Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Психология негіздері Сбет Бап-Баба

.pdf
Скачиваний:
509
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
4.56 Mб
Скачать

Түйсіну мүмкіндігінің ең жоғары табалдырығы жоғарылаған сайын ағзаға салмақ түсіретін не түйсіну қабілетін жоятын тітіркендіргіш күштердің ең жоғары мөлшері, деңгейі.

Ықтимал сезімталдық ықпал жеделдігінің өзгерістеріне болған сезімталдық. Ол табалдырық айырмаларымен өлшенеді.

Айыру табалдырықтары – түйсік жеделдігін өзгертуге қажет екі біртекті тітіркендіргіштің күшіндегі болар-болмас өзгешелік.

Бейімделу–әрекеттегі тітіркендіргіштің күші мен созылыңқылығына икемдесу нәтижесінде талдағыштар сезімталдығының өзгеріске түсуі.

Сезімталдық(сенсибилизация)ішкі(психикалық)жағдаяттардың ықпалымен талдағыштар сезімталдығының көтерілуі.

Толықтырушысезімталдық–қандайдабірсезімтүрініңжетіспеуі- ненбасқасезімағзаларысезімталдығыныңкүшеюі(мысалы,зағиптердің есіту, иіс сезу қабілеттерінің артуы).

Қосарлы түйсіну (синестезия) – белгілі заттың нақты өзіне тән сезімдік түйсігіне оның қандай да бір қасиетіне байланыстыра екінші бір сезімді ойдан қосу (тәтті лимонның сарғылт түрі ауызда қышқылт дәм пайда етеді; гүлдің хош иісі, көрмей тұрып-ақ оның сұлу бейнесін түйсіндіреді).

Шұғыл айырма (контраст) – кейбір қасиеттерге болған сезімталдықтың екінші бір қарама-қарсы болмыс белгілерінің әсерінен көтерілуі. Мысалы, бір түсті фигура ашық фонда қарауытып көрінсе, қара фонда ағараңдайды.

Сезімталдықтың кемуі (десенсибилизация) – бір талдағыштар күшті қозуынан басқа сезім, түйсіктердің төмендеуі.

Көру түйсігі. Көру түйсігінің пайда болуы үшін көру рецепторлары

– көз торына электромагнитті толқындар әсер етуі қажет. Адам айыратын түр-түстер хроматикалық (грек.хрома-түр-түс) және ахроматикалық (түссіз – ақ, қара және сұр түстің әрқилы реңктері) болып ажыралады.

Түр-түсәрқилы толқынды электромагниттік сәулелердің әсерінен болатын психикалық құбылыс. Адам көзі 300-ден 700нм (нанометр) қабілетіне ие.

Есіту түйсігі. Есіту ағзасы секундына 16-дан 20 мың толқындар шегіндегі дыбыстарды сезе алады. Дегенмен, есітудің ең тиімді сезімталдығы 2000-3000 герц аралығында (бұл аса қорыққан әйелдің жан айғайына сәйкес дыбыс биіктігі).

31

Адам өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыстар) дыбысты сезбейді. Табалдырық асты төмен жиіліктегі 6 герц дыбыстар адам психикасына кері ықпал жасап, бас ауыртады, шаршатады, көңіл күйзелісіне тап қылады, ал 7 герц дыбыстар тіпті жүрек қызметінің тоқтауына соқтыруы мүмкін.

Сипай сезу (тактиль) түйсіктері – жанасу түйсіктері. Тактильді рецепторлар бармақ ұштарында көптеп шоғырланған.

Қозғалыс сезу (кинестезиялық) түйсіктер – адамның өз тәні мүшелерінің кеңістіктегі жағдайы мен орын ауыстыруын сезінуі.

Тербеліс (вибрациялық) түйсіктері серпінді ортадағы 15-тен

1500 герц дейінгі тербелістерді бейнелеу нәтижесінде пайда болады. Психикалық тұрғыдан тербелістер адамды қатты жалықтырады әрі тіпті пайдасыз. Көп жағдайда олардан сақтанған жөн.

Иіс түйсіктері ауа құрамындағы иісті зат бөлшектерінің мұрын қуысындағы иіс сезу клеткаларын тітіркендіру әсерінен туындайды.

Дәм түйсіктері. Бұл түйсіктердің барша түрлері төрт қилы (ащы, тұзды, қышқыл және тәтті) дәмнің түрліше бірігуінен пайда болады.

Табиғи (органикалық) түйсіктер – ішкі ағзаларда жайғасқан ин-

терорецепторлармен байланысты түйсіктер. Мұндай түйсіктердің болуынан адам тойғанын, ашырқағанын, тынысының тарылғанын, жүрек айнығанын сезеді.

Адамның сезімталдық (сенсорлы) қалпы – бұл әрбір тек өкіліне тән әрқилы сезімталдық қабілеттерінің даму денгейі және олардың жүйелі әрекетте болуы.

14. Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері

Қабылдау–бұлзаттарменқұбылыстардыңөздерінетәнбелгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.

Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).

Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу түрлерімен ажыралады.

Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау симультанды (бір әрекетті) және сукцессивті (кезеңді, бірізді) формалдығына ие.

32

Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті - нысан мәнін түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті (нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу; іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу.

Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі мүмкін.

Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы,

заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы (тұрақтылығы).

Қабылдаудыңмағыналылығыжәнежалпылығы.Қабылдаунәтижесі

–заттыңсөзбенөрнектеліп,белгілікатегорияға,түсініккеқосылуы.Заттар мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану.

Қабылдаудыңзаттасқандығы–заттаржөніндегімиақпаратының шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.

Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да).

Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.

Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз.

Апперцепция–қабылдаудыңтұлғалықтәжірибеге,білімге,мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі.

Қабылдау тұрақтылығы – заттардың шынайы сапаларының (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді.

33

Қабылдау түрлері: затты, уақытты қабылдау; қатынастарды, қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау; адамды қабылдау.

15. Елес: жалпы сипаттама

Қабылдауда болатын сезімдік бейнелердің жасалуынан санада өз алдына ерекшеленген жаңа психикалық құрылым – елестер пайда болады.

Елес – бұл адамның өткен тәжірибесіне негізделіп, болмыс затының санадағы қайта жалпылай жасалған психикалық бейнесі.

Елестезаттыңбаршабітістері мен белгілерітеңдей жарқын,дәлдікпен нақтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздің іс-әрекетімізбен байланысты келсе, онда алғы шепке нысанның біздің әрекетімізге тікелей қажет, маңызды тараптары шығарылады, қалған тұстары бұлдыр күйінде қалады.

Елестер қабылдану түрлеріне орай бөлінеді (көру, есіту және т.б.). Елестердің негізгі ерекшеліктері:

-елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне күңгірттеу;

-елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін ажыратып болмайды;

-елесте әрдайым жалпыланған бейне сақталады (тау елесі, мысалы, олАлатаунеПамиремес,жербетіндегібаршатауларғатәнбелгі–биік шоғыр).

- бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-даралықты келеді. Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің өзіндік ерекшелігінен болады;

-елес көрнекі – бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған танымдық, білім қызметін атқаруы мүмкін;

-түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;

-елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы – есте сақталғанды елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан-жақты талдауға салып, нақтылай бастаймыз.

Елес қабылдау үдерісінің қарабайыр, сол күйінде қайталануы емес, ол ауыспалы қозғалысты құрылым, әр мезеттегі нақты жағдайға байланысты жаңаланып, тұлғаның күрделі өмірін бейнелеп барушы психикалық құбылыс.

34

Тұлға өміріндегі елестің маңызды болуының жарқын дәлелі – бұл адамдардың шығармашылық өнері. Шығармашылық әрекеттің қай түрі болмасын өз бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есіту түйсігінен айрылған әйгілі Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі шығармашылығының сүйеніші еткен.

Эйдеттік (грек. eidos-бейне) елес – ырықсыз бір көргеннен есте қаларлық толық та жарқын елес.

Персевераттық (лат. perseveratioтабандылық) елес – бұл қандай да елес бейненің ырықсыз, ойдан шықпай, қайталана еске түсе беруі.

16. Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері

Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса,алсоләрекетті тереңдейтануменбасқаларынелемеу–зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады.

Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.

У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: 1) сезімдік (сенсор-

лы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді)

– ерік қосумен болатын.

Ырықсыззейінқандайдазатқаешбірниетсіз-ақбағдарланадыжәне ол үшін ерік күшін қажет етпейді.

Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт аралығында орындалып жатады.

Егеріс-әрекетадамдықызықтыратынболса,ырықтызейінүйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, ісәрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.

35

В.Н. Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау деген зейіннің және бір түрін атап көрсетеді.

Өзіндікбағдарлаунысаныжекеадамныңөзбойындағыәрекет-қылық сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б.

болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы, тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап, өзіндік ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет.

Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады.

Ішке бағдарланған зейін – психиканың өз қорындағы ниетті нысандарды бөліп алу қызметін атқарады.

Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске бейімділігі және дайындығына байланысты. Ұстаным, ниет тұлға ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін арттырады.

Зейін жеке-даралықты және ұжымдық болып та ажыралады. Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда топтағы бір мүшенің ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін.

Зейін қасиетері: тұрақтылығы, шоғырлылығы, көлемі мен ауысуы.

Зейін тұрақтылығы оның уақыт аралығында шоғырлы сақталу мерзіміменанықталады.Іс-әрекетбарысындасубъекттіңөзісезбейтін, бірақ іс өніміне әсер етпейтін қысқа мерзімді зейін тербелістерінің болуы да заңды.

Зейін шоғыры (концентрация) зейін тобының бір нысанға бағытталып, оның аймағына енбейтіннің бәрін елемеуімен сипатталады.

Зейінніңбөлінуібіруақыттабірнеоданкөпіс-әрекеттердіорындау мүмкіншілігін беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.

Зейінкөлемі–біруақыттаанықтаайқынқабылдануымүмкінөзара байланыспаған заттар саны.

Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің нәтижесіне орай толық ауысуы – не аяқталмаған ауысуға түсуі мүмкін.

36

Зейіннің жеке – даралықты ерекшеліктері – бірнеше жағдаяттарға байланысты. Олар: жоғары жүйке қызметінің типі, тек өкілінің психикалық даму жағдайы, оның күнделікті психикалық қалпы, үйреншікті қызметінің шарттары.

17. Ес: жалпы сипаттамасы және түрлері

Ес – адамның болмыспен өткендегі өзара ықпалдасты қарымқатынасыныңпсихикалықбейнесі,оныңтіршілігінеқажетақпараттық қор.

Ақпаратты сақтау қабілеті және оны іріктеп, таңдаумен қажетті ісәрекетке қосып баруы, әрекет-қылықты реттеу үшін пайдалануы – тек өкілің қоршаған ортамен байланысын қамсыздандырушы мидың негізгі қасиеті. Ес арқылы өмір тәжірибесі бірігеді, адамзат мұдениеті мен жеке бас тіршілігі үздіксіз дамиды. Ес негізінде адам бүгінгісін бағдарлап, келешегін болжастырады.

Есті интелекттік және тұлғалық жүйешелер ретінде белгілі құрылымға ие қызмет, үдеріс, психикалық болмыс деп сипаттауға болады.

Ежелден қалыптасқан ғылыми көзқарастар бойынша ес, бір тараптан

психикалық қызмет(функция), ал, екіншіден – үдеріс(процесс)ретінде қарастырылып жүр.

Естің психикалық қызметі, яғни қандай да мнемикалық (лат. mnema

ес) нәтиже беруге қатысуы, оның психикалық болмысы (реальность). Бұл жағдайда назарға ес тиімділігінің нәтижелілік тарапы алынады.

Естиімділігі– бұл мнемикалықіс-әрекеттіңөнімділігі,сапасыжәне сенімділігі

Мнемикалық іс-әрекеттің өнімділігі – бұл есте қалдырылған және қайта жаңғыртылған материалдың саны (ес көлемі), есте қалдыру мен қайта жаңғырту шапшаңдығы.

Мнемикалық іс – әрекеттің сапасы – есте қалдырылған мен жаңғыртылғанның дәлдігі.

Мнемикалық іс – әрекеттің сенімділігі – (валидность): ес беріктігі,

жылдам әрі дәл есте қалдыру және жаңғырту ықтималдығы.

Ес нәтижесі оның үдерістік табиғатының (процессуальная сторона) салдары.

Еспсихикалықүдерісретіндемнемикалықәрекеттерімен,мнемикалық амалдарымен, есте қалдыру және қайта жаңғырту және т.б. кезеңдерімен

37

сипатталады. Ес үдерісінің жалпы мнемикалық мазмұнын суреттеп, баяндау үшін бес үдеріс түрін ескеру қажет. Олар: есте қалдыру, есте сақтау, ұмыту, тану және қайта жаңғырту.

Есте қалдыру – бұл санаға жаңадан түсіп жатқан ақпаратты ұйымдастыру (рәміздей, бекіту, «меншіктеу»). Есте қалдыру шартты түрде екіге бөлінеді: ақпараттың өзін тікелей жадта рәміздеп (кодировать) бекіту және ақпараттан алған әсерді ғана есте қалдыру (запечатление).

Есте сақтау – есте қалдырылған ақпаратты белсенді не енжар (ырықты не ырықсыз) қайта өңдеп, меншікті ақпаратқа айналдыру (трансформация).

Ұмыту–сақтауғакеріүдеріс,естеқалдырылғанматериалдықайта жаңғырту не тану мүмкіндіктерінің кемеюі.

Қайта жаңғырту – бұрын есте қалдырылған материалды тіктеу

(реконструкция). Қайта жаңғырту үдерісі «тіл ұшына келтіру» (припоминание) және еске түсіру әрекеттерін де қамтиды.

Тану – нысандар мен құбылыстарды олармен тікелей қатынасқа түскен сәтте бұрыннан белгілі қалпында қабылдау.

Есті есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту мақсатындағы ақпаратты ұйымдастыру үдерістерінің жүйесі және сол ақпаратты өңдеу қызметін атқаратын тұлғаның танымдық қабілеттері мен ол меңгерген білімдердің жүйелі арақатынасқа келуін қамтамасыз ететін интеллекттік жүйеше деп те қарастыруға болады.

Ел не өндірісті басқарған адам іс-әрекетінде белгілі мөлшерде естің баршанегізгітүрлерікөрінеді.Егерестіуақыт-мерзімгеорайтоптастыра- тын болсақ, ендеше оның келесідей түрлерін ажырата білу қажет: қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік (оперативті) және ұзақ мерзімді.

Қысқа мерзімді ес – қабылдау аймағына түскен нысандар мен жағдайлар тобын бір көргеннен тікелей байқау және бекіту қызметін атқарады. Мұндай мерзімді естің қызмет бабы 30 секундтық, қабылдау көлемі - 5-7 нысан.

Нақтыіс-әрекеттікес–қажеттіәрімезеттікіс-әрекетнәтижесіне жету үшін ғана жасалған ақпаратты іріктеп сақтау және іске асыру жұмысына бағытталады. Бұл ес үдерісінің жалғастығы орындалатын іс-әрекетке жұмсалған уақыт мөлшерімен сипатталады.

Ұзақ мерзімді ес – аса жоғары маңыздылыққа ие болған ақпаратты түбегейлі не ауқымды уақыт жадта сақтау қызметімен байланысты.

38

Сенсорлы (сезімдік) ес – сезімдік ықпалдарды тікелей байқау, яғни нысанның сезімдік әсерін көрнекі бейне түрінде анық әрі толықтай қабылдап, өте қысқа уақыт аралығында сақтап тұру (0,25сек.).

Іс-әрекет субъекті ақпаратты түрлі сезім ағзаларының: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипай сезу – арқасында қабылдайды.

Осыған орай көру есі, есту есі, иіс сезу есі, сипай сезу есі және дәм сезу есі ажыралады.

Бұлардың басқа ақпаратты жадта қалдыру сипатына байланысты

вербалды (сөздік ес), бейнелі, моторлы (қозғалыс есі), эмоционалды (көңіл, сезім, толғаныс есі), сондай-ақ заттардың кеңістікте, уақыт

аралығында жайғасу, сандық, аты-жөні, адамдарды жадта қалдыру

ес түрлері бөліне қарастырылады.

Жадта қалдыру үдерісінің даму дәрежесін ескерумен есті тікелей нақты және жанама деп ажыратудың да үлкен маңызы бар.

Тікелей нақты естің ерекшелігі – есте қалдырылған материалдың өңдеуікем,қалайқабылданса,солкүйіндебейнеленіп,психикалықбекімге түседі.Мұндайжағдайлардасубъектматериалдыкөпмәртеқайталаумен, ешқандай құрал, әдіс қолданбастан, өңдеусіз жаттап алады.

Жанамаес–материалдыестеқалдырудыңәдіс,жолдарыніздестіріп, мағынасын түсініп, талдау, салыстырумен орындалатын ес түрі.

Есте қалдыру әдісі бойынша ес механикалық және ассоциативті (мағыналы) ес-түрлеріне ажыралады.

Адам жадының негізгі қызметі ақпарат іздерін мағыналы (ассоциативті) байланыстар бойынша есте қалдыру және қайта жаңғырту. Ассоциативті естің үш түрі танылған: сыбайлас байланысты ес: ақпараттар қандай да мәнді өңдеуге келтірілмейді, олар арасындағы байланыс түрі өте қарапайым; қарама-қарсы байланысты ес: логикалық (қисынды) қарсы қойып салыстыруға негізделген байланыс түрі; ұқсастыққа байланысты ес: қандай да бір жағдайды ойға ала отырып, адам онымен байланысқан және бір оқиға, зат, тұлғаны есіне түсіреді.

Іс-әрекет мақсатына орай келесідей ес түрлерін айыра белгілеуге болады:

1)ырықсыз ес – ақпараттың өздігінен, қандай да арнайы жаттауды қажет етпестен іс-әрекет барысында есте қалу түрі. Мұндай ес балалық шақта аса күшті дамиды да жас ұлғайған сайын бәсеңдейді;

2)ырықты ес – ақпараттың жадта қалуы мақсатқа байланысты, арнайы тәсілдерді қолданумен орындалады.

39

Ырықты естің тиімділігі есте қалдыру мақсатына (қаншалықты берік, ұзақ уақыт жадта сақтау қажетіне орай); жаттау тәсілдеріне тәуелді.

18. Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы

Ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты жағдайларда бағыт-бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.

Ойлау үдерісі құбылыстарының арасында ерекше мәнге ие болғандары:

1)ойлау іс-әрекеттерібелгілі міндетті шешуге бағытталған ой әрекеттері мен амалдарының жүйесі.

2)ойлауамалдары:салыстыру,қорыту,бейнақтылау,топтастыру, жүйелестіру және нақтылау;

3)ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік;

4)ойлау түрлері: тәжірибе-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және теориялық –бейнақты;

Мазмұны бойынша тәжірибелік, ғылыми, көркем өнер ойлау іс-

әрекеттері ажыралады.

Құрылымы жағынан ойлау іс-әрекеттері а) алдын ала белгілі ережелер бойынша орындалатын алгоритмдік және б) қалыптан тыс мәселелерді шығармашылдықпен шешуге бағышталған эвристикалық болып бөлінеді.

Бейнақтылық деңгейіне орай эмпирикалық және теориялық ойлау түрлері ажыралады.

Ой әрекеттерінің бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқан екі тарапы ретінде көрінетін талдау (анализ) және біріктіру (синтез) өзара ықпалдастығы негізінде орындалады.

Жеке-даралықты ойлау қызметін сипаттауда келесідей ақыл сапалары ескеріледі: жүйелілік,бірізділік,дәлел-дәйектілік,икемділік,шапшаңдық және т.б., сондай-ақ тек өкілінің ойлау типі мен интеллектуал ерекшеліктері.

Психологияда танылған ойлау формалары – пікір, ұғым және

түсінік.

Пікір – зат жөніндегі нақты таным, оның қандай да бір қасиетін, байланыс не қатынастарын мақұлдау немесе терістеу. Бейнеленуші

40