Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

журтышыкпен байланыс

.pdf
Скачиваний:
22
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
886.64 Кб
Скачать

жеке компьютерлер төртінші төңкеріске негіз қалады. Микропроцессорлық жəне интегралдық схемаларды қолдана отырып, ғалымдар мен өнертапқыштар компьютер жəне ақпарат тарату жүйелерін жасап шығарды, ғаламтор желісі-интернет құрылды. Мұның өзі жеке жəне заңды тұлғалардың кезкелген ақпаратты уақыт пен кеңістік шарттылығына бағынбай, өз қалауынша жөнелтіп, қабылдап отыруына мүмкіндік берді.

Алайда, қазіргі ақпараттық техника мен технологияның сипаты мен түрінің сан алуандығына қарамастан хабар-ошар алу мен жеткізудің ең дамыған арнасы бұқаралық ақпарат құралдары болып қалуда. Қалыптасқан көзқарасқа сəйкес бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз, теледидар, радиохабар, баспалар мен кітап саудасы, ақпарат жəне жарнама агенттіктері, Интернет желісі, сондай-ақ жұртшылықпен байланыс қызметтері жатады. Кейбір зерттеушілер пошта байланысы мен телефонды, анықтама қызметтерін де БАҚ түрлеріне жатқызып жүр. Ал, хабар жеткізетін техникалық құралдардың ерекшеліктеріне сəйкес бұқаралық ақпарат құралдары (масс-медиа деп те аталады) баспасөз, электронды жəне Интернет-БАҚ болып бөлінеді. Мұндай бөліністі ТМД елдері зерттеушілерінің көбісі мақұлдайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, ақпарат агенттіктерін жеке БАҚ түрі ретінде қарастыратын ғалымдар бар, алайда, қазіргі агенттіктер өздерінің жаңалық таспаларын Интернетке шығарып, нақты уақыт режимінде жаңғыртып отыратынына байланысты оларды интернет-медиа қатарына жатқызуға əбден болады.

Қазіргі БАҚ жүйесі ұзақ уақыт бойы қалыптасты: ең əуелі газеттер мен журналдар пайда болды, ХІХ ғасырда олардың қатары ақпараттық агенттіктермен толықты, ХХ ғасырдың басында радио, орта тұсында теледидар, соңын ала Интернет дүниеге келді. БАҚ айтылатын, естілетін, көрініп-оқылатын ақпаратты жедел жеткізіп, жаппай тарататын, сөйтіп, осы арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыратын индустрияның дербес түріне айналды. Жұртшылықпен байланыс қызметі тұрғысынан алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының əрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Төмендегі кестеде соларға тоқталамыз.

31

 

 

 

1-кесте.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары түрлерінің өзіндік ерекшеліктері

 

 

 

 

 

Техникалық

Қазіргі заманғы жұмыс істеу

Артықшылықтары мен

Кемшіліктері

тасығышына

ерекшеліктері

мүмкіндіктері

 

орай БАҚ түрі

 

 

 

Баспа БАҚ

Газеттер мен журналдар, анықтама-

Нақты тұтыну нарығында таралады.

Теледидармен салыстырғанда

 

лықтар мен каталогтар өз оқырманда-

Материалдары уақыт тұрғысынан ұзақ

аудиториясы шағын. Жастар

 

рын жоғалту үстінде. Сарапшылардың

мерзімді əсер етеді (мақаланы

арасында таралуы төмен. Əсер

 

пікірінше, болашақта тек нақты ауди-

кейіннен оқуға, қиып алуға, жинап

ету мүмкіндігі шектеулі (мəтінді

 

торияға арналған тақырыптық басы-

қоюға болады).

түсіну үшін белгілі білім

 

лымдар ғана сақталып қалмақ.

 

деңгейі қажет).

Теледидар

Эфирлік, спутниктік жəне кабельдік

Аумақтар мен аудиторияны молынан

Материалдарды əзірлеу мен

 

теледидар өз алдарына бөлек отау

қамтиды. Кешенді əсер етуіне (көру,

эфирге орналастыру бағасы ең

 

тіккен. Кейбір зерттеушілер келешек-

есту, сезу мүшелеріне) байланысты

жоғары БАҚ. Аудитория сег-

 

жергілікті теледидардікі деп санайды.

аудиторияға ықпалы күшті.

ментке бөлшектене алмайды,

 

 

 

сондықтан тауарлар мен қыз-

 

 

 

меттерді өткізуге əсері шамалы.

Радио

«Сым» арқылы радиохабар тараты-

Материалдарды эфирде орналастыру

Бүгінде радионы арнайы ешкім

 

латын кейбір өңірлерде радионы FМ-

құны төмен əрі жедел таратылады.

тыңдамайды. Сондықтан да

 

радио (аудиториясы-жастар) жəне «үй-

Эфирді қажет ақпаратпен толтыру

оның журналистік жəне жарна-

 

ішілік» радио (аудиториясы-аға буын

мүмкіндігі жоғары.

малық материалдарының есте

 

өкілдері мен үй шаруасындағы əйел-

 

қалуы қиын. Радио көбіне таңғы

 

дерге) деп бөлу орын алған.

 

(7.00-10.00) жəне кешкі (18.00-

 

 

 

23.00) уақытта тыңдалады. Өзге

 

 

 

уақытта радио материал-

 

 

 

дырының тиімділігі төмен.

 

 

32

 

Интернет-БАҚ

Жетекші ақпарат агенттіктерінің

Материалдарды жариялаудың əбжіл-

Аудиторияның шектеулілігі

 

нақты уақыт режимімен жаңартылып

дігі əрі орасан зор аумақты қамтуы.

(жастар, табысы ортадан жо-

 

отыратын ақпараттық жəне жаңалық-

Көру жəне есту эффектілерін пайда-

ғары кісілер). Ақпараттық жəне

 

тық таспалары, тақырыптық, ойын-

лануға болады. Жарияланған мате-

жарнамалық материалдардың

 

сауықтық сайттар, форумдар, чаттар,

риалдардың тиімділігін байқау (фо-

көптігі. Сондықтан да берілетін

 

блогтар.

румдардағы пікірлер, сайтқа кірушілер

материалдар айырықша көзге

 

 

саны) мүмкіндігі бар.

түсетін болуы шарт, бұл жоғары

 

 

 

шығармашылық жəне мате-

 

 

 

риалдық ресурсты талап етеді.

 

 

 

 

33

БАҚ арқылы берілетін бұқаралық ақпарат қалың көпшілікке арналып, оқырман жəне көрермен қауымның талап-тілегін қанағаттандыруға бағытталғандықтан, аталған ақпарат адамдардың таза кəсіби емес, жалпы əлеуметтік, экономикалық көзқарастарын қалыптастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу барысында жұртшылықпен байланыс қызметтері медиа-нарықта болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды жіті талдап əрі қадағалап отырулары үшін қазіргі заманғы масс-медиа типологиясын білуі қажет (2-кесте). Типология дегеніміз-зерттеу объектісін жалпылама модель арқылы танып-білу тəсілі. БАҚ типологиясына сəйкес жекелеген масс-медиа түрлерінің жұмыс ерекшеліктері, қасиеттері мен сапалық белгілері айқындалады. БАҚ сипаттамаларын зерттеу аудиторияға жеткізілуге тиісті ақпаратты тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Мəселен, əкімшіліктен берілетін ақпарат таралымы жоғары БАҚ-қа ұсынылса, жаңа өнім немесе қызмет жайлы хабар бизнес-басылымда жариялануға тиіс.

34

 

2-кесте.

 

БАҚ типологиясы

 

 

 

БАҚ түрі

Сипаттамасы

 

1. Бұқаралылығы бойынша

 

Бұқаралық медиа

Бұқаралық аудиторияға арналған, кейде аймақаралық («Мир» телекомпаниясы) немесе

 

 

халықаралық («Каспионет» телебағдарламасы) деңгейде таралады.

 

Корпоративтік медиа

«Ішкі басылымдар» (газеттер, журналдар, радиобағдарламалар, қызметкерлерге арналған

 

 

сайттар), баспагер-ұйымның «клиенттік» (нақты жəне ықтимал клиенттерге арналған)

 

 

басылымдары. Толық мағынадағы бұқаралық ақпарат құралдары болып табылмайды.

 

 

2. Аудиторияға бағытталуы бойынша

 

Жалпыақпараттық медиа

Əдетте, жаппай таралатын бұқаралық ақпарат құралдарына республикалық деңгейдегі

 

 

газеттер мен телеарналар жатады.

 

Тақырыптық (сапалық жəне

Белгілі бір тақырыпқа мамандандырылу арқылы аудиторияның нақты бөлігі ғана тар-

 

бұқаралық) медиа

тылады. Тақырып тұрғысынан алғанда жастарға арналған журналдар, сапалы талдама бері-

 

 

летін басылымдар ерекшеленеді. Оқырман көңілін көтеретін «сары баспасөз» де бар.

 

Іскерлік медиа

Бизнес-құрылымдарға арналған. Жалпыақпараттақ басылымдарға қарағанда таралымы

 

 

төмен.

 

 

3. Таралу аймағы бойынша

 

Республикалық

Бүкіл ел көлемінде таралады.

 

Жергілікті

Тек белгілі бір аймақта немес жапсарлас өңірлерде таралады.

 

 

4. Меншік түрі бойынша

 

 

 

 

Жекеменшік

Бизнес-құрылымдарға қатысты басылымдар, солардың көзқарасын ұстанады.

 

Мемлекеттік

Құрылтайшыларының құрамына билік органдары кіреді, ішінара немесе толығынан мем-

 

 

лекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

 

 

35

 

Бұқаралық ақпарат негізінен алғанда, журналистика жəне оның инфрақұрылымдары, атап айтқанда БАҚ, жұртшылықпен байланыс қызметтері, жарнама жəне ақпарат агенттіктері арқылы таратылады. Сонымен, журналистика дегеніміз, біріншіден, газет-журнал редакцияларынан, кітап баспаларынан, телерадиокомпаниялар жиынтығынан тұратын қоғамның ерекше əлеуметтік институты болып табылады. Бұл институттың қызметі, яғни басылымдарды, теледидар жəне радио хабарларын көпшілік аудиторияға дайындап, тарату журналистиканың техникалық, ақпараттық, ұйымдастырушылық-басқарушылық инфрақұрылымы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл инфрақұрылымға сондай-ақ журналистикалық білім ордалары жəне ғылыми орталықтар да кіреді. Екіншіден, журналистика – осы қоғамдық институттың тіршілік етуіне қажетті маңызды əлеуметтік ақпаратты жинақтап, өңдеуге жəне таратуға мүмкіндік беретін қызмет түрі болып табылады. Үшіншіден, ол-журналистік қызметті жүзеге асыратын, редактордан корректорға, телережиссерден видеоинженерге дейінгі мамандықтар жиынтығы. Төртіншіден, ол – журналистер өмірге əкелетін туындылар жүйесі. Бесіншіден – бұқаралақ ақпаратты тарататын арналар кешені, яғни баспасөз, радио, теледидар, Интернет. Журналистика туралы сөз қозғағанда, БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары), БКК (бұқаралық коммуникация құралдары), баспасөз, пресса, масс-медиа деген ұғымдар қолданылады.

Бұқаралық аудиторияға үн қатуы, алдына танымдық-тəр- биелік мақсаттар қойып, бір мезетте жедел таралуы, белгілі мерзімде шығып тұруы арқылы журналистика қоғамда аса маңызды рөл атқарады. Оны төртінші билік (атқарушы, заң шығарушы жəне сот билігінен кейінгі) деп бекер айтып жүрген жоқ. Себебі журналистика өз жарияланымдары арқылы өзге əлеуметтік институттарға ғана емес, сондай-ақ электораттың көңіл күйіне де əсер ете алады, сөйтіп, биліктің алғашқы екі тармағының сайланбалы органдарының құрамын жасақтауға ықпал жасайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары дамуының қазіргі таңдағы тенденциясы-ақпараттық қоғамға бетбұрыс болып табылады. Əлемдік журналистика жаңа сапалық деңгейге-цифрлық теледидар бағдарламалары мен баспасөз өнімдерін өндіруге көшті. Қазақстан журналистикасы да интерактивті теледидар стандарттарын қолдануға қам жасау үстінде, көптеген газеттердің редакциялары өз басылымдарының электронды нұсқаларын виртуалды кеңістікке шығарып үлгірді.

36

Бақылау сұрақтары

1.Қазіргі қоғамдағы жұртшылықпен байланыс рөліне тоқталыңыз.

2.Жұртшылықпен байланыстың даму кезеңдерін атаңыз.

3.Қазақстандағы жұртшылықпен байланыстың пайда болу жəне даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

4.«Ақпарттық қоғам» жəне «əлеуметтік ақпарат» түсініктерін талдаңыз.

5.Бұқаралық ақпарат құралдарына сипаттама беріңіз.

6.Журналистика ұғымын түсіндіріңіз.

37

ІІ-тарау.

РR - жұртшылықпен байланыстың субъектісі мен объектісі, мақсаттары мен міндеттері, принциптері мен функциялары. Жұртшылықпен байланыс жəне маркетингтік коммуникациялар жүйесі.

Медиарилейшнз.

Бұл тарауда:

-Жұртшылықпен байланыстың субъектісі мен объектісі;

-Жұртшылықпен байланыстың мақсаттары мен міндеттері;

-Жұртшылықпен байланыстың принциптері мен функциялары;

-Жұртшылықпен байланыс жəне өзге ғылымдар;

-Маркетингтік коммуникациялар жəне жұртшылықпен байланыс;

-Жұртшылықпен байланыс жəне медиарилейшнз мəселелері қарастырылады.

2.1.Жұртшылықпен байланыстың субъектісі мен объектісі, мақсаттары мен міндеттері, принциптері мен функциялары

Жұртшылықпен байланысты қоғамдық қатынастар, əлеу-

меттік өзара байланыс, əлеуметтік процестерді басқару, коммуникациялық өзара байланыс, қауымдастық, қоғамдық пікір, адамдарға əсер ету технологиясы сияқты ұғымдардан тыс қарастыруға болмайды. РR – жұртшылықпен байланыс ең əуелі қоғамдық пікірді басқару саласымен тығыз байланысты, бұл ұғым жұртшылыққа əсер ету дегенді білдіреді, белгілі бір құбылыстың, оқиғаның, тұлғаның, заттың образ-бейнесі, имиджі осы əсердің нəтижесі болып табылады.

Осы орайда «жұртшылықпен байланыс» терминінің мəні мен мазмұнына тоқтала кеткен орынды. Кейбір зерттеушілер бұл ұғымды «қоғаммен байланыс» деп қолданып жүр. Біздіңше, «қоғам» түсінігінің ауқымы кең, ол тарихи-формациялық ұғым ретінде қолданылады. Ал, «жұртшылық» түсінігі нақты кезеңдегі адамдар қауымдастығы, бірлестігі деген мағынаны береді, ол ағылшынның «public», орыстың «общественность» ұғымдарының мəніне толық сəйкес келеді.

38

Ал, қоғамдық қатынастар дегеніміз-қоғамның саяси, экономикалық, əлеуметтік құрылымдары арасындағы қарым-қаты- настарды білдіреді.

Жұртшылықпен байланыс, жоғарыда атап өткеніміздей, бір жарым ғасыр ішінде «жалаң» жарнамадан, қоғамдық ақпарат моделінен, екіжақты ассиметриялық модельден қоғамдық қатынастар субектісінің де, объектісінің де мүдделерін ескеретін екіжақты симметриялық модельге дейінгі күрделі жолдан өтті.

Қоғамды басқару процесінде əрдайым екі тарап – басқару субьектісі мен обьектісі болады. Субьект дегеніміз-билік немесе мемлекет құрылымдары, немесе фирма, кəсіпорын, ұйым, саяси партия, қоғамдық қозғалыс. Қай кезде де субъект жұртшылықпен байланыстың мазмұны мен формасын айқындап отырады. Басқару объектісі – субъектінің күш-жігері бағытталатын құрылым. Мамандар қоғамдық қатынастар субьектісін (саяси, экономикалық, əлеуметтік құрылымдар) оларды басқару субъектісінен, яғни жұртшылықпен байланыстан бөліп қарастыруды ұсынады. Сөйтіп, қоғамдық қатынастардың субъектісі екі деңгейде көрінеді: 1-деңгей – саяси, экономикалық, əлеуметтік құрылымдар; 2- деңгей – жұртшылықпен байланыс аппараты. Сөйтіп, жұртшылықпен байланыс қоғамдық қатынастарды басқару болып табылады. Қоғамдық қатынастар субъектісі (билік құрылымдары, фирмалар, корпорациялар, кəсіпорын, т.б.) мен жұртшылық арасында тұрақты да серпінді байланыс орнатып, қолдап отыру – басқару субъектісі ретіндегі жұртшылықпен байланыстың басты міндеті.

Қоғамдық қатынастардың қай түрінің де (білім беру, дін,

насихат, жарнама немесе бұқаралық мəдениет) жұмыс істеу тетігі бірдей. Бұл тетіктің моделі К.Шеннонның ақпарат теориясында бейнеленген. Осы теорияға сəйкес қоғамдық қатынастар тетігінің принципті құрылымдарын бөліп көрсетуге болады. Оларға:

Ақпарат көзі; Ақпаратты жөнелтуші, беруші, коммуникатор;

Коммуникация тəсілі, арнасы; Ақпаратты қабылдаушы; Ақпаратты алушы, адресат;

Кері байланыс жүйесі (ол адрестаттың келіп түскен хабарламаға қарым-қатынасын көрсетеді) жатады.

39

Жұртшылықпен байланыс тарапынан басқарылатын қоғамдық қатынастар тетігі тұрғысынан алғанда ақпарат көзі ретінде билік құрылымдары, фирмалар, партиялар, қозғалыстар мен PR құрылымдары көрінеді. Əсер ету объектісі, ақпарат алушылар ел жұртшылығы, саяси жəне экономикалық құрылымдар болып табылады. Коммуникация арнасы рөлін бұқаралық ақпарат құралдары, саясатшылар, мұғалімдер, діни қызметкерлер, яғни оқу орындары мен мешіттер, сондай-ақ бұқаралық акциялар-жиындар мен мерекелер, симпозиумдар, конференциялар, көрмелер орындайды. Ақпарат қабылдаушы (адресат) дегеніміз-коммуникация арнасы бойынша, келіп түскен ақпаратты қабылдауға қабілетті құрылым. Адресатқа əсер ете отырып, ақпарат оның жай-күйін өзгертеді. Осы өзгерістер жөніндегі деректер кері байланыс арналары арқылы басқару субъектісі – PR құрылымына жеткізіледі, сөйтіп, қоғамдық қатынастар тетігінің қызметіне қажетті түзетулер енгізіледі.

Жұртшылықпен байланыс субъектісінің (айталық, саяси тұлғаның, мекеменің, ұйымның, т.б.) мұраттарынан, құндылық-

тары мен талап-талғамынан жұртшылықпен байланыстың мақсаттары туындайды. Жұртшылықпен байланыстың мақсаты, белгілі теоретик С.Блэктің пайымдауынша, субьектінің мақсатты жұртшылықпен келісімге келуі, яғни екі жақтың ақиқатқа, толық хабардарлық пен білімге негізделген тең құқықты өзара сұхбат орнатуы болып табылады. PR мақсаттарына сəйкес ішкі (мекеме қызметкерлері) жəне сыртқы өзара байланыстарды жолға қою жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралары жасалады.

Жұртшылықпен байланыстың негізгі міндеттері ретінде, əдетте, мына төмендегілер көрсетіледі:

-Мекеменің оны қоршаған əлеуметтік ортамен байланысын (коммуникациясын) қамтамасыз ету арқылы қоғамның толыққанды мүшесі ретіндегі мекеме бейнесін-образын қалыптастыру;

-Бəсекелестік күресте озық позицияларды қамтамасыз ету;

-Мекеменің қоғамға əсерін ұлғайту;

-Беделді, белгілі де ықпалды саясаткерлер, ғалымдар, өнер, мəдениет, ғылым-білім қайраткерлері арасындағы мекеме достарының ауқымын кеңейту;

-Ұйымның өз ішінде жағымды психологиялық көңіл-күй ахуалын орнату.

40