Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bux.esep prinsipteri.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
463.36 Кб
Скачать

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ұзақ мерзімді активтерге нелер жатады?

2.Негізгі құралдарға анықтама беріңіз?

3.Материалдық емес активтердің есебі қалай жүргізіледі?

4.Инвестициялар есебі қалай ұйымдастырылады?

5.Негізгі құралдардың тозуын қандай әдістер бойынша есептейді?

9.Тақырып: Шығындар есебі

Дәріс сұрақтары:

1.Шығындар анықтамасы

2.Шығындардың бухгалтерлік есебі

1.Шығындар анықтамасы және оларды қаржылық есептілікте тану шарты «Қаржылық есептілікті құру және дайындау қағидасы» құжатында көрсетілген. Бұл құжат стандарт болып табылмайды. Ол ХҚЕС әзірлеу және бағалау үшін іргетасын, негізгі тұжырымдамасын ұсынады.

Осы принципке сәйкес, шығындар бұл есепті кезең ішінде активтердің азаюы және міндеттемелердің көбеюі түрінде болатын экономикалық пайданың азаюы, қатысушылар арасында оны таратумен байланысы жоқ капиталдың азаюы.

Шығын анықтамасы меншікті басқарумен, өндіріспен, тауарлы-материалдық қорларды өткізумен, жұмыс атқарумен, қызмет көрсетумен, зиянмен байланысты шығындардан тұрады.

Зияндар табиғаты бойынша басқа шығындардан өзгешелігі жоқ және экономикалық пайданың азаюына әкеледі. Зияндар ұзақ мерзімді активтерді немесе стихиялық апат нәтижесінде туындауы мүмкін.

«Шығындар» мен «шығыстар» ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы стандарттары бойынша шығыстар - есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.

Шығындардың мәнін жеткілікті түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар ресурстарды пайдаланумен анықталады. Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді.

Шығындарды есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде өздерін түрліше алып жүреді, ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын – пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. Шығынның мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде «шығынның әрекеті» деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы туралы айту қабылданғанмен, «шығынның әрекеті» термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті» қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап

бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:

  • Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?

  • Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту керек пе?

  • Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың комбинациялары?

  • Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу керек пе?

Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау. Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін белгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоқ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

Шығындар жіктемесі басқару мәселелерін шешуші құрал ретінде шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процеске қатысады. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар және олжаға жетелейтінін білу қажет. Шығындарды жіктеудің мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету, ал релевантты шығындар деп – тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін болашақ шығындарды есептеуді айтады. Сондықтан, жіктеу әдістері немесе бағыттары басшының алдында тұрған нақты мәселелерге тәуелді болып келеді. Шығындарды келесідей жіктеуге болады:

  1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

  • Айқын шығындар – өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар, жұмысшылар, қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары, шикізат, материалдарға және т.б. кететін ақшалай шығындар жатады.

  • Айқынсыз шығындар – кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар, яғни өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады: ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

  1. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

  • Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. жатады. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді.

Старттық шығындарға – өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.

Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

  • Ауыспалы шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Ауыспалы шығындар 3 түрге бөлінеді:

Пропорционалды ауыспалы шығындар – егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.

Дегерессивтік ауыспалы шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.

Прогрессивтік ауыспалы шығындар - ауыспалы шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.

2.Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және ауыспалы шығындарының қосындысынан тұрады. Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар ауыспалы шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.

Кез-келген кәсіпорынның тактикалық мақсаты тұрақты табыс пен пайданың құптарлық деңгейін алу болып табылады. Бұл мақсатқа кәсіпорынның шығындарсыз елестетуге болмайтын қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру процесінде қол жеткізуге болады. Шаруашылық көзқарас жағынан, шығындар табысты алу процесінде тауарларды және қызмет көрсетулерді тұтыну және қолдануды көрсетеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы ұйымның шығыстары болып табылады.

«Шығындар» бөлімі мына шоттарды қамтиды

7000 «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны»

7010 «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны»

7110 «Өнімді сату мен көрсетілген қызмет бойынша шығындар»

7110 «Өнімді сату мен көрсетілген қызмет бойынша шығындар»

7200 «Әкімшілік шығындар»

7210 «Әкімшілік шығындар»

7300 «Қаржыландыру шығындары»

7310 «Марапаттау бойынша шығындар»

7320 «Қаржыландырылған жалға берудің пайыздарын төлеу шығындары»

7330 «Қаржылық құралдардың әділ құнының өзгеруінен шығындар»

7340 «Қаржыландыруға басқа да шығындар»

7400 «Басқа да шығындар»

7410 «Активтердің шығуы бойынша шығындар»

7420 «Активтердің құнсыздануы бойынша шығындар»

7430 «Курстық айырма бойынша шығындар»

7440 «Үмітсіз талаптарды қажетсіздендіру және резерв құру бойынша шығындар»

7450 «Операциялық жалға беру шығындары»

7460 «Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен шығындар»

7470 «Басқа да шығындар»

7500 «Тоқтатылған қызметпен байланысты шығындар»

7510 «Тоқтатылған қызметпен байланысты шығындар»

7600 «Ұйымдардың үлестік қатысу әдісімен есептелетін зияндағы үлесі»

7610 «Ассоцияцияланған ұйымдардың зияндағы үлесі»

7620 «Бірлескен ұйымдардың зияндағы үлесі»

7700 «Корпаративтік табыс салығы бойынша шығындар»

7710 «Корпаративтік табыс салығы бойынша шығындар»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]