Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Ide_1187_gey_Isemestr_14-15o_1179_u_zh.doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.54 Mб
Скачать

21.Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің бірін қойып жазыңыздар.

Досыма беретін сыйлығым.

Үлгі:

______беретін сыйлығым

______тігетін инесі

______тағатын білезігім

______жейтін тағамы

______ішетін сусыным

______көретін фильмі

______тындайтын әнім

______ұнайтын бөрігі

______орындайтын тапсырмам

______көмектесетін бала

Қажетті сөздер: досыма, анамның, қолыма, күнде, таңертең, күндіз, үнемі

бәріне, бізге, университетте

22. Сөздердің түрлі сөздермен қолданысын жазып үйренейік.

сәнді- сәнді көйлек, сәнді ғимарат, сәнді киім, сәнді етік, сәнді бөрік

Үлгі:

ұлттық ____________________________________________________________

ресми _____________________________________________________________

қысқы ____________________________________________________________

жазғ______________________________________________________________

көктемгі __________________________________________________________

күзгі ______________________________________________________________

23. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырып жазыңыздар.

1.Киім- адамның күнделікті тіршілігіне қажет ___ .

2.Киім адамның жас ерекшеліктігіне қарай ________ мен ______ киімдері деп бөлінеді.

3.Қазақтың ұлттық киімдері- оның ______мен ______ белгісі.

4.Қазіргі заманның адамдары күнделікті ______ , салтанатты ______, ресми______талғаммен киініп баруға тырысады.

24.Берілген тірек сөздерді қатыстырып, тақырып бойынша сөйлем құрып жазыңыздар.

Қажетті сөздер:

юбка-костюм, галстук, әсем әшекейлер, жағасы бар ақ жейде, жаңа үлгідегі сәнді туфли, костюм- шалбар, спорт киімдері, юбка, ақшыл түсті көйлек, жеңіл спорттық аяқ киімдер.

Жұмысқа барғанда, мен ақ жейде...

Саяхатқа барғанда, мен жеңіл спорт киімін ...

Театрға барғанда, мен сәнді көйлек ...

31. Суретті сипаттап жазыңыздар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сөйлеу жағдаяттық тапсырма

Сіз «Бұрымды қыз» жарысына қатыспақшы болдыңыз. Ұлттық киімініңіз заманауи үлгіде қалай көрсетер едіңіз? Суреттеңіз.

ІІІ Аралық бақылау жұмысы

1- тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз

Белые ровные зубы. Высокий рост. Широкий лоб. Густые волосы. Прямой нос. Хороший характер. Тонкие брови. Кудрявые волосы. Крепкое телосложение. Усатый человек. Внешность человека. Длинные тонкие пальцы. Широкое лицо. Рост твоего брата высокий . Мой отец- человек среднего роста. Её муж низкий. Ноги, руки- части тела. Ваш друг- рослый человек. Его супруга полная. Ваша подруга светловолосая.

2-тапсырма. Қазақ. тіліне аударыцыз

У вас красивые глаза. Волосы его были коротко острижены. У твоего отца длинная борода. Он был лет сорока, среднего роста, худощав и широкоплеч. Нас встретил молодой парень, лет двадцати, высокий, красивый. Куаныш был человек уже пожилой. Она была мала ростом. Пришел низкорослый мужчина. Она была совсем юной. Он был высок и строен. У моей сестры густые волосы.

3-тапсырма Өзіңіздің және жолдасыңыздың мінезі мен келбетін айтып беріңіз.

  1. Сен міншіл (придирчивый) ....... бе, әлде жұмсақ (покладистый) ...... ба?

  2. Сен мейрімді (добрый)... бе, әлде қатал (злой)........ ба?

  3. Сен сүйкімді (симпатичный)... бе, әлде сұлу (красивый) ...... ба?

  4. Сен еңбексүйгіш (трудолюбивый) ....... бе, әлде жалкау(ленивый)......ба?

  5. Сен ұстамды(сдержанный)... ба, әлде сентименталды... ба?

4 - тапсырма.Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Қалау райдың жасалуына көңіл бөліңіз.

Пәтер сатып алғым келеді. Менің шай ішкім келеді. Сіздің су ішкіңіз келеді. Оның кофе ішкісі келеді. Менің театрға барғым келіп отыр. Оның спорт кешеніне барғысы келіп отыр. Мен сені көргім келіп отыр. Асханадан тамақ ішкім келмей отыр. Менің бастықпен сөйлескім келіп отыр. Анамның туған күніне сыйлық сатып алғым келеді.

5- тапсырма. Қазақ тіліне аударып, жатқа жазыңыз.

Я хочу купить яблоки на базаре. Мы хотим поехать летом во Францию. Мой младший брат не хочет играть. Вы хотите кушать? Вы хотите его увидеть? Мне хочется танцевать. Вы не хотите меня понять. Я не хочу с вами разговаривать.Он никого не хочет видеть . Мы не хотим сегодня никого принимать.

6-тапсырма. «Ы»- «І» дыбыстарының «и, й» дыбыстарымен дұрыс жазылған нұсқасын теріп жазыңыз.

Жиналыс – жыйналыс, тіиін – тиін, тыйым – тиым, түйін – түійін, сұыйық – сұйық, бұйрық – бұыйрық, быиыл – биыл, жыйын – жиын, қыиын – қиын, кіиім – киім, сіирек – сирек, біиік – биік, біилік – билік, сыиыр – сиыр, сыйлық – силық, тыйянақты – тиянақты, қыйяр – қияр.

7-тапсырма. Берілген сын есімдерді салыстырмалы шырайда қолданыңыздар. Сөйлем құрыңыз.

Әдемі, сұлу, биік, аласа, кішкентай, үлкен, жас, кәрі, егде, көк, қара, сары, ақылды, арық, жуан, семіз, толық, сүйкімді, жалқау, алыс, жақын, түзу, қисық, жіңішке, жалпақ, сирек, қалың, салқын, суық, жылы.

8-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

1.Ол байқауға қатысқандардың ішіндегі (ен , ең) әдемі қыз.

2.Ол жұмысқа сағат (он , оң) кезінде келетінін айтты.

3.Күн суық болғандықтан, мен (тон, тоң) кидім.

4.(Мен, мең) университетте оқимын.

5.(Сен, сең) дәріс сабағына қатыстың ба?

6.Сен күресте (жен, жең).

7.Ол оның (Шындықты, шыңдықты) айтуын өтінді.

Уақыт және адам

Уақыт - алтыннан да қымбат

Тыңдаймыз. Оқимыз

Сөздік қор Уақытты басқару, даналық, өмірлік капитал, ақшалай құны, тиімді ісіміз оңға баспай жатады, пайдалану, уақытты басқару, дұрыс қолдану, жаман дерт, жақсы­лыққа ұмтылу, уақыт үнемдеу, сәтті пайдалану, қазіргі таңда, уақыттың жаулары, уақыттың мағынасы, тәуліктің тең жартысы, қажеттілік, меңгеру, жоспар құру, уақыт- алтыннан қымбат, тәсілдері мен әдістерін зерттейтін, үлгіре алмайды.

Ой түрткі

а) Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз (демалыс күніңізді)

ә) Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?

б) Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

в) Әр күнге жоспар құрасыз ба?

г) Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

ғ) Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба ?

д) Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?

ж) Уақыт- алтыннан қымбат дейді.Неге?

Тыңдаймыз. Оқимыз. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Уақыт – алтыннан да қымбат.

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек біреуі соның үш күнін орынды пайдаланады да, біреуі үш күнін қанағат тұтады.

Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісіміз оңға баспай жатады. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм-менеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану. Тайм-менеджмент – бұл уақытты басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент саласы.

Уақытты басқару – өнер.

Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт. Уақытты басқару – өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгіре алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді. Әйтсе де, жұмысы өз уақытында тамаша орындап тастайды.

Уақыт – әр адамның ең құнды мүлкінің бірі, шын мәнінде сол адамның ықтиярына берілген әрі қайтып оралмайтын қор. Бұл үлкен қорды дұрыс қолданылып, бақылауға алынған жағдайда ғана адам үшін пайдалы бола алады. Бағдарлама құрып өмір сүретін адам уақытты ең жақсы түрде пайдалана алады. Расында әр сағат, әр күн – дұрыс әрі есеппен толтырылатын уақыттың ыдысы. Сондықтан жұмыссыз өткен уақыттың мағынасы жоқ. Сол себепті өмірдің әр сәтіне бағдарлама құру керек. Бұл іс өте маңызды және қажетті. Сондықтан, «ертең туралы ертең ойлаймыз» деген қате пікірге заманауи өмірде орын табылмайды. Осыған орай барлық сәтті пайдалану қажет.

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны.

Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығарады.

Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз — жақсы­лыққа ұмтылу. Әрбір сағатыңыздың тықылы сіздің өтіп бара жатқан өміріңіз, сіз өз өміріңізге бей-жай қарамайтын боларсыз.?! Ендеше күн сайын кететін уақытыңыздың бір бөлігін кітапқа арнаңыз, екінші бір бөлігін спортқа дегендей. Ниет болса бол­ғаны, қалған игі дүниелер табыла кетеді. Күннің шығысынан кеш­тің батысына дейін беріліп жат­қан ұзын-сонар сериалдарға қа­рап, уақытыңызды сарп етпеңіз!

Уақыт үнемдеудің бірнеше тәсілдері бар. Бірінен кейін бірі кезек күттірмей­тін тәсілдердің негізгі бес тәсілі:

1. Өз жұмыс үстеліңізді ыбыр­сытпаңыз. Қалай болса, солай жат­қан заттар назарды дұрыс нәрсе­лер­ге аударуға кедергі жасайды.

2. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз.

3. Тек өз басыңызға ғана арнал­ған уақыт бөліңіз. Оған сіздің құқығыңыз бар.

4. Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараң болыңыз.

5. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! (Абай. Он бесінші қара сөз)

Жазамыз