Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
озгерту.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
789.62 Кб
Скачать

Кіріспе

Әлімсақтан әлемдік діндер бойынша даналық пен құпия ілімнің символы саналған жылан, Адам ата мен Хауа ананы азғырып, оларға алма (кей жерде бидай ) жегізіп, жұмақтан қуылуына себепші болған делінеді. Ал Мұса пайғамбар қолындағы асасын әп-сәтте жыланға айналдырып, жауларының зәре-құтын қашырған екен.

Ғылымда жыланның 2600 түрі белгілі. Он сантиметрден басталып, ұзындығы 6-7 метрге, салмағы 130 келіге жететін алып анакондаға дейін қаншама түрі бар десеңші.

Жыланды төбелеріне көтеріп, пір тұтатын елдердің ішінде Үндістан бірінші орында. Үнді елінде жылан қасиетті саналғандықтан, өлтіруге тыйым салынған. Жыл сайын бұл елде төрт миллион адамды жылан шағып, оның 75 мыңы мүрдем қатса да, жыланды өлтірмейді. Кездейсоқ өлтіріп алса, өздеріне ауыр күнә санайды. Кей өңірлерінде өлген жыланға арнап қайғылы мантра өткізіледі. Марқұм болған жыланның үстіне жібек мата жауып, дұға оқып, өртеп жібереді. Бұл елде жыланның культ болғанына бес мың жылдан астам уақыт өткен. Жыланның құрметіне небір сәулетті храмдар да тұрғызылған. Кез келген жерінен жылан бейнеленген белгілерді кездестіруге болады. Жалпы, жылан культінің тамыры арий мәдениетіне дейінгі тарихтың тереңінде жатыр. Үнділіктердің көне ғарыштық түсініктеріне сай, он сегіз мың ғаламның тірегі әлемдік мұхитта жүзіп жүретін мыңдаған адам басты Шеше айдаһары делінеді. Бұдан басқа да адам басты ұлы жыландарды пір тұтады. Сансыз аңыздар мен ертегілері жыландарға арналған. Үндістанда түлеген жыланның сыртқы қабыршағын тауып алу өте сәтті нышан саналады. Қазақтың «жыланның аяғын көрген адамға бақыт ұялайды» деп ырым еткені сияқты, жылан қабыршағын дереу ақша, байлық әкеледі деген сеніммен адамдар әмиянына салып алады. Сонымен қатар әйелдері сыртқы қабыршықтарын сән үшін пайдаланады. Жылан қабыршықтарын ертеде қазақ әйелдері де сән үшін қолданыпты. Ондай сәндік бұйымдар бала мен ананы түрлі бәлекеттерден қорғайды деген сенім болған. Кейбір түркі халықтары жыланның басын бәле-жаладан сақтайды деп балалардың сырт киімінің өңіріне тағып қоятын болған.

Жыландар қауіпті болғанмен адамға өздігінен шабуылдай бермейді. Жылан бағушылардың айтуынша, адамға тек улы қара мамба, корольдік кобра, австралиялық тайпан сияқтылар ғана шабуылдайды екен. Оның өзінде де «тыныш жатқан жыланның құйрығын басатын» көбіне адамның өзі көрінеді.

1 Әдеби шолу

1.1 Жылан туралы түсінік және сыртқы, ішкі құрылысы

Жыландар (лат. Serpentes)– Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.

Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.

Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 – 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі келеді.

Жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар.

Сұржыландардың денесі цидиндр пішінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Жұмыр келген үшбұрышты басы тұлғадан мойын өткелі арқылы бөлінген. Қысқа әрі жуан, әсіресе ортаңғы бөлігінде, тұлға қысқа әрі кертпе құйрықпен аяқталады, құйрық жағы жіңішкерген болып келеді. Денесін кұрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді кабыршақтары болады. Басы үстінен көптеген майда қабыршақтармен немесе майда бұрыс формамен қалқаншалармен жабылған. Тұлғасының қабыршақтары біртетес қабыршақтармен қапталған, олар ұзына бойы орналасқан қырлармен жабдықталған, ал құрсағындағы қабыршақтар ірі көлденең қалқаншалар сияқты. Қалқаншалар мен қабыршақтар арасында тері кішірек қатпарларға жиналған, олар ірі жемтікті жұтқанда жазылады. Түлеу кезінде, эпидермис алдымен тұмсығының ұшынан көтеріледі, сонан соң шұлық сияқты жыланның денесінен сыпырылып түсіп қалады, жылына 2-4 рет түлеп отырады. Тері бездері жоқ. [1]

Бассүйек құрылысы ерекше: самай доғалары болмайды, жақ аппараттарының оң және сол жартысы қозғалмалы бекінген. Шаршы, самайүсті, қанаттәрізді, таңдай және жақүсті сүйектері ми сауытымен созылмалы буындармен байланысқан. Бұл ерекшелік сұржыландарға ірі жемтігін тұтастай жұтуына көмектеседі. Сұржылан жемін жұту кезінде басын соза түседі. Құйрық бөлімі қысылып қалса, бас сүйегін 30 см-ге жоғары көтере алады.

Қозғалмалы үстіңгі жақ сүйегі өте қысқарған. Аузын ашқанда бассүйек осіне тік бағытты жағдайға келеді. Тісі жоғарғы жак, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Тістері әдетте жақсы жетілген. Тістері артқа қарай иілген. Әрбір үстіңгі жақ сүйекте 1-2 ірі улы тістер және 3-4 одан кішілеу тістер- алмастырғыштар орналасады. Сұржыланның алдыңғы тістерінде шаққан кезде жемінің немесе жауының организміне уын жіберетін сайша немесе өзекше болады. Ірі улы тістер ішкі у өткізетін өзекпен жабдықталған. Таңдай, қанаттәрізді және тіс сүйектерде өзексіз тістер болады.

Жүйке жүйесі және миы әлде қайда жақсы жетілген. Сондықтан жыландардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Миы бес бөлімнен тұрады. Мишығы жақсы жетілген. Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры (ми қыртысының нышаны) ми күмбезі пайда болған. Сезім мүшелері механикалық қозуды сезгіш дақтары арқылы қабылдайды. Жыландардың сезім мүшелері - көз, құлақ, тіл және танау тесіктері. Иіс сезу жетілген, тіліндегі қосымша якобсонов мүшесі тамақтың химиялық құрамын ажыратады. Сыртқы құлақ тесігі, дабыл жарғағы және Евстахий түтігі жоқ.

Ауыз қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. «Бізгек» деп аталатын ұшы екі айыр ұзын тілі улы мүшелерге жатпайды. Бұл сипап сезу және дәм сезу мүшесі, оның құрылысы улы және усыз жыландарда бірдей. Сұржылан үнемі тілін шығарып, айналадағы заттарды сипалап, байқап оларға тілін жанастырады.[2]

Көзінің құрылысы. Жылжымалы қабықтар жоқ, көзі мөлдір қабықпен жабылған, сағат шынысы сияқты көзді тұтас жауып тұрады, сол себепті жыланның қабақ қақпай, қадала қарауынан ол арбайды деген жалған ұғым туған, сирек те болса тері астында орналасқандар да кездеседі. Кішірек көзінің қарашығы вертикаль бағытта орналасқан. Күндізгі сұржыландардың қарашығы дөңгелек, ал ымырт пен түнде белсенді тіршілік ететіндерде тік саңылау сияқты. Көзінің үстін көзүсті қабыршақтарынан түзілген аса үлкен емес білік басып жатады. Бұл көзге өте қаталдық сұс береді.

Қаңқасы қарапайым құрылысты. Омырқалары- процельді типті болып келген. Қозғалмалы болады. Омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан сұржыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Барлық тұлға омыртқалары қозғалмалы қабырғалармен жабдықталған, олар құрсақ қалқаншаларына тіреледі. Басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіншілік беретін мойын бөлімінің болуымен ерекшеленеді. [3]

Төс сүйек болмайды, жабық көкірек қуысы жоқ. Аяқтары мен оның белдеулері редукцияланған, тек кейбір түрлерінде ғана жамбас пен артқы аяқтың рудименті сақталған.

Өкпе арқылы тыныс алады. Қарапайым жыландарда екі өкпе де жетілген, бірақ оң өкпе оңша дамымаған. Кейбір жыландарда оң өкпемен қатар кеңірдектік өкпе дамыған.

Жұп шағылысу мүшесі қылтанақты. Аналық және аталық жыныс жүйелерiнiң күрделенуiне байланысты — ұрықтануы iштей. Жүрегі үш камералы: екі жүрекше мен бір қарынша. Екi қан айналым шеңберi пайда болады. Зәр шығару мүшесі жамбас бүйрек. Қуық болмайды. зәр заты несеп қышқылынан тұрады. Көп сұр жыландылар, жұмыртқадан тірі туушылар, ал кейбіреулері жұмыртқа салады.

Сұржыландардың кең аймақтатаралуына негiзгi себеп – температура. Өте ыстық температурада сұржыландар ұйқыға кетеді. Топырақ тұздылығына төзімді келеді.[4]