Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дарис / Дәріс 4.doc
Скачиваний:
61
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
8.58 Mб
Скачать

Сурет 3.

бірлік S және нольдік RS кірістердегі S=0, R=I күйлерінде шығыстағы күй І-ге сәйкес /Q=1/, ал S=0, R=I болғанда – нольге тең /Q=0/7 триггердің жұмысын оның шындық кестесі арқылы түсіндіруге болады., мұнда Ті триггердің іске қосылғанға дейінгі, ал Ті+1 іске қосылғанан кейінгі уақыт сәттері, Qі және Qі+1 – шығысындағы осы сәттерге сәйкес жағдайлар. Кестеден көрініп тұр, кірістердегі бірінші күй комбинациясы /S=0, R=0/ шығыстағы күйді, ол қандай болмасын, өзгеріссіз қалдырады. Екінші комбинация /S=0, R=0/ тікелей шығыста Q=I, инверстік шығыста Q=0 береді, үшінші комбинация /S=0, R=0/ - Q=0, Q=1 береді. Ал, төртінші комбинация /S=0, R=1/ триггерді анықталмаған күйге келтіреді, ол Х- күйі деп белгіленеді, Сондықтан кірісте мұндай комбинация болмауы тиіс. Кіріс сигналдың 0 ден І ге өзгергенде іске қосылатын жоғарыда қарастырылған RS – триггер, триггерді келтіру «І» күйіне сәйкес келетін сигналдармен жүретін, тікелей кірістері бар триггер деп аталады.

Егерде триггердің іске қосылуы кіріс сигналдардың іске қосылуы 1 ден 0 ге өзгергенінде болса, яғни триггерді орнықты қалыпқа келтіру «0» күйіне сәйкес келетін сигналдар мен жүргізілсе, онда триггер инверстік кірістері бар триггер деп аталады. Оның шартты белгісі 3 б суретте көрсетілген.

Асинхрондық RS-триггерлерді ИЛИ – НЕ логикалық элементтері арқылы (4, а суретте) немесе И – НЕ логикалық элементтері (4, б суретте) арқылы жеңіл қарауға болады.

Сурет 4. Сурет 5.

Синхронды RS-триггерде (5, а сурет) әрбір логикалық элементке, немесе триггердің әрбір иінінен қосымша сәйкестік схемалары қосылады, оның екі кірісі синхрондайтын С бір кіріспен біріктіріледі. Сәйкестік схемасының бос қалған екі кірісі «1» (S) және «0» (R) күйлерін жазу кірістері болып табылады. Осы кірістерге берілген информация тек синхрондық импульс келгенде ғана триггермен жазылады.

И – НЕ логикалық элементіндегі схема S, R, C кірістеріндегі логикалық «1» сигналдары мен басқарылады. S=0 және R=1 комбинациясында синхрондық импульс С=1, триггерді «0» күйіне аударады, ал S=1 және R=0 комбинациясында «1» күйіне ауысады. Синхронды RS-триггердің шартты белгісі 5, б суретте көрсетілген.

D – триггерлер

D – триггер деген атау ағылшын сөзі «delay» - кідірту дегеннен шыққан. Триггердің шартты белісінде көрсетілгендей (6, а суретте ), оның бір информациялық кірісі бар. Осы триггер 7 – шындық кестесіне сәйкес қарапайым логика бойынша жұмыс істейді.

6-сурет

Сондықтан триггерлердің шығысындағы жағдай оның кірісіндегі күйге сәйкес болады, бірақ осы арада кіріс сигнал кідіртіледі. Ең көп қолданыс тапқан, И – НЕ логикалық элементтерінен құрылған (86, б сурет) синхрондық D – триггерлер. Информациялық кіріс D-әрәпімен белгіленіп, ал синхрондайтын С-әріпімен белгіленеді, D–триггер С=1сигналымен синхрондалады. Синхрондайтын импульс жоқ болса, А1 мен А2элементтер жабықта, D – кірісіне сигнал берілмеген схеманың күйін өзгетпейді. С=1 және D=1 болғанда А1 элементінің шығысы нда «0» күйі қалыптасады, бұл сигнал А3 пен А4 элементтерінің кірістеріне әрекет етіп, триггерді «1» күйіне келтіреді де, бір уақытта А2 элементінің қосылуын болдырмайды. С=1 және D=0 болғанда А1 элементі жабық болып қалады. (шығысында «1» күйі), А2 элементі ашылып, оның шығысында «0» күйі қалыптасады да, триггер енді «0» күйіне келтіріледі. Сөйтіп, С=1 синхрондайтын импульсты бергенде триггерде информация жазылады, осы уақыт сәтіне дейін информациялық кіріс D – да кіріп тұрған болатын.

D триггерінің графикалық D триггерінің ақиқаттық кестесі

D

Q(t)

Q(t+1)

0

0

0

0

1

0

1

0

1

1

1

1


белгіленуі

Соседние файлы в папке Дарис