Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

журтышыкпен байланыс

.pdf
Скачиваний:
22
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
886.64 Кб
Скачать

Екінші бағыт. Облыстың біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыру барысында «билік пен халық» бағытында үздіксіз кері байланысты жолға қою, қолдап отыру жөнінде қажетті ұйымдық-техникалық шаралар қабылдау керек. Бұл тұрғыдағы алғашқы қадам ретінде облыстық (аудандық, қалалық) əкімшіліктің қоғамдық қабылдау бөлмесін құруды атауға болады, қабылдау бөлмесіне облыстың (ауданның, қаланың) кез келген тұрғыны өз ұсыныс-тілектерін жолдай алады, болмаса басшылармен тікелей жолығыса алады. Мұндай қабылдау бөлмесінде басшылық өкілдері азаматтарды бейресми жағдайда қабылдайды. Осындай жүздесулер негізінде облыс (аудан, қала) басшылығына арналып, талдау материалдары əзірленеді.

Үшінші бағыт. Бұқаралық ақпарат құралдарында облыстағы қоғамдық-саяси ахуал, аймақтың əлеуметтік-экономикалық проблемалары жөнінде дерек беретін тұрақты айдарлар ашу (мəселен, облыстық газеттерде аудандық баспасөздің актуальді материалдарын, оқырман хаттарын белгілі бір ретпен беріп тұруды жолға қою керек).

Аудандық жəне қалалық газеттерді шығарудың техникалықэкономикалық мəселелерін зерделеу негізінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың оңтайлы моделін ұсыну қажет.

Төртінші бағыт. Облыс теледидары. Теледидар облыс көлемінде насихат науқандарын жүргізуге кең өріс ашады, сондықтан халықтың хат-хабарлары, облыстық жəне аудандық баспасөз жарияланымдары негізінде əзірленген облыс басшыларының тұрақты телесұхбаттарын өткізіп отырған жөн.

Бесінші бағыт. Қоғамдық пікірге ұдайы сұрау салып отыру, сондай-ақ редакция поштасын зерттеу облыстағы қоғамдық-саяси ахуал тамырын ұстау мүмкіндігін беретін маңызды тұтқа болып табылады. Бұл, біріншіден, жұртшылықтың өз көзқарасын еркін білдіруіне жағдай туғызады, екіншіден, облыс басшылығына жағдайды əділ көрсететін нақты фактілердің негізінде аймақтың жиынтық əлеуметтік «бейнесін» жасайтын талдама материал ұсынуға мүмкіндік береді.

Алтыншы бағыт. Біртұтас ақпараттық кеңістікті қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланбайынша құру мүмкін емес. Бұл орайда Интернет жүйесіндегі облыстық əкімшіліктің веб-сайтында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде облыстың ақпараттық бюллетенін ұйымдастыру қажет.

111

4.3. Корпорациялардың баспасөз қызметі

Ірі коммерциялық құрылымдардың, корпорациялардың жұртшылықпен байланыс қызметінің ауқымы кеңдігімен, сондайақ əралуандығымен ерекшеленеді. PR-құрылым баспасөзбен, корпорация акционерлерімен жəне бөлімшелерімен, қаржы топтарымен жəне жергілікті ұйымдармен, клиенттермен, жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасты жолға қоюы қажет. Мұнымен қатар мына төмендегі мəселелермен:

-Əрбір кəсіпкерлік топ үшін тұрақты коммуникациялық стратегия жасаумен;

-Кəсіпорын персоналының түрлі бөліктерінің мекемеге жағымды көзқараста болуын қамтамасыз етумен;

-Акционерлердің əлеуметтік-қоғамдық мүдделерінің кəсіпорын мүдделерімен тоғысуын көздейтін күш-жігерді бағыттаумен;

-Қоғамдық пікірді зерттеумен;

-Ортақ іс-қимыл бағытына қол жеткізу үшін жарнама, маркетинг жəне тауар жылжыту департаменттерімен қоян-қолтық жұмыс істеумен;

-Кəсіпорын басшылығына кеңесшілік қызмет көрсетумен;

-Қоғамдық іс-шаралар өткізумен;

-Конференциялар мен тыңдаулар, симпозиумдар ұйымдастырумен;

-Лоббилік қызметпен;

-Өзге ұйымдармен, БАҚ-пен хат-хабар алмасумен;

-Жылдық есептер түзумен;

-Нормативтік-құқықтық қызметпен;

-Жұртшылықпен байланыс жөніндегі халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеумен айналысады.

Осы келтірілген тізімнен баспасөз қызметі атқаратын ісшараларды бөліп көрсетейік. Жұртшылықпен байланыс құрылымының құрамына ене отырып, баспасөз қызметі:

Компания өміріндегі айтулы оқиғаларға немесе саладағы шешімін тосқан проблемаларға арналған баспасөз мəслихаттарын ұйымдастырып, өткізеді;

Компанияның президенті мен вице-президенттерінің интервьюлерін ұйымдастырады;

Баспасөз релиздерін, ақпараттық материалдарды, құжаттарды таратады;

112

Компанияның БАҚ өкілдерімен байланысын жолға қоюға, ақпараттық ашықтықты арттыруға жəрдемдесетін журналистердің пресс-турларын ұйымдастырады;

Корпоративтік сайттың жұмысына ақпараттық қолдау көрсетеді;

Жұмысты үйлестіру үшін еншілес компаниялар мен аймақтық бөлімшелердегі əріптестермен іскерлік байланыстар орнатады.

Кез келген бизнес құрылымы сияқты, корпорация үшін де жағымды имидж аса маңызды рөл атқарады. Ақпараттық ашықтыққа, мөлдірлікке (транспаренттікке) ұмтыла отырып, компанияның қызметі, қаржылық жағдайы туралы жұртшылыққа барынша толық мəлімет беріп отыру арқылы қоғамдық пікір қалыптастырылады. Бұл орайда дəстүрлі БАҚ-пен қатар корпоративтік баспасөз, теледидар, радио, яғни корпорацияның төл ақпарат құралдары қолданылады. Осындай құралдардың бір түріне корпорацияның басылым түрінде жарық көретін жылдық есебі жатады. Əдемі безендіріліп, жақсы қағазға басылатын ол таралымының аздығына байланысты арнайы тіркеуден өтпесе де, корпорация имиджін қалыптастыратын құралдардың бірі болып табылады. Корпорацияның жылдық есебінің беташарында əдетте мынадай материалдар беріледі:

-Төрағаның кіріспе сөзі, клиенттер мен акционерлеріне арнау

сөз;

-Тарихи анықтама;

-Корпорацияның капиталы, оның акционерлері, есепті кезең ішіндегі өзгерістер;

-Өткен жылдың экономикалық ахуалын талдау, корпорация жүйесінің дамуы;

-Өткен жылдағы корпорацияның мақсаттары, жұмыс қорытындылары;

-Корпорация кеңесінің құрамы;

-Корпорацияның басқарма мүшелері;

-Корпорацияның құрылымы;

-Корпорацияның негізгі акционерлері.

Бұдан соң əдетте мына үлгідегі ақпараттар беріледі (қаржыкредит мекемелері үшін):

- Клиенттерге қызмет көрсету; клиенттер есептері санының динамикасы, клиенттердің есептеріндегі қаржы қалдығының өсу

113

динамикасы, заңды тұлға-клиенттердің есептеріндегі қаржы қалдықтарының салалық құрылымы, жеке тұлға-клиенттердің есептеріндегі қаржы қалдықтарының өсу динамикасы;

-Халықаралық есеп айырысу;

-Банктің несие саясаты;

-Валюта нарықтарындағы операциялар (ішкі валюта рыногы, сыртқы валюта рыногы, валюта айырбастау операциялары, шектеулі айналымдағы валюталармен операция жүргізу);

-Бағалы қағаздар нарығындағы операциялар;

-Алтын нарығындағы операциялар;

-Банк технологиясын автоматтандыру;

-Банк өнімдері;

-Филиалдар желісі;

-Зейнетақы қоры;

-Банк қызметкерлері;

-Қайырымдылық қызмет.

-Қорытынды бөлімде, əдетте, қаржы есебі беріледі:

-Негізгі көрсеткіштер;

-Банк активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы, актив операцияларынан түскен табыстың құрылымы;

-Банк пассивтерінің құрылымы;

-Банктің ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы балансы;

-Банктің өткен жылғы пайдасы мен шығынының есебі;

-Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша экономикалық нормативтер;

-Қаржы көрсеткіштерінің түсініктемелері;

Аудиторлық тұжырым.

Жылдық есепті құрастырып, оның мерзімінде əрі сапалы шығуын қамтамасыз ету баспасөз қызметінің негізгі атқарымдарының біріне жатады.

4.4.Қаржы құрылымдарының баспасөз қызметі

Қазақстанның жаңа ақпараттық саясаты құрылып жатқан ұлттық «ақпараттық экономика» немесе «инновациялық-техноло- гиялық экономика» негізінде қалыптасуына барынша ықпал eтyi тиіс. Əлемдік ғылыми-инновациялық жүйенің жаңа кезеңінде білім инфрақұрылымын дамытуды көздейтін, инновация жəне экономикалық реформалар процесінің белсенділігін арттыратын, əлеуметтік қолдау жəне білім беру жүйесін жетілдіруді көздейтін кешенді бағдарламаны Еуропа кеңесі ұсынған бірыңғай гипержеліге кіріктіру басталды.

114

Халықаралық тəжірибеден туындайтын құрылымдық реформалардың өзекті проблемаларының шешімін таппауы көп жағдайда нарық туралы білімнің жеткіліксіздігінен, кəсіпорындар, азаматтар мен өкімет органдары арасындағы қажетті сенімнің аздығынан болып отыр. Сондықтан да соңғы жылдары Қазақстанда экономикадағы ақпараттық айналым процесін қамтамасыз ететін материалдық өндіріс салаларында ақпаратты өндіру, жинақтау жəне тарату аясын қамтитын экономиканың ақпараттық секторына айрықша көңіл бөлінуде. Ақпараттандыру процесі экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретіне қарастырылады жəне өзара байланысты үш үдерісті

– компьютерлендіруді, жинақтау технологиясын жетілдіруді, ақпаратты зияткерлік пайдалануды біріктіре іске асырады.

Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы жөніндегі осы жəне басқа да шаралар республиканың жетістіктерімен одан əpi дами əpi беки түсуде, ішкі жəне сыртқы саясаттың белгіленіп отырған міндеттерінің жеделдете іске асырылуына ықпал етуде.

Қаржы нарығын реттеудегі ақпараттық-насихаттық жұмыс, əлеуметтік-психологиялық əдістерді пайдалану экономикалық агенттердің əлеуметтік мəртебесін көтеруге, ұсынылып отырған қызмет пен тауарлардың сапасы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал етеді.

Микропроцессорлық технологияны, электронды есептеу машиналарын жəне дербес компьютерлерді пайдалану экономика саласындағы қатынастарды жəне қызметтің технологиялық негіздерін түбірінен қайта құруды талап етеді. Алайда халықтың əртүрлі əлеуметтік топтарының жəне түрлі ұйымдардың ақпа- раттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы мүмкіндіктерінің тең болмауы Қазақстанның ақпараттық экономикаға өтуіндегі кедергілердің бipi болып отыр.

Қазақстан экономикасындағы жəне халықаралық жағдайдағы салмақты оң өзгерістep (экономикадағы өсім, жинақтаудың жəне жинақ ақшаның өcyi,инвестициялық климаттың жақ-

саруы жəне басқалар) жəне түрлі халықаралық ұйымдардың, сараптамалық-талдау мен рейтинг агенттіктерінің, экономикалық жағынан жоғары дамыған елдер үкіметтерінің мемлекетімізге жоғары баға беруі республикаға жəне оның халқына деген қызығушылықты арттыра түсуде.

115

Халықтың негізгі бөлігінде жаңа экономикалық дүниетаным қалыптасып келеді, мемлекеттік саясатты іске асыруда жəне қоғамдық құндылықтарды орнықтыруда əлеуметтік институттардың рөлі арта түсуде. Сондықтан да мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тараптардың Қазақстандағы реформалардың барысын жан-жақты көрсету жөніндегі ақпараттық жұмыстарының белсенділігін арттыру қажеттігі пайда болды.

Республиканың ұзақ мерзімді жəне орта мерзімді міндеттері жəне нақты ic-қимыл жоспары бар. Шетелдік инвесторлармен өзара қарым-қатынас жасауға жəне қамтылып отырған инвестициялардың көлемін ұлғайтуға арналған институционалдық жəне нормативтік-құқықтық негіз жасалды. Мемлекет өз азаматтарын жан-жақты қолдай отырып, халық алдындағы əлеуметтік міндеттемелерін орындап отыр, нəтижесінде орташа тап қалыптасуда. Алда қоғамның шоғырландырылуын, халықтың ауызбіршілігін, тұрақтылығын сақтау міндеті тұр.

Қазақстанның экономикалық жетістіктерге жетуі дамудың дұрыс жолы таңдалғанын дəлелдейді. Нарықтық механизм экономиканы жүйелі трансформациялау жəне жаңа дүниетаным қалыптастыру қажеттігін ұсынып отыр. Себебі, қазіргі экономика – жоғары технологиялар экономикасы. Дамыған елдерде тауар өндіру экономикасынан ғылымды қолдануға негізделген экономикаға ауысу жүзеге асуда. Сөйтіп, білімге негізделген жоғары технологиялар, жабдықтар үлесі ішкі жалпы өнімде 70-85 %-ға дейін өсіп отыр. Электронды сауда жүзеге асып, ақпараттық технологиялар парктері құрылуда.

Қазақстан бipқатар теңдесі жоқ технологияларды иеленген, оның негізгі факторы – интернет-технология болып табылады. Қаржы нарығы мекемелерінің жұртшылықпен байланыс жəне баспасөз қызметтері өз жұмысын осы аталған жаңа технологияларды пайдалана отырып жүргізеді, ақпараттық-хабарламалық функциямен қатар ел имиджін көтерумен де айналысады. Қазақстан Республикасы қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі осы бағытта ауқымды істер атқарып келеді. Ақпараттық қызмет туралы арнайы бағдарлама қабылдаған Агенттік Қазақстанның қаржы саласындағы халықаралық имиджін көтеру жөнінде төмендегі шаралар кешенін іске асыруды ұсынады:

116

-Республика қаржы нарығының жай-күйі, даму перспективасы жəне реттелу деңгейі туралы дерек тарату аясын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңейту;

-Агенттіктің таяу жəне алыс шетелдердегі қаржылық қадағалау органдарымен жəне қаржы нарығын реттеуші халықаралық органдармен қарым-қатынас белсенділігін арттыру;

-Қазақстан Республикасы қатысатын мемлекетаралық интеграциялық құрылымдардың жəне олардың органдарының жұмысына Агенттіктің өзекті проблемалары мен жүргізіп отырған жұмыстары туралы шетелдік əріптестерді құлақтандыру үшін өз құзыреті шегінде қатысу;

-Қазақстандағы экономикалық реформалардың барысы, қаржы секторын реформалау мəселелері жөніндегі халықаралық конференциялар мен семинарларга қатысу.

Агенттік каржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпаратын өзінің www.afn.kz web-сайтында Интернет желісі арқылы банк саласы, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығы жəне зейнетақы қызметі бойынша таратып отырады, мұнда:

-Агенттік басшылығының азаматтарды қабылдау тəртібі көрсетілген, қаржы кызметін тұтынушыларға арналған ақпарат;

-Қаржы секторы бойынша негізгі көрсеткіштер;

-Лицензияланған қаржы ұйымдарының тізімдері (e-mail, мекен-жайы, телефондары, бірінші басшыларының аты-жөндері);

-Қаржы ұйымдары аудиторларының тізімдері;

-Қаржы ұйымдарының есептері сияқты деректер тұрақты жарияланып тұрады.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты Aгенттікте арнайы құрылған баспасөз қызметі жүзеге асырады. Баспасөз қызметі Агенттіктің ic-шараларын жедел жария етуді қамтамасыз етумен, қаржы нарығы проблемаларын талқылауды ұйымдастырумен жəне өзекті мəселелерді түсіндірумен айналысады.

Агенттік қаржы нарығының жəне қадағалау жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін ай сайын баспасөз мəслихаттарын өткізіп, баспасөз peлиздepiн таратуды, қаржы секторының басқа да мəceлeлepi бойынша баспасөз өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруды көздейді.

Баспасөз қызметіне Агенттік өкілдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында сөз алуын ұйымдастыру, оның ішінде «Дөңгелек үстелдер» аясында тақырыптық талқылаулар жүргізу, республикалық жəне жepгiлiктi басылымдарда aқпapaттық-түсiнік сипатындағы материалдар жариялау ұсынылады.

117

Агенттіктің ведомстволық басылымының – қаржы нарығының кəсіби қатысушыларына, сондай-ақ қаржы секторының түрлі мəселелері қызықтыратын оқырман қауымға бағытталған «Қаржы хабаршысы» журналының, сондай-ак Агенттіктің ақпа- раттық-əдістемелік жəрдемімен шығатын «Рынок страхования» журналының мүмкіндіктері барынша пайдаланылатын болады.

Қаржылық қадағалау органының қызметі туралы арнайы электрондық деректер базасын қалыптастыру ұсынылып отыр.

Бағдарламаны icкe асыру:

-Халықтың хабардарлық деңгейін, қаржы белсенділігін жəне кəсіби дайындығын арттыру, нарықтық экономика жағдайында мемлекет пен қоғамның рөлі жəне жаһандану процесі жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру;

-Қазақстанның нарықтық экономикасы бар ел жəне сенімді экономикалық əріптес, интеграциялық үдерістерге белсенді қатысушы жəне инвестициялық тұрғыдан тартымды мемлекет ретіндегі имиджін нығайту;

-Ауылдық аумақтардың жəне шалғай аймақтардың жедел дамуына жəрдемдесіп, оларды ақпаратпен қамту;

-Мемлекет жене оның уəкілетті органдары іске асырып жатқан стратегиялық жоспарларға қоғамдық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

-Ұлттық қаржы нарығының ашық та сенімді болуына жəрдемдесіп, оның кəсіби жəне өзге қатысушыларының жауапкершілік деңгейін арттыру, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін, сондай-ақ қаржы ұйымдарының жұмыс стандарттарын жəне қаржылық қадағалау органының қызмет тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге мүмкіндік туғызады.

Агенттік көзделген іс-шараларды жүзеге асыру үшін:

-ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты кездесулер ұйымдастырып, қаржы нарығының көкейтесті мəселелерін талқылап отырады;

-мүдделі тараптардың сұрауы бойынша қаржылық ақпаратты жəне қаржы нарығы туралы өзге де мəлiмeттepдi жүйелі негізде таратады;

-аймақтарда халықтың түрлі топтарына арналған ақпараттықнасихаттық шаралар өткізеді;

118

-қаржы нарығы, оны реттеу мен қадағалау туралы заңдарды жұртшылыққа түciндipy жөніндегі ic-шараларды жүзеге асырады;

-қаржы нарығының кəсіби қатысушылары үшін түрлі конференциялар, семинарлар жəне оқыту курстарын өткізеді;

-ведомстволық басылымдарда актуальды тақырыптарға арналған материалдар орналастырады.

4.5.Коммерциялық банктердің жұртшылықпен байланысы жəне баспасөз қызметі

Банктер қазіргі Қазақстан экономикасында экспортқа бағытталған шикізат кешенімен қатар түйінді рөл атқарады. Ел экономикасы қаржылық жағынан тұрақты дамығанда ғана банктер толыққанды қызмет көрсетіп, кредит ұйымдары жоғары рентабельділікке жете алады. Екінші жағынан, банктердің өздері де жалпы экономикалық ахуалға, өнеркəсіптің, ауыл шаруашылығының, қызмет көрсету салаларының өркендеуіне елеулі əсер етеді.

Кредит жүйесінің:

1.Кредиттік қатынастардың, кредиттеудің түрлері мен тəсілдерінің жиынтығы (функционалдық сипат);

2.Басы бос ақша қаражатын жинақтайтын жəне оны қарызға беретін кредит-қаржы мекемелерінің жиынтығы (институционалдық сипат) атты екі ұғымы бар.

Кредит жүйесінің функционалдық құрылымына банктік, тұтынушылық, коммерциялық, мемлекеттік, халықаралық кредит жатады, бұлардың əрқайсысына кредиттеудің өзіндік əдістері мен ерекшеліктері тəн. Кредит жүйесінің институционалдық құрылымының негізгі буыны банктер болып табылады. Кредит жүйесінің түсінігі банк жүйесі ұғымымен салыстырғанда əлдеқайда кең де ауқымды, себебі банк жүйесіне белгілі бір ел ішінде жұмыс істейтін банктер жиынтығы ғана кіреді. Нарықтық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі – банктерде кредит жəне қаржы операцияларының негізгі бөлігі шоғырландырылады.

Банк жүйесі туралы түсінік. Кез келген елдің банк жүйесінде оның элементтері: түрлі типтегі банктер, банктік емес мекемелер, банктік құрылымдар, банк бірлестіктері жəне басқалар жеткілікті мөлшерде болады.

Құрамдас бөлік ретінде банк жүйесі үлкен жүйеге-елдің кредит жүйесіне кіреді. Ал кредит жүйесі болса елдің экономикалық

119

жүйесіне енеді. Өзінің практикалық қызметінде банктер мен банк жүйесі бюджет-салық жəне басқа жүйелермен тығыз бірлесе отырып, экономикалық өмірді реттеу мен басқарудың ортақ тетігіне жымдаса кірігеді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңына сəйкес ҚР Ұлттық банкі жəне оның аумақтық органдары банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді жəне елдің эмиссиялық, резервтік, есеп айырысу, кассалық орталығы болып табылады, норма шығарушылық, бақылаушылық құқыққа ие, соңғы инстанциядағы кредитор рөлін атқарады, ақша-кредит, валюта саясатын белгілейді. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, ақша-кредит саясатын өмірге енгізу, елдің кредит жүйесіне басшылық жасау.

Ұлттық банк мемлекеттік биліктің атқарушы органдарынан экономикалық жəне саяси тəуелсіздікке ие. Оның қаржылық тəуелсіздігі ұйымдастырушылық жəне қаржылық қырларында көрініс табады. Ұлттық банктің ұйымдастырушылық тəуелсіздігі оның мемлекеттік бюджеттен жарғылық капиталмен, мүлікпен қамтамасыз етілген жəне оларға иелік ету, пайдалану жəне басқару өкілеттігін жүзеге асыратын дербес мемлекеттік орган болуынан байқалады. Ұлттық банктің қаржылық тəуелсіздігі оның мемлекет міндеттемелеріне жауап бермеуінен, ал мемлекеттің оның міндеттемелеріне жауап бермеуінен көрініс табады.

ҚР Ұлттық банкінің саяси тəуелсіздігінің көрінісі ретінде оны мен ҚР Үкіметі арасындағы формальды байланыстардың жоқтығын, кадр мəселесіндегі тəуелсіздігін атауға болады, заң бойынша ол тек ҚР Президенті мен Парламентіне ғана есепті. Оның қызметіне республикалық жəне жергілікті атқарушы органдар араласа алмайды.

Өз құзіретінің мəселелері бойынша ҚР Ұлттық банкі мемлекеттік биліктің орталық органдарына жəне олардың аумақтық органдарына, жергілікті билікке, сондай-ақ заңды жəне жеке тұлғаларға міндетті нормативтік актілер шығарады.

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі барлық банктерге (Қазақстан Даму банкісінен басқаларға) олардың қызметін реттейтін бірыңғай нормативтер мен талаптар белгілейді.

Орындайтын операцияларының сипатына қарай банктер əмбебап жəне мамандандырылған болып бөлінеді. Əмбебап банктер банктік операциялардың кең ауқымын орындайды: кредит

120