Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кәсіпорынның табысының жалпы ұғымы ЖШС КаБиско.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
236.03 Кб
Скачать

1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.

Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.

Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.

Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс «кәсіпорындардың басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.

Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Пайданы баланстық және таза деп. 2-ге бөлуге болады. Баланстық пайда негізгі қызмет түрлері бойынша, кәсіпорын мүлкін сату бойынша және өнім өткізуден тыс операциялар бойынша есептеледі:

Пө.=Пн.қ.с.+Пө.т. (1)

Пө – өнім өткізуден пайда;

Пн.қ.с– негізгі құралдарды және өзге де материалдық құндылықтарды сатудан түскен пайда;

Пө.т. – өнім өткізуден тыс операциялардан алынатын пайда.

Пө=ӨӨ-Шө (2)

ӨӨ - өнім өткізуден алынатын түсім, қосмша құн салығы мен акциздерді

есепке алмағанда;

Шө – өнім өткізу және өндіру шығындары.

Негізгі құралдарды сатудан түскен пайда осы мүлікті сатудан түскен табыс осы мүлікті сатудан түскен түсім мен оның баланс бойынша қалдық құны арасындағы айырмасымен анықталады.

Өнім өткізуден тыс операциялардан алынатын пайда табыс пен осы операцияларға кеткен шығындар айырмасы ретінде анықталады.

Таза пайда — баланстық пайдадан пайдаға салынатын салықтық нормативтен тыс, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді, мемлекеттік баж салығығын, салықтарды төлеу тәртібін бұзғаны үшін айыппұлды алып тастау арқлы анықталады.

Кәсіпорын пайдасын бөлу — бюджетке және пайданы пайдалану бағытының статьялары бойынша жұмсауды айтады. Таза пайда келесі бағыттардан көрінеді:

Кәсіпорынның өзіндік дамуын қаржыландыру;

Тұтынушылық және әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету;

Әлеуметтік, мәдени саланы қаржыландыру;

Жалақылардың үстіне, еңбекақы қорына аударымдар жасау;

Қайырымдылық қажеттер және т.б. мақсаттар.