Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дарис / Дәріс 3.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
558.59 Кб
Скачать

4 Сурет – Айқындағыштың шартты белгісі (а) және оның көмегімен

7 Сегментті индикаторды басқару (ә)

155-сериялык, ИС құрамындағы К155ИДЗ-тің 4 кіріс және 16 шығыс жолдары бар, сонымен қатар тағы 2 рүқсаттық (строб) кіріс жолы қосылған. Рұқсаттық кіріс жолдарында сигнал болмаса, онда негізгі кіріс жолдары «жіпсіз байланып», тәсімге әсер ете алмайды. Сондықтан кіріс сигналдарының әсерін алу үшін алдымен рұқсаттық жолға сигнал беріп, «жол ашып» алу керек. Ал енді арнайы рұқсаттық кірістің кажеттілігі болмаса, онда оны біржолата ашық күйде ұстау керек. Қарастырылып отырған айқындағыштың рұқсаттық сигналы «0» деңгейімен анықталып, оның қажеттігі болмаған жағдайда, оны тікелей «жермен» қосу керек (сонда ол ылғи ашық күйде болады).

Рұқсаттық кіріс жолдары айқындағыштардың пайдалану өрісін кеңейтіп, олардың кіріс-шыгыс жолдарын еселеп өсіруге мүмкіндік береді.

Өткен тарауларда қарастырылған жартылай өткізгішті 7 сегментті индикаторлар тобы арнаулы «7» нышанында жұмыс істейтін айқындағыштарды керек етеді. Олар 133, 176 жөне 514-сериялы интегралдық тәсімдер құрамында бар. К514ИД айқындағышының АЛС324 (және АЛС321) индикаторымен қосылуы 4, ә-суретте көрсетілген.

Ондық санның екілік нышаны айқындағыштың кіріс жолдарына (микросхеманын 7, 1, 2, 6-аяқтары) әсер ете отырып, оның шығыс сигналының көмегімен индикатордың белгілі бір сегменттерін (а, b, с, d, e, f, g) жағуға мүмкіндік береді. Оның 4-аяғы Г (гашение) жоғарыда аталған рұқсаттық жолына ұқсас: осы жолда «0» болса, кіріс сигналдарының әсеріне қарамастан индикатор бетінен ешқандай хабар ала алмайсыз; нидикатор бетінен кіріс нышандарына сәйкес ақпаратты тек Г жолында «1» болғанда ғана аламыз. Қосымша мағлұмат ретінде К5І4ИД1-мен анодтары бөлек шығарылған АЛС324А (АЛС321А), ал К514ИД2-мен катодтары бөлек АЛС324Б (АЛС321Б) біріге жұмыс істейтінін айта кетпекпіз. 176 - сериялық ИС сапында санауыш пен айқындағыш бірге біріктірілген тәсімдер бар. Олар 7 сегментті индикатордың кез келген түрімен жұмыс істей алады. Дегенмен осы сериядағы К176ИД2 және К176ИДЗ тәсімдері негізінен жұмсақ кристалды нсмесе люминесцентті индикаторлар тобымен жұмыс істеуге бейімделген. Оларда 7 сегментті жартылай өткізгіштік индикаторларды басқаруға пайдалану олардың тиімділігін төмендетіп, индикатор бетіндегі сәуленің көмескіленіп көрінуіне әкеп соғады.

4. Мультиплексор - бірнеше сигналды-кірісі, бір немесе бірнеше басқарушы- кірісі және бір шығысы бар құрылғы. Мультиплексор бірнеше кірістерінің ішінен бір кіріс арқылы сигналдың шығысқа өтуіне мүмкіндік береді, бұл бір кірісті басқарушы сигналдың сәйкес комбинациясын беру арқылы алады.

Мультиплексордың 2 түрі бар:

  1. Аналогты

  2. Сандық

Аналогты мультиплексор кірісті шығыспен тікелей электрлі түрмен қосады. Кірісі мен шығысы арасындағы кедергілері көп емес, шамамен оншақты ОМ-ға тең болады. Ал сандық мультиплексор кірісі мен шығысын электрлі қоспайды, тек кірістен шыққан логикалық дәрежені (0 немесе 1) шығысына көшіреді. Кейде аналогты мультиплексорды кілттер деп атайды.

Мультиплексорды коммутатор түрінде көрсетуге болады, ол бірнеше ақпараттық кірістердің ішінен бір кірісті шығысымен байланыстырады. Коммутатор рұқсат етуші (стробтаушы) және адрестік кірісі бар басқарушы схема арқылы жүзеге асады.

Адрестік кірістегі сигнал қандай ақпараттық каналдың шығысына қосылуын анықтайды. Егер ақпараттық канал n саны адресік кірістің m саны тең болса n=2, огда бұл толық мультиплексор деп аталады. Ал егер n<2 болса, онда мультиплексор толық емес деп аталады.

Рұқсат етуші (стробтаушы) кірісті мультиплексордің функционалды көрсеткішін кеңейтуге қолданады. Оларды мультиплексордің разрядын көбейту үшін және мультиплексордің басқа узелдермен синхронды жұмыс істеуін атқарады. Рұқсат етуші кірістегі сигналдар белгілі кірісті шығысымен байланыстыруына рұқсат беруіне де, бермеуіне де мүмкіндігі бар. Құрылғының барлық жұмысын да тоқтата алады. Басқарушы схема ретінде көбінесе дешифраторды қолданады. Сандық мультиплексорда коммутатор мен дешифратордың логикалық элементтері бірлеседі.

Xi логикалық сигналдар коммутатор кірісіне беріліп, коммутатор арқылы Y шығысына беріледі. Басқарушы схема кірісіне адрестік сигналдар Ак беріледі (ағылш. тілінен address). Мультиплексорде тағы қосымша басқарушы кірісі Е болады (ағылш. тілінен Enable). Ол кіріс сигналының шығысына У өтуін басқарады. Бұдан басқа кейбір мультиплексорлер 3 түрлі шығысы бары кездеседі. Екеуі 0 және 1 логикалық турде, ал біреуі сөндірілген шығыс түрде кездеседі. Үшінші түрінде шығыс кедергісі шексіз болады (жоғары импедансты Z-кейпі). Мультиплексордің ушінші қалпына ауыстыруын басқарушы сигналды ОЕ (ағылш. тілінен Output Enable) өшірумен іске асады.

Мультиплексор триггерлі құрылғыларда, жиілік түрлендіргіштерде және т. б. қолданылады. Мультиплексорді көбінесе параллельді екілік кодты тізбіектейге өзгерту үшін қолданылады. Ол үшін мультиплексордің ақпараттық кірісіне параллельді екілік кодын, ал адрестік кірісіне, бірнеше кірістен бастап соңғы кіріске дейін сигналды кезек-кезекпен қосу керек. Мультиплексорді MUX (ағылш. тілінен multiplexer) немесе MS (ағылш. тілінен multiplexer selector) деп белгілейді.

Соседние файлы в папке Дарис