Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Ide_1187_gey_Isemestr_14-15o_1179_u_zh.doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.54 Mб
Скачать

13.Қалау рай арқылы сөйлем құрыңыз.

Жұмсақ жиһаз сатып алу, журнал үстеліне тапсырыс беру, кітап сөресін жасату, үйге күрделі жөндеу жасау, қонақ бөлмеге әдемі перде ілу, жиһаз дүкеніне диванға тапсырыс беру, үйге дизайнер шақырту, жаңа пәтерге қабырға жиһазын сатып әкелу.

Сөйлейміз

14.Сұхбатты толықтырып, сөйлеуге жаттығыңыз.

- _____________________________ ?

- Біздің үй қаланың шетінде орналасқан.

- _____________________________ ?

- Пәтерім жеке меншік пәтер.

- _____________________________ ?

- Пәтерім өте жайлы, бөлмелері кең, жарық, жуынатын бөлмесі мен әжетханасы бөлек.

- _____________________________ ?

- Тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатында тұрамын.

Оқимыз. Сөйлейміз

15. Шағын мәтінді оқып, әңгімелеуге тырысыңыз.

Менің жаңа үйім

Менің анам үй сатып алды. Ол – жаңа, екі қабатты үй. Көлемі 200 шаршы метр. Үйдің сәулеті де ерекше. Онда бес бөлме бар: қонақ бөлме, балалар бөлмесі, екі жатын бөлме, қазақы бөлме және ас бөлмесі.

Ата-анам қонақ бөлмесі мен ас бөлмесіне жиһаз сатып әкелді. Қонақ бөлмеде теледидар, үстел, орындық, диван тұр. Менің бөлмем үлкен және жұмыс істеуіме өте ыңғайлы. Онда кереует, жұмыс үстелі, сағат, компьютер, кітап сөресі бар.

Ас бөлмесінің дизайны әдемі. Онда газ плитасы, тоңазытқыш, ас үстелі, шам, ыдыс қоятын шкаф орналасқан. Маған жаңа үйім өте ұнады. Біз туыстарымызды қоныстойға шақырдық. Өонақтарға жаңа үйімізге көрімдік берді. Әжем шашу шашты.

16.Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап беріңіз.

- Кімдар жаңа үй сатып алды?

-

- Қоныстойға кімдер келді?

-

- Жаңа үйге кімдер көрімдік әкелді?

-

- Кім шашу шашты?

-Мен сізді қоныстойға шақырайын деп едім.

- О-о рақмет! Қай күнге?

- Бүрсігүні кешкі сағат алтыға,

- Жақсы, міндетті түрде келеміз.

Сөйлейміз

17.Неше бөлмелі пәтер? Сурет арқылы анықтап пәтерді сипаттаңыз.

Оқимыз. Сөйлейміз

18.Оқыңыз, өзара сұхбаттасыңыз.

Тоғжан: Меруерт, пәтеріңді күрделі жөндеуден өткіздің бе?

Меруерт: Иә, енді үй жиһазын сатып алу керек.

Тоғжан: Қандай жиһаздар аласың?

Меруерт: Жатын бөлмесі мен ас үй жиһазына тапсырыс бердім.

Тоғжан: Демалыс бөлмесіне не қоясың?

Меруерт: Демалыс бөлмесіне жұмсақ жиһаз бен үстел, орындық қоямын.

Тоғжан: Оларды қай дүкеннен сатып аласың?

Меруерт:Жұмсақ жиһазды жиһаз дүкенінен сатып аламын. Ал, үстел мен орындықты танысым арзан бағаға Қытайдан әкеледң.

19.Дұрыс-бұрысын тексеріңіз.

1.Тоғжан пәтерін күрделі жөндеуден өткізді. 2. Меруерт ас үйге және жатын бөлмесіне жиһазға тапсырыс берді. 3. Меруерт демалыс бөлмесіне жиһаз қоймайды.

4.Жиһаздарды базардан сатып алады.

5.Меруертке үстел мен орындықты Қытайдан әкеледі.

Сөйлейміз. Жазамыз

20. Берілген сұрақтарға жауап беріп, екеуара әңгімелесіңіз.

-Сіздің үйіңіз қай жерде орналасқан?

- ............................................................

-Ол қазыналық үй ме?

-............................................................

-Сіз неше қабатты үйде тұрасыз?

-...............................................................

-Сіздің пәтеріңіз нешінші қабатта?

-..............................................................

-Сіздің пәтеріңіз неше бөлмелі пәтер?

-...............................................................

-Сіздің пәтеріңіздің дәлізі үлкен бе?

-...............................................................

-Төргі бөлмеде не орналасқан?

-.................................................................

-Сіздің пәтеріңіздің бөлмелері оңаша ма?

-....................................................................

-Пәтеріңіздің ас үйі үлкен бе?

-..................................................................

-Үйіңіздің қасында не орналасқан?

-...............................................................

-Пәтеріңіз өзіңізге жайлы ма?

-........................................................

- Көршілеріңіз қандай адамдар?

-...................................................... .

Жазылым