Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GRE final teoriya.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
245.28 Кб
Скачать
  1. 3) Ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша: шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооператив; акционерлік қоғам; мемлекеттік кәсіпорындар.

  2. Елімізде кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр. Қазіргі кезге дейін кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Мемлекетіміз бизнесті қолдаудың жүйелі шараларын әзірледі, олар Өнімділік 2020, Экспорт 2020, Инвестор 2020, Жұмыспен қату 2020, Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламалары, сондай-ақ Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) арқылы жүргізіліп жатыр.

  3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастырушылық –құқықтық қамтамасыз етуде 2006 жылы қабылданған “Жеке кәсіпкерлік” туралы ҚР заңы және “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының маңыздылығы жоғары/

  4. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі.

  5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігінің объективті негіздерін қарастырмас бұрын бұл түсінікке анықтама берейік. Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық үрдістерге мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдастырушылық – құқықтық араласудың негізгі нысаны болып табылады. Ол макроэкономикалық тұрақтылық пен ұтымды теңгермешілікті сақтау мақсатын көздейді.

  6. Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерістерге бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар жүйесі болып табылады.

  7. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни, экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі.

  8. Өндіргіш күштердің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызды, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әртүрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама – қайшылықтың күшеюі, жаппай жұмыссыздықтың пайда болуы, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейіннен әлемдік дағдарыстарға ұласты. Нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін экономикалық саясатты жүргізу қажеттілігі мемлекеттің ықпал етуін талап етті.

  9. Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы» барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді.

  10. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі міндеттерді шешеді.

  11. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

  12. Мемлекеттік реттеу және экономикалық қауіпсіздік

  13. Мемлекеттік Реттеу  – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.

  14. Экономикалық қауіпсіздік – мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау. Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп мемлекеттік жүйенің басқару жүйесінің негізгі буындарының құлдырауы, ұлттық байлыққа нұқсан келу, технологиялық артта қалушылық, қаржы - несие, валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми әлеуметтік регресс, қоғамның ыдырауы, конституциялық әлеуметтік және кепілдікпен адамдарды қамтамасыз ете алмау сияқты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындайтын қауіптің мүмкіндігі. Экономикалылық қауіпсіздікке әсер ететін факторларға табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды жатқызуға болады.

  15. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясы, негізгі мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жалпы қоғамның әрекетінің ортақ бағыттылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып, әлуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, негізгі құндылықтарды қорғау, Қазақстан халқының өмір сүруінің материалдық негіздерін, оның құқықтары мен бостандықтарын, республиканың ішкі және сыртқы саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау.

  16. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік – ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады.

  17. Экономикалық қауіпсіздік

    Сыртқы

    Ішкі

    Қаржы-лық

    Сауда

    Технология-лық

    Азық-түлік

    Энергетика-лық

    Шикі-заттық

    Эколо-гиялық

    Ақпа-раттық

  18. ҚР мемлекеттік еңбек нарығының негізгі бағыттары мен әдістері

  19. Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі және оны жетілдіру қажеттілігі

  20. Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Жергілікті органдар өзінің қызметін орталық биліктердің бақылауыңда атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы мүмкін. Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды қызметкерлерін жұмыстан босата алады. Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен кіріс түсуден құралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпымемлекеттік деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін білдіреді. Сонымен қатар жергілікті органдарды қоғамдық, сот және т.б. бақылаулар арқылы тежейді. Бұл орайда сот билігінің жергілікті атқару органдарынан тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі өте маңызды. Президентіміздің биылғы жылғы халыққа Жолдауында тұрғын - үй құрылысының жаңа саясаты тұрғысында "құрылысты арзандату мақсатында тұрғын-үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергілікті билік алуы тиіс" дей келе, "облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, дансаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс" деп нақты әрі ашық міндеттерді алға тартты. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.

  21. ҚР әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері

  22. Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.

  23. Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.

  24. Өнеркәсіптік саясат- әлемдік шаруашылық байланыстар варианттарын ескере отырып, дамудын накты мумкиндиктерин талдау негизинде накты максаттарды аныктау, дамудын басымдылыктар жуйесин бекиту, басымдылыктарды дузеге асыру механизмдерин аныктау болып саналады. Онеркасиптик саясаттын стратегиясын жасауда баска елдердин тажирбиесин колдану керек. Мысалы Жапонияда улттык ондиристи кушейтумен байланыстырылган экономиканын ашыктыгын реттеумен аныкталады: ондиристик куралдарды кезен-кезенмен жангырту; басым багыттарга байланысты технология денгейин котеру жане т.б.

  25. Құрылымдық саясаттың мәні, рөлі және экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі орны

  26. Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады.

  27. Олар қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасында, аралық және дайын өнім, өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қорлары мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар.

  • Экономика құрылымы деп еңбекті жалпы бөлуді сипаттайтын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары мен ұдайы өндіріс үдерісін көрсектетін, оның түрлі салаларының қатынастары түсіндіріледі.

  • Атқарымдылық құрылым-әр түрлі қажеттіліктердегі ЖІӨ-ді өндіріс факторларының кесіндісінде бөлуді сипаттаиды.

  • Әлеуметтік құрылым. Әлеуметтік секторға – жеке, корпоративтік, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді көрсетеді.

  • Салалық құрылым.Үш деңгейден тұрады – макроэкономикалық, салааралық және өндірістік.

  1. Экономикалық өмiрге мемлекеттiк әсер ету шаралары:

  2. Салық, ақша, бағам, баға және кеден саясаты, техникалық және экономикалық стандарттар. Олардың негiзгi мiндеттерi - индустрияның дамуына қолайлы ықпал ететiн жалпы жағдай туғызу; нарықтың барлық субъектiлерiнiң экономикалық және институционалдық, ұйымдық және құқықтық белсендiлiк ортасын қалыптастыру.

  3. ЭМР және өнеркәсіптік саясат

  4. Аймақтық экономиканы құрудың теориялық негіздері

  5. Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталады.

  6. Ал, аймақтық саясаттың мәні - жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

  7. Республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:

  • шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;

  • индустриялық дамыған

  • агроөнеркәсіптік;

  • дағдарыстық.

  • Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің дамуына мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар

  • Екінші топ - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірісті әлеуеті бар, қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар.

  • Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

  • Төртінші топқа - қысылшаң (экстремльный) табиғи-климаттық, әлеуметтік - экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]