Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasi kukyktyk ilimder tarihy, Lekciya.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
163.03 Кб
Скачать

2.Дәрістер Тақырып 1. Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні және зерттеу әдістері

              

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні. Оның заң ғылымдары жүйесіндегі орны. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының құқық және мемлекет теориясы және тарихымен µзара байланысы.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әдістері. Тарихилық пен логикалықтың (теориялық) арақатынасы.

Теориялық, саяси және құқықтық сана және оның құрылымы. Идеялар, концепциялар, ілімдер (теориялар, доктриналар), мектептер, ой ағымдары және бағыттары. Саяси  және саяси-құқықтық сана типтері.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері.

ХІХ-ХХІ ғғ. басындағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымы. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы бойынша әдебиеттер.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні әртүрлі елдердегі саяси-құқықтық идеология мен теорияның мазмұны және даму мәселелері болып табылады. Басқаша айтқанда, аталмыш пәнді әлемнің әртүрлі халықтарының саяси-мемлекеттік және заңдық қалыптасуының дамушы қоғамтанудағы дүниетанымдық және концептуалдық кµрінісі ретінде анықтауға болады. Бұның барлығы µз заманының ақыл-ойы мен саясатына ықпалын тигізген танымал ойшылдар мен әртүрлі мектептердің шығармаларында кµрініс тапты. Саяси-құқықтық пән ретінде саяси және құқықтық ілімдер тарихы шетел мемлекеті мен құқығы тарихына, отандық мемлекет пен құқық тарихына, жалпыадамзаттық тарихқа жақын. Екінші жағынан, ол мемлекет және құқық теориясын, құқық философиясын және µзге заңдық пәндердің теориялық аспектілерін, сондай-ақ саясаттану, мәдениеттану, әлеуметтану, логика, философияларды зерттеумен байланысты. Пәннің маңыздылығы саяси-құқықтық доктриналардың замандас мемлекетінің құқықтық (заңдық, қылмыстық, пенитенциарлық және µзге де) саясатына ықпалын тигізгендігімен және тигізетіндігімен; мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік басқаруды қалыптастыруда жүзеге асатындығымен; құқық табиғатына деген кµзқарастарды оның барлық компоненттерін ажырата отырып талдайтындығымен және мемлекет пен құқықтың тарихи байланысын кµрсететіндігімен түсіндіруге болады.

Пән студенттерді ұлы ежелгі µркениеттер дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі кµрнекті ойшылдармен, танымал мектептер және дәстүрлермен болашақ маманның жалпы және саяси-құқықтық мәдениеті іргетасын қалай отырып таныстырады.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихын зерттеу әдістері.

Саяси-құқықтық доктриналар мазмұнын түсіну және игеруүшін ғылым мен оқу пәнінің ара жігін ажырата білу қажет. Саяси және құқықтық ілімдер тарихын зерттеуші ғылымда әртүрлі ғылыми әдістер, соның ішінде тарихи және логикалық зерттеу әдістерінің бірлігін талап ететін жалпыфилософиялық әдіс қолданылады. Оның біріншісі ілімдердің пайда болуы мен дамуын қарастыратын болса, екіншісі іргелі ережелердің шыңдалғандығымен ерекшеленеді және саяси-құқықтық ойдың дамуына, әртүрлі әлеуметтік күштер мен жалпы мемлекеттің саясатынаүлкен әсерін тигізеді. өз алдына логикалық әдіс құрылымдық (ілімнің құрамдас бµліктерін және олардың байланысын талдау) және функционалдық (ілімнің қоғамдағы ролі мен ықпалы), ал тарихи әдіс салыстырмалы (бұрынғы және кейінгімен, сондай-ақ тұстас ілімдермен салыстыру) және биографиялық (қандай да болмасын ойшылдың µміріндегі атаулы фактілерді зерттеу) әдістеріне сүйенеді.

Сонымен, саяси-құқықтық доктринаны қарастыру барысында: а) оның дүниетанымдық (философиялық, діни) негізін; ә) теория-әдістемелік мазмұнын (категориялар, түсініктер, әдіс); б) берілген саяси (құқықтық) ілімге негізделген нормативті-құқықтық жобаларды, саяси бағдарламаларды, декларацияларды, манифестерді, сондай-ақ осы доктринаның элементтерін қолданушы қоғамдық қозғалыстарды бағамдап талдау қажеттілігі бар.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері

Ежелгі дүние (жобамен б.д.д. ХХ – Х‡ІІІ ғғ. бастап)

Орта ғасыр (‡ ғ. бастап Х‡ІІ ғ. басына дейін)

Қайта µрлеу және Жаңғыру дәуірі, кейінгі Ортағасырды тәмамдаған (ХІ‡-Х‡І ғғ.)

Буржуазиялық тµңкерілістер дәуірі (Х‡І ғ. соңы - ХХ ғ. басы)

Еркін бәсекелестік кезеңі (ХІХ ғ. бастапқыүш ширегі)

Имперализм және кеңестік тµңкеріліс кезеңі (ХІХ ғ. соңғыүштігі – ХХ ғ. бірінші жартысы)

Соғыстан кейінгі кезең (1945 жылдан кейін)

Жаңа дәуір ( ХХ ғ. 90-шы жылдарынан бастап).

 

Негізгі әдебиеттер:

1.     Саяси және құқықтық ілімдер тарихы

2.     История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

3.     История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

4.     История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

5.     Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (басылымда классиктер еңбегіненүзінділер бар)

 

Қосымша әдебиеттер:

1.     История политических и правовых учений (Древний мир). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М.:Наука, 1985

2.     История политических и правовых учений (Средние века и Возрождение), /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука, 1986

3.     История политических и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

4.     История политических и правовых учений XIX в. /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1993

5.     История политических и правовых учений XX в. /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1995

6.     Исаев И.А., Золотухина Н.М. История политических и правовых учений России XI-XХ вв., М., 1995

7.     Лейст О.Э. Методологические вопросы истории политических учений. "Вопросы философии" 1962, №2,стр.86-98

8.     Луковская Д.И. Политические и правовые учения: историко-теоретический аспект. - Л.,1985

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]