Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ел болашаы – білікті маман олында.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
144.8 Кб
Скачать

15. Сұрақтарға жауап беріңіздер. Жауабыңызды логикалық жүйелікпен орналастырыңыз.

1. Білікті маман болуды қалай түсінесіз?

2. Жұмыссыздықтан құтылудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

3. Бәсекеге қабілеттілік дегенді қалай түсінесіз?

4. Олар неге қадам жасайды?

5. Қазіргі жастар неге талпынады?

16. Бірінші мәтін мен екінші мәтіннің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыз

17. Сіздің пікіріңіз. Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз:

1. Қазіргі жастар жоғары білікті маман болуды армандайды.

2. Бәсекеге қабілетті маман болу әркімнің қолынан келеді.

3. Жұмыс табу студенттің қабілетіне, мамандығына байланысты.

4. Жас маман бірден жоғары жалақы алғысы келеді, сондықтан жұмыс таба алмай жүріп қалады.

5. Білікті маман болу үшін, тек университеттің білімі жеткіліксіз.

ІY. Тыңдалым

18. Мәтіннің әр бөлімін жеке-жеке екі реттен тыңдаңыз. Соңынан тапсырмаларды орындаңыз.

Американы мойындатқан қазақ қызы да ҚазҰУ-дың студенті

1-бөлім

Гауһар Амантаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің түлегі. 2009 жылы АҚШ президенті Барак Обаманың инаугурациясына қатысты.  Американың Небраска штатының астанасы Линкольннің құрметті азаматы. Қазір қазақстандық компаниялар мен фирмалардың шетелдермен байланыс орнатуына ұйытқы болып жүр. Гауһар: «Қазіргі кезде бауырлас тіл болғандықтан түрік тілін, ал Құран тілі болғандықтан араб тілін үйреніп жүрмін», — дейді.

 Халықаралық қатынастар факультетіне түскеннен кейін, шетелде оқығым келді. Осыған орай, 2007 жылы UGRAD бағдарламасының байқауына қатысып, грантты жеңіп алдым. Бұл грант Америкада бір жыл тегін оқуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ол жаққа бару және қайту билеті, тұратын орны, тамағы, әдебиеттер мен оқулықтар бәрі тегін еді.  Спорт комплекске барып дене шынықтырумен айналысқан кезімізде де ақы алған емес. Оқып жатқан мамандығымды ағылшын тілінде Небраска университетінде  жалғастырдым.  Америкада білім жүйесі өте жоғары дамыған. Студенттердің оқуға деген ынтасы да өте жоғары. Әрбір студент ізденіс үстінде жүреді. Сенесіз бе, студенттің бір минут артық уақыты жоқ. Олар бір күнде не істейтінін минутына дейін күнделікке жазып қояды. Олар оқуын оқи жүріп, бір-екі жерде жұмыс істейді. Қоғамдық және  волонтерлық жұмыстарды ақша төленбесе де шын ықыласымен атқарады. Өйткені,  жұмысқа орналасарда жұмыс беруші оның қандай қоғамдық жұмыстар атқарғанына, ұйымның берген  мінездемесіне ерекше мән береді. Мысалы, мен Азияттық қоғамдық мәдени орталықта 5-6 ай бойы волонтер болдым. Мен американдықтарға орысша, сырттан көшіп келген въетнамдарға, түріктерге, жапондарға ағылшын тілін үйреттім.

 Америкада адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында жоғары мәдениеттілік қалыптасқан. Қашанда бір-біріне кішіпейілділік пен ілтипат көрсетіп тұрады. Адам құқықтары мен бостандықтары жоғары құрметтеледі. Оқытушылар біліміңді әділ бағалауға тырысады, білім деңгейіңнің қандай екенін білу үшін бәрін тәтпіштеп сұрайды.      

Бастапқыда бір айдай қиналғаныммен, кейін диалект сөздердің өзін түсінетін жағдайға жеттім. Жаздық және қыстық демалысты өте мәнді өткіздім десем болады. Американың көрікті жерлері мен мәдени орындарының барлығын араладым. Демалыста  Нью-Йорк, Пенсильвания, Чикаго, Колорадо, Сан-Франциско, Лас-Вегас сынды көптеген штаттарға сапар шектім. Студенттің  шетелде оқығаны дұрыс, ол оның жан-жақты дамуы үшін қажет. Мен ол жақтан көп нәрсені үйрендім, керек емесін жиыстырып қойдым. Дегенмен де,  қазақтың салт-дәстүріне, қазағыма жететін дүниеде ештеңе жоқ екен. Мен қазақ қызы болғанымды мақтан тұтамын. Шалғайда жүріп елімді, туған-туысқандарымды қатты сағындым. Үйге келе жатқанда: «Мама, бауырсақ, қуырдақ, қазы-қарта пісіріп қойшы, елдің дәмін аңсап келемін», — деп телефон шалдым.

2-бөлім

         Небраска университетінде жүргенімде сабақты жақсы оқығанымды, үлгілі тәртібімді, қоғамдық жұмыстарға атсалысуымды, сондай-ақ маңызды жобаларға қатысып, тың пікірлер мен идеялар айтқанымды, тағы да басқа еңбегімді елегендіктен болар, олар маған Американың президенті Барак Обаманың инаугурациясына қатысуым үшін арнайы  шақырту жіберіпті. Небраска университетінде оқып жүрген кезімде маған Линкольн қаласының мэрі «Линкольн қаласының құрметті азаматы» деген атақ берді. Осы жағдай да мемлкеттік шараға шақырылуыма мұрындық болды-ау деп ойлаймын. 

Джордж Бушты американдықтар жақтырмайтындығы анық  көрініп тұратын. Ал, Барак Обама президент болғанда, оған халық ерекше ілтипат көрсетті. Инаугурация өтетін Капитольдың маңында ине шаншар жер қалмады. Қоғамдық көлік қозғалысы мен метро тоқтап, адамдар Капитольға жаяу ағылды. Әсіресе, негр халқының қуанышында шек болмады. Жиналған қауымның  сөздерінен, дауыстарынан шаттық пен көтеріңкі көңіл күйдің лебі есіп тұрды. Олардың кейде бір-бірімен телефон арқылы сөйлескен сөздерін естіп қаламын. Біреулер осы күнді өз көзімен көру үшін сонау Голландиядан ұшып келдім десе, енді біреулер Еуропаның өзге де елдерінен келіп жатқандығын айтып жатты.

Инаугурацияға қонақтар арнайы шақыртумен де, өз еркімен де келді. Есте қаларлық нағыз халықтық мереке болды.  Барак Обаманың халықтың ықыласына бөленгені  мына бір тосын оқиғадан да көрініп тұрды. Ант беру кезінде Обама сөзден жаңылып қалды. Кейін телеарналарда осы оқиғаны тек факт ретінде көрсетіп өткені болмаса, ешкім бір ауыз артық сөз айтқан жоқ. 

Университеттік  президенттік инаугурациялық конференцияның мүшелері президенттің атынан құрметті қонақ ретінде маған медаль, төс белгі және менің суретім салынған кітапшаны тарту етті. Бұл заттар мен үшін бағалы естеліктер болып қалмақ. Инаугурациядан кейін балға қатыстық. Ақүйдің әйгілі саясаткерлерімен, АҚШ-тың танымал тұлғаларымен, конгрессмендермен кездестік. Олармен қызу пікірталас болды. Сонымен бірге «Әйел және саясат», «Саясаткерлердің қазіргі таңдағы рөлі» деген тақырыптағы конференцияларға қатыстым. Қарапайым қазақ қызына осыншама құрмет көрсеткен  американдықтарға алғысым шексіз.

Үйде оқуға арналған материал

Білімді болу – бәсекеге қабілетті болу

Газеттен мына бір жайтты оқып, тағы да терең  ойда қалдым: "өткен жылғы көрсеткіш бойынша, ел тұрғындары шамамен 13 миллион теңгеге кітап сатып алса, темекі өніміне 49 млн теңге жұмсаған екен." Қарап отырсақ, денсаулықты құртатын темекі мен адам баласын біліммен сусындыратын іске жұмсалған қаржы айырмасы шамамен 4 есе. Осыған қарап-ақ, елімізде кітапқа деген сұраныстың төмендегенін көре аламыз. Шынымен де бүгінгі күнде кітап оқып жүрген адамды сирек кездестіреміз. Қолына кітап ұстап жүргендерді көшеде көре қалса, сол адамды "задр" /бүгінгі күннің оқымыстысы/, ал қолына темекі ұстап алғандарды "модный" адам көргендей сынай таңытатындар да аз емес. Осындай санаттардың қатарында жүрген менің танысым бір күні маған: "Сен неге кітап оқи бересің?"-деді. Шамасы, мен оған "задр" болып көріндім. Шындыққа келгенде мен де көп кітап оқи бермеймін. Тек арасында "задрлығым" ұстап қалмаса :-)  Сол кезде мен оған Толстойдың мына бір сөзін айттым: "Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей." Расында да кітаптың жаманы болмас. /сектанттар тарататын кітаптардан басқасы/ Ол оқырманның көзімен жаман болып көрінуі мүмкін. Кітап оқу арқылы біз үнемі білімімізді шыңдап отырамыз. Білімді болу-бүгінгі күннің басты талабы. Білім мен байлықтың қайсысы артық дейтін болсақ, білім артық. Осыған дәлел ретінде Мырзагелді Кемелдің "Абзалдық әліппесі" кітабында мынандай жақсы сөздер бар:  1. Білім артық, өйткені, ол-пайғамбарлардан қалған мирас, байлық-бақылдардан қалған мұра. 2. Білім артықбілімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады. 3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады. 4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні таусылады. 5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің. 6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 7. Білім артықбілімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық. 9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады. 10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық деген екен. Ал біз білімді болсақ, байлықтың өзі-ақ келері анық. Сондықтан да білімді жастарымыз көбейе берсін.

Жазылым-2