағайынның ақ тілегі», Мұртаза Жүнісұлының «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», Сәбит Дүйсенбиевтің «Қолыңды соз, ағайын»,— дейді бауырлар т.б. осы сынды материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрыпты. Газеттің екінші бір тұрақты айдары — «Көп сыр бүккен көне тарихтан». Осы айдармен берілген материалдар саны да жетерлік. Мәселен, К.Назыхановтың «Жент шаһары», Қ.Салғараұлының «Бұмын қаған», Ш.Кетенің «Жетіасар — түркілердің ежелгі мекені» мақаласын, бұдан басқа «Жошы хан», «Тұран-Иран ежелден туыс елміз!», «Құпия шежіре мен түркі шежірелері жайында» сынды материалдарды соған жатқызуға болады. Жиі болмаса да ара-тұра «Қазақстанның қадірменді қонағы» (Түркия Республикасының Премьер-министрі Сүлеймен Демирелдің сапарлап келуіне орай), «Құлаққағыс жасайды», «Көршілерге көз салсақ» («Түркия мен Түркімения дәнекерлері» мақаласы), «Елдестірмек елшіден» «Депутаттар құлағына алтын сырға» т.б. осындай айдарлар да газет жүгін көтергені кәміл. 1992 жылдың ең үздік мақаласы — «Қазақстан Азия жолбарысы бола ала ма?» (Авторы — Ш.Құттаяқов).

Ал 1993 жылы газет осы үрдісті әрі жалғап, негізгі айдарлар арқылы еліміздегі ең өзекті мәселелерді көтеріп отырған. Мәселен, дәл осы жылы 15 қараша күні Қазақстанның төл валютасы — теңге айналымға енгізілген-ді. Бұл жаңалық газет назарынан тыс қалмады. Бұдан басқа ел өміріне қатысты көптеген өзекті мәселелер газет бетінен орын алды. Мысалы, С.Кәкімұлы мен Н.Ысқақтегінің «Түйткіл түйіндер, шабан шешімдер» атты ҚР Жоғарғы Кеңесі мен министрлер кабинетінің назарына жолдаған материалы, «Түркияға қазақтар қайдан келген?» (Ержан Уәйіс), «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» (Е.Уәйіс), Ислам әлемінде айдарымен «Қарт Памирде қара бұлт» (Ш.Құттаяқов), «Діни дастандар тағлымы» (Рахманқұл Бердібаев), Алаштың алтын қорынан «Ноғай», Ислам шежіресінен «Пайғамбарлар туралы хиссалар және халифалар тарихы». «Біреу білер, біреу білмес» айдарымен «Һарон халифа мен кембағал қарт», «Хорасан ата», «Алаштың алтын қорынан» «Өзбек хан», «Жәнібек хан», «Жүрекке жылы жаңалықтар» айдарымен қос елде болып жатқан ізгі жаңалықтар жайлы материалдар т.б. осы сынды толып жатқан мақалалар қос ел — Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық байланыстың нығайып, беки түсуіне, сөйтіп, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда олардың бір-біріне кірігіп, етене жақындай түсуіне зор рөл атқарды. Бұл жылдың ең үздік материалы — «Біріксең беріксің, бір-біріңе серіксің» (Әбдіқадыр Дәуітбекұлы).

1994 жылдың басты жаңалығы — осы жылы ғарыш кеңістігіне қазақтың екінші бір ұлы Талғат Мұсабаев көтерілді. Ол «Союз-ТМ-19» ғарыш кемесінің борт-инженері болды. Дәл осы жылы Қазақстан мен РФ Байқоңыр космодромын жалдау туралы алдын ала келісім жасады. “Ақ ордадан ақпарат”. “Елең еткізер оқиға” айдарымен «Мехметшілер Боснияға аттанды», “Әлем жаңалықтары”, “Келіндерге бірер сөз” айдарымен З.Ахметова «Тез өтер қызық дәурен оң жақтағы», Ойтүрткі айдарымен «Астана атын ойлассақ» (Б.Бодаубай), «Ескі сүрлеуге жол берілмейді» (Енес Жансевер), «Мәйітті жерлеу және оны атқару дәстүрлері» (Халел Арғынбаев), «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Адамдар жаратылысы», «Ұлттық сана қоңырауы», «Қазақ хандығы» (Қ.Салғараұлы)

Жылдың үздік мақаласы — «Ислам діні және оның жетекші жауапкершілігі» (Әли Байрам).

1995 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын мерекелеуге әзірлікті күшейту туралы Президент қаулысына қол қойылса, осы жылы аталған мерейтойға қатысты көптеген материалдар жарық көрді. Олардың қатарында «Ілесіп ұлы Абайға ілгерілеп» (Ш.Елеукенов), «Абай энциклопедиясы» (Таңатқан Рсаев), «Білімсіздер білімдіге жау болды» (Немат Келімбетов), «Абай ішіп үлгермеген у қандай?» (Серікқали Хасан), «Абайдың құрдасы «Әнияр» кім еді?» (Бейбір Сапаралы), «Мәңгілік жан» (Талаптан Ахметжан», «Абайдың әлемдік тойы» (Қайырбек Асанов), «Түркі халықтарының шыққан тегі» (Амангелді Тұңғышұлы), «Ұлттық идеологияның негізі бар» (М.Қайыңбаев),

Осы жылдың 29 сәуірі күні Бүкілхалықтық референдум өтіп, халық қалауы Н.Назарбаевқа түсті. Бұл жайлы Әли Байрамның «Елбасыға ел сенеді» атты мақаласы жарияланды. Газетте тарихқа да көп көңіл бөлінді. Мәселен, «Күміс зереншедегі жазу» атты топтама материал (Әбілхан Әбіласан), «Тарих тағлымдары» айдарымен «Өткенге аз ғана шегініс» (Мекемтас Мырзахметов), «Түркі әлемінің тұлғалары» айдарымен «Алғашқы түркі мемлекеттері» (Амангелді Тұңғышұлы), Әлімғазы Дәулетхан аудармасында жарық көрген «Осман мемлекетінің ең ұлы билеушілерінің бірі — Абдухамит хан», «Межеллені (заң кодексі) дайындаған Ахмет Жәудәт Паша», «Астрономия ғылымының данышпан білгірі Әли Құсшы», «Үндістанда ислам-түрік мемлекетін орнатқан Бабыр шах», «Классикалық әдебиеттің ұлы ақыны Баки Барбарс», «Теңізші Хайреддин Паша», «Осман Ғазының әкесі — Ертұғрыл Ғазы», «Жиһангез Әулие Шелеби», «Фәлсафа әлемінің жарық жұлдызы Әл-Фараби», «Дәрігер — Ибн-Сина», «Сұлтан Қылышарыстан» т.б. осы сынды бірнеше материалдар соның айғағы. Осы жылы түркі халқының аяулы ұлы Мұстафа Өзтүрік қапыда қаза болды. Газетте бұл жайлы да материал жарияланды. Бұл жылы Республика Парламенті таратылды. Жаңа конституция жобасын талқылауға қатысты «Ардың шыңы — Ата заң» материалында оқырмандар пікірі жарияланды. Бұдан басқа «Аралды қалпына келтіру бағдарламасы» (Шаймерден Төлегенұлы), «Парламент мәжілісі сайлауы өтті» (Т.Баев), «Тамыры терең туыстық» айдарымен С.Демирелдің Алматыға ресми сапары (Әли Байрам), «Балқандағы жағдай шиеленісе түсуде» (Ерхан Башиурт) «Дағдарыстан шығудың жолы қандай?» (Ерхан Башиурт) т.б. осы сынды саяси-экономикалық материалдар жарық көрді. Ең үздік материал — «Арал — бүкіл дүниежүзілік проблема» (С.Ізтілеу).

1996 жылғы газетте негізінен саяси-экономикалық, тіл, тарих, әлеуметтік, әдебиет мәселелері көбірек қамтылған. Олардың қатарында сараптамалық материал «Қазіргі қазақ қандайсың?», «Бүгінгі қазақтың рухы қандай?» (Секен Дорженов), «Ұлт мәдениетінің типологиясы» (Тұрсын Ғабитов), «Рухани террорға тосқауыл қоймай, ұлт болып қалыптасу мүмкін емес» (Аманхан Әлімов), «Арал мәселесі қалай шешілуде?» атты тақырып бойынша Кәкімбек Салықовпен сұхбат (Жеңіс Қашқынов),

Үздік мақала — «Языковой политике требуется благоразумие, а не шумиха» ((Мұхтар Тогусов).

1997 жылғы газетте негізінен саясат пен экономика, әлеуметтік, тарих, демография мәселелері көбірек қаузалған. Осы жылдың басты жаңалығы Қазақстанның бас қаласы Алматыдан Ақмолаға көшті. Солардың ішіндегі сүбелі материалдар: «Баспасөз кімнің қолында?» (Рая Ескендірова), «Шәміл тарихы және Чешен төңірегіндегі саясат шытырманы» (Серікбай Алпысұлы), «Влияние исламской цивилизаций на Европу» (Рене Бенон), «Мұстафаны оқығанда» (Б.Орынбекұлы), «Бүгінгі сот жүйесі қандай?» (Шаймерден Төлегенұлы), «Кредитные опеки с пшиковым результатом» (Мадат Аққозин), «Қазақ және «қазақтандыру» (Есенғазы Қуандықов), «ҚапШанхайдағы қайқы шатырлар» (Ж.Борантаев), «Парламент не бітіріп отыр?» (Рая Ескендірова), М.Жолдасбековпен сұхбат «Қазақстан-ЗАМАН» — мың жылдық сағыныштан туған газет» (Толымбек Әбдірайымұлы), «Бес мыңнан бес жүз мың» (бизнес туралы сараптама, Ж.Жанділдин), «Орыстандық деп даурықпау, «қытай қаптайды» деп қорықпау керек» (экономикалық реформа туралы, Ж.Жанділдин), «Болашақ американдықтардікі ме, әлде түркі халықтарынікі ме?» (Мехмет Гундем), «Өткеннен жеткен тарихи сабақ...» (тәуелсіздік ұстанымдарына ұсыныс, Адам Мекебаев), «Рух» айдарымен «Осы біз қандаймыз?» (Бейбіт Қойшыбаев), «Өркениет — ортақ мұрат» (Әлмұхан Исақ), «Қазақтың Отан соғысы тарихы» (Молдияр Серікбаев),

1998 жылы елдің бас қаласы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. ҚР Астанасының тұсаукесер құрметіне «Астана» естелік медалі тағайындалды. 10 маусым күні Астананың Халықаралық тұсаукесері өткізілді. Бұл оқиғалардың бәрі газет бетінен орын алды. Бұл жылы да газет өзінің халықаралық мәртебесіне сай, саясат пен экономика, әлеуметтік, халықаралық қатынас, ынтымақтастық тақырыптарына баса назар аударды. Мәселен, «Сенім дағдарысы және тәуелсіздік тағдыры» (Айтан Нүсіпхан), «Ғасырды шығарып саларда» (Камал Смайылов), «ХХ ғасыр жеті жылдан тұрмайды» (С.Ақатай), Каир университетінің профессоры Хасан Нефаемен сұхбат «Таяу Шығысқа тыным бола ма?» (Ерхан Башиурт),

1999 жыл. Бұл жылғы газеттегі басты жаңалық, осы жылдан бастап басылым бетінде телеарналар бағдарламасы беріле бастады. Бұл жылғы шыққан сүйекті материалдар төмендегідей. «Түркі дүниесінің 1998 жылғы сыйлығы Назарбаевқа тапсырылды», «Назарбаевпен 2006 жылға дейін» (Енес Жансевер), «НАТО ма, әлде басқа ма?» (Жан Шаймұратұлы), «Табуляция. Старые правила политической игры в новом Казахстане» (Әзімбай Ғали), «Қазақстанның Түркиядағы елшісі Қайрат Сарыбаймен сұхбат «Басты мақсат — елге экономикалық пайда тигізу» (Е.Жансевер, Баян Болатхан), «Демократия — білімді елге тән» (Игілік Жанұлы), «Ұлт мүддесі неге аяқасты қала бермек?» (С.Ақатай), «Қазаққа бір «Аттан» қажет пе?», «Жердің сатылуы елдің қоса сатылуы емес пе?» (Оңғар Сапарбекұлы), «Жерді саттық деген — елді сату» (Парламентке Ашық хат)

2001 жылғы газетте де сұхбаттасуға кең орын берілген. Мәселен, «Ағайын арасы» деген айдармен берілген «Енді он жылдан кейін Қазақстан бай өлкеге айналады» атты мақаланы Ахмет Аляз Али Токулдан сұхбат алу арқылы беріпті. Тағы да осы автордың «Түркияның 10-шы президенті — Ахмет Неждет Сезер» мақаласы саяси бейнепортрет стилінде жазылған. Ал И.Жанұлының «Рухани сорбұлақтар көбейді» мақаласы белгілі қаламгер Герольд Бельгермен сұхбат ретінде берілген. Басылым халықаралық газет болғандықтан, саяси бағытынан жаңылмаған. Ондағы «АҚШ-Қытай жанжалында қайсысын жақтау керек?» (Марат Әнденов), «Оңтүстік шекара тыныштығы алаңдатса...», «Көршіңмен қалайсың?» «Әскердегі «ақсақалдық», «жерлестік» және «ұлтшылдық» (Бейбіт Төлегенұлы), «Таразының екі басы тең бе?» (Ғ.Ақсейіт), «Қазақ пен казак арасы» (Нәзира Сәрсекова), «Көгілдір отын Қазақстан үшін қат па?» (Ғ.Ақсейіт), «Ауылдың ақ пен қарасы» (Б.Мүрсәлім), Дүкен Мәсімхан: «Біз, қазақтар, ал, қытайлар...» (салыстырмалы сараптама, әзірлеген Ғ.Ақсейіт), «Адамзатты алаңдатып отырған Ауғанстан» (Х.Гүлерже), «Күнгей Әзірбайжан қасіреті» (Наурыз Қожахметұлы),

2002 жылғы материалдар ішінде көңіл аудартар өзектілері: «Қазақта киелі қарашаңырақ бар ма?» атты дөңгелек үстел, «Президент неге үнсіз отыр?» (С.Аққұлұлы), «Іштен шыққан жау жаман» (Берік Садық), «Ресей АҚШ-тың Ауғанстанда қалуына неге қарсы?» (Г.Қойшығұлова), «Елдің күткені — Елбасы байламы» (С.Аққұлұлы), «Қазақ жұрты және демократия» (М.Тоқашбаев), «АҚШ-Орталық Азия: әскери қауіпсіздік саясаты» (Нұрбол Станов), «Халықаралық қылмыстық сот: Қазақстан мүшелікке әзір ме?» (Р.Кертаев), «Ресей-Гүржістан: қақтығыс қантөгіске соқтырмай ма?» (Р.Кертаев), «Ирактың жазығы — тәуелсіздігі ме?» (Р.Кертаев), «Ата заң — мемлекеттік негізі» (Р.Думанұлы), «Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан білімі» (ҚР Білім және ғылым министрі Шәмшә Беркімбаева), «Ұлт рухы тілімен қуатты» (А.Тұяқбайұлы), Қызылорда облысының әкімі Серікбай Нұрғисаевпен сұхбат «Қырық жылдан кейін кіші Аралға араша табылды» (Балтабек Түйетай), «АҚШ-Ирак: дипломатиялық соғыс» (Р.Кертаев), «Ататүрік және Тәуелсіз Түркия» (Ахмет Аляз), Сұлтан Сартаевпен сұхбат «Тәуелсіздік тарихы осылай басталған» (Төреғали Тәшенов), «Катеv — Қазақстан келешегінің инвесторы» (Ахмет Аляз, Ұлан Еркінбеков). Ең бастысы осы жылғы басылым бетінде қазақтың біртуар ұлы Дінмұхаммед Қонаев атамыз туралы көлемді-көлемді материалдар мен естеліктер, толғаныс-эсселер көптеп жарияланған. Үздік мақала — Дулат Исабековпен сұхбат «Бізді құтқаратын ұлттық рух» (Бағдагүл Мұзартбекқызы).

2003 жылы газетте саясат бойынша «Көпвекторлы саясаттың салтанаты», «Шанхай процесінің жаңа кезеңі» (Талғат Жұмағұлов), «Ауыл — қазақтың бесігі», «Азияның болашағы — терең ынтымақтастықта», «Қытайдың Ху Цзиньтаосы кім?», «Қытайдың инвестициялық саясаты» «Нарық жетегіндегі нұралықтар», «Су тапшылығы», «Көші-қон» полициясындағылар сауатты ма? (Әлімжан Әшімұлы), «Қазақ қоғамындағы ендігі идеал — отбасы» (Бағдагүл Мұзартбекқызы), «Рубль аймағы Қазақстанға керек пе?» (Ж.Жанділдин), «Түркия Еуропа Одағына кіре ала ма?» (сараптама), «Әңгіртаяқ» (А.Шарон туралы), Ясир Арафат (Аян), «Жаһандағы қауіпсіздік кілті — Азияда!» (Ұлан Еркінбеков), «Жаһандық проблемаға жаңа көзқарас» (С.Досанов), «Ақталынбайтын агрессия», «Ирак тағдыры не болады?» (Марат Тоқашбаев) т.б. Ең үздік мақала — «Өзгелерді аласартпай, ұлтымызды көтерейік» (Ахмет Аляз).

Қазақстан Заман газетінің бас директорынан алынған сұхбаттан қазіргі осы газеттің жағдайы. – Сіз басшылық жасап отырған «Қазақстан-Zaman» газетін де Тәуелсіздігімізбен бірге жасасып келе жатқан басылым деуге болады. Газеттің қазіргі тыныс-тіршілігі қалай? – Биыл Қазақстанның өз алдына дербес ел болып, жаңа мемлекет құрғанына 20 жыл толып отыр. Менің де Түркия жерінен осы елге табан тірегеніме 20 жылға жуық­тап қалыпты. Одан бергі уақытта қазақ қоғамындағы барлық өзгерістер – менің көз алдымда. Сонау 1992 жылы бір топ түрік жасы білім іздеп Қазақстанға тұңғыш келгенде, мұндағы жағдай мүлде біз ойлағандай емес еді. Әрине, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қиыншылықтар көп болды. Елдегі экономикалық жағдаймен қоса тілдік проблема да ушығып тұрған кез. Шетелден келген студенттер негізінен мұнда орыс тілінде білім алуға ұмтылатын. Бірақ біз Қазақстанның болашағына үлкен сеніммен қарап, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қазақ бөлімінде оқыдық. Студент кезімізден қазақтілді   басылымдар­ға араласып тұрдық. Сол кезде «Заман-Қазақстан» газеті жаңадан жарыққа шыға бастады. Бүгінде «Қазақстан-Заман» деп аталатын осы басылым Қазақстан Тәуелсіз­дік алғаннан кейін 1992 жылы 17 қаңтарда ашылған. Бұл газет Қазақстанда тұңғыш ашылған шетелдік еларалық еркін басылым болды. Содан бергі уақыт кеңістігінде біздің басылым түркі руханиятын көтеруге және осы елде жарық көріп отырғандықтан, қа­зақ ұлтының сөзін сөйлеп, қазақ мүддесіне қызмет ету жолынан айныған емес. Бүгінгі таңда «Қазақстан-Заман» газетінің ұжы­мын­да түгелдей дерлік қазақ бауырлары­мыз жұмыс істейді. Ұжымдағы жалғыз мен ғана түрікпін. Бірақ 20 жылдан бері қазақ жерін­де тұрып жатқандықтан, осы елде қызмет етіп, ауасын жұтып, суын ішіп жүргеннен кейін, менің де әр қазақпен тілегім бір, жүрегім де үндес. Тәуелсіздікпен бірге жасасып келе жатқан біздің басылым да кезінде түрлі жағдайларда бірнеше рет өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Әйтсе де қайта-қайта жасалған талпыныс­тардың арқасында газет қайта жанданып, өз мис­сия­сын жалғастырып  келеді. «Қа­зақ­стан-Заман» басылымы Түркия мен Қазақстан арасындағы рухани көпірге айнала білді. Бұл ретте екі елдің зиялы азаматтары мен ұжымдағы журна­лис­тердің де еңбегін ескермей кетсек болмас