Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasi kukyktyk ilimder tarihy, Lekciya.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
163.03 Кб
Скачать

Тақырып 10 Тәуелсіздікүшін күрес кезеңіндегі ақш-тың саяси және құқықтық ілімдері

 

Саяси және құқықтық ой негізгі бағыттарының жалпы сипаттамасы.

«Федералистердің» саяси және құқықтық идеялары. Александр Гамильтон. Джеймс Медисон. Джон Адамс. Джон Джей. Конституционализм және федерализм идеялары. Биліктің бµлінуі теориясы.

Радикалды демократтардың (республикашылар) саяси және құқықтық идеялары. Томас Джефферсонның саяси және құқықтық кµзқарастары және олардың «тәуелсіздік декларациясында» кµрініс табуы. Томас Пейннің саяси-құқықтық кµзқарастары.

Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775—1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штаттардыңодағын нығайту жәнс тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1781 жылдың мамыр айындаконституциялык Конвент құрылды. Ол барлық сословистік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, ресиубликалық құрылысты бекітетін ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап шығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялык бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революциияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жана мемлекттік құрылымды калыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды.

Федералистердің ең көрнекті өкілі Александр Гамиль тон (1757—1804) кең ауқымда көзқарастағы мемлекет кайраткері ретінде конституциялық теория мен практика саласындағы терең зерттеушілердің авторы және қуатты бір орталыққа бағынған федералдык өкімет билігінің жалынды жақтаушысы болды.

Бір орталыкқа бағынған мемлекеттің муддесін көздейтін федералистер халық билігінің үстемдігі туралы демократтардыңпікірлерімен келіскенімен, билікті тобырдың жаман әдеттері мен қасиеітерін ауыздықтау қажеттілігімен байланыстырды, өйткеніонсыз халық ешқашанда ақыл-ой мен әділеттіліктің еркіне бағынбайды. Федералдық конституцияның жобасына коммен тарийтурінде жазылған "Федералистердің ескертпелері" деп аталатын жинақта билік пен баскарудың барлық түрлерінде де өз артықшылықтары мен кемшіліктері болатыны айтылған. Саяси шындықты бұлай бағалау федералистерді ағартушы-демократтармен жақыңдастырды.

Өзінің саяси көзкарасы жағынан федералистер тобына Джон Адамс (1735—1826) та жатады. Ол саяси ғылым және мемлекетмәселелері бойынша алғашқы фундаменталды (іргелі) еңбектің авторы, көпішліктің басқаруына жуйелі түрде қарсы шыққан және казіргі консерватизмнің идеядық көшбастаушыларының бірі болып табылады. Адамс қарыз бен сыбайластыққа баткан Англиядан бөлініп, колониялардың заң шығарушы және әкімшілік дербестігін негіздеуде Джефферсонды қолдады. Дж. Адамс алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қүрылымды ең маңызды және өзекгі мәселе ретіңде қарастырды. Өзінің "Америка Қүрама Штаттарындағы өкіметтік биліктің конституциясын қорғау" атты көлемді үш томды монографиясында биліктің үш тармағының ажыратылуы мен ттуелсіздігінің қажсттілігін негіздеді.

Монархия, аристократия, демократия сияқты басқарудың қарапайым формалары оның түсіндірмелерінде деспотизмнің көрінісі ретіндс байқалады. Адамстың идеалы ~ баскарудың аралас формасы, үш элементтен тұратын баланс: атқарушы билік. парламенттің жоғары аристократиялык және төменгі демократиялық палатасы — осылар бірігіп азаматтық биліктің теңестірілген формасын құрайды,

Джеймс Мэдисон (1751 — 1836) Филадельфия конвентіне қа-тысушы, "Федералист" авторларыныц бірі, "американ конститу-ииясының әкесі" деген құрметті титулдың иегері. Ол АҚШ жағ-дайындағы республикалық баскару идеясын дайындауға билік тармақтарының тепе-тең ажыратылу теориясына, фракция кон-цепциясына және т.б. қомақты улес қосты.

Мэдисонның шығармашылығында ғасырдың көптеген идеялық дәстүрлері қиюласып келеді: коғамдық шарт және табиғи құқық дәстүрлері, өкіметтік билік салаларын конституциялық реттеу және адам құқықтары туралы заң жобаларына философиялық комментарийлер беру, сондай-ақ шотландтық. философ-эмпириктердің, ағылшын вигаларының мүрзсына ой толғау және ертедегі республикалардың тәжірибесін кайта пайымдау.

Мэдисон Монтескьенің ізінше биліктің үш тармағының ажыратылуын жақтады, алайда олардың бөлінісіне келгендегі тенсіздікке орай қиыншылықтар туындады. Осған байланысты "ұстамдылықтар және қарсы қоюшылықтар" деп аталатын жүйе кұру идеясы пайда болды.

 Американ демократтарының көрнекті өкілінің бірі Томас Пейн (1737—1809) Англияда туып өсті және Америкаға Франклиннің кеңесі бойынша келді. Теуелсіздік үшін болған американдық соғыстар кезінде ол кең танымал публицистке (көсемсөзге) айналды.

Пейн өзінің "Зерделі пайым" памфлетінде (1776 ж. қаңтар) дұрыс ойланатын американдық патриоттың атымен штаттардыңресплбликалық өзін-өзі басқару идеясын шеберлікпен қорғап, мүрагерлік монархия мен метрополиядағы жартылай республикалық парламенттің айқын әрі жасырын күнәларына батыл қарсы шықты. Пейннің пікірінше, Америка ісі барлық адамзаттың ісі болып табылады және барлық адамзаттың табиғи құқықтарының жауларымен күрескендерді толық жақтайтындығын білдірді.

Американ колониялары тәуелсіздігінің либералды қорғаушысы бола отырып, француз революциясының практикасы менидеяларын консервативті тұрғыда сынаған Э. Беркпен пікірталас барысында Пейн, бұл сыншының ұсынылған құқықты исламданған құқықпен шатастырғанына назар аударады. Берк үшін мемлекет — адамзат даналығының туындысы, ал адам құқығы — адамдардың қайырымдылық. пен зұлымдық аралығын таңдау барысындағы саналы талаптары. Пейн ойынша, биліктің пайдаболуы мен емір сүруі тек бағыныштылардың келісіміне ғана негізделеді. Басқарудың барлық формаларын ол екіге бөледі:сайламалы-өкілдік және мұрагерлік басқару. Біріншісі республика болса, екіншісі — монархия және аристократия. Баскару билігіталант пен қабілеттілікті қажет еткендіктен, ал талант пен кабілет мүрагерлік арқылы берілмейтіндіктен, ең надан ел ғанамонархиялық және аристократиялық басқаруды қанайды.

Адам құқығы — бұл адамның алеуметтік болмысының қасиеті және сонымен бірге, "өкіметтік биліктің принципі". Бұлқасисттердің болуы тез дамуға жағдай жасайды. "Адам құкықтары республикалық баскарудың принципі мен қажетті атрибутьін құрайды және өзінің осы сапасында барлық өркениетті халықтардағы зайырлы баскарудың атрибуты болып табылады. ("Адам құқықтары" памфлеті, 1791 ж.).

Томас Джефферсон 0743—1826) өз дәуірінің атакты замандастары сияқты философиямен айналысуды мемлекеттік жәнеқоғамдық кызметтегі улкен белсеңділікпен біріктірді,

Ағылшын короліне анонимді ашық хат ретіндс жариялаған Джеффершнның брашюрасы "Британ Америкасының құқықтарына жалпы шолу" деп аталады. Осы жұмысының өзінде-ақ жас философ және публицист "табиғат заңдары бойынша алынған құқықтарын" қайта кайтару қажеттілігі туралы тезисін негіздеді. Арнау "шынайы тілмен" жазылды және онда король "халыққа пайда әкелу үшін сайланған, халық тарапынан бақыланып отыратын, күрделі мемлекеттік машинаның жұмысына комектесетін, заңмен тағайындалған өз халқының басты шенеулігі" ретінде сипатталады. Діни наным-сенім еркіндігіне деген қүқықты қорғай отырып Джсфферсон оны табиғи құқықтардың қатарына жаткызады.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

2.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

4.  Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (издание содержит излечение из трудов классиков)

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

6.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

7.  Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция. Т.II.: Зарубежная политическая мысль: XX в.  – М., 1997.

8.  Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. III: Европа Америка: XVII-XX вв. - М., Мысль, 1999.

9.  История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

10.           Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

11.           Джефферсон Т. Декларация независимости. Инаугурационные речи (Сер: "Жемчужины истории политической и правовой мысли "). - Алматы: ВШП "Әділет", 1999.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.  Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

2.  Громаков. Политические и правовые взгляды Пейна.М.,1960

3.  История политических и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

4.  История политических и правовых учений XIX в. /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1993

5.  История философии в кратком изложении.М.,1991

 

Пысықтау сұрақтары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]