Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Психология негіздері Сбет Бап-Баба

.pdf
Скачиваний:
509
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
4.56 Mб
Скачать

Астар сана көп деңгейлі құрылым: төменгі деңгейде ол – автоматтасқандағдыларжәнеолардыңбірігімдері,алжоғарыдеңгейде бұл – сезім көрегендігі (интуиция).

Астардеңгейліавтоматизмдер–бұлорындалатыніс-әрекеттердің біртекті жағдайларда бірыңғай тұрақты қайталанып отыратын көріністері,яғнидинамикалықстереотиптер.Бұл ұғым мәні – қалыпты жағдайлардағы жауап әрекеттердің үздік байланысты, «шынжырлы» тізбегі (көлік жүргізушінің әдетті қызметі, «отбасы, ошақ қасы» міндеттерін орындау,қолдағықұрал-саймандардыойланыпжатпастанпайдаланабілу, сөйлеу мен ым-ишара әдеттері). Бұлардың бәрі тек өкілінің өз іс-әрекетін реттеуі үшін қолданатын дайын қылық-әрекеттерінің жиынтық топтамасы. Осы дағдылы әрекеттердің болуынан сана жүктемесі жеңілдеп, оның бұдан былайғы шығармашыл істермен айналысуына жол ашылады. Сана үздіксіз қайталанып отыратын біртекті әрекет, міндеттер шешуден құтылады.

Астар санаға әрқилы психикалық бірігімдер де ысырыла, өтіп жатады. Олар – орындалмай қалған тілек, ниеттер; шектелген ұмтылыстар; әрқилы қатерлер мен күйзелістер; амбициялар мен әсіре талғамдар (ұялшақтық, жасқаншақтық, мансап құмарлық және т.б.). Мұндай бірігімдер тұлғаның тұрақты әрекет-қылықтарының астар саналық бағыт-бағдарын аңдатады.

Астар сана – бұл бойға сіңген қалыптар мен ұстанымдар, жоғары деңгейлі адамгершілік қасиеттер мен сапалар. Ашық сана мүмкіндіктері әбден шектелген шақта астар сана әрекетке келеді (шектен тыс ашу, ыза, күтілмеген қуаныш, аса күшті психикалық жүктеме, күйзеліс жағдайларында).

Астар сананың аса жоғары аймағы – сезімкөрегендігі(интуиция), аян

бұл проблемді жағдайды бірігімді қабылдау, күтілмеген шешімдердің «жарқылы», өткен тәжірибенің «суырып салма» қорытылуынан болатын алдағы оқиғаның дамуын ырықсыз жобалай білу, яғни көрегендік.

Адам психикасының санадан тыс аймағы – оның психикасының тұңғиығында жатқан күнделікті тұрмыста белгісіз құбылыс. Ол көбіне адамның эволюциялық даму үдерісінде қалыптасқан. Астар сана аймағына келесі құбылыстар енген: түс көру, көрегендік, көңіл шарпуы, гипноз, сенім, қорқыныш, қияли үрей, өзінше пайда болған қауіптер, негізсіз қуаныш. Тек өкілінің әрқилы жағдайларда қандай да әдіспен, ойланбастан жоспарсыз әрекет істеуге дайын болуы да психиканың санадан тыс көріністері.

21

Астар сана аймағы өте тұрақты, бұлжымас. Бұл деңгейдегі адам әрекет-қылығын тек қана психотерапия және гипноз әдістерімен біршама басқаруға болады.

Ойлау аймағынан тыс үдерістер ашық санада өз жалғасын табуы мүмкін. Керісінше, ашық санадағы психикалық әрекеттер астар санаға өтіп те жатады.

Психиканың санадан тыс аймағы өзіндік бағамға келмейді, ырықты бақылауға түспейді. З.Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп-түрткілік (мотивационный) қуат. Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға «шек» қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады.

Дау-дамайлықалыптанқұтылуүшінадамқорғанысәрекеттерінеөтеді, яғни психикалық қалпын санадан ығыстырады, ауыстырады, жаңалайды не шегініске мәжбүр болады.

Ал психоаналитик К.Г.Юнг ойы З.Фрейд тұжырымдарынан өзгеше.

Ол ашық сана мен астар сананы қарама-қарсы қоймай, керісінше ашық сананы ұжымдық бейсананың тереңде жатқан қабаттарының жалғасы, яғни архетип – адамзат тіршілігінің бастау кезеңдерінде қалыптасқан қылықтарының елестері деп түсіндіреді.

Юнг пайымдауынша, адам көпшілікпен араласу себепті жинақталған астар саналық ұмтылыстары негізінде өз бойындағы мүмкіндіктерін дербес іске асыруға талпынады. Ненің жақсы, ненің жаман екендігін бізге «сыбырлап» тұратын ой не сана емес, ол «көзсіз» сезім, астар сана. Біздің барша бейберекет, ырықсыз әрекеттеріміздің билігі өз психикамыздың тұңғиық құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің ықпалында жатыр.

Сана құралы - ұғым, түсініктер, ал астар сана көңіл шарпулары мен сезімдерге арқа сүйейді. Астар сана деңгейінде қабылданған нысандар мен құбылыстарға және олардың астар санада қалыптасқан өлшем-шек- теріне «қас-қағымда» шұғыл баға беріледі.

Астар санамен бір қатар З.Фрейд адам психикасының тұғырлы мәндік тетіктері, яғни тұлғаның әлеуметтік ықпал жасау, өзін инабаттылық арнасында қадағалай білу қабілеттері ретінде танылған жоғарысана–«супер эгоны» ажырата қарастырады. Адамның барша рухани дүниесі – бұл тек өкілінің өзімшілдік тоқырауына қарсы тұратын, идеялық шыңдалуы мен ізгілікті жетілуін білдіруші жоғары сана аймағы.

22

Ашықсана–бұлтұлғаныңбілімдеріжәнемәдениәлеуметтенусаласы. Ол көп жағдайларда адамның тума, табиғи (инстинкт) құмарлықтары мен әдеттерін қадағалайды әрі шегеріп отырады.

Танымал грузин психологі Д.Н.Узнадзе (1886-1950) және оның шәкірттері өзекті түсініктеме принципі ретінде ұстаным (установка) принципін ажыратады. Бұл принцип мәні – әрқандай ұстанымнан субъекттіңбіртұтасмодификациясын,оныңболмыстықабылдауғаәрі белгілі нақты тәсілмен әрекеттенуге дайындығын байқаймыз. Узнадзе пікірінше, ұстанымда психиканың ашық сана және астар сана аймақтары бірігімге келеді. Әрбір әрекет – қылық жағдайы ежелден қалыптасқан мінез-құлық, әрекет топтарын жүзеге келтіріп, іске қосады.

Адам психикасы құрамында ашық сананың, астар сана мен

бейсананың болуынан адамның әрекет-қимылдарының келесідей түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді: 1) бейсана – инстинкттік тума қимылдар; 2) бейберекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар, әдетке айналған, автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы қызметтер; 3) саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер.

Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік рөл атқарады.

Адам санасы оның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің ерекше адамиласқан формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі жасампаздық өнімімен ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен мақсаттарыныңтүсінімгекелуіадамзаттыңмәдени-тарихидамуүдерісінде жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену барысында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың қолданылуы жеке-жеке көрініс береді.

Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы ісәрекетте, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс заттарыныңпсихикалықбейнесі сол заттардың іс-әрекетжелісіндеалған орны мен құрылымына тәуелді.

Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық бейнесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Адам іс-әрекеті заттар

23

мағынасын ашумен байланысты, ал оған орай қолданылатын құралжабдықтар өз бойында адамның тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын сақтайды.

10. Психика және іс-әрекет

Адам психикасы оның іс-әрекетінде қалыптасады әрі көрініс береді.

Іс-әрекет – жалпы адамзаттық тәжірибе негізінде саналы белгіленген мақсаттарға жету арқылы болмысты игерудің адамдық әдістәсілдері.

Адамның қандай да әрекеті белгілі сеп-түрткілерден болады да нақты мақсатқа бағдарланады, сонымен бірге ол арқылы түрлі, мәселелер шешімін табады әрі адамның қоршаған ортаға болған қатынас, көзқарасын танытады. Іс-әрекет сананың барша қызметін, толықтай көңіл-күй толғаныстарын өз ішіне қамтиды. Әрбір адамдық қарапайым әрекет, яғни адамның нақты тән-денелік әрекеті – міндетті түрде қайсы бір психологиялық әрекетпен, әрекеттегі адамның басқаларға,

қоршаған ортаға қатынасын білдіруші ауқымды күйзеліс-қуаныштары және бағаларымен бірлесе жүреді.

Психика Іс-әрекетте қалыптасып, мінез-құлықта белгі береді.

Өзіндік іс-әрекеттің дерек-мәнін түсіну оның орындалу шарт, жағдайларына өзгерістер ендіреді, нәтижеде оның жалпы жүрісі мен сипаты жаңа өң алады; іс-әрекет сыртқы тітіргендіргіштерге жауап қимылдардың қарапайым бірігімі болып қалмастан, ол енді басқаша реттелуге түседі: іс-әрекет өзіне арқау болған физиология заңдылықтары тұрғысынан түсіндірілмей, психологиялық заңдылықтар биігінен айқындалуды қажет етеді.

Сана адам іс-әрекетін сырттай басқаратын тысқы орта күші емес. Ол іс-әрекеттің алғышарты, сонымен бірге оның нәтижесі де.

Сананың әрқилы денгейлері мен типтері сонымен бірге әрекетқылықтың да түрлі деңгейлері мен санқилы типтерін білдіреді (бейсана жауап қимылдар, түсінімді әрекет, әдет қылықтар). Сана дамуындағы сатылар әрекеттің не мінездің қылықтық ішкі табиғатындағы өзгерістерді аңдатады, ал ішкі табиғи өзгеріс іс-әрекеттің сырттай шынайы өту психологиялық заңдылықтарына ықпал жасап, оларды өзгерістерге келтіреді. Осыдан, сана құрылымын өтіп жатқан әрекеттің сыртқы, шынайы көрінісімен анықтауға, түсіндіруге болады.

24

Сонымен, сана мен іс-әрекеттің не мінездің қылықтық бірлігі сана мен болмыстың не тұрмыстың, субъект пен объекттің бірлігіне негізделеді. Ал сана осы бірліктің мазмұнын жанама күйге келтіреді. Нысанға деген бір қатынастың өзі санаға да, әрекет-қылыққа да себепші болады, бірі – психикалық бейне (ой) пайда етсе, екіншісі – заттасқан әрекетке жұмылдырады.

11. Іс-әрекет құрылымы және оның түрлері

Іс-әрекетбұл саналы түзілген мақсаттың орындалуына бағытталып, қоғамдық мәнді құндылықтар немесе әлеуметтік тәжірибені игеруге байланысты субъекттің болмысқа деген белсенді қатынасының формасы.

Іс-әрекет барысында адам болмысы және оның психикасы көрініс береді, қалыптасады және дамиды.

Іс-әрекет – екі негізгі белгіге ие өте ерекшеленген қатынас формасы:

1.Іс-әрекет–бұлқандайданәтиженіқолғатүсіругекөзделгенөнімді қатынас түрі. Бірақ мұндай іс-әрекеттің өнімі тек заттасқан күйде ғана (тұрмыс қажеттері, құнды жәдігерлер және т.б.) болып қалмай, адамның әлеуметтік тәжірибе формалары да (білім, ептілік, дағды және т.б.) болуы мүмкін. Осыдан іс-әрекет үш негізгі түрде көрінеді, іске асып барады.

Олар – еңбек, ойын және оқу.

2.Іс-әрекет – болашақ нәтиженің идеалды бейнесі ретінде саналы танылған мақсатпен реттелуші қатынас түрі. Іс-әрекеттің мазмұнын,

құрылымын және қозғалысын айқындаушы басты өлшем – бұл мақсат. Осынысымен де іс-әрекет адамның басқа белсенділік формаларынан ажыралады.

Іс-әрекетті анықтаушы жоғарыда аталған екі ерекшебелгі оның негізгі жалпыпсихологиялыққасиеттеріннықтылауғамүмкіндікбереді.Мұндай қасиеттерді атасақ, олар: белсенділік, өнімділік (нәтижелілік), танылу мүмкіндігі, әлеуметтік шарттылығы, іс-әрекеттің заттасқандығы

(субъект әрекетінің міндетті түрде өзінен тыс нысанға бағытталуы), ісәрекеттің икемшілдігі (жағдай өзгерісіне орай ауысуы, қайта құрылуы),

жүйелілігі.

Іс-әрекеттің сырттайсипаттамасыеңбек(ойын,оқу),«субъект», «нысаны»(объекті),«зат»,«іс-әрекетжағдайларыжәнежабдықтары»

түсініктері негізінде беріледі.

25

Еңбек заттары – субъекттің өз іс-әрекетінде практикалық не ой жүзінде ықпалды өзара қатысқа түсетін мүліктер, үдерістер, құбылыстар жиынтығы.

Еңбекқұрал-саймандары– еңбекзаттарыныңерекшеліктерінтану және оларға ықпал жасауда адам мүмкіндіктерінің жоғарылауына себепші жабдықтар жиынтығы.

Еңбек шарттары іс-әрекеттің әлеуметтік, психологиялық және санитарлық-гигиеналық сипаттамалары.

Іс-әрекеттің ішкі сипаттамасыүдерістер мен нақты әрекеттің реттеліпбарутетіктерінің,құрылымыменмазмұнының,сондай-ақоны іске асырудың әрекет-қимыл шараларының баянын белгілейді.

Белсенділік – адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты қатынас формаларының бірігімі. Белсенділік формаларының бәрі де бірдей негізгі деңгей түрінде қарастырылады.

Жоғары деңгейде тұлғаның мінез-құлық, әрекет-қылық, әлеуметтік себеп-салдарлы белсенділігі көрініс береді, ал төменгі деңгейде – тек өкілінің мекенді жүйешелерінің белсенділігі орын алады.

Іс-әрекет типтері: еңбек, оқу және ойын.

Еңбектік іс-әрекетадам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі.

Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы – бұл адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін реттеуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп барады.

Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (когнитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптарды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі.

Оқуіс-әрекетімақсатыадамныңбілім,ептілікжәнедағдылардыиге- ругебағытталғанерекшеүдерістүрі.Оқуәрекеттеріұйымдасқанформада арнайы біліммекемелерінде іскеасып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену әрекеттеріұйымдастырылмағанкүйде,басқаәрекеттүрлеріменқабаттаса,

26

оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі – ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы ретінде қызмет етеді.

Қалаған іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекеті де құрылымдық деңгейге ие бола тұрып, жекеленген бірліктерден құралады (әрекет, амал (опера- ция),шарт-жағдайлар,қажеттер,сеп-түрткілер,міндеттер).Оқуіс-әрекеті бірліктерінің өзарақатынасқатүсіп,орайласуыоныңдаралықтысипатын береді.

Аталған іс-әрекет түрлері әлеуметтік-тарихи даму барысында бірінбірі ауыстырып отырады. Осыдан әр кезеңде тұлғаның жас деңгейі мен даму ерекшеліктеріне байланысты жетекші іс-әрекет түрі алға тартылады.

Жетекші іс-әрекет түрі бұл адамның қандай да бір даму сатысындағынегізгіпсихологиялықжаңақұрылымдардыңпайдаболып, қалыптасуына ықпал етуші әрекет түрі.

Іс-әрекет типі – жеке – дара және бірлікті іс-әрекеттер.

Бірлікті іс-әрекетжеке-дара әрекеттен өзгеше, ұжымдасқан субъект тарапынан орындалады, мұндай субъект ортақ мақсат, міндеттер төңірегінде одақтасқан екі не одан көп адамдардан құралады.

Іс-әрекет түрлері дәстүрлі екіге бөлінді – сыртқа және ішкі. Сыртқы іс-әрекет орындалу барысында өзінің қозғалыс, әрекет,

көңіл-күй, тілдесу –қатынас бірліктерімен көрінетін іс-әрекеттің барша түрлері, типтері және үдерістері.

Іс-әрекет субъект-объектті, субъект-субъектті болып, екі түрде ажыралады.

Іс-әрекеттің субъекті-объектті типінде әрекет нысаны ретінде жансыз зат алынады, ал субъект-субъектті әрекетке бірі екіншісін «өзге» деп таныған екі не одан көп адамдар қатысады.

Іс-әрекет сондай-ақ орындаушы және басқарушы болып, бөлінеді. Орындаушы іс-әрекетте субъект басқа да субъекттермен байланыс жсауымен шектелмей, еңбек затына тікелей ықпал жасайды, онымен

қатынасқа түседі.

Басқару әрекетінде бір субъект өзге субъекттердің қызметін ұйымдастырады және олардың сатылы өзара бағыну деңгейлерін белгілейді.

Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге бөлінеді.

27

Тікелей іс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т.с.с, түскен затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты табиғи көзбен қолма-қол алады.

Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі, рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық құралдар).

12. Негізгі психикалық үдерістер

Психикалық үдерістер – психикалық іс-әрекет көріністерінің жиынтығы. Әрбір психикалық үдеріс жалпы бейнелеу нысаны мен бір текті бейнелеу – реттеу ерекшелігіне ие. Мұндай үдерістер танымдық,

еріктік және көңіл-күйлік болып ажыралады.

Танымдық үдерістер әрекет-қылықтың бағыт-бағдар негіздемесін қамтамасыз етеді және оның ақпараттық қорын қалыптастырады. Бейнелеу нысанына орай олар бес түрге бөлінеді.

1.Сезімдік (сенсорлы) үдерістер болмыстық жеке қасиеттерін

(физикалық, химиялық, т.б.) бейнелейді. Бұл үдерістердің психикалық нәтижесі түйсік деп аталады. Сенсорлы үдерістер түр ерекшеліктерімен бір қатар жалпы психикалық заңдылықтарға жүгінеді: олар сезімталдықтың жоғары және төмен, айырма (дифференциалды) табалдырықтарымен шектелген, адаптация (бейімделу), сенсибилизация (сезімталдық), шұғыл айырма (контраст) және синестезия (қосарлы түйсік) заңдарына бағынады.

2.Қабылдау (перцептивті) үдерісі заттар мен құбылыстардың мәнді айырмашылық белгілерін саналы түсіну арқылы оларды біртұтас күйінде бейнелеу әрекеті. Бұл үдерістердің нәтижесін психологияда қабылдау деп атау қалыптасқан. Перцептивті үдерістер өздерінің түр ерекшеліктерімен (көру, есіту және сезіну) бір қатар ортақ, жалпы заңдылықтарға тәуелді. Олар - қабылдаудың заттық тегі; таңдамалы бағыты; біртұтастығы; құрылымдығы; апперцепциялылығы, яғни өткен тәжірибеге байланыстылығы; константтығы, яғни заттық шынайы сана бейнесінің затты қабылдау шарттарына тәуелсіздігі.

3.Ақыл-ес (интеллектуал) үдерістері- бұл заттар мен құбылыстардыңмәндіөзарабайланыстарыжәнеерекшеліктерінбейнелеу әрекеттері; интеллектуал үдерістер (ойлау) болмысты салыстыру, бейнақтылау, сәйкестендіру, ауыстыру, сырттай заттастыра тану (экстраполяция), іштей ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен

28

бейнелеуқызметінатқарады;проблемдімәселелердішешубарысындағы танымдық іс-әрекеттер мен ойлау әрекеттері және амалдар келесідей кезеңдерді өтуімен ажырылады: салыстыру, қорытындылау, дерексіздендіру, нақтылау, топтастыру және жүйелестіру; формальды нәтижелерге жету ерекшеліктеріне тәуелді

ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік-болып ажырылады. Сонымен бірге ойлау: практикалық және теориялық, эмпирикалық және ғылыми, көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және бейнақты, стандартты және шығармашыл - түрлеріне де бөлінеді; ашық сана мен астар сананың өзара ықпалдасты қатынасынан сезімдік (көрегендік, аян) ойлау қабілеті қалыптасады.

Тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы – интеллект деп аталады. Ол тұлғаның ақыл әрекеттері түрінде көрініп, проблемді мәселелерді шешудің стратегиясын, ой қызметінің өнімді нәтижесін қамтамасыз етеді.

4.Қиял – іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық бағдарламалары ретінде, сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің туындауы; қиял бейнелері ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады; қиял оқиғалардың алдағы дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді қамтамасыз етеді.

5.Ес (мнемикалық) үдерістері - өткенде қабылданған материалды санаға түсіру, оның сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге жұретін психикалық әрекеттер; естің келесідей жіктелуін аңғару қажет: ес түрлері (бейнелі, қисынды, дыбысты, көңіл-күй есі), ес жүйелері (сезімдік, қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік, ұзақ мерзімді) және ес типтері (естің бағдарлануына, оның кейбір түрлерінің беріктігімен, естесақталужылдамдығымен,көлеміменжетекшілікрөлінебайланысты жекеленген – типологиялық ес формалары - ырықты және ырықсыз ес

ажыралады.

Реттеуші психикалық үдерістер қатарына еріктік және көңіл-күй үдерістері еніп, саналы әрекет-қылық пен кенеттен болатын бейберекет (спонтанно-импульсивные) мінез-құлық қимыл-әрекеттерін қамтамасыз етеді.

6.Ерік–жоспарланғаннәтиженіңмәнінтүсінуденадамбелсенділігінің өзінен өзі іске қосылуына себепші психикалық үдеріс. Ол белсенділік қарапайым және күрделі ерік әрекеттерімен көрініс беріп, орындалып жатады. Қарапайым әрекет – бұл мақсат әрекет нәтиже бағасы

29

араларындағы байланыстан белгілі болады, ал күрделі ерік әрекетінің құрылымы өзгеше: қажеттік–ықтималмақсатсеп-түрткілеркүресі

шешім қабылдау орындау әрекеттері жүйесі – оларды бағалау және түзетуқорытындыәрекеттер– ақырғы нәтижелердің жинақты бағасы.

Ерік мәні қажетті нәтижеге жету жолындағы табандылықтан көрінеді.

7. Көңіл шарпулары (эмоции) сыртқы ықпалдардың қажеттілік мәнін, олардың тек өкілі тіршілігіне пайдасы мен зиянын сезу арқылы бейнелеуге негізделіп, адам қылығына бейберекет (импульсив) реттеу беруші психикалық үдерістер.

13. Түйсік: жалпы сипаттама

Түйсік болмыстың қарапайым қасиеттерін (физикалық, химиялық және т.б.), сонымен бірге қоршаған ортаның ықпалдарына болған адам сезімталдығын тікелей, сезім деңгейінде бейнелеуші психикалық үдеріс.

Түйсіктің негізгі қасиеттері: модальдығы, мекендігі,

созылыңқылығы.

Тітіркенушілігі (модальность) - өте қарапайым психикалық сиг-

налдар ретінде (жүйке сигналдарымен салыстырғанда) түйсіктің ерекшелігін танытатын сапалық сипаттама. Түйсіктің қандай да түрі өзіне тән тітіркенушілік сипатына ие. Көру түйсігі үшін бұл – түр-түс, жарық, сәуле толыққандылығы; есту түйсігі үшін – үн деңгейі, ырғақ, дауыс күші; сипай сезу үшін – қаттылық, кедір-бұдырлығы.

Мекендігі (локальность)- түйсіктік кеңістікке байланысты сипаты.

Созылыңқылығы –түйсіктің уақыт, мерзімге орайласқан сипаты.

Жеделдігі (интенсивность) – түйсіктің сандық сипаты.

Түйсік түрлерінің баршасы жалпы психо-физиологиялық заңдылықтарға негізделеді. Олар – сезімталдық табалдырықтары, бейімделу, сезімталдық (сенсибилизация), шұғыл айырма (контраст), түйсік қосарлылығы (синестезия).

Түйсіну мүмкіндігінің ең төмен табалдырығы - өте нәзік байқалатын түйсік тудыру үшін қажет тітіркендіргіш күштің ең аз мөлшері, деңгейі.

30