Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Психология негіздері Сбет Бап-Баба

.pdf
Скачиваний:
509
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
4.56 Mб
Скачать

Психикалық науқастар материалдарын талдау негізінде мінездік сырқаттардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:

Делқұлы - есуас (шизоидты) тип – сырттай дүниемен байланысы үзілген, ой-сана бірізділігі жоқ, әрекет-қылығы басқарымсыз, алда не істейтінін болжастыру мүмкін емес, басқалармен қатынасы тұйық, өте көңілшек, өз білгені ғана дұрыс, талаптары шындықтан алшақ, ойын өз логикасымен ғана түзеді, осыдан оның ой-санасы даралықты, кейде саналылардың түсіне де кірмейтін бірегей пікір айтып салуы бекер емес; бұлар тұйық, ашушаң, көпшіліктен бөлектенгенді қалайды.

Құйылмамінезді(циклоидты) тип – әрекет-қылығы тұрақсыз ауыспалы, қуанышы мұңға, мұңы қапелімді жан күйзелісімен алмасуы қиын емес; құлшына іске кірісіп, демде қолын суытады. Мұндай жанкүйлік қалыптардың жылдам ауысуынан адам шаршайды, осыдан оның әрекетқылығы қарама-қарсылықты, не боларын болжастыру мүмкін емес.

Желікпе (гипертимді) тип - ұдайы, қай жағдайда да көңілді, бейғам, қойны дерексіз қуанышқа толы; жоғары белсенділікті, күш-қуаты то- лып-тасқан, алайда бұлардың бәрі көбіне жайсыз мақсаттарға бағыт алып кетеді (ішімділікке, нашақорлыққа, жыныстық байланыстар мен бұзақылыққажәнет.б.).Мұндайадамдарменіскерлікқатынасжасауқиын, себебі бұлардың уәде, борыштығы кем, мүдделері үстірт, тұрақсыз, сынға шыдамсыз, «мүмкін» мен «мүмкін емес» арасын айыра бермейді.

Мұңшыл (сензитивті) тип – әрдайым жабығыңқы, өмір шуағын көре білмейді, төңіректегінің бәрі ол үшін мәнсіз, қатерлі, өкпелегіш, тез шаршайды, жақындары тарапынан жақсылық лебі бола қойса, жайдары күйге келіп, ал оңашада қайтадан баяғы қара уайымға шомады.

Тартыншақ (психоастеник) тип – шектен тыс табансыз, үркек, қадамының бәрі ол үшін күмән, түгелдей қорқыныш құрсауында. Осылардың бәрінен қалайда қорғану үшін ырым сақтауға, өзінше салт, шаралар жасап әлекке түседі.

Қояншық (эпилептоидты) тип – шектен тыс ашушаң, жұрт пікіріне төзімсіз, қарсы сөзге шыдамсыз, отбасының билеп төстеушісі, ұстамсыз, балағат сөзге, қол жұмсауға бейім, кейде не күйге түскенін өзі сезбей, бас билігінен айырылады.

Шарбая (истероидты) тип – қандай да жолмен болмасын өзіне назар аудартуға бейімшіл, өз дегеніне жетуде жөн-жосық таңдамайды (қаруы - өтірік, жала, арсыздық және т.б.).

Күдікшіл (параноидты) тип – қандай да идея, ой, сезім құрсауына маталып, ұдайы әсіре күйзелісте жүреді, қызғаншақтық, секемшілдік,

81

кекшілдік сезімдеріне беріліп, қандай да идеяны орынсыз әсірелеумен қалған дүниені көре алмайды.

Елікшіл(конформды) тип - өмірлік ұстанымы - «басқалар қандай болса, мен де сондай», өз бағыт-бағдарына ие бола алмай, нақты әлеуметтік топтық әрекет-қылық, пікір, көзқарас шарттарының матауында жүреді.

Қазіргі кезеңде психология ғылымында тұлғаны типтестірудің жоғарыда аталған 3 теориясынан өзге әлеуметтік-тұлғалық типология (тұлғаның басқа адамдармен қатынасына негізделген Юнг теориясы), психогеометриялықтипология(адамныңқандайдагеометриялықфигураларды қызыға таңдауына негізделген С.Деллингер теориясы), сезімдік (сенсорлы) типология (адамның көру, есіту, қозғалыс әрекеттеріне негіз- делгенЭ.А.Голубеважәнет.б.теориясы),тұлға-өміржолытипологиясы (тұлғалардыөзарасалыстыруменемес,алолардыңәрқайсысыныңөзжеке өмір жолына қатысты типтестіруге негізделген К.А.Абдулханова – Славская теориясы) қабылданып, зерттеу нәтижелерін беріп жатыр.

39. Тұлға бағыт-бағдары. Тұлға дамуы

Тұлға бағыт-бағдарыбұл әрбір тек өкілінің құндылықты бағытбағдар жүйесі, өмірлік арқау еткен қажетері, әрекет-қылықтарына ықпалжасаушықұндылықтарменсеп-түрткілер,тұлғаныңөміржолы жүйесін құрастырушы негізгі сапа-қасиеттері.

Тұлғалық бағыт-бағдарлар төмендегідей ерекшеліктерімен ажыралады:

1.Тұлға қарым-қатынастарының әлеуметтік маңыздылығы,

олардың қоғамдық мәнділігі - күнделікті әрекет-қылығындағы ізгілік, инабаттылық нышандары, тұлға адамгершілігінің прогресті әлеуметтік идеяларға сәйкестігі, тұлғаның саяси-әлеуметтік саналылығы.

2.Тұлға қажетсінулерінің көп қырлылығы, оның қызығушылық ауқымының кеңдігі мен негізгі қызықсыну бағдарының нақтылығы

тұлғаның ізгілікті мұрат белгілеп, оған табанды ұмтыла білуі.

3.Қарым-қатынастарының тұрақтылық дәрежесі – тұлға әрекеттерінің бірізділігі мен бірегей беріктілігі.

Әрқандай тұлғаның әрекет – қылығы мен мінездік ұстанымы оның мұрат еткен өмірлік бағыт-бағдарына сай анықталады. Тұлғалық бақыт-бағдар – бұл нақты адам санасының құндылықты орайласқан категориялық деңгейге көтерілуі. Тұлғаның барша ниеттері мен сенімдері, жақын да алыс (тактикалық, стратегиялық) мақсаттар жүйесі осы категория негізінде қалыптасып барады.

82

Қажетсінуденадамағзасының,текөкілінің,тұлғажәнеәлеуметтік қауымдастықтың тіршілігі мен даму шарттары түзіледі әрі іске асып барады.

Қажеттік – адамның биологиялық тіршілік иесі, тек өкілі және тұлға ретінде өзіне ұтымды болған өмірлік шарттарының тиісті қалпын жою не ауысу жағдайларын түзетуге деген ұмтылыс ниеті.

Аса мәнді, тұғырлы қажеттіктер адамның барша психикалық бағыт-бағдарын – яғни сезімдерін, ой-өрісін, еркі мен ағзаның сырттан қабылдау (сенсорлы) жүйелерін айқындайды.

А.Х.Маслоу тұлғаның бірі бірінен басым келетін сеп-түрткілік (мотивация) жобасын түзе отырып, адам әрекет-қылығын бағыттауда жоғары қажеттіктердің орындалуы төменгі қажеттіктердің іске асуына байланысты болатынын тұжырымдаған, яғни, қарапайымдап айтатын болсақ, қарны аш баладан жоғары ой-өріс күту орынсыз.

Сонымен, А.Х.Маслоу пікірінше, мән-маңыздылық деңгейі біртіндеп жоғарылап баратын адам қажеттері төмендегідей:

1)физиологиялық (органикалық) қажеттіктер: аштық, шөл,

жыныстық ниет және т.б.;

2)қорғаныс қажеттіктері: өзін қатерсіз сезіну, қорқыныштан, сәтсіздіктен және агрессиядан қорғау, құтылу;

3)қоршаған ортаға керекті болу және сүйіспеншілік, мейір қажеттігі: қауымға мүшелік, адамдар сапынан көріну, танымалдыққа жету және көпшіліктің қабылдауы;

4)сый-құрмет (ұлағатты болу) қажеттігі: таңдаған саладағы жоғары білімділік пен шеберлік, табыскер бола білу, қолдау-қуаттау көру, танымалдыққа ерісу, бедел;

5)таным қажеттіктері: білу, епті болу, түсіну, зерттей алу;

6)әсемдік (эстетикалық) қажеттері: жан-жақты үйлесім, сим-

метрия, тәртіп-реттілік, сұлулық;

7)өз бойындағы мүмкіндіктерді аша білу қажеттігі: мақсат,

қабілеттерді іске асыру, тұлғаның өзіндік дамуы.

Сеп-түрткі(мотивация) бұлниеттелгенқажеттіккеорайағзаның белгілі бағытта белсенділікке келуіне ықпал жасаушы нақты жүйке құрылымдарының (функционалды жүйенің) қозуы.

Әрекет-қылық сеп-түрткісі әрдайым эмоционалды келеді. Біздің ұмтылыс әрекеттеріміздің қай-қайсысы да көңіл шарпуынсыз болмайды. Бұл орайда кей эмоциялар алыс мұраттарға бағытталған стратегиялық қызметтердіорындап,бізкөздегенкейнысандардыңмаңыздылығын,оған

83

байланысты адамның қажетсіну деңгейін байқатады, ал өзге біреулері қажеттік нысанына жетуді қамтамасыз етуші жекеленген жағдайлар мен шарттардың мән – мағынасынан хабар береді.

Адамның сеп – түрткілік қалпы келесі психологиялық категори-

ялардан көрінеді:қызығулар, тілектер, ұмтылыстар, ниеттер,

құштарлықтар, құмарлықтар, ұстанымдар.

Қызығу–адамныңтұрақтықажеттеріменбайланыстыкөңіл-күйге толықсәйкестенгенбағыт-бағдары.Қызығу тұрақты маңызға ие болған нысанға жоғары көңіл бөлуден көрінеді.

Тілек – қажеттікті қамтамасыз етуге сай келген затпен байла-

нысты септүрткілік қалып. Тілек қандай да қажеттіктің пісіп жетілу кезеңін білдіріп, оның әрекет мақсаты және жоспарына сәйкес болуынан сезіледі.

Ұмтылыс тілек нысанына болған көңілдің көтеріңкілікпен бағыт алуы.

Құштарлық – белгілі нысанға болған тұрақты да шарпулы көңіл ұмтылысы. Мұндай аффектті жағдайдағы қажеттік өзге қажеттіктердің бәрінен басым келіп, адам тіршілігінің барша бағыт-бағдарына ықпал жасайды. Құштарлық адамның ерік және көңіл-күй ниеттерінің басын біріктіреді. Ол адам көздеген нысанның қоғамдық құндылығына орай ұнамды да ұнамсыз болуы ықтимал.

Құмарлық–адамныңқандайданысандартобынакөзсізәуестенуінен болатынпсихикалыққалып. Адам бойындағы құмарлық тума, табиғи негізді болуы да, сондай-ақ оның өмір барысында әлеуметтікжағдайлардың себебінен қалыптасуы да мүмкін.

Ниет – белгілі мақсатты іске асыруға көзделіп, әрекет құралдары мен әдістері айқын саналы қабылданған шешім. Ниет ауқымында адамның әрекет жасауға деген талаптануы мен жоспарлау қызметі біріге орындалады.

Ұстаным – адамның белгілі жағдайларда әрекет-қылықтың үйреншіктіәдістерінқолдануғадайынболуқалпы;бұләрекет-қылықтық нейродинамикалық тұрғыдан шартталған тұрақты жобасы. Ұстаным

– адам мінез-қылығына біткен, өзгеріске келе бермейтін, аса тұрақтанған психикалық белгі. Екі түрлі ұстаным өз алдына көрініс беруі мүмкін:

жалпы және жіктемелі (бекіген) .

Жалпы ұстаным – қандай да құбылыстардың үлкен тобына байланысты көрініс берсе, жіктемелі ұстаным – дараланған нысандарға орай байқалады.

84

40. Мінез жөнінде түсінік Мінез құрамы мен құрылымы

Мінез - өз алдына дараланған тұлғалық болмысты құрастырушы әрекетқылықтардың сеп-түрткілері мен әдістерінің тұрақтанған жүйесі.

Әлеуметтік жағдайларда қалыптасып әрі әлеуметтік орта ықпалында бола отырып, мінез өзінің даму барысында тек өкілінің генетикалық ерекшеліктерімен, оның жоғары жүйке әрекеті типімен байланысты келеді.

Мінез–тұлғаныңәлеуметтікқалыптасқанәрекет-қылығыныңжөн- жобасы; бекіген, өзгеріске келмейтін жекеленген қылықтар ерекшелігі.

Осыдан да бір адам екіншіге ұқсамайды. Дегенмен, мінездің бір беткейлігін мойындай отырып, әрқилы өмір жағдайларында бір адамның өзінде де түрлі, тіпті бір-біріне қайшы келетін мінез сапалары көрініс беретінін есте ұстағанымыз жөн.

Мінез және оның әрқилы қырларының қалыптасуында қоршаған ортаныңсындарлыталаптары,адамныңөміржолындакезігетінасақажетті жағдайлар өте маңызды рөл атқарады. Мұндай ықпалды жағдаяттар, әсіресе, адамға оның балалық және жас өспірімдік шақтарында күшті әсержасап,нақтымінезбітімінқамтамасызетеді.Алайда,мінезтұлғаның дүниетаным, өмірлік бағыт-бағдарымен байланысты болатындықтан, ол ересек шақта да белгілі мақсатты бағдарда жедел күйде қалыптасып, өрістеп баруы мүмкін.

Мінездің біршама элементтерден құралатынын бүгінде барша ғалымдар мойындап отыр. Ондай элементтер - бітістер, қасиеттер,

сапалар және т.б.

Мінез бітістері – бұл жеке адам ерекшеліктерінің даралықты көрсеткіш, белгілері. Бітістерді зерттеуде аса маңызды келетіні олар арасында нақты адам бойындағы жетекші бітісті таба білу. Осы талапқа орай Н.Д.Левитовбарша мінез бітістерін екі топқа бөледі:бағыт-бағдар бітістері және ерік бітістері.

Бір топ ғалымдар бітістердің келесідей жинақтарын ажыратуды ұсынады: көңіл-күйлі (қызбалық, жабырқаңқылық, оптимистік), моральды (адалдық, жауапкершілік), еріктік (батылдық, табандылық, ұстамдылық), ой-өрістік (бақылағыштық, қызығушылық, ойлампаздық, зеректік, тапқырлық).

85

Ортақ бітістер – белгілі топ өкілдерінің өмір жағдайларына бірдей сәйкес келіп, ондағы әрбір мүше, адам бойында үлкен не кіші мөлшерде көрінетін жалпылама психикалық белгілер.

У.Э.Фреми психологиясында адам мінезі мәнін оның тіршілік бағытбағдары анықтайды, осыған орай адам төңірегіндегі дүниемен қарымқатынасқа түседі.

Ғалым пайымдауынша, тұлғамінезі–бұлбіреуібасымдаукелгенбір- неше тіршілік бағыттарының жиынтығы. Э.Фреми екі басты бағытты ажырата, қарастырады: өнімді және өнімсіз. Ал бұлардың әрқайсысы өз ішінде белгілі мінез типтерін қамтиды.

О.Ранке типологиясында адам мінезі (орташа адам, жүйкесі шалдыққан (невротик) адам, шығармашыл адам) ерік тұрғысынан даму генезисіне байланысты қарастырылады; ал А.Лоуэн типологиясында мінез типтері «Мен»-бейне ерекшеліктеріне байланыстырыла зерттеледі (жағымпаз(мазохист), шарбая(истерик), махаббатшыл(нарциссический), делқұлы (есуас - шизоид) типтер).

Сонымен,мінез–бұлтекөкілініңөмірлікжоспарыменшарттасқан тұрақтыдажалпыланғанәрекет-қылықтарыныңжүйесі.Мінез–тек өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. Мінезде әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты, жеке өзіне тән сапа-қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қаланған сапалар көрініс береді.

Бір мінез бітістері жетекшілік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінез-

дегі мәнді сапа – бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе-теңдігі.

Мінездің еріктік бітістері - әрекет-қылықты саналы реттеу үшін қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері. Мінездің негізгі сапалары: табандылығы,жігерлілігі,ұстамдылығымен байсалдылығы – тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді.

Мінез табандылығы – әрқилы жағдайлардағы бағыт-бағдар және көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі.

Мінез күш-қуатыадамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті.

Мінез беріктігі – мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі. Мінез байсалдылығы – әрекет-қылықтық бір қалыптылығы мен

ұстамдылығы, тұлғаның көңіл-күй – еріктік тұрақтылығы.

86

Мінездің көңіл-күйге орай ерекшеліктері – тек өкілі психикалық қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің көңіл-күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажы-

ралады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, талғамды және т.б.

Мінездің зерделік, ой-өріс(интеллектуал) бітістеріақыл қызметіне байланысты жеке адамның тұрақты – типологиялық ерекшеліктері.

Тұлғаныңақыл-ес,ой-өрісболмысынтанытушысапаларарасындааса маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, бірегейлігі, жалпыланған ойлау әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл-ес бағдары (әуесқойлығы), парасаттылығы және ойлампаздығы.

Мінез сан – алуан бітістерге ие, дегенмен, әрекет-қылықты реттеу қажеттігі туғанда олар арасынан нақты мезетте керек болатыны алғы шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тарапы маңызды келеді. Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында адамның өзін-өзі билей алу қабілеті оның саналы ерік күшіне, бұл сапамен бірге жүретін тұрақтылық пен табандылық қасиеттеріне байланысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтық сапалары оның инабаттылық және танымдық (когнитивтік) бағыт-бағдарларымен айқындалады.

Мінез бітістерінің асқынуы – мінездің қалыптан тыс жағдайлары, жалпылай мінез тұрақтылығына ие болумен бірге кейбір әсер – ықпалдарды көтере алмауы (әзілге шыдамсыздық, сын көтермеу және т.б.).

41. Темперамент: қасиеттері мен типтері

Темперамент – тек өкілінің психикалық белсенділігінен көрінетін психодинамикалық қасиеттерінің бірлігі, яғни психикалық жауап әрекеттерінің жеделдігі, шапшаңдығы, қарқыны.

Академик И.П.Павлов темпераменттің физиологиялық негіздерін талдай отырып, бұл психикалық қасиеттің жүйке жүйесі типіне тәуелділігін, бас миы қызметінің жеке жүйке үдерісі – қозу мен тежелуге байланыстылығын дәлелдеді. Жүйкенің қозу мен тежелу күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығы тумадан, әр адамда әрқилы.Осы қасиеттердің ара қатынасына орай И.П.Павлов жоғары жүйке қызметінің 4 типін ажыратты: «ұстамсыз»(жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы басым – холерик темпераментіне сәйкес) ; «тіршең» (жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы мен тежелуі тең – сангвиник темпераментіне

87

сәйкес); «байсалды» (жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, селқос

флегматик темпераментіне сәйкес); «әлсіз» (жүйке жүйесі нашар, тежелуі басым, қозғалысы кем – меланхолик темпераментінің негізі).

Темперамент атауларын ғылымға алғаш ежелгі грек дәрігері Гиппократ (460-377ж. б.э.д.) енгізген. Ол темперамент түрлерін адам ағзасындағыәрқилысұйықтықтардыңбасымдылығынақарайажыратқан:

қаны (сангвис) басым – сангвиник (қайратты, жылдам, өмірі шуақ,

көпшіл, қуанышқа да , күйзеліске де бірдей төзімді; сары өті (холэ) – холерик ( ашушаң, шыдамсыз, қызбалы, ұстамсыз, күйгелек, көңіл кейпі ауыспалы; шырышы( флегма) басым – флегматик (байсалды, жайсаң,

ұстамды, бір істен екіншісіне ауысуы қиын, жаңа жағдайларға бейімделуі ауыр);қараөті(мелайнахолэ)басым(запыранды)–меланхолик(тұйық,

ұяң, көңілшек, тартыншақ, тез шаршайды, қиындыққа төзімсіз). Темпераментте біріге көрінетін жүйкелік қасиеттер тобы тек өкілінің

бірнеше психикалық ерекшеліктерін береді:

1.Психикалық үдерістер шапшаңдығы мен жеделдігі, психикалық белсенділік, бұлшық ет – моторлы қимыл, қозғалыстар түрі.

2.Сыртқы ауыспалы жағдайларға бейімділік, икемшілдік не бір - беткейлік.

3.Әрекет-қылықтыңбіртараптысырттайәсерлергебасыбайлылығы (экстраверсия) не адамның өз ішкі дүниелік сезімдері мен ұғымдарына тәуелділігі (интроверсия).

4.Сезімталдық,көңілшектік,қабылдағыштық,көңілқызбалығымен шарпулылығы және олардың тұрақтылығы.

Кейбіртемпераменттүрлеріндеаталғансапаларжекеадамболмысына орай «араласа» көрінеді.

Әрқилы өмір жағдайларына байланысты туындайтын психикалық қалыптар адам темпераментіне тәуелді келеді. Алайда, адамның әрекет-қылық мәдениеті темпераменттен болмай, тәрбиеге тәуелді қалыптасады.

Құбылыстарға,өмірміндеттеріне,төңіректегіадамдарғақатынасының шама, деңгейіне орай әр адам өз мейлінше күш-қуат жұмсап, өзінің төзімділігін нығайтуға қабілетті, өз әрекеттерінің жеделділігімен жұмыс қарқынын өзгерте алады.

Адам мінезінің ерекшеліктері, яғни оның әрекет-қылықтарының мәнері (стилі) – тікелей темпераментке тәуелді. Осыдан, темперамент мінезге тиісті жеке қасиеттерді өрбітуші, адамның айырым қабілеттерін дамытушы табиғи негіз.

88

Адамдар әрқилы жол, тәсілдерді пайдаланумен өздерінің «әлсіз» тараптарына психикалық толықтырулар беру арқылы бірдей табыстарға жетуі мүмкін.

Өмір жағдайларының әсерінен холерикте селқостық, шабандық, енжарлық, ынтасыздық туындап жатса, ал меланхолик қайратты да табанды болып шыға келеді. Тұрмыстық тәжірибе мен адам тәрбиесі оның темпераментіне әрдайым «бүркеме» қызметін атқарады. Дегенмен, тосын, аса күшті ықпалдардан, қатерлі жағдайлардан, бұрыннан қалыптасқан тежеулі жауап әрекеттер қозу қалпына келіп, жаңа сапаға көтерілуі мүмкін. Холериктер, меланхоликтер шыдамсыздық пен психикалық ұстамсыздыққа бейім келеді. Алайда, тұлға қылығы мен жалпы адамдардың әрекеттік болмысын түбегейлі бір тума, табиғи ерекшелікке байланыстыра бағалау ғылыми тұрғыдан қате.

Сонымен, адамның өмір және іс-қызмет шарттарына тәуелді оның қайсы бір темпераменттік қасиеттері күшейе түссе, енді біреулері бәсең дәрежеде білінеді. Табиғи шарттылығына қарамастан, темпераментті тұлғалық сапа ретінде қарастырған жөн, себебі онда адамның табиғи да, әлеуметтік игерілген де қасиеттері көрініс береді.

42. Қабілеттер: психологиялық тетіктері мен құрылымы

Қабілет – адамның әрқилы іс-әрекеттерге орай көрініс беретін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық

– физиологиялық және өмір барысында меңгерген реттеу-түзету сапаларының жиынтығы.

Әрқандай қызмет, іс-әрекет адамның тән-дене, психофизиологиялық және психологиялық мүмкіндіктеріне байланысты талаптар легін алға тартады. Осыдан, қабілет-тұлғақасиеттерініңнақтыіс-әрекетталап- тарына сәйкестік шама-шарқын көрсетеді.

Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы қабілеттер іс-әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар

қарапайым және күрделі болып ажыралады.

Қарапайым қабілеттер – болмысты жай бейнелеуде, қабылдау, ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша тек өкіліне тән деңгейде қалаған әрекет орындауда іске қосылады.

Күрделі қабілеттер – оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады. Қарапайым және күрделі қабілеттердің қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға адами іс-әрекеттердің бірде біріне араласа алмайды.

89

Іс-әрекет түрлеріне орай арнайы қабілеттер – сызу,

көркемөнер – әдеби, нақты-ғылыми (математикалық және т.б.), тәжірибелік-ұйымдастыру, тұрмыстың-жасампаздық, т.с.с. болып ажыралады.

Қабілеттер тек өкілі бойындағы білім, ептілік және дағдылармен шектелмейді. Олар нақты іс-әрекет тәсілдерінің шапшаң әрі берік игерілуінен көрінеді, тек өкілінің психикалық әрекеттерін реттеп барушы тетік ретінде қызмет етеді.

43. Қабілет және нышан, нәсілдік

Қабілеттер нышан күйіндегі даму үшін қажетті болатын табиғи, нәсілдіктен бекіген алғы шарттарға негізделеді.

Адам қабілеттері тумадан берілмейді. Алайда, кейінгі өмір барысында дамуына арқау болар белгілі табиғи алғы шарт – нышан оның гендік тұғырында бекіген.

Қабілет нышандары – бұл әрқилы талдығыштар мен мидың кейбір қабық аймақтары және жарымшарларының жұмысын қамтамасыз етуші жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Тума нышандар уақытша жүйке байланыстарының жеделдігін, олардың тұрақтылығын, бірінші және екінші сигналдық жүйелердің ара қатынасын анықтайды.

Адамдар арасындағы бастапқы табиғи айырмашылықтар дайын қабілеттерден емес, ал осы нышандық белгілердің әртүрлілігінен.

Нышандар мен қабілеттер арасындағы алшақтықты өлшеп болмайды. Оны тұлғаның бүкіл өмірлік даму жолымен ғана салыстыра, атау мүмкін. Нышандар көп мәнді әрі түрлі бағытта жайыла, өрбу-өрістеуі ықтимал.

Нышандар – қабілеттер дамуының алғы шарты ғана. Нышандар не-

гізінде дамушы – қабілеттер, бірақ олар нақты нышандардың қызметінен болмай, нышандарды өзінің құрамдас бөлігі ретінде қамтыған даму құбылысының өнімі. Тек өкілінің тіршілігіне етене еніп, олар өзіндік дамуға түседі, қайта жасалады және өзгеріп барады.

Нәсілдік белгілер адам дамуына қажетті шарттарының бірі ретінде, әрине, қатысады, алайда оның дамуы нәсілдік ықпалға тікелей байланысты емес, себебі, біріншіден – нәсілдік белгілер мен тұлғаның өмір барысында нақты игерген сапа – қасиеттері ажырамас бірлікті құрайды; осыдан қандай да психикалық қабілетті нәсілдіктен деп айту қателікті;

90