Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС - ТГП.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
118.27 Кб
Скачать

Оқыту әдістері: Дәрістер және сұрау салу

Сөз жарыстыру және кішігірім топтарда жұмыс істеу

Қысқа баяндамалар

Сабақта интервью алу

Конференциялар мен презентациялар

Оқытушының студентке қатысты күтетін нәтижелері. Курсты тәмамдағаннан соң студенттер келесілерді меңгеруі қажет:

  • мемлекет және құқық теориясының негізгі түсініктерін меңгеруі;

  • негізгі және қосымша әдебиеттерді табу және зерделей білу;

  • ҚР Конституциясының белгілі бір құқықтық мәселелерін шешуде «ҚР Нормативтік құқықтық актілер туралы»заңын, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық құқық нормаларын талдай және қолдана білуі;

  • Қазақстанда болып жатқан мемлекеттік-құқықтық өзгерістерге объективтік баға беруі қажет.

3. Студенттердің білімін бағалаудың жүйесі

Оқудың мерзімі – 16 апта

Аралық бақылау мерзімдері – 7 және 15 апта, барлығы 2 АБ

Сессия –16 апта, емтихан тестілеунемесе жазбаша нысанда қабылданады

СӨЖ –барлығы4, бақылау формасы – ауызша және жазбаша (тақырыптар төменде көрсетіледі)

Баға: Барлығы – 100 б. Курс бойынша баға келесі компоненттерден құралады:

1. 15семинар сабақтары, шекті баға –4балл. Студент5семинар сабақтарына жауап беруі қажет.4х5=20б.

2. 2 АБ 5баллдан, барлығы –10 б.

3. 4СӨЖ, әрбір СӨЖ6баллдан, барлығы – 24балл.

4. Дәрістерге қатысуы (дәріс жазбаларын тексеруді қоса) – 6 б.

5. Емтихан – 40 б.

Бақылау формалары (ағымдағы, қорытынды)

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ.

БАРЛЫҒЫ – 4 СӨЖ.

1. а) Ф. Энгельстің «Отбасының, жеке меншік және мемлекеттің шығуы» еңбегінің 1 тарауының 2 бөлімі; 2,9-тарауларды зерделеп, конспектілеу және ауызша формада тапсыруы міндетті.

б) В.И. Лениннің «Мемлекет туралы» мақалаларын немесе Ш.Ш. Уалихановтың «Сот реформасы туралы жазбасының» билер сотына байланысты бөлімін конспектілеу және ауызша формада тапсыру – таңдау бойынша.

в) С. Зимановтың «Қазақтың ата зңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер» 10 томдық, Алматы: Жеті жарғы, 2001ж. еңбегінің 1-ші томының “Қазатың ата заңдары және оның бастаулары” және 2-ші томның “Қазақ ата заңдары турлы кейбір ойлар” мақалаларын зерделеп, конспектілеу және ауызша формада тапсыруы міндетті. Тапсыру мерзімі – 3 апта

2. а) Шамшатұлының «Мемлекет деген не?» мақаласын зерделеу.

б) Ғ.С.Сапарғалиевтың және А.С.Ибраеваның «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, Жеті-Жарғы, 2003ж. шыққан оқулықтың 25-тарауын «ҚР жалпы сипаты» және 26-тарауын «ҚР құқықтық жүйесі» конспектілеу және ауызша формада тапсыруы міндетті.

в) С.С.Сартаевтың және Л.Т.Назаркулованың «ҚР Конституциясының қалыптасуы» еңбегінің 1-т. §2 және 2-т. §1 немесе М.Т.Баймахановтың «Избранные труды по теории государства и права» Алматы, 2002ж. еңбегінің «Функции государства и функции государственных органов» мақаласын зерделеп, конспектілеу және ауызша формада тапсыру – таңдау бойынша. Тапсыру мерзімі – 6 апта.

3. ҚР Нормативтік құқықтық актілер туралы заңын зерделеу. 1, 3, 3.1, 4, 17, 36, 37, 38 баптарын конспектілеу, ауызша формада тапсыруы міндетті. НҚА түсінігін, оның түрлерін, иерархиясын, кеңістіктегі, уақыт бойынша және тұлғаларға қатысты қолданылуын ашу. Тапсыру мерзімі – 9 апта.

4. Глоссарий – мемлекет және құқық теориясы пәнінің негізгі термин сөздерінің түсінігін конспектілеу және ауызша формада тапсыруы міндетті. Тапсыру мерзімі – 12,13 апта.