Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Психология негіздері Сбет Бап-Баба

.pdf
Скачиваний:
509
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
4.56 Mб
Скачать

екіншіден – нәсілдіктен нақты психологиялық мазмұнға ие психикалық қабілеттің өзі пайда болмайды, оның дамуына негіз болатын табиғи алғы шарт – нышан ғана беріледі. Қабілет дамуының табиғи алғы шарты тек себепші ғана, ал адамның дарындылығы мен оның даму мүмкіндіктерін ол бойынша күні ілгері анықтап болмайды.

44. Қабілет және іс-әрекет

Қабілет іс-әрекет талаптарына орай бастау алады әрі сол нақты ісәрекетте қалыптасады.

Қабілет іс-әрекетке қосылмаған күннің өзінде, тұлға бойында оның іске асар мүмкіндігі ретінде сақталады. Қорытындылап айтсақ, қабілет

– тұлғаның қандай да нақты іс-әрекет, қызметке жарамдылығын танытушы күрделі әрі бірігімді психикалық ерекшеліктер жиынтығы.

Қандай да жетістіктер барысында іске аса отырып, адам қабілеттері тек көрініп қана қалмастан, жаңа белес деңгейінде қалыптасып, одан әрі дамуда болады.

Адамды басқа тіршілік түрлерінен ажыратушы белгі ретінде қабілеттер сол адамныңтабиғи-әлеуметтікболмысынқұрайды, ал ол болмыс – тарих өнімі. Адам табиғаты оның еңбектік іс-әрекетіне негізделіп, тарихи даму процесінде қалыптасады, сонымен бірге өзгерістерге түсіп отырады. Зерде (интеллектуал) қабілеттері адамның қоршаған дүниені мейлінше таныған сайын, оны өзгеріске келтіре білу ептілік, дағдыларының өрістеуімен бірге дами түседі. Тұлғаның көркем-өнер, әдеби шығармашылық, ән-күй және т.б. қабілеттері өнердің әрқилы түрлерінің даму барысына орайлас келеді.

Еңбектік іс-әрекет аясының кеңеюі және оның жаңа түрлерінің пайда болуымен адамда қабілеттердің де жаңа түрлері қалыптасып барады. Адамқабілеттеріменолардыңқұрылымытарихиөзгерістеболатынеңбек бөлісі формаларына тәуелді келеді.

Тарихи даму барысында адамзат қауымында әрқилы маманданған қабілеттер қалыптасып отырады. Олардың бәрі де адамның дербес еңбектенуіне және тарихи дамуға байланысты жасап, жинақтағандарды оқып, үйреніп меңгеруіне қажет қабілеттерде түрліше көрініс табады. Нәтижеде, іс-әрекеттің әрқилы түрлеріне орай – арнайы қабілеттер және жалпы қабілеттер өзара жіктеледі.

91

45. Қапбілет және дарындылық

Жалпы қабілет көбіне “дарындылық” терминімен белгіленіп жүр.

Дарындылық – бұл белгілі іс-әрекет саласындағы табысты қамтамасыз етуші қабілеттер тобы (комплекс).

Арнайы қабілеттер нақты мамандыққа орай іс-әрекет түріне қатысты көрінеді. Қандай да бір арнайы қабілеттер ішінде тек өкілінің адами қызметтерінің жетекші формаларының жалпы шарттарымен сәйкес келетін жалпы дарындылық та байқалуы мүмкін.

Адамның шынайы дарындылық кейпі осы жалпы және арнайы қасиеттердің ажырамас, өзара кіріге, бірігуімен ғана қамтамасыз етіледі.

Дарындылықтың аса жоғары деңгейі «талант» және «данышпандық» ұғымдарымен айқындалған.

Талант – нақты іс-әрекетке болған жоғары қабілеттілік. Данышпандық – бір дәуірлік мәні бар жетістіктерге арқау болған

қабілеттердің ең жоғары деңгейі.

Дарындылықтың, әсіресе, данышпандықтың психикалық ерекшеліктері жоғары дамыған тұлғада (интеллектте) оның қалыптан тыс ойлау мүмкіндігінен, жасампаздық сапаларынан, күшті көрегендігінен сезіледі.

Данышпандықтабыстардыңалғышарты–шығармашылжанпидалық,

бірегей жаңалық іздестіруге құлшыныс, жалпыадамзаттық мәдениеттің әрқилы саласында аса жоғары жетістіктерге болған ұмтылыс. Дарынды адамдар бала күннен ерте жедел психикалық дамуымен ерекшеленеді. Дарындылық пен данышпандықтың дамуына тұлғаның бірегей, тек өзіне тән ерекше психикалық бітістеріне кедергілік етпейтін ұнамды әлеуметтік жағдайлар қажет.

Данышпан дарындылығы белгілі бағытта өрбиді, сонымен бірге сол бағыттың қандай да қырлары басымдау келіп, оларға байланысты қабілет түрлері оның шығармашылығында жетекші бағдар күйінде көрініп барады.

Қабілеттердің даму барысындағы аса маңызды да мәнді көрсеткіштер

– сол қабілет қарқындылығы әрі оның жеңіл де шапшаң игеру мен алға ілгерілеуге жарасымдылығы. қабілеттердің нақты көрінісі мен дәлелдемесі білім игерудегі шапшаңдық және білімдік табыс нәтижесі, қажетті білімдер шеңберін мүлтіксіз меңгеру. Әр түрлі адамдар бір орайлас білімдерді игере отырып, әрқилы ойлау, ақыл деңгейіне көтеріледі.

92

Дарындылық көрсеткіші ретінде тұлғаның даму дәуірлері де алынуы мүмкін. Оның ерте жаста көрінуі (жағдайлардың әртүрлілігіне қарамастан) – дарындылықтың аса жоғары болуының белгісі. Бірақ, дарындылық ерте жаста көрінбеді, сондықтан ол болашақта өріс ала алмайды деп қорытындылауға болмайды. Мұның дәлелі әйгілі физик Эйнштейн – бала күнінде мектепте физикадан үштік бағаға «зар» болған оқушы, кейін, есейген шақта осы ғылым саласының әйгілі жетекшісіне айналды. Кейде дарындылық ерте көрініп, бірақ соңынан біз күткендей даму деңгейіне жете алмай қалады. Сондай-ақ, бар беретінін жастық шағында жарқыратып, кейін тоқырауға түсетіндерде аз емес. Мұндай жастарды халықаралық тілде «вундеркиндтер» деп атайды.

Сонымен, қабілеттердің ерте жастан көрінуі әлі дарындылық белгісін бермейді. Бұл тек адамның жалпы дамуындағы мәнді мезеттер ретінде ғана танылуы мүмкін.

Сырттай кедергіліік жағдайларындағы үлкен жетістіктерді қолға кіргізу–жоғарықабілеттіліктіңдәлелі.Алайда,жағымсызжағдайларды жеңе, өтіп, жоғары жетістіктерге жету тек қабілеттіліктен болмайтынын, оның тікелей тұлғалық ерік сапасына байланысты болатынын ұмытпаған жөн. Көптеген қабілеттер жоғары әрі жасампаздығы мол адамдар, өздерінің дамуына кедергілік жасайтын жағдайлардыжеңеалмай «сөніп» қалған сәттері аз болған емес. Сондықтан қабілеттердің дамуында қоғамдық жағдайлардың мәнді келетінін бірде естен шығармаған жөн.

46. Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу және сөйлеу

Ортақтасу (общение) – адамдар арасындағы рәміздік жүйе арқылы қоғамдық тәжірибе мен мәдени мұраны бірден бірге өткізуге және бірлікті іс-әрекет ұйымдастыруға бағышталған өзара әлеуметтік ықпалдасты қатынас түрі.

Ортақтасуәрекетіөзінің мазмұны,қызметіжәнеқұрал-жабдықтары

бойынша ажыралады.

Ортақтасу мазмұны көп мәнді, оның мақсаттары атқаратын қызметтерімен байланысты келеді. Психологияда ортақтасудың төрт негізгі қызметі аталады: ақпараттық – тілдесу (ақпарат қабылдау және жеткізу); реттеу-тілдесу (адамдардың өзара бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағышталған интерактивті саналық қатынасы; қабылдау-тиімділік (адамдарды әлеуметтік нысан ретінде қабылдап,

93

олардың көңіл-күй аймағына ықпал жасау); көңіл-күй – сезім шарпуы (адамның өзіндік көңіл толғанысын сездіре білуі).

Қолданылған құрал-жабдықтарына орай ортақтасу тікелей және

жанама, тура және қосымша, сөздік (вербалды) және ым-ишаратты

(паравербалды) болуы мүмкін.

Ортақтасутехникасы–психикалықбайланыстарқұру,ортақтасқан адамға ықпал жасау үшін әрқилы психикалық тәсілдерді қолдану; ортақтасу формасына сәйкес құрал-жабдықтар таңдау.

Ортақтасу формалары: іскерлік, кәсіби, тұрмыстың, жеке және көпшілікпен байланыс жасау.

Сөйлесудің (коммуникация) негізгі құралдары – лексикалық және синтаксистік ұйымдасқан табиғи ауызша сөз. Сөйлесу барысында хабарлаушыайтатынынрәміздік(код)жүйегекелтіредідеақпаратқабылдаушы онырәміздіккүйденұғымғакелтіреді(декодирование).Ақпараттырәмізге түсіру, оны сөздік құрамға келтіру ақпараттың мән-мағынасын алдын ала ұғып алуға байланысты орындалады. Ал ақпаратты қабылдау сөздік сигналдардың рәміздік шешімін табу (декодирование) және олардың

мағынасын ұғу үдерістерінің бірлігімен атқарылады.

Сөйлесу үдерісінің құрылуы – күрделі іс-әрекет түрінен, алдымен адамда сөйлесу әрекетіне деген ынта-ықылас (мотив) туындайды, кейін айтар ойын бағдарламаластырады, лексикалық және синтаксистік тұрғыдан өрнектейді, іштей (күбірлеп) айтып шығады, содан соң ғана дауыстап, хабарлайды. Ауызша сөйлесуде бұлардың бәрі бірқалыпты (стереотипті) қайталанып барады.

Айтушының сөзі экспрессивті (сезімдік) аталады, ал тыңдарманның қабылдау әрекеті импрессивті сөзбен байланысты. Импрессивті сөз талдаумен (қабылданатын ақпарат құрамды бөлік, мәнді элементтерге ажыралады) және біріктірумен (синтез – сөйлемнің жеке элементтері біріктіріліп, мағыналық сұлбаға түсіріледі) бірге жүреді.

Тек өкілінің сөзі оның мәдени деңгейін, жан дүниесін, психикалық өзіндік реттеулер ерекшеліктерін байқатады, яғни «ауызын ашса – көмекейі көрінеді». Дұрыс әрі соны өз ойын өрнектей алмау – адамның ой шорқақтығының белгісі. Сөйлеу мәнері мен ортақтасу тәсілі – тұлғаның дүниетанымын, нәзік сезімталдығын, ой-өріс, ақыл мүмкіндіктері мен жалпы сауаттылығын танытады.

Ортақтасу барысындағы мәнді ақпарат алмасудың (сөйлесу) және бір жағдаяты – бұл мәлімет жеткізудің және оны қабылдаудың сөздік емес (паралингвистикалық), яғни ым-ишаратты құралдары.

94

Мұндай жабдықтардың үш түрі ажыралады: дыбыстық (фонационды),

қозғалыстық (кинетикалық) және графикалық (жазба).

Дыбыстық паралингвистикалық құралдар қатарына – дауыс ырғағы,

сөйлеу жеделдігі мен көтеріңкілігі, екпін тұрақтылығы, дыбыстау ерекшеліктері және іркілістер мезетіндегі әрекеттер – кіреді.

Сөйлеудің қозғалыстық қосымшалары – дене қимылы (жесты), дене қалпы (поза), ым-ишара (мимика).

Адам ым-ишарасы өз бастауын жануарлар әлемінен алады. Адам мен жануардың ортақ ым-ишаралары баршылық, мысалы қорқыныш, үрку, қатерлену сезімдерін білдіру өзара ұқсас келеді. Алайда, тек өкілі – адам өзіне тән ерекше ишараларымен жануарларданбөлектенеді: шабыттану, таңдану, көңіл білдіру – жануарлар мимикасында жоқ белгілер.

Тілдесудің сөздік не сөздік емес құралдары ортақтасу мақсатына, формасына, әріптеске болған қатынасқа орайлас болуы шарт. Көптеген көңіл-күй – шарпулы сезімдер астар саналы (подсознательные) келіп, ортақ әңгіменің жасырын сыр-қырларынан мәлімет беруі ықтимал (көз астынан сүзе қарау – ашу белгісі, айқара құшақ жаю – шын ниет белгісі, қол ұшын әзер ұсына сәлемдесу – менсінбеу, т.б.). Оқыс сөз, кібіртіктеу, аңдамай сөйлеу – бұлар да ортақтасу субъекттерінің астар саналы бағытбағдарынан хабар береді.

Ортақтасу барысында тұлғаларды өзара түсіністікке келтіретін негізгі тетіктер- ұқсату (идентификация), басқаның көңіл-кейпіне ене білу (эмпатия), субъекттің өзін-өзі тануы мен басқаның кейпін сезе білуі

(рефлексия).

Ортақтасу тұрғысынан идентификация – бұл тұлғаның өз сұхбаттас не іс-әрекеттік әріптесін тану және оның ойы мен ұғым-түсініктерін анық қабылдау мақсатымен ой аймағында оған ұқсап бағуы және өзін оның орнына қоя, бағалауы. Эмпатия – бұл да тұлғаның оймен өзін басқаға сәйкестендіруі, бірақ бұл үдерістегі негізгі мақсат – әріптестің толғаныс не күйзеліс сезімдерін түсіне, көңіл білдіру.

Өзара түсіністікке келу проблемасындағы рефлексия мәні – әрбір тұлғаның өз бойындағы қасиеттерін әріптесінің көзімен ой сарабына сала білуі. Өзара түсінісу барысында рефлексия субъекттердің қатынас жасау әрекет-қылығын бағыттап, қалыптастыруға, олардың бір-бірінің ішкі жан-дүниесі ерекшеліктерін барластыруға жәрдемдесетін ерекше кері байланыс құралы ретінде қабылданған.

Қарым-қатынас барысында кері байланыс – әріптес әрекет-қимылы, оныңсөйлесумазмұнынаболғанқатынасы–кеңқолданылады.Әріптестің

95

ішкі ойын, жасырын сырларын жарыққа шығару үшін оны кері байланыс әрекеттеріне әдейі келтіру де көзделеді.

Қарым-қатынас жасау, әңгіме-сұхбат жүргізу шеберлігі әріптестердің әрқайсысы өзін сұхбаттас адамының орнына қоя білуі, ол ойлағандай ойлауы, төңіректегілерді ол қабылдағандай қабылдай білуі, әріптесінің көңілі тұрғысынан оның әрекеттеріне сипаттама бере алуы сияқты психологиялық қабілеттерден құралады.

47. Тұлғааралық қатынастар психологиясы

Тұлғааралық қатынастар – бұл адамдар арасындағы объектив пайымдалатын, әрқилы дәрежеде түсіністікпен бағаланатын өзара байланыстар.

Мұндай қатынастар негізінде өзара байланысқан адамдардың эмоциялық қалпы мен психологиялық ерекшеліктері жатыр. Іскерлік қатынастардан ажырату үшін мұндай байланыстарды экспрессиялы, эмоциялы деп те атау қабылданған.

Тұлғааралық қатынастардың дамуы жыныстық, жас, ұлттық және басқа да жағдаяттарға тәуелді. Аралық байланыстарда әйелдер,

мысалы, өзін айқара ашып танытқанды қалайды, өзі жөніндегі мәлімет, ақпараттарды басқалар алдында жайып салуға оңтайлы. Олар көбіне жалғыздығына қиналатынын әңгіме арқауы етеді. Әйелдер адам аралық қатынастардакөрінетінерекшеліктеріменеленсе,ерлер–іскерліксапала- рымен танылады. Әртүрлі ұлттық қауымдастықтарда өзара байланыстар адамның қоғамдағы беделіне, жыныстық – жастық мәртебесіне, түрлі әлеуметтік топтарда болуына тәуелді түзіледі.

Тұлғааралық қатынастардың ен жаю үдерісі, аралық байланыстар динамикасын, реттеу механизмдері мен олардың даму шарттарын қамтиды.

Тұлғааралық қатынастар дамуының қозғалысты көрінісі: олардың туындауы, бекуі, кемелденуі, кейін бұл үдеріс біртіндеп әлсірей бастайды.

Тұлғааралыққатынастардамуыбірнешекезеңдерденөтеді:танысу,

ашыналық, жолдастық және достық. Таныстыққоғамда қалыптасқан әлеуметтік –мәдени нормаларға сәйкес қалыптасады. Ашыналық қатынастар өзара байланысты бұдан былайда үзбеуге дайын тұрудан болады. Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.

96

Достық қатынас ортақ мүдделік мазмұнға ие болып, мұндай деңгейдегіараласудаадамдарқызығулары,ұмтылыстарыменмақсаттары бір арнаға түседі.

Тұлғалар арасындағы өзара ықпалды байланыс қатынас мүшелерінің әлеуметтікбағыт-бағдарларымен,олардыңмән-мағынасымен,әлеуметтік- психологиялық таным – рефлексиясымен айқындалады. Тұлғалар қатынастарының мәні әлеуметтік қабылдау (перцепция) тетіктері мен себептік (каузальды) жағдаяттардың шарттарына орайласады.

Қабылданатын әлеуметтік нысан нақты адам таңдап алған байланыстар жүйесіндегі мән-мағынамен бағаланады. Қатынасқа түскен адамдар сапалары сәйкес не өзара толықтыратын болса, адамдар арасындағы байланыстар ұнамды сипат алады, ал мұндай екеу не көпшілік сапа, қасиеттері бірі-біріне кереғар келіп, өзара психологиялық сыйымсыздық сипатта болса, қатынастар болымсыз күйге келеді.

Қабылданушы әлеуметтік тұлға әрдайым өзі ниеттеген әсер қалдыру үшінбайланыстартабысынажолашатын,нақтыәлеуметтіктоптаркүткен өз кейіп - келбетін - имиджін, яғни өзінің белгілі тұлғалық бейнесін қалыптастыруға ұмтылады.

Сұхбаттас өз әріптесіне ықпал жасай отырып, әдетте, өз мақсатына жету үшін оған қолайлы әсер қалдыруға, байланыс түзіп отырған адамының мінез-құлығы мен сырттай кейпіне сәйкес әрі бейім өз ұғымын қалыптастыруға тырысады.

Адамның сырттай кейпі оның ұлттық, әлеуметтік сипаты, психикалық сапалары мен мәдениет деңгейі және т.б. жөніндегі көптеген ақпарат мәліметтердіңбірігіміретіндепайымдалады.Бірін-біріқабылдайотырып, адамдар сұхбаттасының мінезі, психикалық қалпы, оның коммуникативті және іс-әрекеттік бейімдері жөнінде қорытындыға келеді.

Басқа адамдар әрекет-қылығына берілетін баға көбіне асығысты, бір жақты болып қана қоймай, кейде тіпті қисынсыз да болады. Әрекетқылықтыңкейбірсебептеріорынсызәсіреленедінеөздеңгейіндееленбей қалады.

Ер мен әйелдің бағалауы мен өзіндік баға беруі сәйкес келмейді. Ерлер өзін не басқаларды сапалық тұрғысынан бағаласа, әйелдер көңіл-күй әсерімен баға береді. Өз қылықтарын әйелдер төңірегіндегі жағдайларға байланыстыра түсіндіруге тырысады.

Адамдардың өзара ықпалдастық байланыстарында тұлғаның бағалау жүйесі ғана көрініп қоймай, олардың ақыл-ес (интеллект) типі де ашылады. Мысалға, эмпирикалық тип тұрмыстағы күнделікті күйбең, майда-шүйдеден әрі аса алмайды, құбылыстар арасындағы жүйелілікті,

97

көптараптылық пен олардың элементтері арасындағы динамиканы аңдай бермейді. Басқа адамдардың әрекет-қылықтарының астарындағы себептерді қарапайымдастыруға бейім. Ал абстрактты тип жалқылықтан гөрі жалпылық қорытынды жасап, заттар аймағынан шығып, дерексіздік деңгейде ой топшылауға қабілетті келеді.

Әрқилыбағалаушектерінақтықызметтестікжәнеқарама-қарсылықтар жағдайындаөзініңшынайыкөрінісіналады.Дау-дамайлыжағдайдыадам қарсыласының әлсіздеу тұстарын табуға ынталы келеді.

Қарым-қатынас субъекттерінің әрқилы мәртебелік деңгейі де өзара бағалау сипатына ықпал жасайды. Басшы өз қарауындағы адам сапасын бір тұрғыдан зерделесе, бағынышты басшыны екінші бір тұсынан бағалайды, мұндайда алдымен басшының сырттай көріністі белгілері көзге түседі де, бағынышты тұлға басшыда өзіне ғана қажет болған сапа көріністерге мән береді.

Сырттай көрініс, ақпарат белгілерін пайдалану адамаралық қатынастардың бәрінде бірдей қабылданған әдіс. Қай жағдайда да адам өз қалауына сәйкес екінші адам әрекетін күтеді. Әрекеті өз ойындағыдай болса, адам қанағат табады, ал күткеніндей болмаса, өкінеді, дағдарысқа түседі, тіпті жек көретін болады.

Адамдардың көбі өздерін өзінде қалыптасқан мінез-құлық талаптарына сай көрсетуге бейімделген. Қарым-қатынас нәтижелерін алдын ала жоспарлай отырып, әріптесін қалайда өзі күткен әрекетке түсіруге тырысады. Көңілшек адам өзін «өкпелі» көрсетеді, тәкаппар тұлға қайткен күнде де қарсыласына «соққы беруге» дайын тұрады. Адамдар әрдайым өз бойында құнды деп таныған қасиеттерін алға тартуға тырысады. Кейбір адамдардың істерін істеп алып, «қайтейін, мен осындаймын!» - деп қасарысатыны осыдан.

Қайсы бір көңіл әсерлері адамның сырттай кейпі, көріністеріне (бой ұстау, ым-ишара, қозғалыс қимылдары) орай қалыптасады, дегенмен мұндайда асығыс пікір топшылаудан аулақ болған жөн. Адамның шынайы мәнін оның әрқилы жағдайдағы әрекет-қылығын талдай отырып, қандай да рольде көріну үшін жамылған бет пердесі түскенде ғана түсіну мүмкін.

Көбіне жақын адамдар арасында қатынастар, бейтаныстар араларындағыдан гөрі қиындау соғады. Мұның себебі: адамды неғұрлым жақсытанысақ,соғұрлымоныңненіқаламайтынынбілеміз.Құндылықты бағыт-бағдарлары орайласа келген адамдардың өзара түсіністігі

98

жоғарылау келеді. Ал рухани бірлестік болған жерде қатынас мызғымас сипатқа ие болады.

Әр тұлға басқа адамдарды бағалаудың өзіндік өлшеміне ие. Екінші адамды тани отырып, тек өкілі онымен қатынас жасаудың жол-жобасын түзеді, күніілгері оның мінез-құлығына сәйкестенеәрекет жасаудың жолдарын қарастырады. Сонымен бірге, өз әрекетінің әріптесі тұрғысынан қалай қабылданатынын пайымдайды. Осыдан адамда әлеуметтік рефлексия құбылысы пайда болады. Адамдардың бәрі өз бейнесінің араласқан адамдары көңілінде ұнамды кейіппен орныққанын қалайды, өз қадір-қасиетінің беделінің жоғарыдан көрінгенін армандайды.

48. Дау-дамай психологиясы

Дау-дамай(конфликт)әрқилымұддегебағытталғантараптардың қарама-қайшылықты тайталасы.

Дау-дамайлы ара қатынастарды талдауда олардың негізгі типтерін ажырата білу аса маңызды келеді.

Мұндайбайланыстардыңсубъекттерінетәуелдідау-дамайкелесідей типтергебөлінеді: тұлғаныңөзбойындағы,тұлғаларарасындағы,топтарбайланысындағы,топішіндегі,топтарарасындағықайшылықты қатынастар.

Тек өкілдері арасындағы дау-дамайлар мен кіші топтар арасындағы жанжалдар тайталасқа түскен тараптардың әрекет-қылықтарымен көрінетінмүдделерсәйкессіздігіненболады.Алірітоптарарасындабола-

тындау-дамайларнегізікөпшіліккөңіл-күйіменқоғамдықпікірлердің

қарама-қарсылығынан туындайды.

Дау-дамайларәлеуметтікбіртектіқұрылымдарішінде–горизонталды және басқарушы мен басқарылушы құрылымдар ара қатынасында – вертикалды – пайда болуы мүмкін. Дегенмен, қай жағдайда да ол өз ара алшақтауға,тайталасқаалыпкеледі,көбіне–жауласуменжеккөрушілікке тоғыстырады. Жанжалдар қатынастардың бір саласында пайда болуымен шектелмей, екінші аймақтарына өтіп, жаңа келіспеушіліктер жүйесінің туындауына себепші болады.

Дау-дамайлы жағдайлар қатынасқа түскен тараптардың болмысқа де-

генкөзқарастарыныңөзарасәйкескелмеуінен шынайыжәне жалғанси-

пат алады. Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп, елеуге тұрмайтын тұстары көзкөре күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолдарына мән берілмейді.

99

Айырым кезеңдерде негізсіз ойдан жасалған қайшылықтардың себебінен жалған, әдейі ұйымдастырылған дау-дамайлар кезігіп жатады. Мұндай тайталас екінші тарап ниетін орынды бағаламай, оның әрекетін шындық тезінен өткізбей түсінуден келіп шығады. Кейде адамдар өздеріне қаратылған ақпарат қателігінің көп мәнділігін ұқпай, оның арасынан өз пайымына сай мәліметті орынсыз бөліп алып, жанжалды қатынастарына арқау етеді.

Әлеуметтікжүйенідамытудағырөлінеорайдау-дамайларбітістіруші (конструктивті) не бұзақы (деструктивті) болып ажыралады.

Бітістіруші дау – жүйенің өзгермелі қоршаған орта шарттарына икемдесуге қолайлы жағдайлар жасауда жәрдемін көрсетеді, ал бұзақы дау – белгілі құрылым тиімділігін төмендетіп, оның біртіндеп жойы-

луына себепші болады.

Даулы қарама-қарсылықтар – тек өкілі мен әлеуметтік жүйе дамуының негізі. Адам даулы жағдайлардан қашпауға тырысқаны жөн, керісінше, одан бейімділікпен жол табуға ынта білдіргені дұрыс.

Жанжалға араласушы адамдар әрекет-қылығы үш түрлі бағытта көрінуі ықтимал: бұзақы – деструктивті, жағымпаз-конформды, бітістіруші-конструктивті, осыған орай адамдар типі ажыралады.

Бұзақы тип - өз мүддесінің матауында қалып, оны қалайда іске асыру үшін жанжалға «май құйып», үдете түсуге шебер адам. Бұл типтегі тек өкілдері әрдайым дауға «әпербақандықпен» дайын тұрып, көздеген мақсатынан қайтпайды, екінші тараптың келісім жасауға деген ниетін бірде көре білмейді (террористер, әкімдік беделді адамдар, құбылыс мәнін пайымдай алмайтын тек өкілдері).

Жағымпаз тип – қойылған талаптарды ойсыз бас шұлғумен, иіле қабылдай отырып, екінші тараптың жанжалды әрекеттерін үдете түсуге итермелейді.

Бітістіруші тип – екеуара тиімді болған шешімдер тауып, жанжал өртін басуға ниетті адам.

Дау-дамайлы жағдайларға бақылау қоюдың бір қатар жолдары бар:

1)болуы мүмкін жанжалдың алдын алып, оған қатысушылар жөнінде мәліметтер топтау ;

2)жанжалды басқарымсыз қалдыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеу;

3)дау-дамай шешіміне бейтарап бедел иелерін тарту;

4)даулы екі тарапқа да тиімді шешім мүмкіндіктерін қарастыру;

100