Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
35.84 Кб
Скачать

Капитал айналымы

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады. Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды. Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді. Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады. Негізгі капитал — бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады. Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады. Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады. Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

— жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

— табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

Материалдық тозудың екі жағы болады:

— техникалық-өндірістік — тұтыну құнының жойылуы;

— құндық — құнның жаңа өнімге көшуі.

Моральдық тозу — бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

  1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

  2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жоғары болады.

III. Қорытынды

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда, нарық атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады. Кәсіпкерлік тәуекелі әлеуетті қауіп-қатерлі болады. Ресурстарды  жоғалту немесе ресурстарды  тиімді пайдалану жолымен белгілегенге қарағанда табысты кем алу қаупімен сипатталады. Былайша айтқанда, тәуекелділік кәсіпкерлерге белгіленген жоспарға, жобаға қарағанда қосымша шығын жұмсау қаупінің төнуі. Егер тәуекелділік ресурстарды жоғалту немесе кірісті азайту қаупімен анықталатын болса, онда абсолютті түрде анықтаумен, оны материалдық-заттай формасында немесе ақша формасында да өлшеуге болады. Сөзсіз, тәуекелділік ықтималды категория, бұл мағынада алғанда ғылыми тұрғыдан неғұрлым негізделген және белгілі деңгейде шығын болуы ықтимал, сонымен қатар оны өлшеуге де болады. Тәуелділікті жан-жақты талдап, бағалағанда абсолютті және салыстырмалы түрде мүмкін болатын шығындар көлемінің әрқайсысының пайда болуының ықтималдығын жеке қарастырған жөн. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Абленов, Д. О. Қаржылық аудит және талдау: теория, әдіснама, практика: оқу құралы/Д. О. Абленов.-Алматы:Экономика,2010.-528 б.

  2. Бигельдиева, З. А. Корпоративтік қаржы:оқу құралы : 050509 -Қаржы  мамандығының  студенттеріне  арналған/ З.  А. Бигельдиева.-Алматы:Экономика,2010.-152 б.

  3. Елшібаев, Р. Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру:оқу құралы/Р.  Қ. Елшібаев.-Алматы:Экономика,2009.-218 б

  4. Құлпыбаев,  С. Қаржы негіздері:жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/C. Құлпыбаев, В. Д. Мельников.-Алматы:Lem,2009.-722 б

  5. Құлпыбаев,   С.   Қаржы:оқулық  [050509  "Қаржы"  мамандығы бойынша  жоғары  оқу  орындарына  арналған ]/ С. Құлпыбаев, С. Ж.Ынтықбаева,   В. Д. Мельников.-Алматы:Экономика,2011.-540 б.

  6. Үмбетәлиев,   А.  Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық/ А. Д. Үмбетәлиев.-Алматы:Экономика,2009.-464 б. 

  7. Ұлттық  экономика: оқулық/[А. В. Сидорович, Ә. Ә. Әбішевтің жалпы  ред.].-Алматы:Экономика,2010.-528 б.

14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]