Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ел болашаы – білікті маман олында.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
144.8 Кб
Скачать

6. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

7. Мәтіннің мазмұнын айтып беру үшін жоспар құрыңыз.

8. Ұсынылып отырған мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес деп ойлайсыз? Мақал-мәтелдің сәйкес келетін азат жолын көрсетіп, ойыңызды түсіндіріңіз.

1. Жақсыны арман оздырар,  Жаманды құлқын тоздырар.

2. Оқу - инемен құдық қазғандай

3. Білекті бірді жығар, 

Білімді мыңды жығар.

4. Өзің бір жақсы ғалым болсаң,

Елге мәшһүр мәлім боларсың. 

5. Көп жасаған білмейді,

Көп көрген біледі. 

6. Ғылым – теңіз, білім қайық.

7. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

8. Ердің атын еңбек шығарады.

9. Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

9. Мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

ІІІ. Жазылым

10. Екі бағанада берілген ақпаратты сәйкестендеріңздер.

1. Ғалым докторлық диссертациясын Германияда қорғады,

A. Фулбрайт және Александр  фон Гумбольдт ғылыми стипендиларының иегері

2. 1997 жылы университетті үздік бітіріп, сол жылы Германия академиялық алмасулар қызметінен (DAAD) стипендия алып,

B. зерттеулер жүргізді.

3. Қазақстанда алғаш рет жоғары оқу орындары оқытушыларының арасында «Дарынды Ұстаз» конкурсы өткізілді.

C. себебі юриспруденция саласынан  көптеген жетістіктерімен және өзінің көпғасырлық дәстүрлерімен даңқы шыққан ел.

4. Жеңіс Кембаев Германиядағы Гамбург және Кёльн университеттерінің түлегі

D. Конкурстың қорытындысы бойынша құқықтану саласындағы үздік оқытушы ҚМЭБИ заң факультетінің профессоры, өз ісінің үлкен кәсіби маманы және көптеген студенттердің сүйікті оқытушысы Жеңіс Кембаев болды.

5. Жас ғалым БСҰ-дың Лос-Анджелестегі Саутвестерн құқық мектебінің аймақтық интеграциялық ұйымдарымен әрекеттестігінің құқықтық мәселелеріне

F. Гамбург университетінің заң факультетіндегі LL.M магистратура бағдарламасы бойынша оқуға барады.

1.______, 2_______, 3_____, 4____, 5_____

11. Мәтінді тағы бір оқып шығыңыздар. Әр азат жолға түйіндеме жазыңыздар.

12. ҚМЭБИ Құқық факультетінің профессоры Жеңіс Кембаевтан білім және еңбек жолы туралы шағын мақала дайындаңыздар.

Грамматикалық түсініктеме

Мезгіл мәнді құрылымдар

1. Жатыс жалғаулы есімшеден болады:-ғанда, -генде

- қанда, -кенде

Мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге түсекенде, неміс және ағылшын тілдерін қарқынды түрде оқи бастадым.

2. Өткен шақ есімшеге ша, -ше жұрнағы қосылу арқылы жасалады.

Қазақстан Тәуелсіздк алғанша, тек Алматы мен Қарағандыда ғана екі заң факультеті болатын.

3. Атау тұлғалы есімшеге сайын, соң, кезде, күнде, уақытта, мезгілде, сәтте, күні, жылы сөздерінің көмекші болып айтылуы арқылы жасалады.

Университетті бітірген соң, прокуратураға жұмысқа орналасатын болдым.

Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де кандидаттық диссертациясын қорғаған жылы, беделді Фулбрайт стипендиясын алды.

4. Барыс жалғаулы есімшеге шейін, дейін шылаулары тіркесіп айтылуы арқылы жасалады.

Жас ғалым 2004 жылы тамыз айында ҚМЭБИ-де жұмыс істегенге дейін, Лос-Анджелестегі Саутвестерн құқық мектебінің аймақтық интеграциялық ұйымдарымен әрекеттестігінің құқықтық мәселелеріне зерттеулер жүргізді.

5. Шығыс жалғаулы есімшеге кейін, соң, бері шылаулары тіркесіп айтылуы арқылы жасалады.

Жеңіс Кембаев ҚазҰУ-ды бітіргеннен кейін Германия академиялық алмасулар қызметінен (DAAD) стипендия алып, Гамбург университетінің заң факультетіндегі LL.M магистратура бағдарламасы бойынша оқуға кетті.

Оқылым ІІ

13. Мәтінді оқыңыз. Таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.

14. Жаңа сөздердің баламасын сөздіктен тауып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.

Ел болашағы – білікті маман қолында

 

Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін ескерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қозғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде!