Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
озгерту.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
789.62 Кб
Скачать

Іі Жануарлардың жылан уынан улануы

2.1 Патогенезі. Уланудың белгілері

Жылан уы — улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Ақшыл сары не көкшіл түсті сұйық. Құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздар т. б. Құрғақ түрінде 23 жылға дейін сақталады. Жылан уының қасиеті жылан түріне байланысты, мысалы, сұр жылан уында қан құйылуына әсер ететін геморрагин, ал көзілдірікті жылан уында нерв жүйесіне әсер ететін нейротоксин болады. Сондықтан жылан шаққанда адамға әр түрлі әсер етеді. Жылан уынан медицинада май, сұйық түрінде дәрілер дайындайды. Ол дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсатымен түрлі ауруларды (бронх демікпесі, ревматизм, артрит т. б.) емдеуге қолданады. Қолдану әдісі — ауырған органға сыртынан жағу, кейде укол арқылы егу. Жылан уын туберкулез, бүйрек, бауыр, қантты, қантсыз диабет т. б. аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды. [12]

Жылан шағу — улы жыланның сілекей безінен шығатын улы заттың адам мен жануарларға әсер етуі. Жылан уы – иіссіз, ақшыл сары не көкшіл сұйық. Удың әсері жыланнын түріне, жарақаттың тереңдігіне, удың мөлшеріне, дененің қай жерін шаңқанына байланысты. Жылан жылқы, қой, сиырды жиі, шошқаны өте сирек шағады. Жылқыны көбіне тұмсығынан шағады, удың әсерінен жылқының тұмсығы ісіп, 10-20 мин-тан кейін уланғандықтың белгісі білінеді уақтылы емдемесе өледі. Қалқантұмсық жылан уының 0,0015 г-ы қоянды, 0,008 г-ы итті өлтіреді. Улы жыландардан сұр жылан, көзілдірікті, қалқантұмсық жыландар жиі кездеседі. Сұр жыланның уы малдың нерв жүйесіне өсер етеді, мал еліреді, жүрек соғуы баяулап, ентігеді, ақырында әлсірейді. Шаққан жер ісініп, көпіріп, тері асты жидиді. Көзілдірікті жылан уынан малдың жүрек соғуы бәсеңдеп, лоқсып, тынысы тарылып тұншығады. Ал қалқантұмсық жылан шаққан жер қатты ауырып, талаурап ісінеді, мал өте шаршап, қалғиды. Нейротаксикалық, геморагиялық және тамыр кеңейтіп әсер етіп, артериялық қысымды төмендетеді. У қанға түскеннен кейін қан тамырларында фибрин талшықтары көбейіп, қан ұйығыш келеді. Түзілген фоспалипаза ферменті торша митохондриясын бұзып, нәтижесінде аденазин үш фосфатаза ферментінің әсері төмендеп, торшалардың тыныс алуы нашарлайды. Паталогиялық даму барысында жүрек ауруы, веналық қан ағудың нашарлауы, жүйке жүйесінің қажуы секілді белгілер білінеді. Кобратаксин шаққан жерден қан тамырларына ауырта әсер етіп, қан тамыр қабырғалары арқылы қан плазмасы, формалық элементтер айналасындағы ұлпаларға тарап, нәижесінде ішкі мүшелерге қан толады. [13]

Уланудың белгілері. Тістелген жердегі капиллярлардың түйілуі, домбығу, артериялық қысымның төмендеуі, жануарларда қозу қорқақтық, тынышсыздану байқалады. Құсу және тырысып бүрісу пайда болып, сезіталдық жойылады, қозғалыс қимылы бұзылады. Тыныс алу жүйесінің салдануынан мал өлімге ұшырайды. [14]

2.2 Клиникалық белгілері

У организмге түскеннен кейін лимфа түйіндер мен тамырлардың қабынуы байқалады. Тіселген жерінде ұлпалар некрозы пайда болады. Жануарларды емдеу кезінде тістелген жерінде 5-10 мың ӘБ гепаринді енгізеді. Сонымен қатар, спиртті йод ерітіндісімен сүртеді. 20%-ды натрий тиосульфат ерітіндісімен 10%-ды глюкоза ерітіндісін ( 10,5-1 мг/кг) венаға егуге болады. Медицинада гадюка шаққан кезде арнайы қан сары суымен (антигюрза) қолданады. [15]