Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МТ (ТКМ) тжірибиелік жмыстар.doc
Скачиваний:
119
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
19.97 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым Министрлiгi

РМҚК А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi

Инженерлiк-физикалық институты

«Техникалық сервис» құжырасы

Нурушев С.З., Исинтаев Т.И.

Материалтану. Конструкциялық материалдар технологиясы пәннің тәжіриебелік жұмыстарын орындау әдiстемелiк нұсқаулары

Қостанай 2013

ББК 30.3 Я73

УДК 620.22

Құрастырғандар: техникалық ғылым кандидаты, “Техникалықсервис” құжырасының меңгерушiсi, доцент Нурушев С.З. және доцент Исинтаев Т.И.

Пiкiр берушiлер:

Құрманов А.К. – т.ғ.д., доцент “Техникалық сервис” құжырасының доценті

Муслимов Н.М.- т.ғ.к., ҚазАШМжЭҒЗИ-ның ҚФ” зертханасының меңгерушiсi

Нурушев С.З., Исинтаев Т.И.

«Материалтану. Конструкциялық материалдар технологиясы» пәннің тәжіриебелік жұмыстарын орындау әдiстемелiк нұсқаулары – Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2013 - 62б.

«Материалтану. Конструкциялық материалдар технологиясы» пәннің тәжі-риебелік жұмыстарын орындау әдiстемелiк нұсқаулары бұл пән бойынша оқу жұмысының бағдарламасы бойынша құрастырылған. Бұл әдiстемелiк нұсқаулар тәжіриебелік жұмыстарды орындау мәлiметтерiнен және өздiк жұмыс әдiстеме-лерiмен стандарттардан тұрады.

Әдiстемелiк нұсқаулар ИТФ-нің 5В071300 – Көлiк, көлiк техникасы және технологиялар мамандықтары бойынша оқитын студентерге арналған.

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-тiң ИТФ әдiстемелiк комиссиясымен талқыланып каралды (мәжiлiс хат №___ ___._______ 2013)

Мазмұны.

Кiрiспе…………………………………………………………………………………...4

1-шi жұмыс «Металдармен қорытпалардың макроқұрылымдық талдауы»…………………………………………………………………………………5

2-шi жұмыс «Металдармен қорытпалардың микроқұрылымдық талдауы»…………………………………………………………………………………8

3-шi жұмыс «Металдардың қаттылығын анықтайтын әдiстер және жабдықтауларымен танысу»………………………………………………….............11

4-шi жұмыс «Темiр - цементит қорытпа күйiнiң диаграммасының талдауы»………………………………………………………………………………..18

.

5-шi «Өте суытылған аустениттiң изотермиялық өзгерiп кететiн

диграммасының жасауы мен талдауы»…………………..............………………......28

6-шы жұмыс «Көмiртектi болаттың (құрыш) термиялық өңдеуi»………………………………………………………………………………….33

7-шi жұмыс «Суарылған болатты жұмсарту, болаттың механикалық

қасиеттерiне және микроқұрылысына жұмсартудың әсер етуi .......……………….37

8-шi қ жұмыс «Шойындардың таңбалуын, қасиеттерiн және

микроқұрылымын оқып үйрену»…………………...…………………….…………..41

9-шы жұмыс «Болаттардың өнеркәсiптiк классификациясын зерттеу,

болаттарды таңбалау»………............………………………………………................45

10-шы жұмыс «Түстi металдар таңбалауы және өндiрiстiк классификациясы»……………………………………………………………………..51

11-шi жұмыс «Ұнтақты материалдар».........…….....................………………….......56

Кiрiспе

“Материалтану және құрылма материалдар технологиясы” пәнi шойындарды, болаттарды, түстi металдар және олардың ауылшаруашылық техникасында кеңiнен қолданатын қорытпалар өндiрiсiн, ыстық өңдеудiң негiзгi әдiстерiн, материалдардың қасиеттерiмен таныстыратын және олардың ауылшаруашылық автотракторлық машинақұрылысында қолдануын қарастырып оқытады.

“Материалтану және құрылма материалдар технологиясы” курсы бойынша ұсынылып отырған әдiстемелiк нұсқауы берiлген пәннiң типтiк оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Ол әдістемелік нұсқаудан және 11 тәжіриебелік жұмыспен, бір үйге тапсырмадан тұрады. Студент берілген жұмыстарды орындау барысында, ол курстың теориясын тереңірек оқып түсінеді.

Барлық жұмыстарды орындау жазбасы бір сүлбе ретінде орындалған, сонымен бірге студенттің жұмыстарды орындауы.

Әр тәжіриебелік жұмысқа мыналар кіреді: а) жұмыстың мақсаты; б) теори-ялық мағлұматтар; в) жұмысты орындау тәртібі; г) жұмыс бойынша есеп беру мазмұнының талаптары; д) бақылау сұрақтары.

Оқытушы студенттердің жұмысты орындау барысында пайда болған сұрақтарға жауап береді және өткен сабақтарда орындалған жұмыстар бойынша сынақ қабылдайды. Бұл бөлімдегі “Бақылау сұрақтар“ жұмыстың теориялық мағлұматтарын оқығанда пайда болған талаптарын, студентерге жұмыс мақсатымен, жұмысты қорғауға дайындалуын түсіндіреді.

1 – шi тәжіриебелік жұмыс.