Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Жастар мдениеті

.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
19.02.2016
Размер:
15.88 Кб
Скачать

Қазіргі жастар мәдениеті

Қазір ХХІ ғасыр, ақпарат заманы. Тал бесікте тәрбиеленген ұл-қыздарымыз, буыны қатып есейе келе түрлі келеңсіз әрекеттер істеп жатады. Мәдениет дегеніміздің өзі тікелей адамға қатысты айтатын болсақ – тәрбие. Тәрбиесіз берілген ілім – адамзаттың жауы деп Әл Фараби бабамыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі күні мәдениеттер арасында шегара жоқ. Себебі мәдениеттер арасындағы шегараны алып тастап отырған – интернет желісі. Бұл үдеріске ХХІ ғасыр жағдайында шек қоя алмаймыз. Қазақстан жас мемлекет, құрылу мерзімі жағынан да, демографиялық жағдайына қарай да. Яғни, қазіргі қазақ қоғамының көпшілігі жастар. Кез-келген жағдайда жастар қауымы бұқаралық күш. Осындай жағдайда жастар тәрбиесі, мәдениеті алдыңғы орындағы мәселе болып саналады. Қазір ауылда болсын, қалада болсын жасөспірім жеткіншектердің аулаға шығып ойын ойнауы, содан кейін көшеде ұсақ-түйек құқық бұзушылық жағдайлары азайып келеді. Көпшілігі интернетке жіпсіз байланып қалған. Интернетте қажет және қажет емес ақпарат көздері де бар. Жақсысын үйреніп, жаманынан жиреніп жатқан қазіргі жастар шамалы. Жалпы жастар не нәрсеге болсын еліктегіш. Жақсыға да, жаманға да. Кейбір қазақтың ұлттық менталитетіне жат батыстық т.б. өзге ұлтқа ғана тән қылықтарды солай болуымыз керек екен деп қабылдап алып, артынан өзгенің мазағына қалып жататын жәйттер де баршылық. Халқымыздың саны ары кетсе 17 млн. және олардың көпшілігі жастар.

ХХ ғасыр басында қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн боламын деп алдарына ұлттық ұлы мақсат қоя білген Мағжан, Сұлтанмахмұт, Міржақып т.б. Алаш жастарының өнегелі өмірінен қазіргі ХХІ ғасыр жастарының үлгі алуы қажет-ақ. Қазіргі жастардың мәдениетін қсіру үшін, жалпы қазақ ұлтының мәдениетін өсіру үшін, ең әуелі – рухани сусындау, рухани кемелдену ең қажет харекеттер қатарында. Біздер қазір жастар сондай болып кетті, мұндай болып кетіпті деп бас шайқап, баяғыда біздің кезде мұндай деген атымен болмаушы еді деп қысыр кеңестің астына салып, құр сын айтумен шектеліп қаламыз. Сынның артында орындалған харекет, қам болу керек емеспе. Ондай қам-харекет кітапта, кейбір газет-журналдарда ғана жатыр. Оны оқып, мағынасын түйіп, бұл былай болады екенғой деп тереңінен ойлап жанындағы құрбы-құрдасына айтып тамсанып отырған жастар аз. Тек интернеттен әлеуметтік желілерден көрген жұлдызсымақтардың суреттері мен өсек-аяңдарын көріп, соны оқып мәз. Басқасы қызықтырмайды. Кешегі өткен заманда қаймана қазақтың қамы үшін елім деп еңіреген, әр сөзі жаныңды байытып болашаққа бағдар беретін қазақтың қаймақтарының қызметімен танысу, өнегелі істерінен үлгі алып, құлдырап бара жатқан бауыр-қарындасын, қоғамын құтқарайын соған теңіздің тамшысындай болса да үлес қосайын деген жастар аз. Қазақта «бақа сисе көлге сеп» деген мәтел бар, оның мәні аз болса да үлес қос дегені. Барлығына топырақ шашудан аулақпын әрине. Бар ондай жастар, бірақ азшылық.

Қазіргі кездегі жастарымыздың қадірлей алмай жүргені, ол – қоғамымыздағы бейбітшілік пен тұрақтылық. Халқымыз «семіздікті қой ғана көтереді» деген мәтел тағы бар. Бүгінде көпшілік жастарымыздың тәні де, жаны да әбден семіріп кеткен. Жастар ғана емес жалпы қоғамдағы адамдардың да. Еңбектеніп білім іздеу, талап қылу азайып барады, әйтеу шаршап жүреді, жайдары мінез, өмірге деген құлшыныс азайып барады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету деген адамдық қасиет жоғалып барады, тұра ұрсысқысы келіп, шамданып жетпіс келі салмағымен жер тіреп тұрғандай болады. Қазақ «құдайдан қорықпағаннан қорық» деп бекер айтпаса керек. Бұның бәрі имансыздық, рухани азғындаудан туындаған кесірлер. Бір қиқым нан жесе де еңбектеніп, тер төгіп тапқысы келмейді. Бәрі аспаннан жауып тұрса дейді. Ішетін бір тамшы суыңның өзі қимылсыз, харекетсіз келмейтінін әр жас түсіну керек сияқты. Содан кейін қазір интернетке, айналасына қарап бәрі ғажап өмір сүріп жатыр неге мен аналар сияқты әлемнің түпкір-түпкіріне саяхат жасамаймын, неге мен бүйтпеймін менің қай жерім кем олардан деп құр қам-харекетсіз тыраштанады. Ол қыдырған, өйткен-бүйткен адамға ешнәрсе аспаннан жаумағанын еңбектеніп, талаптанып тапқаннан кейін келгенін түсінгіміз келмейді. Тек оңай жолмен, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп сондай болғысы келеді. Мұның барлығы жеке мәдениеттің төмендігінен, рухани осалдықтан келіп туындайтын, ақыры адами құлдырауға апаратын кеселдер.

Мәдени өсу, білім, тәрбие болмай қазіргі жастардың өзін кемелдендіруі, қоғамды алға бастыруы мүмкін емес. Қазақ ұлтын алға бастыру да, артта қалдырып өзгеге құл қылу да жастардың қолында. Ол үшін қазіргі жастар әр істе, пікірде адамгершілік, парасаттылық жолын таңдағаны жөн.