Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кәсіпорынның табысының жалпы ұғымы ЖШС КаБиско.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
236.03 Кб
Скачать

3.1. Кәсіпорын табысына әсер етуші негізгі факторлар

Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көптеген көрсеткіштермен сипатталады. Осы көрсеткіштердің әрбіріне алуан түрлі факторлар әсер етеді. Кәсіпорынның рентабельділігін жүйелі түрде қамтамасыз ету осындай факторларды кешенді бағалаумен сипатталады. Өндіріс факторларын білу, олардың кәсіпорын табыстылығына әсерін анықтай білу факторларды басқару арқылы аталған көрсеткіштердің деңгейіне ықпал жасауға, табыстылықты арттырудың жолдарын іздестіру механизмін қалыптастыруға мүмкіндіктер береді.

Табыстың өсуіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Ішкі факторлар кәсіпорын қызметіне байланысты болады. Кәсіпорынның қызметіне байланысты табыстың өсуіне әсер етуші факторларға келесілерді жатқызуға болады: келісімді шарттар бойынша өндірілген өнімнің көлемін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, оның сапасын арттыру, тауар ассортиментін жетілдіру, өндірістік қорларды қолданудың тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігін арттыру. Кәсіпорын табысына әсер етуші сыртқы факторларға сатылатын өнімге мемлекеттік реттеу бағаларының өзгеруі, өндіріске табиғи, географиялық, техникалық жағдайлар және тағы басқа да факторлар жатады. Аталған факторлардың әсерінен кәсіпорынның жалпы табысы қалыптасады.

Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.

Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.

Үшіншіден, жалпы табыстың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді сатудан түскен табыс кіреді.

Сондай-ақ, жалпы табыс өткізілімнен тыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижелерін, қамтиды.

Алдын-ала айта кету керек, тауарлық өнімді сатудан түсетін табысқа өткізілмеген өнімнің көлемі де әсер етеді. Өнімнің өткізілмей қалған қалдығы неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорын өнімді сатудан аз табыс алады. Өткізілмей қалған өнімнің көлемі кәсіпорынның коммерциялық қызметімен асатын көлемде өнім өндіре алады. Сонымен қатар, дайын өнімнің өткізілмей қалған бөлігінде мейлінше рентабельді тауарлардың үлесі басым болуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, сатылмай қалған тауардың сомасын мейлінше өсіріп жібереді. Өткізілмей қалған өнімнің қалдықтарын азайту мақсатында кәсіпорындар осындай тауарлардың саны мен сомасын азайту үшін қажетті шаралар қарастырулары қажет.

Кәсіпорынның өнімді өткізуден алатын табысына айтарлықтай әсер ететін факторлардың қатарына өндіріс және сатылым көлемдерінің өзгерісі болып табылады. Кәсіпорын неғұрлым көп өнім өндіріп, оны өткізе білсе, соғұрлым ол көп табыс алады. Табыстың бұл фактордан тәуелділігі тікелей пропорционалды болып келеді.

Жалпы табыстың көлеміне әсер етуші, мүмкін, ең маңызды фактор – бұл өнімнің өзіндік құны. Егер өнімнің сатылым көлемі табыстың көлеміне тікелей пропорционалды әсер етсе, табыс көлемі мен өзіндік құнның шамасының арасындағы өзара байланыс керісінше. Өзіндік құн өнімді өндіруге кеткен шығындарды толық қамтиды. Демек, өнімнің өзіндік құны қаншалықты төмен болса, табыс сомасы да соншалықты үлкен болады. Бұл фактор, өз кезегінде, көптеген себептердің ықпалында болады. Сол себепті, өзіндік құн деңгейінің өзгеруін талдау барысында оның төмендеуіне немесе артуына себеп болған жағдайларды анықтау керек. Бұл өз кезегінде өндірістік және сатылым шығындарын азайту шараларын іздестіруге және, сәйкесінше, табысты арттыруға мүмкіндіктер береді.

Кәсіпорын табысын тікелей анықтап беретін фактор – бұл сатылатын өнімге қолданылатын бағалар болып табылады. Кәсіпорындар өз өнімдеріне оның бәсекелестік қабілеттеріне, нарықтағы сұраныс пен өзге өндірушілердің ұсыныстарына қарай еркін бағалар орната алады. Сол себепті, еркін бағалардың деңгейі белгілі бір деңгейде кәсіпорынның өзіне байланысты ішкі фактор болып табылады. Кәсіпорындардың өздеріне байланысты емес бағалық факторларға мемлекеттік реттеу бағалары жатады. Мұндай бағалар, әдетте, монополиялық кәсіпорындардың өнімдеріне белгіленеді. Әрине, бағалардың деңгейі ең алдымен тауардың сапасымен анықталады. Өз кезегінде, өнімнің сапасы кәсіпорынның техникалық жетілгендігінен, өндірістік активтердің қайта жаңа құрылуымен анықталады.

Жоғарыда аталған факторлардан басқа, кәсіпорынның табысына әсер етуші факторлардың қатарына өндірілетін және сатылатын өнімнің құрылымындағы өзгерістерді жатқызуға болады. Барынша рентабельді өнімдердің үлес салмағы қаншалықты жоғары болса, кәсіпорын да соншалықты жоғары табысқа қол жеткізеді. Рентабельділігі төмен тауарлардың үлесі артқан сайын, кәсіпорынның табысы да төмендей береді.

Белгілі бір іске салынған қаражаттар табыс алып келеді – бұл кәсіпкерліктің басты шарты. Алынған табыстың бір бөлігі акционерлер арасында үлестіріледі, ал қалған бөлігі жарғылық капиталды ұлғайту арқылы кәсіпорынның әрі қарай дамуына жұмсалады. Акционерлер кәсіпорынның иелері болып саналады, табыс олардың табысын арттырады, ал зиян – табысты кемітеді.

Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары

Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету барысында оның қандай факторлардың есебінен артатынын немесе азаятынын анықтау қажет. Жоғарыда біз табыстың өткізілген өнімнің көлемінен тәуелді екенін қарастырған болатынбыз. Өнімнің өзіндік құнында тұрақты шығындардың үлесі басым болса, өнімді өткізу көлемінің артуы табыстың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар, табыс тауардың бағасы мен өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталатындықтан, табыс көлеміне бағалардың өсуі мен өзіндік құнның төмендеуі де әсер етеді.

Инфляцияның жоғары қарқыны жағдайларында табыстың өсуі баға факторының есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда, елімізде инфляция деңгейінің төмендеуі, отандық нарықтың тауарлармен толуы, кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің артуы тауар өндірушілердің бағаны өсіру арқылы табыс табу мүмкіндіктеріне тосқауыл бола білді. Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі - өндірістік шығындарды төмендету болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде өзіндік құнды төмендетудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады. Әрине, кәсіпорындар отын-энергетикалық ресурстарды, материал және еңбек шығындарын үнемдеу, амортизациялық аударымдар үлесін азайту, әкімшілік шығындарды қысқарту секілді тәсілдердікеңінен қолданады. Алайда, айта кету керек, өзіндік құнды азайтудың да шегі бар. Өндірістік шығындарды осы шектен төмен азайту тауардың басты қаисиетінің, яғни сапасының, төмендеуіне алып келеді. Осы айтылғандар әкімшілік және коммерциялық шығындарға да байланысты, өйткені оларсыз кәсіпорын қажетті деңгейде қызмет ете алмайды және тауарды өткізу мүлдем мүмкін болмай қалады.

Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп бюджеттеу принципіне сәйкес жүргізіледі. Жан-жақты (толық) бюджет – бұл өндірістік және қаржылық жоспарлардың жиынтығы. Жақсы ұйымдастырылған басқару жүйесінде бюджеттер жоспарлау, орындалуын бағалау, бейімделу және коммуникациялар орнату үшін қолданылады. Негізгі бюджет өндірісті, өнімді өткізуді, үлестіруді және қаржыландыруды қамтиды. Мұнда кәсіпорынның болашақ табысы және ақша ағындары қарастырылады. 2 cуретте негізгі бюджетті құрудың жалпылама үлгісі берілген.

С урет 2 – Негізгі бюджетті құрудың жалпылама үлгісі

Бюджет барысын әдістемелік қамтамасыз ету кәсіпорынның саясатын, ұйымдық құрылымын, жауапкершілік пен билікті бөлу секілді жағдайларды қажет етеді. Бұлар бюджеттік бағдарламаларды құру үшін қажетті ережелер мен нұсқаулықтардың жиынтығы ретінде қолданылады. Нұсқаулықтарда не істеу керек, қашан және қалай істеу керек деген мәселелер нақты жауабын табуы тиіс. Табысты арттырудың тағы да бір маңызды факторы – өндірілетін өнімнің ассортименті мен номенклатурасын жаңарту, яғни нарыққа жаңа тауарлар енгізу болып табылады. Нарықтық экономика жағдайларында табыс – өндірістік қорларды, сондай-ақ өндірілетін өнімді жаңаландыруды ынталандырушы күші болып табылады. Бұл заңдылық «тауардың өмірлік циклы» концепциясына сай келеді. Баршаға мәлім, кез-келген тауар өзінің өмірлік циклының кезеңдерін бастан кешіреді: тауарды жобалауды, игеруді, өндіріске енгізуді, өндіруді және нарыққа шығаруды. Нәтижесінде нарық осы тауарға әбден толады. Сонда тауар моральдық тұрғыдан ескіреді немесе бәсекелестік күреске жарамай қалады, сондықтан табыстылықтың төмендеуінің салдарынан оның өндірісі қысқартылуы немесе мүлдем тоқтатылуы тиіс. Кәсіпорында табыс деңгейін сақтап қалу үшін жаңа өнімді жобалаудың және өндіріске енгізудің мерзімдерін анықтап алу маңызды. Өнімді жобалау және игеру кезеңі барысы белгілі бір уақыт шығындарын қажет етеді, осы уақыт ішінде кәсіпорын тек шығындар тартумен сипатталады. Содан кейін өнімді өндіріске енгізгеннен бастап шығындар азая береді және біршама мерзімнен кейін залалсыздық нүктесіне де жетеді. Сатылым көлемі ұлғайған сайын тұрақты шығындар үлесінің азаюы есебінен табыс көлемі де ұлғая береді. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі орнаған жағдайда табыс мөлшері бірқалыпты деңгейге жетеді және белгілі бір мерзім бойында өзгеріссіз болып тұрады. Мұндай жағдай бәсекелестер тарапынан ешқандай қауіп-қатер жоқ болған кезде өте ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Алайда, қазіргі таңдағы еліміздегі бәсекелестіктік дамуы кәсіпорындар үшін мұндай қолайлы жағдайлардың орын алуына ырық бермейді. Сол себепті, бәсекелестер жеткілікті жағдайда кәсіпорындар сатылымның қолайлы шамасын ұстап тұру кәсіпорынның рентабельділігін төмендету арқылы ғана мүмкін бола алады. Демек, кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі төмендейді. Бәсекелстік күрестің күшеюі кезінде бағаны төмендету арқылы сатылым көлемін арттыруға кәсіпорындардың қабілеттері жетпейді, өйткені жұмыс тиімсіз бола бастайды. Табыстылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар бағаны шығындардың төмендеуіне сәйкес төментетулері тиіс немесе нарықта үлкен сұраныстарға ие бола алатын басқа тауарды өндіруге күш салулары қажет. Осы факторды ескере отырып, кәсіпорындар өнімнің жаңа түрлерін игеруге табыс көлемінің барынша артқан кезінде кірісулері керек. Бұл ескі тауардың рентабельділігінің төмендеуі басталған мезетте жаңа өнімді шығару залалсыздық нүктесіне жетіп үлгеруіне жағдай жасайды. Мұндай стратегия кәсіпорындардың қол жеткізген табыстылық деңгейін сақтап қалуға және қолайлы нарықтық жағдайларда бұл көрсеткішті барынша арттыруға мүмкіндіктер береді.

Қорытынды

Кәсіпорын мүддесі өндіріс көлемін ұлғайту нәтижесінде үлкен табысқа қол жеткізуді көздейді. Табыс кәсіпорынның дамуының алғы шарты болып табылады. Осы жерде кәсіпорын табысының ынталандырушы қызметі орын алады. Табыс кәсіпорынды өндірісті ұлғайтуға, қоғамға қажетті нарықта жоқ жаңа тауарларды іздестіруге, оларды нарыққа енгізуге, осылайша және табыстарға ұмтылуға итермелейді. Демек, табыс кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Табыс кәсіпорынның кәсіпорындардың шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады. Табыс – өндіріс тиімділігін, өндірілген өнімнің көлемі мен сапасын, еңбек өнімділігінің жағдайын, өзіндік құнның деңгейін, өндірістік активтердің тиімді қолданылуын нақты сипаттайтын маңызды көрсеткіш. Сонымен қатар, табыс өндірісті дамытуға және ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырушы қызмет атқарады.

Нарықтық жағдайларда кәсіпорындардың басты мақсаты табыс табу болғандықтан, осы көрсеткішке қол жеткізу басқару құрылымдарының басты міндеті болып табылады. Кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) басқару стратегисының мазмұны оның қызметінің табыс орталықтары мен шығын орталықтарын анықтаумен сипатталады. Шаруашылық субъектінің табыстарының орталығы – бұл мейлінше жоғары табыс алып келетін қызметі болып табылады. Шығындар орталығы – бұл өндірісте қолданылатын ресурстардың жиынтығы болып табылады және өндірістік-коммерциялық процесте өте маңызды роль атқарады.

Батыстық қаржы менеджментінің негізгі дилеммасы – «немесе табыстылыққа, немесе өтімділікке қол жеткізу», яғни осы екі көрсеткіштің біреуін стратегиялық мақстат тұту. Кәсіпорын өз табысын арттыру мақсатында өндіріс көлемін арттыра түседі, сәйкесінше өндірісте тұтынылатын айналым активтерінің мөлшері де үлкен болады, негізгі қорлардың табиғи тозу деңгейі жоғары көрсеткіштермен сипатталады. Нәтижесінде активтердің өтімділік деңгейі төмендеп кетеді және үлкен табыстарға қол жеткізген кәсіпорын төлемдер мен несиелерге қабілетсіз деп танылады.

Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі - өндірістік шығындарды төмендету болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде өзіндік құнды төмендетудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады.

Бәсекелстік күрестің күшеюі кезінде бағаны төмендету арқылы сатылым көлемін арттыруға кәсіпорындардың қабілеттері жетпейді, өйткені жұмыс тиімсіз бола бастайды. Табыстылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар бағаны шығындардың төмендеуіне сәйкес төментетулері тиіс немесе нарықта үлкен сұраныстарға ие бола алатын басқа тауарды өндіруге күш салулары қажет. Осы факторды ескере отырып, кәсіпорындар өнімнің жаңа түрлерін игеруге табыс көлемінің барынша артқан кезінде кірісулері керек. Бұл ескі тауардың рентабельділігінің төмендеуі басталған мезетте жаңа өнімді шығару залалсыздық нүктесіне жетіп үлгеруіне жағдай жасайды.

Мұндай стратегия кәсіпорындардың қол жеткізген табыстылық деңгейін сақтап қалуға және қолайлы нарықтық жағдайларда бұл көрсеткішті барынша арттыруға мүмкіндіктер береді.

Табыстылық көрсеткішіне оңтайлы қосымша ретінде өнімнің өзіндік құнын төмендетудің нәтижесінде алынған табыстың артуының салмақ үлесін де қарастыруға болады. Мұндай қосымша кәсіпорынның бастапқы буынын (кәсіпорын басшылығын) еңбек өнімділігін арттыруға, шикізат көздерін, материалдарды, электрлік және энергетикалық ресурстарды төмендетуге, негізгі құралдарды және өндірістік қуаттарды барынша тиімді қолдануға, нәтижесінде жалпы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге итермелеген болар еді. Бұл өндіріс көлемін арттыруға, нәтижесінде кәсіпорынның табыстылығын арттыруға септігін тигізер еді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Р. Т. Дуламбаева. Кәсіпорын экономикасы оқу құралы // Қазақ ұлттық университеті. Алматы- 2012

Кодацкий В.А. Затраты и прибыль // Экономист. – 1999. - №7

Қазақстан Республикасының 1995-жылдың 26-желтоқсанындағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Заңы

Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2011

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск, 2002.

Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва – 2009

Р. Қ. Ниязбекова, Б. А. Рахметов, П. Т. Байнеева. Кәсіпорын экономикасы оқу құралы . Алматы // Экономика, 2012

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22-сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 19 маусымындағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы

« Ка-Биско» ЖШС-нің қаржылық есебіне қосымша

«Ка-Биско» ЖШС-нің Жарғысы

«Ка-Биско» ЖШС-нің 2009-2010 жылдардағы бухгалтерлік балансы

«Ка-Биско» ЖШС-нің 2009-2010 жылдардағы табыстар мен шығындар туралы есебі

Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы – 2000

Липатова И.В. Анализ доходности предприятия // Финансы –1997.- №12

35