Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МТ (ТКМ) тжірибиелік жмыстар.doc
Скачиваний:
119
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
19.97 Mб
Скачать

3. Жұмысты орындау тәртiбi.

Жұмыс орындау үшiн үлгi – дискiлер, У8 таңбалы болаттан және ХВГ маркi болаттан кесiп алынған болуға тиiстi. Болаттың екiншi таңбасы оның қаттылығының өзгерiсiнiң изотермиялық ұстау уақытына 4000 С температураға байланысты график салу үшiн пайда болады, көмiртектiгiне қарағанда.

1. Үлгiлердi бiрiңғай муфельдiк пеште аустениттiк күйiге дейiн қыздыру.

2. Бiрiншi үлгiлердi су да суару, қалғандары балқыған тұзбен (селитр қоспасы) ваннаға салып және бiр неше уақытта (2, 4, 6, 8 секунд және т.б.) 4000 С температураға дейiн ұстап, әлде сонан-соң суда салқындату.

3. Үлгiлердiң екi жағын тазартып, Роквелл приборымен бiр бетiнiң қаттылығын өлшеу керек және қорытындыны хаттамаға жазу.

4. Үлгiлердiң екi маркасының қаттылығын өлшеу нәтижесiн пайдаланып, изотермиялық ұстау уақытына байланысты қаттылықтың өзгерiсiнiң графигiн салу және сол графиктан 4000 С температурада аустениттiң феррит және цементит қоспасына өзгерiп кететiн басын және аяғын белгiлеу.

5. У8 маркалы болатқа аустениттiң изотермиялық өзгерiс диаграммасын салу (400, 550 және 7000 С температурада изотермиялық ұстау). Анықтамалардан Мк және Мн, А1 нүктелердiң орынын, 550 және 7000 С температуралардағы аустениттiң изотермиялық өзгерiсiнiң басын және аяғын табу.

4. Есеп беруде болу керек.

Зерттеудiң нәтiжелерiнiң хаттамасы; изотермиялық ұстау уақытына байланысты У8 ХВГ болаттардың қаттылығының өзгерiс графигi; 4000 С температурадағы ХВГ және У8 болаттардың аустенитiнiң изотермиялық өзгерiстiң басы және аяғының уақыты; А1, Мн және Мк нүктелердiң орынының мәлiметтерi және 550, 7700 С температурадағы У8 болаттың аустениттiнiң изотермиялық өзгерiстiң басының және аяғының уақыты; У8 болаттың аустениттiк өзгерiсiнiң эксперименттiк диаграммасы; салынған диаграмманың талдауы.

5. Бақылау сұрақтары.

5.1. Аустенит дегенiмiз не?

5.2. Фазалық өзгерiстiң пайда болуы неде?

5.3. Суарудың аумалы жылдамдығы дегенiмiз не?

5.4. Аустениттiң изотермиялық айналдырудың диаграммасын салудың қандай әдiстерi бар?

5.5. Диффузиялық емес өзгерiс қандай аралықта өтедi?

6-шы тәжіриебелік жұмыс

Көмiртектi болаттың (құрыш) термиялық өңдеуi

1. Жұмыс мақсаты: құрал – сайманмен, көмiртектi болатты суару, орындау нормаға келтiру технологиясымен танысу және зерттеп бiлу; термиялық өңдеу нәтижесiнде шығарылған қаттылық шамасына суу жылдамдықтың және көмiртек мөлшерiнiң әсер етуiн анықтау.

2. Теориялық мағлұматтар.

2.1. Болаттың қандай болсада термиялық өңдеуi – бұл технологиялық процесс, оған металды белгiленген температураға дейiн қыздыру, содан соң температурада төзiмдеу (ұстау), кейiн қандайда болмасын жылдамдықпен суытудың құрамдас бөлiктерi жатады. Термиялық өндеудiң негiзгi мiндетi – болаттың қасиетiн (ең басты – механикалық қасиетiн) өзгерту, құрылымын өзгерту арқылы. Металл құрамы бұл кезде өзгермейдi.

Болаттың термиялық өндеуiн өткiзуге керектi температурасын алдын ала темiр көмiртегi диаграммасынан анықтауға болады (сурет 6.1, болат тарауы), содан соң анықтама кiтаптан немесе эксперимент жолымен табылады. Болаттың қыздыру уақыты және оның төзiмдi өтуi мәлiмет кiтаптарды қолданып есеппен және зерттеулер арқылы табылады.