Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Практикалық лингвистика кафедрасы

65.291.212.8я73

К67

Көлбаева Мирамкүл Мұратқызы

Қазақ тілінде іс жүргізу

Оқу құралы

Қостанай,2011

УДК651(075)

ББК 65.291.212.8я73

К 67

Автор:

Көлбаева Мирамкүл Мұратқызы, филология магистрі,аға оқытушы

Пікір жазғандар:

Нурсеитова А.К. п.ғ.к.профессор

Оразбаева А.С., ф.ғ.к.доцент

Мырзағалиева К.М.ф.ғ.к.доцент

Көлбаева М.М.

К 67 Қазақ тілінде іс жүргізу:Оқу құралы-

-Қостанай,2011-200 бет.

ISBN 978-601-7233-58-7

Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізушілерге арналған.Оқулықта іс қағаздарын жүргізуде жиі кездесетін құжат түрлері өзара сабақтастықта іріктелініп алынған. Бұл сабақтастық мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді жүйелі түрде үйренуге ықпал етеді.

УДК 651(075)

ББК 65.291.212.8я73

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті оқу-әдістемелік кеңесі 27.12.2010 жыл № 3 хаттама бойынша бекітіп баспадан шығаруға ұсынды.

ISBN 978-601-7233-58-7

© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай

мемлекеттік университеті

Кіріспе

Бұл оқу құралы «Тіл туралы» (11.07.1997 жылы №151-1) Қазақстан Республикасы Заңының іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне көшіру талабы және «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен (02.04.1999 жылы №154) жоғары және орта арнаулы оқу орындарына енгізілген «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» курсын оқытуға арналған.

Оқу құралы төмендегідей құрылымға негізделген:

  • Құжат түрі туралы түсінік.Анықтамасы, құрылымы, толтырудың міндетті шарттары, қалыптасқан сөз тіркестері.

  • Грамматикалық минимум модельдер түрінде берілген.

  • Мәтін үлгілері, жазбаша тапсырмалар.

  • Шығармашылық тапсырма түрлері.Өздік жұмыс түрлері.

  • Тест.

Оқу құралында құжаттар мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу түрлері мен құрылымы көрсетіліп, әрі студенттердің іскерлік дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар берілген. Оқу құралы өзге тілді оқу топтарына арналады.Оқу материалы тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым әрекеттерінің мақсаты ұласпалы түрде бірінен-бірі дамып отыруына негізделген. Бұл- іс қағаздары үлгілерін жетік әрі жеңіл түрде меңгеруіне ықпал етеді.

«Өз тілі үшін күрескен ұлт- өмірден өшпейді»

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз.»

ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабы.

Ана тілі зор байлық,

Тіл мерейін тіле, дос!

Ана тілін қорғайық,

Дамуына үлес қос!

Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел.

Абай.

Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге ана тіліңді құрметтете аласың.

А.Байтұрсынов

Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмайды, ұлт құриды.Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт- тілі болу.Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді.

М.Жұмабаев.